Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлік атауларын қайта атау және Актюбинск қаласы атауының транскрипциясын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 11 наурыз N 82
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы
Заңының
9-бабына сәйкес қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Жамбыл облысының Луговой ауданы - Тұрар Рысқұлов ауданы;
2) Солтүстік Қазақстан облысының Совет ауданы - Аққайың ауданы
болып қайта аталсын.
2. Ақтөбе облысындағы Актюбинск қаласы атауының орыс тіліндегі
транскрипциясы Актобе деп өзгертілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
(Қасымбеков Б.А.)
(Нарбаев Е.Ә.)
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы