Заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 627 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 99 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 қаңтарда № 19848 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына, "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелді) және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелді) сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.10.2026 № 1178 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 04.11.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1. Мына:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес заң консультанттары палатасының қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 31.10.2026 № 1178 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 04.11.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық экономика министрі__________Р. Даленов27 желтоқсаны 2019 жылғы | Қазақстан РеспубликасыныңӘділет министрі__________М. Бекетаев27 желтоқсаны 2019 жылғы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
| Қазақстан РеспубликасыӘділет министрінің2019 жылғы 27 желтоқсандағы№ 627 жәнеҚазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрінің2019 жылғы 30 желтоқсандағы№ 99 бірлескен бұйрығына1-қосымша |
Заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.10.2026 № 1178 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 04.11.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусыдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелді) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген тексеру парақтарының нысанына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелді) сәйкес әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) бақылау субъектісі –заң консультанттары палаталары өзін-өзі басқару ұйымы;
2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
3) болмашы бұзушылықтар – заң консультанттары палатасының елеулі және өрескел бұзушылықтарға жатпайтын мүшелікке қабылдау шарттарын белгілеуге, кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсету тәртібіне және палата мүшелерінің тізілімін жүргізуге байланысты қызметіне қойылатын жекелеген ұйымдастырушылық талаптарды бұзу;
4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
5) елеулі бұзушылықтар – жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері елеулі түрде бұзылуына әкелетін заң консультанттары палатасы қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, ақпаратты жария етуге, ішкі қаржылық бақылауды ұйымдастыруға, палата мүшелерінің біліктілігін арттыруға және кәсіби стандарттардың сақталуына қойылатын талаптарды бұзу;
6) өрескел бұзушылықтар – заң консультанттары палатасының құқықтық мәртебесі мен қызметін, мүшелікке қабылдау және білікті заң көмегін көрсетуге рұқсат беру шарттарын, кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды, тізілім жүргізуді, бақылауды жүзеге асыруды, кәсіби стандарттарды сақтауды және уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-қимылды реттейтін заңнама талаптарын бұзу;
7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, зиян келтіру ықтималдығы;
8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) тексеруден босату процесі;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – қызметтің тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланысты емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызмет нәтижелеріне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
12) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптардың тізбесі, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтарын, заңды мүдделерін бұзуға әкеп соқтырады;
13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.
2-тарау. Тексеруді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу тәсілдері
3. Тексеруді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
4. Заң консультанттарының палаталары объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіндегі бақылау субъектілеріне жатады.
5. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жататын бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
6. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекел дәрежесін бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
8. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін субъектіге барып профилактикалық бақылау жүргізу үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
9. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде талаптар бұзушылықтың мынадай үш дәрежесі болып бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.
Субъективті өлшемшарттарды талдау мен бағалау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды неғұрлым әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне қатысты шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.
10. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.
Бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау талаптары осы Өлшемшарттарға 1-қосымшада жазылған.
11. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілгенде жоғары тәуекел дәрежесіне жатады.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу
12. Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және дерекқорды қалыптастырады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар жөніндегі тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және осы Өлшемшарттардың (SC) 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қосу арқылы, деректер мәндерін 0-ден 100 балға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC , мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылаудың субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
13. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 деген көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SРе = (SР2 х 100/SР1) х 0,7
мұнда:
SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SРб = (SР2 х 100/SР1) х 0,3
мұнда:
SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРе + SРб
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы
n – көрсеткіштер саны.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формуланы пайдалана отырып жүзеге асырылады:

R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
Rарал – осы Өлшемшарттардың 12-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
14. Тәуекел дәрежесін талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.
15. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалау нәтижелері бойынша айқындалады, жылына екі реттен жиі болмайды.
4-тарау. Тексеру парақтары
16. Тексеру парақтары бақылау субъектілерінің біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес және Кодекстің 143-бабының 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып, талаптарды қамтиды.
| Заң консультанттарыпалаталарының қызметісаласындағы тәуекел дәрежесінбағалау өлшемшарттарына1-қосымша |
Бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің тәуекел дәрежесін бағалауға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі
Жүктеу
| № | Талаптар | Бұзушылық дәрежесі |
| 1 | Білікті заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде екі жүз заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады | өрескел |
| 2 | Заң консультантанттары палата мүшелерінің тізілімін жүргізу | өрескел |
| 3 | Заң консультантының соттарда тұлғалардың мүдделерін білдіру түрінде білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультанттары палаталарының бірінің мүшесі болуға | өрескел |
| 4 | Адамды білікті заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, заң консультанттары палатасының мүшелігіне қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады | өрескел |
| 5 | Заң консультанты шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті | өрескел |
| 6 | Заң консультанттары палатасы мынадай:1) өз мүшелерінің құрамы туралы;2) палата мүшелерінің жауапкершілігін қамтамасыз ету шарттары, тәсілдері мен тәртібі туралы;3) заң консультанттары палатасына өз мүшелігін тоқтатқан мүшелер және олардың мүшелігін тоқтату негіздері туралы;4) заң консультанттары палатасына мүшелік шарттары туралы;5) заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының мазмұны туралы;6) білікті заң көмегі сапасының өлшемшарттары туралы;7) заң консультанттары палатасы басқару органдарының және мамандандырылған органдарының құрылымы мен құзыреті, заң консультанттары палатасының алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының сандық және дербес құрамы, заң консультанттары палатасының жеке-дара атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын тұлға туралы;8) заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы және алқалы басқару органы қабылдаған шешімдер туралы;9) заң консультанттары палатасының мүшелерін жауаптылыққа тарту жағдайлары туралы;10) соттарға заң консультанттары палатасы берген, сондай-ақ палатаға қатысты берілген кез келген талап қоюлар және арыздар туралы;11) қаржылық-шаруашылық қызмет туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есеп жөнінде ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы оларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті | елеулі |
| 7 | Палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды сақтай отырып, палата мүшелері көрсететін заң кызметтерінің алдыңғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді | елеулі |
| 8 | Ревизиялық комиссия заң консультанттары палатасының мүшелері қатарынан құрылуы мүмкін. Заң консультанттары палатасының алқалы және атқарушы басқару органдарының мүшелері ревизиялық комиссияның құрамына кіре алмайды | елеулі |
| 9 | Заң консультанттары палатасы палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді | елеулі |
| 10 | Заң консультанттары палатасы кәсіптік мінез-құлық қағидалары мен Кәсіптік әдеп кодексін белгілейді | елеулі |
| 11 | Заң консультанттары палатасы палата мүшелігіне қабылдау қағидалары мен шарттарын белгілейді | болмашы |
| 12 | Заң консультанттары палатасы кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді | болмашы |
| 13 | Заң консультанттары палатасының басқару органдары бақылау органы (ревизиялық комиссиясы) болып табылады | өрескел |
| 14 | Заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінде мынадай мәліметтер қамтылады:1) заң консультанттары палатасы мүшесінің тіркеу нөмірі, оны тізілімде тіркеу күні;2) заң консультанттары палатасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), туған күні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін), байланыс телефондарының нөмірлері;3) заң консультанттары палатасы мүшесінің мүліктік жауаптылығын қамтамасыз ету туралы мәліметтер;4) палата мүшесіне заң консультанттары палатасы жүргізген тексерулердің нәтижелері және оған тәртіптік және өзге де жазалар қолдану фактілері туралы мәліметтер | болмашы |
| 15 | Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адам заң консультанты бола алмайды | өрескел |
| 16 | Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адам заң консультанты бола алмайды | өрескел |
| 17 | Заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша білікті заң көмегін көрсету стандарттарын, білікті заң көмегі сапасының өлшемшарттарын белгілейді және палата мүшелерінің оларды орындауын қамтамасыз етеді | өрескел |
| 18 | Уәкілетті органға мүшелерді заң консультанттарының палатасына енгізу, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен шығару туралы тоқсан сайынғы ақпаратты ұсыну | өрескел |
| 19 | Заң консультанттары палатасына кіру үшін атестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарын заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды | өрескел |
| 20 | Заң консультанттар палатасы міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қағидалар мен стандарттарды реттеуші мемлекеттік органмен келісуге міндетті | өрескел |
| 21 | Заң консультанттар палатасының мүшелерінен шығарып тастаудың негізсіздігіне адамдардың өтініштерін қарау | өрескел |
| Заң консультанттарыпалаталарының қызметісаласындағы тәуекел дәрежесінбағалау өлшемшарттарына2-қосымша |
Тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
Жүктеу
| Р/с № | Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі | Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi | Шарттар / мәндер, xi | |
| 1-шарты / мәні | 2-шарты / мәні | ||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Заң консультанттары палатарының қызметі саласында тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі | |||||
| Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау үшін | |||||
| 1 | Заң консультанты шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті | мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | Жоқ/ 100% | Бар /0% |
| Қазақстан РеспубликасыӘділет министрінің2019 жылғы 27 желтоқсандағы№ 627 жәнеҚазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрінің2019 жылғы 30 желтоқсандағы№ 99 бірлескен бұйрығына2-қосымша |
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес заң консультанттары палаталарының қызметі саласында заң консультанттары палатасына қатысты тексеру парағы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.10.2026 № 1178 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 04.11.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
_________________________________________________________________
(бақылау субъектілері біртекті тобының атауы)
_________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды
тағайындаған мемлекеттік орган
_________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды
тағайындау туралы акт
_________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________
Жүктеу
| № | Талаптардың тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1 | Білікті заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде екі жүз заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады | ||
| 2 | Заң консультантанттары палата мүшелерінің тізілімін жүргізу | ||
| 3 | Заң консультантының соттарда тұлғалардың мүдделерін білдіру түрінде білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультанттары палаталарының бірінің мүшесі болуға міндетті | ||
| 4 | Адамды білікті заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, заң консультанттары палатасының мүшелігіне қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады | ||
| 5 | Заң консультанты шартқа сәйкес білікті заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті | ||
| 6 | Заң консультанттары палатасы мынадай:1) өз мүшелерінің құрамы туралы;2) палата мүшелерінің жауапкершілігін қамтамасыз ету шарттары, тәсілдері мен тәртібі туралы;3) заң консультанттары палатасына өз мүшелігін тоқтатқан мүшелер және олардың мүшелігін тоқтату негіздері туралы;4) заң консультанттары палатасына мүшелік шарттары туралы;5) заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының мазмұны туралы;6) білікті заң көмегі сапасының өлшемшарттары туралы;7) заң консультанттары палатасы басқару органдарының және мамандандырылған органдарының құрылымы мен құзыреті, заң консультанттары палатасының алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының сандық және дербес құрамы, заң консультанттары палатасының жеке-дара атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын тұлға туралы;8) заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы және алқалы басқару органы қабылдаған шешімдер туралы;9) заң консультанттары палатасының мүшелерін жауаптылыққа тарту жағдайлары туралы;10) соттарға заң консультанттары палатасы берген, сондай-ақ палатаға қатысты берілген кез келген талап қоюлар және арыздар туралы;11) қаржылық-шаруашылық қызмет туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есеп жөнінде ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы оларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті | ||
| 7 | Палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды сақтай отырып, палата мүшелері көрсететін заң кызметтерінің алдыңғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді | ||
| 8 | Ревизиялық комиссия заң консультанттары палатасының мүшелері қатарынан құрылуы мүмкін. Заң консультанттары палатасының алқалы және атқарушы басқару органдарының мүшелері ревизиялық комиссияның құрамына кіре алмайды | ||
| 9 | Заң консультанттары палатасы палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді | ||
| 10 | Заң консультанттары палатасы кәсіптік мінез-құлық қағидалары мен Кәсіптік әдеп кодексін белгілейді | ||
| 11 | Заң консультанттары палатасы палата мүшелігіне қабылдау қағидалары мен шарттарын белгілейді | ||
| 12 | Заң консультанттары палатасы кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді | ||
| 13 | Заң консультанттары палатасының басқару органдары бақылау органы (ревизиялық комиссиясы) болып табылады | ||
| 14 | Заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінде мынадай мәліметтер қамтылады:1) заң консультанттары палатасы мүшесінің тіркеу нөмірі, оны тізілімде тіркеу күні;2) заң консультанттары палатасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), туған күні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін), байланыс телефондарының нөмірлері;3) заң консультанттары палатасы мүшесінің мүліктік жауаптылығын қамтамасыз ету туралы мәліметтер;4) палата мүшесіне заң консультанттары палатасы жүргізген тексерулердің нәтижелері және оған тәртіптік және өзге де жазалар қолдану фактілері туралы мәліметтер | ||
| 15 | Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адам заң консультанты бола алмайды | ||
| 16 | Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адам заң консультанты бола алмайды | ||
| 17 | Заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша білікті заң көмегін көрсету стандарттарын, білікті заң көмегі сапасының өлшемшарттарын белгілейді және палата мүшелерінің оларды орындауын қамтамасыз етеді | ||
| 18 | Уәкілетті органға мүшелерді заң консультанттарының палатасына енгізу, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен шығару туралы тоқсан сайынғы ақпаратты ұсыну | ||
| 19 | Заң консультанттары палатасына кіру үшін атестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарын заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды | ||
| 20 | Заң консультанттар палатасы міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қағидалар мен стандарттарды реттеуші мемлекеттік органмен келісуге міндетті | ||
| 21 | Заң консультанттар палатасының мүшелерінен шығарып тастаудың негізсіздігіне адамдардың өтініштерін қарау |
Лауазымды адам (дар): _____________________________________________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) лауазымы) (қолы)
Бақылау субъектісінің басшысы _________________________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
| Қазақстан РеспубликасыӘділет министрінің2019 жылғы 27 желтоқсандағы№ 627 жәнеҚазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрінің2019 жылғы 30 желтоқсандағы№ 99 бірлескен бұйрығына3-қосымша |
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес заң консультанттары палаталарының қызметі саласында заң консультанттары палатасына қатысты тексеру парағы
_________________________________________________________________
(бақылау субъектілері біртекті тобының атауы)
_________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган
__________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт
_________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы______________________________________
Жүктеу
| № | Талаптардың тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1 | Тексеру нәтижесінде бұзушылық фактісі анықталған жағдайда палата мүшесіне қатысты ықпал ету шараларын қолданбау |
Лауазымды адам (дар): ____________________________________________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) лауазымы) (қолы)
Бақылау субъектісінің басшысы _________________________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау