Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық соттың нормативтік қаулылары / Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін соттардың сақтауы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. 2002 жылғы 6 желтоқсан N 25.

Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін соттардың сақтауы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. 2002 жылғы 6 желтоқсан N 25.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін соттардың сақтауы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. 2002 жылғы 6 желтоқсан N 25.

     Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:      "ҚІЖК-нің" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды;       "процессуалдық" деген сөз "процестік" деген сөзбен ауыстырылды;       "өтініш", "өтініші", "өтініштерді", "өтініштер", "өтінішті" деген сөздер тиісінше "өтінішхат", "өтінішхаты", "өтінішхаттарды", "өтінішхаттар", "өтінішхатты" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Сот ісін жүргізудің жариялылығы принципінің сақталуы жөніндегі сот практикасын зерделеу республика соттарының қылмыстық істердің басым көпшілігін ашық сот отырыстарында қарайтынын, ал жабық сот отырыстарын өткізу кезінде заңмен белгіленген талаптарды басшылыққа алатынын көрсетті. Сонымен бірге сот ісін қараудың жариялылығын заңсыз шектеу жағдайлары да орын алуда.

      Сот төрелігін іске асыру кезінде заңдылықты сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 29-бабында бекітілген сот ісін жүргізудің жариялылығы принципі басқа да принциптер жиынтығымен бірге, қылмыс жасаған адамдарды анықтауға және жауаптылыққа тартуға, сот ісін әділетті жүргізуге, қылмыстық заңды дұрыс қолдануға бағытталған қылмыстық процесс міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Осыған орай, соттар бұл принципті кеңінен іске асырып, барлық мүдделі адамдардың, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысы залына еркін кіруін қамтамасыз етулері қажет.

     Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының  24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Соттар барлық сот сатыларында қылмыстық іс жүргізу заңының істердің ашық қаралуы туралы талаптарын қатаң сақтауға және сот ісін жүргізудің жариялылығы принципінің бұзылу, азаматтарды сот отырысына негізсіз қатыстырмау фактілеріне жол бермеуге міндетті.

      Жариялылықты заңсыз шектеу (іс материалдарын негізсіз құпиялау, заңда көзделмеген негіздер бойынша жабық отырыстар өткізу және т.б.) процеске қатысушылардың процестік құқықтарын кемсітуге және нұқсан келтіруге әкеп соғуы мүмкін.

      Осы бұзушылықтардың сипаты мен мәніне байланысты іс жүргізу өндірісі жарамсыз деп танылып, шығарылған шешім бұзылуы не жиналған материалдар дәлелдемелік күші жоқ деп танылуы мүмкін.

Сот ісін жүргізудің жариялылығы деп тек ашық сот талқылауын жүргізуді ғана емес, сонымен бірге оған тараптардың, сондай-ақ қылмыстық іске қатысы жоқ өзге де адамдардың қатысу мүмкіндігін түсіну қажет. Жариялылық принципі процеске қатысушылардың істің барлық материалдарымен, соның ішінде жедел-іздестіру шараларының барысында алынған деректермен және сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берілген прокурор нұсқауларымен (заңда көзделген шектеуден басқа) танысуды көздейдi. Сонымен қатар бұл принцип сот шешімінің көпшілікке жария етілуін, тараптардың процеске қатысушы басқа адамдардан түскен шағымдар туралы құлағдар болуын және танысу мүмкіндігін, кез келген сот сатысында істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар болуды, заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларының бірыңғай деректер базасын құруды және олармен, сот актілерінің орындалуы жөніндегі ақпаратпен еркін танысуды қамтиды.

     Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының  24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Іс жүргізу өндірісінің сотқа дейінгі сатыларындағы жариялылығының шегін ҚПК-нің 201-бабына сәйкес прокурор, ал сот отырысында - сот белгілейді.

     Сот, басты сот талқылауын тағайындау кезінде, тараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша, қаулыда тиісті негіздеме келтіре отырып, істі ашық немесе жабық қарау туралы мәселені шешеді.

     Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының  24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Процеске қатысушылар сот ісін қарау кезінде жариялылықты шектеу туралы өтінішхаттарды басты сот талқылауын тағайындау (істі алдын ала тыңдау) кезінде, сондай-ақ басты сот талқылауының барысында мәлімдей алады.

      Өзге адамдардың, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің істі ашық немесе жабық сот отырыстарында қарау туралы өтінішхат білдіруге құқығы жоқ.

Жариялылықты шектеу туралы өтінішхаттар мемлекеттік құпияларды қорғау, іске қатысушы адамдардың өмірінің жасырын тұстары туралы мәліметтердің жариялануына жол бермеу, жәбірленушілердің, куәлардың және басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмаған сотталушылардың мүддесін қорғау мақсатында ҚІЖК 29-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде ғана қанағаттандыруға жататынын соттардың ескергені жөн. ҚПК-нің 106-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес тергеу судьясы шағымды сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды жабық сот отырысында тиісті адамдар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді. Тергеу судьясының өкімі бойынша сот отырысы бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін.

     Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының  24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

Сот талқылауының жариялылығын шектеу - сот отырысының барлық кезеңіне немесе оның ҚІЖК 29-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлардың зерттелетін бөлігіне қолданылуы мүмкін. Бұл туралы қаулыда көрсетілуге тиіс.

      Егер мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты кейбір сотталғандар жөніндегі жабық сот отырысын өткізуге негіз болса, ал осы мән-жайлар басқа сотталғандарға қатысты болмаса, сот жабық сот отырысында қаралуға жататын қылмыстық істі басқа қылмыстық істен бөліп алып, жеке өндіріске шығаруға құқылы.

      Егер істі бөліп алу зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығына және істің шешілуіне әсер ететін болса, онда ҚПК-нің 44-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, мұндай процестік әрекетке жол берілмейді. Мұндайда сот іс бойынша жабық сот отырысын өткізу туралы мәселені тұтастай ҚПК-нің 29-бабының бірінші бөлігіне сәйкес шешеді.

     Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының  24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

Төрағалық етуші басты сот талқылауын бастар кезде істің ашық немесе жабық сот отырысында қаралатынын жариялайды. Сот отырысының хаттамасына тиісті жазу енгізіледі.

      Басты сот талқылауына істі жабық сот отырысында қарау туралы өтінішхат келіп түскен жағдайда, сот өтінішхатты білдірген адамнан сот ісін қарау кезінде жариялылықты шектеу туралы мәселенің заңда көзделген қандай негіздер бойынша қойылып отырғанын анықтауға және процеске қатысушы басқа да адамдардың пікірлерін білуге міндетті. Егер сот мәлімделген өтінішхат бойынша шешімді сол жерде отырып шығарса, онда ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі, егер өтінішхат кеңесу бөлмесінде қаралса, онда сот жеке процестік құжат түрінде қаулы шығарады.

ҚПК-нің 347-1-бабының талаптарына сәйкес сот отырысының барысын түсіріп алуды сот отырысының хатшысы аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырады. Жабдықтардың техникалық ақауының болуынан аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысының хаттамасында аудио-, бейнежазбаны пайдаланбау себептерін міндетті түрде көрсете отырып, сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.

     Соттың сот отырыстарында аудио-, бейнежазбаны қолдануы сот ісін жүргізу мақсатында ғана сот талқылауының барысын дәл түсіріп алу үшін, сондай-ақ іс бойынша нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылады, бұл соттың жариялылық қағидатты жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

     Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Төрағалық етуші процеске қатысушылардың келісімімен бүкіл бас сот талқылауының барысында, сондай-ақ бас сот талқылауының белгілі бір бөлігінде процеске кейбір қатысушылар мен өзге де адамдарға қатысты суретке түсіруге, аудио-, бейнежазбаны қолдануға рұқсат ете алады. Бұл әрекеттер сот талқылауының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс.

     Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Төрағалық етушінің сот отырысы залында аудио-, бейнежазбаны қолдану мәселелері бойынша барлық өкімдері сот отырысы хаттамасында көрсетіледі.

      Төрағалық етушінің өкімдерінің процестегі барлық қатысушылар мен сот залында отырған өзге адамдар үшін міндеттілігі туралы ҚПК-нің 57-бабына сәйкес, оның аудио-, бейнежазбаны қолдануға тыйым салу немесе тоқтату туралы өкімдері орындалуға тиіс.

      Төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбау ҚПК-нің 346-бабында көзделген шараларды қолдануға негіз болады, ал адамның жеке өміріне, жеке және отбасылық құпияларына қол сұғылмайтыны туралы конституциялық құқықтар бұзылған жағдайларда кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

     Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының  24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

ҚПК-нің 415-бабының үшінші бөлігіне және 448-бабының екінші бөлігіне сәйкес сот талқылауының жариялылығы мәселесі бойынша сот отырысының барысында қабылданған соттың қаулылары жеке шағым беруге және наразылық келтіруге жатпайды. Оларға қарсылықтар үкімге келтірілген апелляциялық шағымдарда, наразылықтарда жазылуы мүмкін.

     Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының  24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Істерді қарау кезінде апелляциялық, кассациялық сатылары төменгі соттардың сот талқылауының жариялылығы туралы заң талаптарын орындауына назар аударып, заң бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша шара қолдануы қажет.

     Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 8 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ол ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының судьясы,

жалпы отырыстың хатшысы

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын заңнама ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын заңнама ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық со...

Толық оқу »

23-бап. Сот iсiн жүргiзудi тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге асыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

23-бап. Сот iсiн жүргiзудi тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге асыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық сот iсiн...

Толық оқу »

30-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

30-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүрг...

Толық оқу »

Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 Нормативтік қаулысы.

Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 Нормативтік қаулысы. Біркелкі сот п...

Толық оқу »

42-1-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

42-1-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісі қағаздағы және (немесе...

Толық оқу »

Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 3 Нормативтік Қаулысы.

Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процест...

Толық оқу »

Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 3 Нормативтік қаулысы.

Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралыҚазақ...

Толық оқу »

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысы.

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 201...

Толық оқу »

Қорқытып алушылық туралы iстер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 6 Нормативтік қаулысы.

Қорқытып алушылық туралы iстер бойынша сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 6 Нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2002 жылғы 11 сәуір N 6.

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойын...

Толық оқу »

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуір N 7 нормативтік қаулысы.

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 ж...

Толық оқу »

Соттардың кеден заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 7 Нормативтік қаулысы.

Соттардың кеден заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 7 Нормативтік қаулысы. ХАБАРЛАНДЫРУ Соттард...

Толық оқу »

Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 7 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының...

Толық оқу »

Адамды саудаға салғаны үшін жауапкершілік анықтайтын заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 7 Нормативтік қаулысы.

Адамды саудаға салғаны үшін жауапкершілік анықтайтын заңнаманы қолдану тәжірибесі туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 7 Нормативтік қаул...

Толық оқу »

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 8 Нормативтік қаулысы.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 8 Нормативтік қаулысы. Ескерт...

Толық оқу »

Қылмыстық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 9 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымда...

Толық оқу »

Қылмыстық істі сот отырысына дайындау барысында қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық істі сот отырысына дайындау барысында қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолданудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 ж...

Толық оқу »

Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде соттардың Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларын қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысы.

Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде соттардың Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларын қолдануы туралыҚаза...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 11 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 11 Нормативтік қаулысы....

Толық оқу »

Террористік және экстремистік қылмыстар туралы заңнаманы қолдану бойынша сот практикасының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулысы.

Террористік және экстремистік қылмыстар туралы заңнаманы қолдану бойынша сот практикасының кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 желтоқса...

Толық оқу »

Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 13 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 13 нормативтік қаулысы. Қылмыстық істерді...

Толық оқу »

Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы N 17 Нормативтік қаулысы.

Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы N 17 Нормативтік қаулысы. Ескерту. бүкіл мәтін...

Толық оқу »

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 484-бабы екінші бөлігі 1) тармағының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы" 2022 жылғы 10 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысының 2-тармағы үшінші абзацының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 21-НҚ нормативтік қаулысы

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 484-бабы екінші бөлігі 1) тармағының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Қылмыстық істерд...

Толық оқу »

Қылмыстық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысы. Істерді бұйрықтық іс...

Толық оқу »