Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Президент Жарлықтары / Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қою туралы

Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қою туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 291 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:      1. Қоса беріліп отырған Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысовқа Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының      Президенті                            Н. Назарбаев

Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің    2016 жылғы 23 маусымдағы№ 291 Жарлығымен  МАҚҰЛДАНҒАН    

Жоба

Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымынамүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелерітуралы меморандум

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (бұдан әрі – ШЫҰ немесе Ұйым) және Пәкістан Ислам Республикасы,      2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясында (бұдан әрі – Хартия) бекітілген мақсаттар мен қағидаттарды және 2007 жылғы 16 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартының (бұдан әрі – Шарт), сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде қабылданған басқа да халықаралық шарттар мен құжаттардың ережелерін ұстанатынын растай отырып,      2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына жаңа мүшелерді қабылдау тәртібі туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің (бұдан әрі – МБК) Пәкістан Ислам Республикасын Шанхай ынтымақтастық ұйымына қабылдау рәсімін бастау туралы 2015 жылғы 10 шілдедегі № 4 шешімін негізге ала отырып,      төмендегілер туралы келісті:

1-бап. Меморандум мәртебесі

      Осы Меморандум халықаралық шарт болып табылады және Пәкістан Ислам Республикасының ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында қабылдаған міндеттемелерді қамтиды.

2-бап. Пәкістан Ислам Республикасының жалпы міндеттемелері

      Пәкістан Ислам Республикасы Хартияның, Шарт ережелерінің мақсаттары мен қағидаттарын, сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде қабылданған халықаралық шарттар мен құжаттарды сақтауға міндеттенеді.

3-бап. Пәкістан Ислам Республикасының ШЫҰ шеңберіндегіхалықаралық шарттарға қосылуы

      3.1. Пәкістан Ислам Республикасы ШЫҰ шеңберінде қабылданған барлық халықаралық шарттар мен құжаттарға осы бапта көзделген мерзімде қосылуға міндеттенеді.      3.2. Пәкістан Ислам Республикасы Пәкістан Ислам Республикасының осы Меморандумның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарламаны ШЫҰ Хатшылығы алған күнінен бастап 2016 жылғы 1 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде Хартияға, 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына және олардың хаттамаларына қосылуға міндеттенеді.      3.3. Осы баптың 3.2-тармағында көзделген рәсімдер орындалғаннан кейін Пәкістан Ислам Республикасы 2017 жылғы 15 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде осы Меморандумға № 1 қосымшада көрсетілген ШЫҰ шеңберіндегі халықаралық шарттарға қосылуға міндеттенеді.      3.4. Пәкістан Ислам Республикасы осы баптың 3.2 және 3.3-тармақтарында айтылған міндеттемелерді орындағаннан кейін және осы Меморандум күшіне енген жағдайда Пәкістан Ислам Республикасы осы Меморандумға № 2 Қосымшада көрсетілген халықаралық шарттарға қосылу құқығын алады. Пәкістан Ислам Республикасы оларға 2017 жылғы 15 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде қосылуға міндеттенеді.      3.5. ШЫҰ шеңберіндегі халықаралық шарттарға қосылу Пәкістан Ислам Республикасы үшін осы баптың 3.2-тармағында және осы Меморандумға № 1 және № 2 Қосымшаларда айтылған халықаралық шарттар күшіне енгеннен кейін орындалған болып есептеледі. Бұдан кейін МБК Ережеде белгіленген тәртіппен Пәкістан Ислам Республикасына ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.      3.6. Пәкістан Ислам Республикасы осы баптың 3.2-тармағында және осы Меморандумға № 1 және № 2 Қосымшаларда айтылған халықаралық шарттарға қосылу мерзімдері бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда Пәкістан Ислам Республикасы ШЫҰ Хатшылығына қосылу мерзімдерін қайта қарау мүмкіндігі туралы өтінішпен бір рет қана жүгінуге құқылы. Бұл ретте Пәкістан Ислам Республикасының ШЫҰ шеңберіндегі халықаралық шарттарға қосылуының жаңа мерзімдері осы Меморандумның 3.2, 3.3 және 3.5-тармақтарында белгіленген бастапқы мерзімдерден аспауға тиіс. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілер кеңесі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне (бұдан әрі – СІМК) Пәкістан Ислам Республикасының өтініші бойынша ұсыным дайындайды. СІМК ұсынымы бойынша МБК бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылдайды.      3.7. Пәкістан Ислам Республикасы Ұйымға кіргенге дейін қабылданған ШЫҰ органдарының шешімдері Пәкістан Ислам Республикасы үшін осы баптың 3.5-тармағында айтылған МБК шешімдері қабылданған күнінен бастап қолданыста болады.

4-бап. ШЫҰ-ға кірудің қаржылық аспектілері

      4.1. Пәкістан Ислам Республикасының Ұйым бюджетіне жыл сайынғы жарнасының мөлшері ШЫҰ-ның Хартиясында көзделген үлестік қатысу қағидатының негізінде және 2003 жылғы 29 мамырдағы ШЫҰ-ның бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге сәйкес айқындалады.      4.2. Пәкістан Ислам Республикасының ШЫҰ-ның бюджетіне үлестік жарнасы 5,9 пайызды құрайды. Осы Меморандум күшіне енгеннен кейін 2003 жылғы 29 мамырдағы ШЫҰ бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге Қосымшаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.      4.3. Пәкістан Ислам Республикасының Ұйым бюджетіне алғашқы үлестік жарнасы 2003 жылғы 29 мамырдағы ШЫҰ-ның бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге осы баптың 4.2-тармағында айтылған өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген жылдан кейінгі қаржы жылының ішінде жүзеге асырылады.

5-бап. ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдарындаквоталық лауазымдарға орналастыру

      5.1. Пәкістан Ислам Республикасының ШЫҰ-ның бюджетіне үлестік жарнасының мөлшеріне сәйкес ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдарында 4 штаттық лауазым (2 штат бірлігі ШЫҰ-ның Хатшылығында және 2 штат бірлігі ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы комитетінде) бөлінеді. Жаңа құрылым мен штат кестесі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары (премьер-министрлері) кеңесінің шешімімен бекітіледі.      5.2. Пәкістан Ислам Республикасы Ұйымның бюджетіне жарналарды төлегеннен кейін бекітілген штат кестесіне сәйкес ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдарына квоталық лауазымдарға орналастыру үшін өз азаматтарын жібереді.

6-бап. Меморандум қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату

      6.1. Пәкістан Ислам Республикасы Хартия мақсаттары мен қағидаттарын сақтау міндеттемелерін бұзған немесе осы Меморандумда жазылған міндеттемелерді орындамаған жағдайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер және ШЫҰ СІМК-нің ұсынымы бойынша қабылданған МБК шешімінің негізінде осы Меморандумның қолданысын тоқтата тұруы немесе тоқтатуы мүмкін. Тиісті шешім қабылданған күннен бастап 15 күн ішінде ШЫҰ-ның Хатшылығы жазбаша нысанда Пәкістан Ислам Республикасын осы шешім туралы хабардар етеді. Пәкістан Ислам Республикасына ШЫҰ-ның Хатшылығынан жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап 30 күн өткен соң осы Меморандумның қолданысы тоқтатыла тұрады немесе күші жойылады.      6.2. Осы Меморандум тоқтатыла тұрған жағдайда оның қолданысын қайта бастау туралы шешімді Пәкістан Ислам Республикасының өтініші бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер және ШЫҰ СІМК-нің ұсынымы бойынша қабылданған МБК шешімінің негізінде қабылдауы мүмкін. Тиісті шешім қабылданған күннен бастап 15 күн ішінде ШЫҰ-ның Хатшылығы жазбаша нысанда Пәкістан Ислам Республикасын осы шешім туралы хабардар етеді. Пәкістан Ислам Республикасына ШЫҰ-ның Хатшылығынан жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап 30 күн өткен соң осы Меморандумның қолданысы қайта басталады.

7-бап. Қорытынды ережелер

      7.1. Осы Меморандум ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің және Пәкістан Ислам Республикасының оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны ШЫҰ-ның Хатшылығы алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. ШЫҰ-ның Хатшылығы мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы келіп түскен жазбаша хабарламалар туралы Тараптарды хабардар етеді.      Осы Меморандумға № 1 және № 2 қосымшалардың 3-бабының 3.6-тармағында, сондай-ақ 4-бабының 4.2-тармағында, 5-бабының 5.1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмейді.      7.2. Осы Меморандумды қолданумен және/немесе түсіндірумен байланысты даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы консультациялар арқылы шешіледі.      7.3. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер және ШЫҰ СІМК ұсынымы бойынша қабылданған МБК шешімінің негізінде не Пәкістан Ислам Республикасы, 6-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа Тараптарға тоқтату болжанған күнге дейін 90 күннен кешіктірмей жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Меморандумның қолданысын тоқтатуы мүмкін.      7.4. Осы Меморандумның қолданысы тоқтатылған жағдайда Тараптар осы Меморандумда көзделген міндеттемелерді реттеуге міндеттенеді.

