596-бап. Қылмыстық іс жүргізуді шет мемлекеттің құзыретті органына беру тәртібі мен шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткен, шет мемлекетте тұрған жері белгілі болған адам Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізетін орган қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін шет мемлекетке қылмыстық іс материалдарын, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) жіберу туралы уәжді қаулы шығарады. Іс материалдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе өзара түсіністік қағидаты негізінде басқа мемлекетке істі жіберу туралы мәселені шешу үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе уәкілетті прокурорға жіберіледі.
2. Қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын адамды ұстап беру (экстрадициялау) мүмкін болмаған немесе Қазақстан Республикасына осы адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тартылған жағдайда, қылмыстық іс шет мемлекетке берілуі мүмкін.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы