Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы, резервтiк қоры және оның 1997 жылғы таза табысын пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы, резервтiк қоры және оның 1997 жылғы таза табысын пайдалану туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы, резервтiк қоры және оның 1997 жылғы таза табысын пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 3810

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заңмен белгiленген жарғылық капиталының мөлшерiн қалыптастыру мақсатында және "Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 шiлдеде Z970154_ Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануына байланысты 

қаулы етемiн:      

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң өндiрiстiк-әлеуметтiк дамуының 1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған қоры есебiнен мына төменгi мақсаттарға:      

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталына - 5.229.243.162,42 теңге (бес миллиард екi жүз жиырма тоғыз миллион екi жүз қырық үш мың жүз алпыс екi теңге қырық екi тиын);      

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң резервтiк қорына - 2.013.339.650,81 теңге (екi миллиард он үш миллион үш жүз отыз тоғыз мың алты жүз елу теңге сексен бiр тиын) бөлiнсiн.      

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң пайдасын 1997 жылы пайдалану туралы" 1997 жылғы 28 қаңтардағы N 3340 Жарлығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:      

1) Жарлықтың атауындағы "пайдасын" деген сөз "таза табысын" деген

 

сөздермен ауыстырылсын;

     2) 1-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

     "1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынысымен

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1997 жылғы қызметiнiң

қорытындылары бойынша таза табысы республикалық бюджеттiң табысына

бөлiнсiн."

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы