Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 37-бабына түсініктеме. Күдікті, айыпталушы, сотталушы ретінде тартылған адамды ақтау

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 37-бабына түсініктеме. Күдікті, айыпталушы, сотталушы ретінде тартылған адамды ақтау

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 37-бабына түсініктеме. Күдікті, айыпталушы, сотталушы ретінде тартылған адамды ақтау

1. Сот арқылы ақталған адам, сондай-ақ осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша соттың, қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы шығарылған күдікті, айыпталушы, сотталушы ақталуға, яғни құқықтары қалпына келтірілуге жатады және Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарына қандай да бір шектеулер қойылуы мүмкін емес.

2. Сот, қылмыстық қудалау органы осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамды ақтау және қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттері салдарынан оған келтірілген зиянды өтеу жөнінде заңда көзделген барлық шараларды қабылдауға міндетті.

Қылмыстық процесс қағидаттары жүйесінде ҚПК-нің заңдылық қағидатын бөліп көрсетуі кездейсоқ емес және бұл қылмыстық процесті жүргізетін органдардың қызметінде заң бұзушылық фактілерінің бар екендігін де, олардың жолын кесу қажеттігін де көрсетеді. Аталған мән-жайлар Үкіметтің бірқатар қаулыларында тіркелген: «Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы баяндаманы бекіту туралы»: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 892 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы екінші мерзімді баяндаманы бекіту туралы»: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 1271 қаулысы; «Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясын жүзеге асыру мақсатында қабылдаған шаралары туралы үшінші мерзімді баяндамасын бекіту туралы»: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 617 қаулысы және басқалары.

Өкінішке қарай, жекелеген анықтаушылардың, тергеушілердің, прокурорлар мен судьялардың құзыретсіздігі немесе кәсіби біліксіздігі салдарынан азаматтарды заңсыз қылмыстық қудалау және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері қоғам мен мемлекетті әлі де алаңдатып отыр. Мұның бәрі қылмыстық істер бойынша сот төрелігі жүйесінің беделіне нұқсан келтіреді, өйткені азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері елеулі түрде бұзылады, оларға материалдық залал мен моральдық зиян келтіріледі. Сондықтан қылмыстық құқық бұзушылықтардың нақты құрбандары ғана емес, қылмыстық процесс саласына заңсыз тартылып, осыған байланысты күдікті, айыпталушы, сотталушы ретінде қудаланған, кейіннен сотталған не ақталған адамдар да зардап шегуі мүмкін. Қылмыстық процесс жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері мен шешімдерінен зардап шеккен және қылмыс жасауда кінәсіз деп танылған адамдарға ҚПК-нің 37-бабының нормалары арналған. Аталған нормалардың мәні бойынша ақтау, яғни күдіктіні, айыпталушыны кінәсіз деп тану немесе олардың құқықтары мен заңды мүдделерін толық қалпына келтіру ақтау үкімін шығару не ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 7), 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығару арқылы жүзеге асырылады (аталған баптың осы тармақтарына берілген түсініктемені қараңыз).

Көрсетілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 «Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы» арнайы нормативтік қаулысы қабылданған. Онда қылмыстық процесті жүргізетін органдардың ықтимал заңсыз әрекеттерінің тізбесі келтіріліп, оларға мынадай жағдайлар жатқызылған:

ҚПК-нің 32-бабының 2–3-бөліктерінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, осы баптың 4-бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жеке айыптаушының шағымы болмаған кезде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру; іс бойынша қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істі тоқтату туралы күші жойылмаған қаулысы, сондай-ақ сол айыптау бойынша және сол адамға қатысты заңды күшіне енген сот үкімі немесе қылмыстық қудалаудың мүмкін еместігін анықтаған сот қаулысы болған кезде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру; қылмыс оқиғасының немесе адам әрекетінде қылмыс құрамының жоқтығын, прокурор мен жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуын, жеке айыптау ісі бойынша жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуын (ҚПК-нің 32-бабының 4-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда), ҚК-нің 71, 88-баптарында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуін және осы негіз бойынша істі тоқтатуға адамның келісімін, ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайларда жәбірленушінің айыпталушымен, күдіктімен татуласуын, адам жасаған іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықты жоятын жаңа қылмыстық заңның қабылдануын, жазадан босататын рақымшылық актісінің шығарылуын және осы негіз бойынша істі тоқтатуға адамның келісімін, адамға қатысты кешірім жасау актісінің қабылдануын растайтын фактілер анықталғаннан кейін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру.

Бұдан басқа, қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттеріне мыналар да жатады: қылмыстық құқық бұзушылықты саралау кезінде қылмыстық заңнама нормаларын дұрыс қолданбау; бұлтартпау шарасын немесе заңда көзделген өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану; қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған адамды немесе оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамды оның өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларда ұстау; күзетпен ұсталмайтын адамды соттың бұл туралы шешімі болмаған кезде сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру; күш қолдану, қатыгез немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас жасау; процеске қатысатын адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда процестік әрекеттер жүргізу; қылмыстық процеске қатысатын адамның ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер қабылдау және әрекеттер жасау; жеке өмір туралы, сондай-ақ адам құпияда сақтауды қажет деп санаған өзге де жеке сипаттағы мәліметтерді ҚПК-де көзделмеген мақсаттар үшін пайдалану және тарату; заңсыз соттау; мәжбүрлеп қолданылатын медициналық сипаттағы шараларды заңсыз қолдану; мәжбүрлеп қолданылатын тәрбиелік ықпал ету шараларын заңсыз қолдану және басқалар.

Қылмыстық процесті жүргізетін органдар әрекеттерінің заңсыздығы сот үкімімен немесе қаулысымен не анықтау, алдын ала тергеу органы немесе прокурор шығарған қаулымен белгіленеді (2-тармақ).

Жоғарыда қарастырылған мәселелерге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының да тікелей қатысы бар. Оның кейбір ережелерін келтірейік.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының осы нормативтік қаулысының 7-тармағына сәйкес, моральдық зиян Азаматтық кодекстің 952-бабының талаптарына сәйкес ақшалай нысанда өтеледі. Бұл ретте өтемақы сомасын сот ақылға қонымдылық пен әділдік өлшемшарттарын негізге ала отырып айқындайды. Моральдық зиянды өтеу мөлшері, егер оны белгілеу кезінде азаматтың жеке мүліктік емес құқықтарының бұзылуына байланысты мән-жайлар ескерілсе, ақылға қонымды және әділ деп есептелуге тиіс. Ақшалай өтемақы мөлшері зиян келтіруші үшін жасалған құқыққа қайшы әрекет пен оның салдары үшін жауаптылық шарасы болып табылады. Бірінші сатыдағы сот өндіріп алған моральдық зиянды өтеу мөлшері, егер ол жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, жоғары тұрған сот сатыларында қайта қаралуы мүмкін.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аталған нормативтік қаулысының 3-тармағында бұзылуы, олардан айыру немесе олардың кемсітілуі жәбірленушіге моральдық зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға анықтама беріледі: бұлар – азаматқа туғаннан тиесілі игіліктер немесе заңмен берілген, оның жеке басымен ажырамас байланыста болатын құқықтар. Адамға туғаннан тиесілі игіліктерге өмірді, денсаулықты, ар-намысты, қадір-қасиетті, бостандықты, жеке басына қол сұғылмаушылықты жатқызу керек, ал заңмен берілген азамат құқықтарына тұрғын үйге немесе меншікке қол сұғылмаушылық құқығы; жеке және отбасылық құпияға, телефон, телеграф хабарламалары мен хат-хабар алмасу құпиясына; есімді пайдалануға; бейнелену құқығына; авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамада көзделген авторлыққа және басқа да жеке мүліктік емес құқықтарға; жүріп-тұру және тұрғылықты жерін таңдау бостандығына; шынайы ақпарат алуға, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да құқықтарға жатқызуға болады.

Осы 3-тармақта моральдық зиян деп азаматтың өзіне тиесілі жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын құқыққа қайшы бұзу, кемсіту немесе олардан айыру нәтижесінде бастан кешіретін жан азабы немесе тән азабы түсініледі. Осыдан келіп, жан азабы (адамның эмоциялық-еріктік күйзелістері) деп оның басынан кешіретін қорлану, тітіркену, жабырқау, ашу, ұялу, үмітсіздік, кемтарлық сезімдері, жайсыздық жағдайы және т.б. сезімдері танылады. Бұл сезімдер, мысалы, жәбірленушінің өзінің немесе оның жақын туыстарының, жұбайының өмірі мен денсаулығына құқыққа қайшы қол сұғудан; бостандығынан немесе еркін жүріп-тұру құқығынан заңсыз айырудан не оны шектеуден; денсаулыққа зиян келтіруден, оның ішінде адамның денесінің ашық бөліктерін зақымдайтын тыртықтар мен тыртық іздерін қалдырудан; отбасылық, жеке немесе дәрігерлік құпияны жария етуден; хат-хабар алмасу, телефон немесе телеграф хабарламалары құпиясын бұзудан; азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратудан; есімге, бейнеге құқықты бұзудан; оның авторлық және сабақтас құқықтарын бұзудан және т.б. туындауы мүмкін. Өз кезегінде, тән азабы деп күш қолдану немесе денсаулыққа зиян келтіру салдарынан азаматтың сезінетін тән ауруы танылады.

Осылайша, Жоғарғы Соттың жоғарыда аталған нормативтік қаулыларында ҚПК, АПК нормалары мен азаматтық заңнама нормаларына тиісті түсіндірмелер беру негізінде қарастырылып отырған тақырыптар бойынша аса маңызды ережелер баяндалған.

3. Осылайша, Азаматтық кодекс анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиян үшін жауаптылықты белгілейді. Азаматтық кодекстің 923-бабының 1-тармағына сәйкес, азаматқа заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды, үйқамақты, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат алуды заңсыз қолдану, әкімшілік қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түріндегі әкімшілік жаза қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру нәтижесінде келтірілген зиян лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан, заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен мемлекет есебінен толық көлемде өтеледі. Бұл объективті түрде орынды, өйткені аталған құқықтық ықпал ету шаралары қылмыстық процесті жүргізетін органдардың айрықша құзыретіне жатады және оларды мемлекет атынан жүзеге асыруға осы органдар уәкілеттік берілген.

4. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2007 жылғы 30 мамырдағы № 21 бұйрығы мен Қаржы министрінің 2007 жылғы 6 маусымдағы № 198 «Соттарда мемлекет мүдделерін білдіру мәселелері бойынша прокуратура органдары мен Қаржы министрлігінің өзара іс-қимылы туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес, Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне Азаматтық кодекстің 923-бабына сәйкес заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа тарту, күзетпен ұстау, үйқамақ, әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ құқық қорғау және сот органдары қызметкерлерінің өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауы салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы соттар шығарған шешімдер бойынша материалдарды лауазымды адамдардың әрекеттерінде, олардың кінәсінен мемлекеттен зиян өндіріп алынған жағдайда, қылмыс құрамының бар-жоғы туралы шешім қабылдау үшін Бас прокуратураға жіберу тапсырылған (2-тармақ). Мәселе мынада: анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының лауазымды адамдары келтірген зиянды өтеген мемлекет (Азаматтық кодекстің 923-бабының 1-тармағы) мұндай адамдардың кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген жағдайларда оларға кері талап қою құқығына ие болады (Азаматтық кодекстің 933-бабының 3-тармағы). Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысы мен Қаржы министрінің жоғарыда аталған бұйрығымен облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне қылмыстық процесті жүргізетін органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері мен шешімдері салдарынан мемлекетке келтірілген және мемлекет өтеген зиянды өтеу туралы регрестік талаптарды сот тәртібімен қою жөніндегі жұмыс жүктелген (3-тармақтың 2) тармақшасы).

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме, авторы – Қоғамов Марат Чекишевич, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заң қызметі қызмет Заң консультациясы Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

4-тарау. АҚТАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮРГІЗЕТІН ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ 37-бап. Күдікті, айыпталушы, сотталушы ретiнде тартылған адамды ақтау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

37-бап. Күдікті, айыпталушы, сотталушы ретiнде тартылған адамды ақтау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот бойынша ақталған адам, сол сияқты ө...

Толық оқу »

861-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның кiнәсiздiгiн тану арқылы ақтау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

861-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның кiнәсiздiгiн тану арқылы ақтау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiмшiлiк құқық бұ...

Толық оқу »

861-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның кінәсіздігін тану жолымен оңалту

861-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның кінәсіздігін тану жолымен оңалту 1. Осы...

Толық оқу »