      2016 жылғы 24 маусымда Ташкент қаласында әрқайсысы орыс, қытай және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы үшін

      Қытай Халық Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін

      Ресей Федерациясы үшін

      Тәжікстан Республикасы үшін

      Өзбекстан Республикасы үшін

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымыныңБас хатшысыПәкістан Ислам Республикасы үшін

 

Пәкістан Ислам РеспубликасыныңШанхай ынтымақтастық ұйымынамүше мемлекет мәртебесін алумақсатындағы міндеттемелерітуралы меморандумға     1-қосымша          

ШЫҰ шеңберіндегі қолданыстағы халықаралық шарттардың тізбесі1

      1. 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң арасындағы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылым туралы келісім. 2003 жылғы 14 қарашада күшіне енді.      2. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң арасындағы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2003 жылғы 5 қыркүйектегі Хаттама. 2004 жылғы 1 қазанда күшіне енді.      3. 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымы шеңберіндегі құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету туралы келісім. 2015 жылғы 19 қарашада күшіне енді.      4. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң арасындағы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2007 жылғы 16 тамыздағы Хаттама. 2009 жылғы 25 маусымда күшіне енді.      5. 2001 жылғы 14 қыркүйектегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестициялар саласында қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандум. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.      6. Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестициялар саласында қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандумға 2001 жылғы 14 қыркүйектегі Хаттама. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.      7. 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісім. Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.      8. Шанхай ынтымақтастық ұйымы бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2003 жылғы 24 қарашадағы Хаттама. 2004 жылғы 30 сәуірде күшіне енді.      9. 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция. 2007 жылғы 4 қазанда күшіне енді.      10. 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің арасындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім. 2007 жылғы 16 тамызда күшіне енді.      11. 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлiк терроризмге қарсы құрылымының Деректер банкi туралы келiсiм. 2007 жылғы 11 сәуірде күшіне енді.      12. 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық пен олардың қызметін үйлестіру туралы хаттама. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.      13. 2006 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жабу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2008 жылғы 6 қарашада күшіне енді.      14. 2006 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісім. 2009 жылғы 17 наурызда күшіне енді.      15. 2008 жылғы 28 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісім. 2013 жылғы 29 қарашада күшіне енді.      16. 2009 жылғы 16 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2011 жылғы 2 маусымда күшіне енді.      17. 2009 жылғы 16 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы құралымдары үшін кадрлар даярлау туралы келісім. 2011 жылғы 13 қыркүйекте күшіне енді.      18. 2009 жылғы 16 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы конвенциясы. 2012 жылғы 14 қаңтарда күшіне енді.___________________11-қосымшаға 2002 жылғы 7 маусымдағы ШЫҰ Хартиясының, 2001 жылғы 15 маусымдағы терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясының қатысушы мемлекеттері қосылуы үшін ашық ШЫҰ халықаралық шарттары енгізілген.

Пәкістан Ислам РеспубликасыныңШанхай ынтымақтастық ұйымынамүше мемлекет мәртебесін алумақсатындағы міндеттемелерітуралы меморандумға   2-қосымша        

ШЫҰ шеңберіндегі қолданыстағы халықаралық шарттардың тізбесі2

      1. 2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі банкаралық ынтымақтастық (бірлестік) туралы келісім. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.      2. 2006 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымында ақпараттық техникалық қорғау туралы келісім. 2015 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді.      3. 2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісім. 2007 жылғы 24 шілдеде күшіне енді.      4. 2006 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкіметтері арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2008 жылғы 30 қаңтарда күшіне енді.      5. 2007 жылғы 16 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкіметтері арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2014 жылғы 24 сәуірде күшіне енді.      6. 2007 жылғы 2 қарашадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім. 2014 жылғы 24 сәуірде күшіне енді.      7. 2007 жылғы 16 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарты. 2012 жылғы 31 қазанда күшіне енді.      8. 2008 жылғы 28 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкіметтері арасындағы қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім. 2010 жылғы 3 мамырда күшіне енді.      9. 2008 жылғы 30 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң кеден қызметтері арасындағы энергия ресурстарының өткізілуін бақылау саласында ақпарат алмасу туралы хаттама. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.      10. 2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкіметтері арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім. 2012 жылғы 11 қаңтарда күшіне енді.      11. 2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкіметтері арасындағы Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2014 жылғы 15 тамызда күшіне енді.      12. 2012 жылғы 5 желтоқсанда қол қойылған 2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттама. 2015 жылғы 14 наурызда күшіне енді.      13. 2013 жылғы 13 қыркүйектегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкіметтері арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім. 2015 жылғы 20 қазанда күшіне енді.      14. 2015 жылғы 18 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді._________________22-қосымшаға ШЫҰ-ға мүше болып табылатын кез келген мемлекет қосылуы үшін ашық ШЫҰ халықаралық шарттары енгізілген. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралыҚазақстан...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық өкілдігінің жаңа объектілерін салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне жер учаскесін беру туралы өзара түсіністік туралы меморандумды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық өкілдігінің жаңа объектілерін салу үшін Америка Құрам...

Толық оқу »

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралыҚазақстан Ре...

Толық оқу »

2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы

2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасынд...

Толық оқу »

2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға өзгеріс енгізу туралы келісімге қол қою туралы

2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасынд...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Аравиясы Корольдігі Үкіметінің арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Аравиясы Корольдігі Үкіметінің арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды бекіту туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғ...

Толық оқу »

1993 жылғы 24 қазанда Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Қосарланған салық салуға жол бермеу және кiрiстер мен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруды болғызбау туралы конвенцияны, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Қосарланған салық салуға жол бермеу және кiрiстер мен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруды болғызбау туралы конвенцияның кейбiр ережелерi жөнiндегi өзара түсiнiстiк Меморандумын және Салық конвенциясы мен Көрсетiлетiн қызметтер Саудасы жөнiндегi Бас Келiсiмге (КҚСБК) қатысты Ноталар алмасуды бекiту  туралы

1993 жылғы 24 қазанда Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Қосарланған салық салуға жол бермеу және кiрiст...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы Меморандум

Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы МеморандумМеморандум 1999 жылғы 9 сәуір Ашгабат қаласы. Қол қойылған күнінен баст...

Толық оқу »

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегі үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою туралы

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегі үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау туралы меморандум

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау туралы меморандум1995 жылғы 10 ақпандағы меморандум, Алматы қаласы(Меморандум 1995 жылғы 10 ақпанда күші...

Толық оқу »

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы жасанды интеллект саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы жасанды интеллект саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралыҚазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Об утверждении Меморандума об обязательствах Исламской Республики Иран в целях получения статуса государства – члена Шанхайской организации сотрудничества Указ Президента Республики Казахстан от 4 мая 2023 года № 210

Об утверждении Меморандума об обязательствах Исламской Республики Иран в целях получения статуса государства – члена Шанхайской организации сотрудничестваУказ Президента Респу...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрс...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы және Европалық Одақ арасындағы қаржыландыру туралы Меморандумды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы және Европалық Одақ арасындағы қаржыландыру туралы Меморандумды бекіту туралыҚазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 20 шілде N 449-I Алматыда 1997 жы...

Толық оқу »

Бұрынғы КСРО шарттарына қатысты құқықтық мирасқорлық мәселелері бойынша өзара мүдделілік білдіретін 1992 жылғы 6 шілдедегі өзара түсіністік туралы меморандум

Бұрынғы КСРО шарттарына қатысты құқықтық мирасқорлық мәселелері бойынша өзара мүдделілік білдіретін 1992 жылғы 6 шілдедегі өзара түсіністік туралы меморандумМеморандум, Мәскеу...

Толық оқу »

Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумды бекіту туралы

Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумды бекіту туралыҚазақстан Республикасы Пр...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін әлеуетті дамытудың өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін әлеуетті дамытудың өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік жөніндегі...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштеріндегі (БҰҰЛУК) үндістандық батальон құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентті бірлесіп өрістету тәртібі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштеріндегі (БҰҰЛУК) үндістандық батальон құрамын...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өң...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумғ...

Толық оқу »

Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумды бекіту туралы

Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумды бекіту туралыҚазақстан Республикасы Президен...

Толық оқу »

2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша келісімді ратификациялау туралы

2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Иран Ислам Республикасының Yкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы Меморандум

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Иран Ислам Республикасының Yкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы МеморандумМеморандум, Алматы қ., 1993 жылғы 25 қазан *М...

Толық оқу »

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу жөніндегі 1972 жылғы 26 мамырдағы шартқа байланысты уағдаластықтар туралы меморандумды бекіту туралы

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу жөніндегі 1972 жылғы 26 мамырдағы шартқа байланысты уағда...

Толық оқу »

Беларусь Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумам бекіту туралы

Беларусь Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумам бекіту туралыҚазақстан Республикасы Президен...

Толық оқу »

Иран Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қою туралы

Иран Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қою туралыҚазақстан Республикасы Прези...

Толық оқу »

Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік тур...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қоғамдастығы Комиссиясы арасындағы Қаржыландыру туралы меморандумды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қоғамдастығы Комиссиясы арасындағы Қаржыландыру туралы меморандумды бекіту туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 27 жел...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгi Үкiметi арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумды бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгi Үкiметi арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумды бекiту туралыҚазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 желт...

Толық оқу »

Қазақстан мен НАТО-ның Техникалық қызмет және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы (НАМСО) арасындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық бойынша түсіністік меморандумын ратификациялау туралы

Қазақстан мен НАТО-ның Техникалық қызмет және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы (НАМСО) арасындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық бойынша түсініс...

Толық оқу »

2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралыҚазақ...

Толық оқу »

Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қою туралы

Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қою туралыҚазақстан Республикасы Президе...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы мемора...

Толық оқу »