Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 466 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

      1) Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы - "Абыз Әбіш" зерттеуі үшін;

      2) Ақсұңқар Серікке, ақын - "Көкейімде Күлтегіннің жазуы" өлеңдер жинағы үшін;

      3) Есім Ғарифоллаға, жазушы - "Ғұлама-наме" трилогиясы үшін;

      4) Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – "Ұлы Дала әдебиеті" тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;

      5) Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын - "Достояние души" өлеңдер жинағы үшін;

      6) Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург - "Сарра" драматургиялық шығармалар жинағы үшін;

      7) Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы - "Періштелердің өлімі" прозалық шығармалар жинағы үшін берілсін.

      2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы