Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы жасанды интеллект саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы жасанды интеллект саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы жасанды интеллект саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 тамыздағы № 784 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы жасанды интеллект саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақовқа Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы жасанды интеллект саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің міндетін атқарушыО. Бектенов

 

 

 Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің2026 жылғы 29 тамыздағы№ 784 қаулысыменмақұлданғанЖоба

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы жасанды интеллект саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2002 жылғы 7 маусымдағы Хартиясының мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып,

      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 2025 жылғы 1 қыркүйекте Ұйымның Тяньцзиньдегі саммитінде қабылданған Жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы мәлімдемесін басшылыққа ала отырып,

      жасанды интеллект технологияларының дамуы елдер экономикасы мен азаматтардың әл-ауқатына айтарлықтай әсер ететінін сезіне отырып,

      жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты өзара тиімділікке қол жеткізу, сондай-ақ оны дамыту мен қолданумен байланысты ықтимал тәуекелдерді азайту мақсатында нығайтудың маңыздылығын атап көрсете отырып,

      Тараптар мемлекеттерінің егемендігін, олардың ұлттық мүдделері мен заңнамасын құрметтеу негізінде жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуды ұстанатынын растай отырып,

      жасанды интеллект технологияларының қауіпсіз және адам игілігіне бағытталған дамуы мен қолданылу аясын кеңейтуге жәрдемдесу қажеттігін негізге ала отырып,

      осы Меморандум Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің тек азаматтық саладағы өзара іс-қимылына қатысты болатынын және жасанды интеллектіні әскери мақсатта қолдану мәселелеріне қолданылмайтынын ескере отырып,

      төмендегілер туралы өзара түсіністікке қол жеткізді:

      1. Осы Меморандумның мақсаттары:

      Тараптар арасындағы жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын іске асырудың жол картасын жүзеге асыру арқылы тереңдету;

      сенімге лайық жасанды интеллект технологияларын азаматтық мақсатта әзірлеу, енгізу және қолдану мәселелері бойынша Тараптардың диалогы мен тәсілдерін үйлестіруді жолға қою;

      жасанды интеллект саласында тәжірибе, білім және үздік практика алмасу үшін жағдайлар жасау;

      халықтың орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өмір сүру сапасын арттыру мүддесінде жасанды интеллект әлеуетін пайдалануды көтермелеу.

      2. Осы Меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

      мемлекеттердің егемендігін, сондай-ақ олардың тәуелсіздігін, тең құқықтылығы мен өзара тиімділігін құрметтеу;

      Тараптар мемлекеттерінің экономикалық, технологиялық және институционалдық даму деңгейінің әртүрлілігін ескеру;

      жасанды интеллект технологияларын дамыту мен оларды қауіпсіз қолдану қажеттігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету;

      ынтымақтастықтың адамзат пен қоғам игілігіне бағдарлануы, жасанды интеллектіні неғұрлым ашықтыққа, жалпыға қолжетімділікке, инклюзивтілік пен әділдікке қарай дамытуға жәрдемдесуге ұмтылу.

      3. Тараптар өз ұлттық басымдықтары мен мүмкіндіктеріне сәйкес және ерікті негізде мынадай негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастыққа жәрдемдеседі:

      сенімге лайық жасанды интеллект технологияларын әзірлеу, енгізу және қолдану саласында, оның ішінде жасанды интеллект ғылымы саласында тәжірибе, білім және үздік практика алмасу;

      жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы үздік практикалармен және әдістемелік материалдармен ерікті түрде алмасу;

      жасанды интеллект бойынша жоғары деңгейдегі ғылыми конференциялар өткізу;

      жасанды интеллект инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде іске асырылып жатқан бастамалар мен жобалар туралы ақпарат алмасу;

      жасанды интеллект технологияларын дамыту мен қолдануға, оның ішінде жасанды интеллект ғылымы саласына бағытталған бірлескен бастамаларға қатысуды көтермелеу;

      жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысты тәсілдер жөніндегі пікірталастарды және ұлттық басымдықтар мен қажеттіліктерді ескеретін нұсқаулықтарды әзірлеуді қолдау;

      жасанды интеллект саласында кадрлар даярлауға, оның ішінде жоғары оқу орындары арасындағы байланыстар мен академиялық алмасуларды дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын құру, бірлескен білім беру және ғылыми іс-шараларды өткізу, сондай-ақ Тараптардың ұлттық басымдықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып мамандар даярлауды көтермелеу арқылы жәрдемдесу.

      4. Жасанды интеллект технологияларын дамыту мен олардың қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз ету арасындағы теңгерімді сақтау қажеттігін мойындай отырып, Тараптар:

      жасанды интеллект технологияларының қауіпсіз дамуы мен қолданылуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша, оның ішінде жасанды интеллект ғылымы саласында тәжірибе мен тәсілдермен алмасатын болады;

      ұлттық заңнамаға сәйкес жасанды интеллектіні дамыту мен пайдаланумен байланысты ықтимал тәуекелдер мен сын-қатерлерді ескеруге жәрдемдесетін болады;

      жасанды интеллект жүйелерінің жұмысы нәтижесінде туындайтын қатерлерге бірлесіп қарсы тұру мақсатында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес келетін жасанды интеллект қауіпсіздігінің ғылыми негізделген сенімді басшылық қағидаттарын әзірлеуге жәрдемдесетін болады;

      осы салада міндетті бірыңғай реттеу нормаларын белгілемей ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.

      5. Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымын қоса алғанда, халықаралық ұйымдар мен көпжақты бастамалар шеңберінде, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2035 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің алдын ала келісілген позициялары негізінде жасанды интеллект мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мен пікір алмасуды дамытуға жәрдемдесетін болады.

      6. Тараптардың осы Меморандум шеңберіндегі өзара іс-қимылы мынадай нысандарда жүзеге асырылатын болады:

      консультациялар, жұмыс кездесулері мен кеңестер өткізу;

      конференциялар, форумдар, семинарлар және өзге де бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру;

      сарапшылар және жұмыс топтарын құру;

      ақпаратпен және талдамалық материалдармен алмасу;

      Тараптар келіскен өзге де ынтымақтастық нысандары.

      7. Осы Меморандум халықаралық шарт болып табылмайды, халықаралық құқықпен реттелетін құқықтар мен міндеттемелер туғызбайды және Тараптарға қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

      8. Тараптардың әрқайсысы осы Меморандумды орындауға байланысты шығыстарды дербес көтереді, бұл ретте нақты жағдайларда Тараптар өзге талаптар туралы уағдаласқан жағдайлар бұған кірмейді, мұндай талаптар Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының ішкі заңнамасына сәйкес келуге тиіс.

      9. Осы Меморандумның ережелерін түсіндіруге және қолдануға байланысты барлық келіспеушіліктер Тараптардың арасында келіссөздер мен консультациялар жүргізу арқылы шешіледі.

      Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы осы Меморандумның депозитарийі болып табылады, ол Тараптарға оның куәландырылған көшірмелерін жібереді.

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді.

      Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап қолданылады.

      2026 жылғы "___" _______________ Бішкек қаласында орыс және қытай тілдерінде бір төлнұсқа данада қол қойылды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

 

Жүктеу

Беларусь РеспубликасыныңҮкіметі үшінҚырғыз РеспубликасыныңМинистрлер Кабинеті үшін
Үндістан РеспубликасыныңҮкіметі үшін Пәкістан Ислам РеспубликасыныңҮкіметі үшін
Иран Ислам РеспубликасыныңҮкіметі үшінРесей ФедерациясыныңҮкіметі үшін
Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін Тәжікстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін
Қытай Халық РеспубликасыныңҮкіметі үшінӨзбекстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралыҚазақстан...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық өкілдігінің жаңа объектілерін салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне жер учаскесін беру туралы өзара түсіністік туралы меморандумды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық өкілдігінің жаңа объектілерін салу үшін Америка Құрам...

Толық оқу »

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралыҚазақстан Ре...

Толық оқу »

2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы

2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасынд...

Толық оқу »

2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға өзгеріс енгізу туралы келісімге қол қою туралы

2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасынд...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Аравиясы Корольдігі Үкіметінің арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Аравиясы Корольдігі Үкіметінің арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды бекіту туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғ...

Толық оқу »

1993 жылғы 24 қазанда Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Қосарланған салық салуға жол бермеу және кiрiстер мен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруды болғызбау туралы конвенцияны, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Қосарланған салық салуға жол бермеу және кiрiстер мен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруды болғызбау туралы конвенцияның кейбiр ережелерi жөнiндегi өзара түсiнiстiк Меморандумын және Салық конвенциясы мен Көрсетiлетiн қызметтер Саудасы жөнiндегi Бас Келiсiмге (КҚСБК) қатысты Ноталар алмасуды бекiту  туралы

1993 жылғы 24 қазанда Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Қосарланған салық салуға жол бермеу және кiрiст...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы Меморандум

Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы МеморандумМеморандум 1999 жылғы 9 сәуір Ашгабат қаласы. Қол қойылған күнінен баст...

Толық оқу »

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегі үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою туралы

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының дайындық iс-шаралары жүйесiндегі үлесiне қатысты Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау туралы меморандум

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау туралы меморандум1995 жылғы 10 ақпандағы меморандум, Алматы қаласы(Меморандум 1995 жылғы 10 ақпанда күші...

Толық оқу »

Об утверждении Меморандума об обязательствах Исламской Республики Иран в целях получения статуса государства – члена Шанхайской организации сотрудничества Указ Президента Республики Казахстан от 4 мая 2023 года № 210

Об утверждении Меморандума об обязательствах Исламской Республики Иран в целях получения статуса государства – члена Шанхайской организации сотрудничестваУказ Президента Респу...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрс...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы және Европалық Одақ арасындағы қаржыландыру туралы Меморандумды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы және Европалық Одақ арасындағы қаржыландыру туралы Меморандумды бекіту туралыҚазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 20 шілде N 449-I Алматыда 1997 жы...

Толық оқу »

Бұрынғы КСРО шарттарына қатысты құқықтық мирасқорлық мәселелері бойынша өзара мүдделілік білдіретін 1992 жылғы 6 шілдедегі өзара түсіністік туралы меморандум

Бұрынғы КСРО шарттарына қатысты құқықтық мирасқорлық мәселелері бойынша өзара мүдделілік білдіретін 1992 жылғы 6 шілдедегі өзара түсіністік туралы меморандумМеморандум, Мәскеу...

Толық оқу »

Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумды бекіту туралы

Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумды бекіту туралыҚазақстан Республикасы Пр...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін әлеуетті дамытудың өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін әлеуетті дамытудың өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік жөніндегі...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштеріндегі (БҰҰЛУК) үндістандық батальон құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентті бірлесіп өрістету тәртібі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштеріндегі (БҰҰЛУК) үндістандық батальон құрамын...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өң...

Толық оқу »

Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қою туралы

Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қою туралыҚазақстан Республикасы П...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумғ...

Толық оқу »

Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумды бекіту туралы

Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумды бекіту туралыҚазақстан Республикасы Президен...

Толық оқу »

2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша келісімді ратификациялау туралы

2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Иран Ислам Республикасының Yкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы Меморандум

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Иран Ислам Республикасының Yкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы МеморандумМеморандум, Алматы қ., 1993 жылғы 25 қазан *М...

Толық оқу »

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу жөніндегі 1972 жылғы 26 мамырдағы шартқа байланысты уағдаластықтар туралы меморандумды бекіту туралы

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу жөніндегі 1972 жылғы 26 мамырдағы шартқа байланысты уағда...

Толық оқу »

Беларусь Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумам бекіту туралы

Беларусь Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумам бекіту туралыҚазақстан Республикасы Президен...

Толық оқу »

Иран Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қою туралы

Иран Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қою туралыҚазақстан Республикасы Прези...

Толық оқу »

Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік тур...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қоғамдастығы Комиссиясы арасындағы Қаржыландыру туралы меморандумды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қоғамдастығы Комиссиясы арасындағы Қаржыландыру туралы меморандумды бекіту туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 27 жел...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгi Үкiметi арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумды бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгi Үкiметi арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумды бекiту туралыҚазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 желт...

Толық оқу »

Қазақстан мен НАТО-ның Техникалық қызмет және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы (НАМСО) арасындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық бойынша түсіністік меморандумын ратификациялау туралы

Қазақстан мен НАТО-ның Техникалық қызмет және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы (НАМСО) арасындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық бойынша түсініс...

Толық оқу »

2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралыҚазақ...

Толық оқу »

Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қою туралы

Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қою туралыҚазақстан Республикасы Президе...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы мемора...

Толық оқу »