Жер даулары бойынша Комиссия отырысының кворумы
Жер кодексінің 43-бабының 2-бөлігіне сәй кес жер комиссиясы мүшелерінің саны тақ бо луға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс.
Бұл ретте, қоғамдық кеңестер, агроөнер кәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, жер гілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны жер комиссиясы мүшелері жалпы саны ның кемінде елу пайызын құрауға тиіс.
Дауыс беруге міндетті түрде жер комисси ясының тұрақты құрамы және берілетін жер учаскесі орналасқан әкімшілік-аумақтық бір ліктің екі өкілі қатысады.
Жер комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Даулардың жекелеген санаттары бой ынша сот практикасы
Сот практикасын талдау көрсеткендей, ке лесі санаттар бойынша шағымдар ең көп та ралған:- жер учаскелеріне жеке меншік және уақытша жер пайдалану құқығын берудің заң дылығы мәселелері бойынша даулар;
- әкімдіктің жер пайдаланушымен жалдау шартын ұзартудан бас тартуына байланысты даулар;- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өз герту мәселелері бойынша даулар;
Сотқа талап қою мерзімдерін сақтау
Негізінен талап қоюшылар жергілікті атқа рушы органның жер учаскелеріне тиісті құқық беру туралы шешімдеріне дау айту туралы та лап қойған.
ӘРПК-нің 136-бабының бірінші бөлігіне сәйкес дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.
Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделме ген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі.
Құқықтары, бостандықтары мен заң ды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген не месе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ, ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қою ды беруге құқылы (ӘРПК-нің 136-бабының 5-бөлігі).
Талдау көрсеткендей, жергілікті соттар көрсетілген түпкілікті мерзімді қалпына кел тіруге байланысты процестік заң бойынша қателіктерге жиі жол береді.
Мысалы, Солтүстік Қазақстан облы сы МАӘС-тің 2022 жылғы 10 ақпандағы шешімімен Амриннің Ақжар ауданы әкімді гіне қойған талабы қанағаттандырылды.
«Ақ жар-Нан» ЖШС жер учаскесіне құқық беру туралы 2009 жылғы 23 шілдедегі қаулының күші жойылған. Апелляциялық сатыдағы соттың 2022 жылғы 19 мамырдағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Соттар әкімдіктің 2003 жылғы 8 қыркүйек тегі қаулысымен талап қоюшыға жер учаскесі не шаруа қожалығын жүргізу үшін 49 жыл мерзіммен уақытша ортақ үлестік жер пайда лану құқығы берілгенін анықтады. Жергілікті соттар Серіктестікке жер учаскесіне құқық талап қоюшының келісімін сіз берілгендігін негізге алды, осыған байла нысты қаулы заңсыз деп танылды.
Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен жергілікті соттардың сот актілерінің күші жойылды, өйткені, дауды мәні бойынша шешу кезінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюшының әкімшілік рәсімге қатысушы емес екенін ескермеген.
Дау айтылған қау лымен Серіктестікке жер пайдалану құқығы берілген. Қаулы 2009 жылғы 23 шілдеде шыға рылған, оны қабылдаудың әкімшілік рәсіміне қатыспаған адам үшін, оның ішінде Амрин үшін де оны даулау туралы талап қою мерзімі 2010 жылғы 23 шілдеде аяқталған (№ 6001-22 00-6aп/1467).
Жергілікті соттар процестік заңның жоға рыда көрсетілген ережелерін бұза отырып, талап қоюшыға түпкілікті болып табылатын мерзімін қалпына келтірген және қайтаруға жататын талап қоюды мәні бойынша қараған.
Соттар ӘРПК-нің 136-бабы 5-бөлігінің нормасы императивті сипатқа ие екенін және көзделген бір жылдық мерзім түпкілікті бо лып табылатынын және қалпына келтіруге жатпайтынын есте ұстаған жөн. ӘРПК-нің 136-бабының 8-бөлігіне сәйкес сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қай тару үшін негіз болып табылады.
Осы негіздер бойынша «Алтындос» ШҚ ның жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді заңсыз деп тану және күшін жою туралы Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Заңғар ауылдық округінің әкіміне қойған та лап қоюы бойынша шығарылған Павлодар облысы МАӘС-тің 2021 жылғы 5 қазандағы және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 10 наурыздағы сот актілерінің күші кассациялық тәртіппен жойылды.
Талап қою қайтарылды (№6001-22-00-6ап/1017).
Соттар дауды мәні бойынша шеше оты рып, «Оразбаев» ШҚ даулы жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру жөніндегі рәсім дердің 2006-2008 жылдары орын алғанын ескермеген және тиісті құқықтық бағасын бер меген. 2021 жылдың 6 тамызында әкімшілік талап қою берілген.
Бұл ретте, талап қоюшы «Алтындос» ШҚ бұл рәсімдердің қатысушы сы болып табылмайды. Осындай бұзушылықтар республиканың барлық өңірлерінде орын алған.
Талап қоюшылар әкімшілік рәсімге қаты сушылар бола отырып, ӘРПК қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған әкімшілік актілерге дау айтқанда, талап қоюды беру ге мерзімдерді қалпына келтіру кезінде про цестік заңды елеулі түрде бұзу жағдайлары орын алады.
Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру үшін негіздер айрықша болуға тиіс, соттар өз құқықтарының бұзылғанын білетін немесе білуі мүмкін талап қоюшылардың жол берген құқығын теріс пайдалануына ықпал етпеуге тиіс.
Апелляциялық сатыдағы соттар, егер бірін ші сатыдағы сот талап қоюды іс жүргізуге қабылдаса және АПК-нің 126-бабының ере желерін ескере отырып, апелляциялық қарау сатысында шешім шығарыла отырып, мәні бойынша қараса, ол тек түпкілікті мерзімді өткізіп алу үшін ғана қайтарылуы мүмкін екенін ескергені жөн.
Қалған жағдайларда істі апелляциялық саты мәні бойынша қарайды. Сонымен бірге, егер сот мерзімін жеткілікті негіздер болмағанда қалпына келтірсе, бұ зылған құқықты қорғау үшін құқықты теріс пайдалану фактісі бойынша бас тартылуы мүмкін.
Даулардың ведомстволық бағыны стылығы мәселесі бойынша
Мысалы, Түркістан облысының МАӘС-қа Түркістан облысы жер инспекциясы басқар масының қала, аудан, ауылдық (селолық) округ әкімінің шешімдеріне дау айту туралы әкімшілік талап қоюлары келіп түсті, яғни, дау мемлекеттік органдар арасында туындады.
Кассациялық сатыдағы сот алқасы туын даған мәселе бойынша, егер iстер бойынша та раптар болып өз мәртебесi бойынша бiрдей екi мемлекеттiк орган (Қазақстан Республикасы ның Конституциясы, Қазақстан Республика сы заңдарының және әлеуметтік маңызы бар қоғамдық қатынастарды басқару және рет теу, мемлекет белгілеген жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық ак тілерінің негізінде мемлекет атынан жүзеге асыратын мемлекеттік билік ұйымдарына жатады) әрекет етсе және жеке (заңды) тұлға лардың не белгісіз тұлғалар тобының мүддесі үшін емес, мемлекет мүддесі үшін өзара дау ласады, бұл жағдайда мұндай талап қоюлар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды деген түсіндірме берді.
Сонымен бірге, ЖАО-ның жер ресурста рын басқару жөніндегі уәкілетті органдарға олардың атына енгізілетін нұсқамаларға дау айту туралы талап қоюлары бойынша сұрақтар туындайды.
Уәкілетті органның жер заңнамасы та лап қоюларын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасы әкімшілік акт болып табылатынын және Жер кодексінің 146-бабының 3-тармағы на сәйкес міндетті сипатта болатынын на зарға ала отырып, тексеру субъектілері оған әкімшілік іс жүргізу тәртібімен шағымдануға құқылы.
Мысалы: аудан әкіміне жер учаскесін беру және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкер шілікке тарту туралы қаулының күшін жою туралы нұсқамаға аталған аумақтық бірліктің әкімі дау айтуға тиіс.
Сонымен қатар, мүдделері көрсетілген нұсқамамен жанама түрде қозғалатын жеке, заңды тұлғалардың талап қоюлары қайта рылуға жатады, өйткені, шағым келтірілетін әкімшілік акт басқа субъектіге қатысты шыға рылады.
Мысалы:«Наурызбай нің сыз тексеріс деп жүргізу тану, Даму» әрекеттерін ЖШС заң бұзушылықтарды жою туралы 2022 жылғы 1 шілдедегі № 95, 96 және 97 нұсқамаларды заңсыз деп тану және күшін жою туралы Ақмола об лысының Жер ресурстарын басқару де партаментіне қойған талабы бойынша (№ 6001-22-00-6ап/2593).
Соттылық
Жер құқықтық қатынастарынан туындай тын даулар бойынша істерді қарау кезінде істерді шешу үшін соттылық қағидаларын сақтау, талап қоюға құқығы бар адамдардың талап қоюды ұсынуы, талап қою нысанасын дұрыс айқындауы ерекше маңызға ие.
Соттылық ӘРПК-нің 102 және 106-бапта рының қағидалары бойынша айқындалады.
Республикалық маңызы бар қалалар және астана, облыс орталықтары шегінде гі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың сот тылығына жататын істерді қоспағанда, талап қоюшының арызы бойынша маманданды рылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттың соттылығына жатқызылған істерді талап қоюшының тұрғылықты жерін дегі сот қарауы мүмкін.
Талдау көрсеткендей, негізінен соттарға келіп түскен арыздар соттылық қағидаларын сақтай отырып қабылданды және соттарға белгілі бір қиындықтар туғызбайды.
Мемлекеттік баж
Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі АПК және Салық кодексінің нормаларымен ретте леді.
Мемлекеттік баж жеке тұлғалар үшін 0,3 айлық есептік көрсеткішті, заңды тұлғалар үшін 5 айлық есептік көрсеткішті құрайтын Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 2, 3-тармақшаларында белгіленген мөлшерде төленеді.
Сот шығыстарын өтеу туралы мәселе ӘРПК-нің 122-бабының және АПК-нің 109, 115, 117-бабының талап қоюларына сәйкес шешіледі.
АПК-нің 102-бабына сәйкес сот шығыста ры мемлекеттік баждан және іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.
ӘРПК-нің 122-бабының екінші бөлігіне сәйкес талап қоюды осы Кодекстің 138-бабы ның екінші бөлігі 5), 6), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген негіздер бойын ша қайтарған кезде сот шығыстары өтелмейді.
ӘРПК-нің 142-бабының екінші бөлігіне сәйкес талап қоюшының талап қоюды сот оты рысында немесе алдын ала тыңдауда толықтай кері қайтарып алу туралы арызы келіп түскен жағдайда, сот талап қоюды кері қайтарып алу дың салдарын түсіндіреді. Өзге жағдайларда судья әкімшілік процеске қатысушыларды шақырмай мемлекеттік бажды қайтара оты рып, талап қоюды қайтарады.
Мысалы, Ақмола облысы МАӘС-тің 2022 жылғы 14 наурыздағы ұйғарымымен Теремко ваның Көкшетау қаласының әкіміне кері қай тарып алуға байланысты ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 6) тармақшасы бойынша қо лайлы акт шығаруға мәжбүрлеу туралы тала бы қайтарылды.
Талап қою кезінде төленген мемлекет тік баж қайтарылмауы тиіс, бірақ, ӘРПК-нің 122-бабының талап қоюларын бұза отырып қайтарылған.
Мұндай бұзушылықтар жүйелі сипатқа ие емес, жалпы республика бойынша сот шығы старына қатысты проблемалық мәселелер туындаған жоқ.
Заңнама
Қорытылып отырған санаттағы дауларды шешу кезінде соттар басшылыққа алған мате риалдық құқық нормаларына қазіргі уақытта қолданылатын заңнамалық актілер жатады.
Қорытылып отырған санаттағы даулар бой ынша мәселелерді реттейтін негізгі норма тивтік-құқықтық актілер:
1) Қазақстан Республикасының Конститу циясы;
2) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268 ХІІІ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК);
3) 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қа зақстан Республикасының Жер кодексі (бұдан әрі – ЖК);
4) 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі – ӘРПК);
5) 2015 жылғы 31 қазандағы №377-V Қа зақстан Республикасының Азаматтық про цестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
6) 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қа зақстан Республикасының Кәсіпкерлік ко дексі;
7) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
8) 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Қа зақстан Республикасының Экология кодексі;
9) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасы ның Заңы;
10) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Ре спубликасының Заңы;
11) «Қазақстан Республикасындағы жер гілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
12) «Сот шешімі туралы» Қазақстан Респу бликасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 2 қа зандағы № 5 нормативтік қаулысы;
13) Қазақстан Республикасы Ұлттық эконо мика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсан дағы № 160 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қағидалары;
14) Қазақстан Республикасы Ұлттық эконо мика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 379 бұйрығымен бекітілген Жерге орнала стыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орна ластыру жұмыстарын орындау қағидалары;
15) Қазақстан Республикасы Ауыл ша руашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қа зандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қыз меттерді көрсету жөніндегі қағидалар.
Егер Қазақстан Республикасы ратифи кациялаған халықаралық шартта Заңда көз делгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданыла ды.
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 10 және 12-баптарына сәйкес кодекстердің заңдарға қарағанда жоғары заңдық күші бар; әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық ак тілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.
АК-нің 4-бабында, «Құқықтық актілер ту ралы» Заңның 43-бабында көзделген жалпы қағида бойынша нормативтік құқықтық ак тілер олар қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады.
Қолданылған қысқартулар
МАӘС - МАӘС ӘІСА ЖАО АБТ ЕЖЖ ҚР ҚН
ӘІСА - МАӘС ӘІСА ЖАО АБТ ЕЖЖ ҚР ҚН
ЖАО - МАӘС ӘІСА ЖАО АБТ ЕЖЖ ҚР ҚН
АБТ - МАӘС ӘІСА ЖАО АБТ ЕЖЖ ҚР ҚН
ЕЖЖ - Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы
ҚР ҚН - Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы