Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы Бағалы қағаздар рыногын қалыптастырудың жалпы принциптері туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 19 шілде N 174
Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдету, бағалы қағаздар рыногы мен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында
қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы Бағалы қағаздар рыногын қалыптастырудың жалпы принциптері туралы келісім бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен ҚазақстанРеспубликасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы мен Келісімге қатысушы елдердің арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар болып табылады деп белгіленсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б. Нарбаев Е.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы