Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы

Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығы.

   Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасы жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 384-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 624 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 309-құжат);

      3) "Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 743 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 3, 16-құжат);

      4) "Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 185 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 384-құжат; 2008 ж., № 31, 309-құжат; 2014 ж., № 3, 16-құжат; 2016 ж., № 7, 27-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіН.Назарбаев

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2018 жылғы 12 желтоқсандағы№ 804 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасы

      Ескерту. Тұжырымдамада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасы (бұдан әрi – Тұжырымдама) ұлттық валюта – Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталарының дизайнын (бұдан әрi – банкноттар мен монеталар дизайны) әзiрлеудiң негiзгi қағидаттарын айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) айналысқа шығаратын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесінің банкноттары мен монеталары Ұлттық Банктің сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi және олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылдануға мiндеттi.

      3. Осы Тұжырымдамада пайдаланылатын ұғымдар:

      1) банкноттар мен монеталар – Ұлттық Банк айналысқа шығаратын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің ақша белгілері;

      2) инвестициялық монеталар – инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан дайындалған монеталар;

      3) коллекциялық монеталар – коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан, сол сияқты бағалы емес металдардан жасалған, шектеулі таралыммен дайындалған мерекелік, естелік және өзге де арнайы соғылған монеталар;

      4) айналыстағы монеталар – бағалы емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.

      4. Банкноттар мен монеталарды дайындаған кезде денсаулыққа зияны жоқ материалдар пайдаланылады.

      5. Банкноттар мен монеталардың дизайнын және олардың номиналдық құнын Ұлттық Банк Басқармасы осы Тұжырымдама негізінде айқындайды.

2-тарау. Банкноттар мен монеталар дизайнының ерекшеліктері

      6. Банкноттар мен монеталар дизайнының мiндеттi элементтері:

      1) номиналдың цифрмен және (немесе) әріппен белгiленуi;

      2) түпнұсқалығын айқындауға мүмкiндiк беретiн және қолданыстағы қорғау технологияларын қолдана отырып, қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететiн элементтер;

      3) эмитент елінің және (немесе) эмитенттің ресми атауы;

      4) банкноттардың бет жағында және монеталардың бет немесе сырт жағында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі болып табылады.

      7. Банкноттар дизайнының қосымша элементтері:

      1) сериялық нөмірі және дизайнының бекітілген жылы;

      2) төрағалығы кезінде банкноттардың дизайны бекітілген ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы;

      3) банкноттарды қолдан жасау үшін жауаптылық туралы жазба.

      Соғылған жылы монеталар дизайнының қосымша элементі болып табылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.07.2023 № 291 Жарлығымен.

      8. Банкноттар мен монеталар дизайнында мынадай бейнелердiң бiрi және (немесе) бiрнешеуi пайдаланылады:

      1) қазақтың ою-өрнегі немесе оның құрамдас бөлiктерi;

      2) Қазақстанның тарихына және дамуына үлес қосқан аса көрнектi тұлғалардың портреттері;

      3) Қазақстанның бірегей тарихи, географиялық орындары және сәулет ескерткіштері және (немесе) олардың бөліктері;

      4) мемлекеттік және халықаралық оқиғаларға арналған бейнелер;

      5) Қазақстан флорасы мен фаунасының бейнелері;

      6) Қазақстанның тарихына, мемлекеттілiгiне, саясатына, құқығына, экономикасына, ғылымына, біліміне, мәдениетіне, өнеріне, спортына, дамуына байланысты бейнелер;

      7) дүниежүзінің құндылықтарына, игілігіне, тарихына және мәдениетіне байланысты бейнелер;

      8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі;

      9) өзге де цифрмен және әріппен берілген жазбалар.

      9. Банкноттар мен айналыстағы монеталардың дизайны бірыңғай дизайнерлік безендіру негізінде әзірленеді.

      10. Банкноттар мен монеталар дизайнында пайдаланылатын жазбалар мәтіні мемлекеттік тілде ресімделеді. Инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында шет тілдерде жазбалар пайдалануға жол беріледі.

      11. Инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында монеталар дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазбаларды пайдалануға жол беріледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы