Солтүстiк Қазақстан облысының Москва және Соколов аудандарын тарату, Бескөл және Ленин аудандарын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 18 сәуiрдегi N 3461
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына Z934200_ сәйкес
қаулы етемiн:
1. Солтүстiк Қазақстан облысының Москва және Соколов аудандары таратылсын.
2. Солтүстiк Қазақстан облысының Бескөл ауданы Қызылжар ауданы болып аталсын.
3. Солтүстiк Қазақстан облысының Ленин ауданы Есiл ауданы болып аталсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы