Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде ұсынылатын отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесіне енгізу үшін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы

Жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде ұсынылатын отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесіне енгізу үшін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде ұсынылатын отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесіне енгізу үшін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 459 Қаулысы.

  Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.11.2017 № 766 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 9-бабы 3-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде ұсынылатын отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесіне енгізу үшін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын іріктеу өлшемдері бекітілсін.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 
Премьер-МинистріК. Мәсімов

 

 

 Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің2012 жылғы 13 сәуірдегі№ 459 қаулысыменбекітілген

 

Жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде ұсынылатын отандықөнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесіне енгізу үшін отандықөнеркәсіп кәсіпорындарын іріктеу өлшемдері

      Ескерту. Іріктеу өлшемдеріне өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.11.2017 № 766 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Өндіріс объектілерін орналастыру үшін жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде ұсынылатын отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесіне енгізу үшін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын іріктеу мынадай өлшемдер жиынтығы бойынша жүзеге асырылады:

      1) индустрияландыру картасына немесе өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізілген кәсіпорын өнеркәсіптің өңдеуші салаларына тиесілі;

      2) кәсіпорынға шетелдің қатысу үлесі жоқ;

      3) кәсіпорын заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріс объектілерін мемлекет меншігіндегі жер учаскесіне орналастырады. 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау