Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасының мамандандырылған тергеу соттарын құру және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадр мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының мамандандырылған тергеу соттарын құру және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадр мәселелері туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының мамандандырылған тергеу соттарын құру және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадр мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 620 Жарлығы

   Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 2-тармағына, 6-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2, 8-тармақтарына, 34-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:

      1) Ақмола облысы Көкшетау қаласының;

      Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының;

      Алматы облысы Талдықорған қаласының;

      Атырау облысы Атырау қаласының;

      Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының;

      Жамбыл облысы Тараз қаласының;

      Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының;

      Қарағанды облысы Қарағанды қаласының;

      Қостанай облысы Қостанай қаласының;

      Қызылорда облысы Қызылорда қаласының;

      Маңғыстау облысы Ақтау қаласының;

      Павлодар облысы Павлодар қаласының;

      Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының;

      Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соттары;

      2) Астана және Алматы қалаларының мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары құрылсын.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес кейбір соттардың судьялары қызметтеріне тағайындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіH. Назарбаев

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2018 жылғы 10 қаңтардағы№ 620 ЖарлығынаҚОСЫМША

 

      Судья қызметіне:

      Қарағанды облысы бойынша:

 

Жүктеу

Бұқар жырау аудандық сотына

Махабаева Венера Тұрғанбайқызы

осы облыстың Қаражал қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Жезқазған қалалық сотына

Сәкенов Серік Төлегенұлы

осы облыстың Ақтоғай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотына

Мұхамбетқалиева Майра Маратқызы

осы облыстың Қарқаралы аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

 

      Қостанай облысы бойынша:

 

Жүктеу

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына

Туғанбаева Әлия Ғазизқызы

осы облыстың Алтынсарин аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

 

      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

 

Жүктеу

Айыртау ауданының № 2 аудандық сотына

Сейітова Сағдат Сапарқызы

осы облыстың Тайынша аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Петропавл қаласының № 2 сотына

Оразымбетова Рита Жексембіқызы

осы облыстың Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

 

      Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша:

 

Жүктеу

Ордабасы аудандық сотына

Кенжебаева Жанар Қайыпбекқызы

осы облыстың Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып

 

      тағайындалсын. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы