Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 319-бабына түсініктеме. Жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 319-бабына түсініктеме. Жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 319-бабына түсініктеме. Жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзу

1. Жүктілікті жасанды түрде үзуді тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі жоқ адамның жүргізуі —

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті бірнеше рет жасау —

төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі бар адамның жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзуі —

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып жазаланады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті бірнеше рет жасау —

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып жазаланады.

5. Жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзу абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқса —

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз жазаланады.

ҚР ҚК-нің 319-бабында көзделген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі жүктілікті жасанды түрде үзу кезінде денсаулық сақтау органдары белгілеген қағидалар сақталмаған жағдайда әйелдің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнетіндігінде.

Қарастырылып отырған қылмыстың объектісі медициналық қызмет саласында белгіленген қағидалар мен стандарттардың сақталуына бағытталған қоғамдық қатынастар болып табылады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 73) тармақшасына сәйкес, денсаулық — аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, толық физикалық, рухани (психикалық) және әлеуметтік саулық жағдайы.

Осыған байланысты жүктілікті жасанды түрде үзу кезінде денсаулыққа келтірілген зиян міндетті түрде көзге көрінетін болуы шарт емес, өйткені жүктілікті жасанды түрде үзген кезде әйел өте күшті моральдық-психологиялық жарақат алады. Қосымша объект ретінде әйелдің өмірі мен денсаулығын қорғауға кепілдік беретін қоғамдық қатынастар танылады. Бұл ретте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 81-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жүкті әйел жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде, оның ішінде халықаралық тірі туу және өлі туу критерийлерімен айқындалатын мерзімінен бұрын босану кезінде Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген әдістерді қолдана отырып, денсаулығын қорғауға және медициналық көмек алуға құқылы.

ҚК-нің 319-бабы эмбрионға қол сұғушылық үшін жауаптылықты көздемейді, өйткені бұл норма ұрықтың (эмбрионның) өмірін қорғамайды. С.И. Ожеговтың түсіндірме сөздігіне сәйкес, эмбрион — ана организмінің немесе жұмыртқа жасушасындағы қоректік заттардың есебінен тіршілік ететін, дамудың бастапқы сатысындағы организм. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамның құқықтары мен бостандықтары оған туған кезінен бастап тиесілі болады. Анасының денесінде орналасқан адам эмбрионы құқық қабілеттілігіне ие емес және оның денесінің бір бөлігі болып табылады, ұрыққа келтірілген зиян оның болашақ анасына келтірілген зиян болып есептеледі. Тиісінше, болашақ ана туылмаған балаға қатысты өзінің денесіне қатысты өкілеттігімен бірдей дерлік толық билікке ие. Демек, жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзгені үшін қылмыстық жауаптылыққа ұрыққа емес, жүкті әйелдің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген адам ғана тартылады.

Қылмыстың объективтік жағы жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзуден көрінеді. Басқаша айтқанда, объективтік жағы белгіленген қағидаларды бұза отырып жасалған, жүктілікті жасанды түрде үзуге (ұрықты әйелдің жатырынан шығаруға) бағытталған белсенді әрекеттерден тұрады.

Қарастырылып отырған баптың 1 және 3-бөліктерінің диспозициясы бланкеттік сипатқа ие және жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзу ұғымын түсіндіретін белгілі бір нормативтік құжаттарға сілтеме жасайды. Қазақстанда жүктілікті жасанды түрде үзу тәртібін реттейтін бірнеше нормативтік құқықтық құжат бар. Оның заңдылығы осы құжаттардың негізінде айқындалады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі, ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Жүктілікті жасанды түрде үзу қағидаларын және жүктілікті жасанды түрде үзуге арналған медициналық және әлеуметтік көрсетілімдердің, сондай-ақ қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК сараптамалық кеңесі 2015 жылғы 27 тамызда ұсынған клиникалық хаттамалар.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 150-бабының 1-тармағына сәйкес, әйел жүктілікті жасанды түрде үзуге құқылы. Жоғарыда аталған Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 111) тармақшасына сәйкес, жүктілікті жасанды түрде үзу деп ұрықтың өміршеңдігі мерзіміне дейінгі жүктілікті тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері жүргізетін медикаментоздық немесе хирургиялық әдістерді пайдалана отырып тоқтату түсініледі. Жоғарыда аталған Кодекстің 150-бабының 2-тармағында жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он екі аптасына дейін жүргізілетіні көрсетілген. Әлеуметтік көрсетілімдер бойынша жүктілікті жасанды түрде үзу жүктіліктің жиырма екі аптасына дейін, ал медициналық көрсетілімдер мен жүкті әйелдің және (немесе) ұрықтың өміріне қауіп төндіретін жағдайлар болған кезде (моногендік генетикалық аурулар, түзетуге келмейтін туа біткен даму ақаулары және ұрықтың өмірімен үйлеспейтін жағдайлар болған кезде) жүктілік мерзіміне қарамастан жүргізіледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы «Жүктілікті жасанды түрде үзу қағидаларын және жүктілікті жасанды түрде үзуге арналған медициналық және әлеуметтік көрсетілімдердің, сондай-ақ қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығында жүктілікті жасанды түрде үзуге арналған медициналық және әлеуметтік көрсетілімдердің тізбесі бекітілген. Атап айтқанда, көрсетілген бұйрықтың № 2 қосымшасына сәйкес, медициналық көрсетілімдерге мыналар жатады: инфекциялық және паразиттік аурулар; жаңа түзілімдер: гемобластоздарды қоспағанда, барлық орналасу аймақтарындағы қатерлі жаңа түзілімдердің қазіргі уақытта болуы немесе анамнезде болуы; эндокриндік жүйе аурулары; қан және қан түзетін ағзалар аурулары; психикалық бұзылулар; жүйке жүйесі мен сезім ағзаларының аурулары; қан айналымы жүйесінің аурулары; тыныс алу ағзаларының аурулары; ас қорыту ағзаларының аурулары; несеп-жыныс жүйесінің аурулары; сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тінінің аурулары; ұрыққа қатысты генетикалық көрсетілімдер.

Жүктілікті жасанды түрде үзу медикаментоздық немесе хирургиялық әдістерді пайдалана отырып жүргізіледі: жүкті әйелдің және (немесе) ұрықтың өміріне қауіп төндіретін медициналық көрсетілімдер бойынша (моногендік генетикалық аурулар, түзетуге келмейтін туа біткен даму ақаулары және ұрықтың өмірімен үйлеспейтін жағдайлар болған кезде) жүктілік мерзіміне қарамастан жүргізіледі.

Жүкті әйелде медициналық көрсетілімдер болған кезде бейінді мамандар толық клиникалық диагнозы көрсетілген, тиісті мамандардың қолдарымен және медициналық ұйымның мөрімен расталған қорытынды береді.

Жүктілікті жасанды түрде үзуге арналған әлеуметтік көрсетілімдерге мыналар жатады: ағымдағы жүктілік кезінде жұбайының қайтыс болуы; әйелдің немесе оның жұбайының бас бостандығынан айыру орындарында болуы; әйел мен оның жұбайының белгіленген тәртіппен жұмыссыз деп танылуы; ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы сот шешімінің болуы; зорлау нәтижесінде болған жүктілік; әйелдің босқын немесе мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесінің болуы; отбасында мүгедек баланың болуы; жүктілік кезінде некенің бұзылуы; көпбалалы болу (балалар саны 4 және одан көп); кәмелетке толмаған жас. Әлеуметтік көрсетілімдер бойынша жүктілікті жасанды түрде үзу жүктіліктің 22 аптасына дейін жүргізіледі.

Жүктілікті жасанды түрде үзуге әлеуметтік көрсетілімдер болған кезде мынадай растайтын құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну арқылы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы беріледі: жұбайының қайтыс болғаны туралы куәлік; әйелді немесе оның жұбайын бас бостандығынан айыру туралы сот шешімі; жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама; ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы сот шешімі; зорлау фактісінің бар екендігі туралы сот-медициналық сараптаманың қорытындысы; босқын немесе мәжбүрлі қоныс аударушы куәлігі; мүгедектік туралы анықтама (баланың/балалардың); некені бұзу туралы куәлік; көпбалалы аналарға (4 және одан көп баласы бар) — барлық балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері; кәмелетке толмағандарға — туу туралы куәлік.

Жүктілікті жасанды түрде үзуге арналған медициналық және әлеуметтік көрсетілімдерді айқындау кезінде әйел мынадай құрамдағы дәрігерлік-консультациялық комиссияға жіберіледі: денсаулық сақтау ұйымының (бөлімшенің) басшысы, акушер-гинеколог дәрігер, жүкті әйелдің және (немесе) ұрықтың ауруы (жағдайы) қай маманның құзыретіне жататын болса, сол маман дәрігер. Комиссияда жүктілікті үзуге арналған көрсетілімдер қаралып, расталады.

«Жүктілікті жасанды түрде үзу қағидаларын және жүктілікті жасанды түрде үзуге арналған медициналық және әлеуметтік көрсетілімдердің, сондай-ақ қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрықтың 2-қосымшасында жүктілікті жасанды түрде үзуге қарсы көрсетілімдер көрсетілген: жыныс мүшелерінің қабыну процестері; орналасқан жеріне қарамастан іріңді ошақтардың болуы; жіті инфекциялық аурулар; жүктіліктің кеш мерзімі.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған бұйрықта жүктіліктің әдісі мен мерзіміне байланысты жүктілікті жасанды түрде үзуге болатын медициналық ұйымдар көрсетілген.

ҚК-нің 319-бабының 1-бөлігінің диспозициясына сәйкес, жүктілікті жасанды түрде үзудің заңсыз деп танылуының негіздерінің бірі — жүктілікті жасанды түрде үзуді тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі жоқ, арнайы медициналық білімі жоқ адамның жүргізуі.

ҚК-нің 319-бабының 3-бөлігінде қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа субъектісі — тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі бар адам үшін жауаптылық көзделген. Демек, қарастырылып отырған баптың 3-бөлігі бойынша жүктілікті жасанды түрде үзу мынадай жағдайларда жасалған болса, заңсыз деп танылады: стационарлық емдеу мекемесінен тыс жерде; медициналық қарсы көрсетілімдер болған кезде; медициналық көрсетілімдер болмаған жағдайда жүктіліктің 12 аптасынан асқан мерзімде немесе әлеуметтік көрсетілімдер болған жағдайда жүктіліктің 22 аптасынан асқан мерзімде; не жүкті әйелдің келісімінсіз, ал жүкті әйел кәмелетке толмаған жағдайда оның заңды өкілдерінің келісімінсіз жүргізілсе.

ҚК-нің 319-бабының 1 және 3-бөліктерінің диспозициясына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальды болып табылады, өйткені әрекет жүкті әйелге зиян келтірілген-келтірілмегеніне қарамастан, жүктілікті жасанды түрде үзу жүргізілген сәттен бастап аяқталған болып есептеледі. Яғни әрекет ұрықтың іс жүзінде шығарылған жағдайында ғана емес, сонымен қатар ұрықты шығару жөніндегі әрекеттер басталған кезден бастап, жүктілікті жасанды түрде үзу тәсіліне және ұрықтың шыққан-шықпағанына қарамастан аяқталған болып есептеледі. Қылмыстың субъективтік жағы (ҚК-нің 319-бабының 1 және 3-бөліктері) тікелей қасақаналықпен сипатталады, өйткені кінәлі адам әйелдің жүкті екенін және жүктілікті үзгісі келетінін түсінеді, сонымен бірге өзінің әрекеттері арқылы оның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екенін болжайды.

Жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзудің себептері әртүрлі болуы мүмкін, алайда көп жағдайда оның себебі пайдакүнемдік болып табылады. Яғни жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзу көбінесе сыйақы алу, пайда табу мақсатында жасалады. Бұл құқық бұзушылықтың мақсаты — жүктілікті тоқтату.

ҚК-нің 319-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстың субъектісі — он алты жасқа толған, тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі жоқ (акушер-гинеколог емес), есі дұрыс жеке тұлға.

Осы қылмыстың субъектісі ретінде мынадай санаттағы адамдар болуы мүмкін:

  • ешқандай медициналық даярлығы жоқ, есі дұрыс жеке тұлға;
  • жоғары медициналық білімі жоқ адамдар (акушерлер, медициналық мейіргерлер, фельдшерлер, интерндер);
  • жоғары медициналық білімі бар, бірақ тиісті бейіндегі мамандығы жоқ адамдар (мысалы, хирургиялық, терапиялық, педиатриялық бейіндегі мамандар).

Қарастырылып отырған баптың 3-бөлігінде көзделген қылмыстың субъектісі — тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі бар адам, яғни акушер-гинеколог дәрігер. Акушер-гинеколог — негізгі мамандануы жүктілік пен босану кезіндегі мәселелер болып табылатын дәрігер. Дәл осы акушер жүктіліктің бүкіл кезеңінде әйелдің денсаулығын бақылайды және босану кезінде, сондай-ақ босанғаннан кейінгі кезеңде практикалық медициналық көмек көрсетеді.

ҚК-нің 319-бабының 2 және 4-бөліктерінде саралаушы белгі ретінде бірнеше рет жасау көзделген. ҚК-нің 12-бабына сәйкес, бірнеше рет жасау деп Ерекше бөлімнің бір бабында немесе бабының бір бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп іс-әрекетті жасау танылады.

ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» нормативтік қаулысына сәйкес, бірнеше рет жасау бір адамның ҚК Ерекше бөлімінің бір бабында немесе баптың бір бөлігінде көзделген бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты жасауын білдіреді.

Бұл ретте бұрын жасалған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін адам сотталған немесе заңды негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыстық құқық бұзушылық бірнеше рет жасалған болып есептелмейді. Осылайша, бұрын жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзгені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе заңды негіздер бойынша одан босатылған адамның әрекеттерінде бірнеше рет жасау белгісі болмайды.

Жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзу абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жағдайда қылмыстық жауаптылық ҚК-нің 319-бабының 5-бөлігінде көзделген.

Талданып отырған қылмыс құрамының объективтік жағы жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзудің абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соғуынан тұрады. Бұл ретте тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімнің болуы немесе болмауы осы жағдайда саралауға әсер етпейді.

Қарастырылып отырған қылмыстың құрамы құрылымы бойынша материалдық болып табылады, тиісінше адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін көрсетілген зардаптардың туындауы қажет. Бұл ретте жәбірленушінің өлімі немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірілуі жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзумен себептік байланыста болуы тиіс. Сонымен қатар жағымсыз зардаптар жүкті әйел организмінің жеке ерекшеліктеріне байланысты да туындауы мүмкін (қандай да бір аурудың болуы ықтимал). Мұндай жағдайда жағымсыз зардаптардың кінәлінің құқыққа қайшы әрекеттері нәтижесінде емес, жүкті әйелде бұрыннан болған аурулардың салдарынан туындаған-туындамағанын анықтау қажет (мысалы, жүкті әйел жүктілікті жасанды түрде үзу кезінде жүрек талмасынан қайтыс болған). Себептік байланыс болмаған жағдайда кінәлінің әрекеттері қарастырылып отырған баптың 5-бөлігі бойынша сараланбайды.

Қарастырылып отырған қылмыстың субъективтік жағы жүктілікті жасанды түрде үзу фактісіне қатысты тікелей қасақаналықпен, ал жәбірленушінің өлімі немесе денсаулығына ауыр зиян келтіру түріндегі зардаптарға қатысты абайсыздықпен сипатталады.

Кінәлі адамның әрекеттерін ҚК-нің 319-бабы бойынша дұрыс саралау үшін жәбірленушінің келісім беру фактісін анықтау қажет. Бұл ретте келісімнің шынайы, ерікті және уақтылы берілуі тиіс екенін ескеру қажет. Келісімнің болуы қажеттілігі жоғарыда аталған Бұйрықтың 2-тармағынан туындайды, оған сәйкес жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдің қалауы бойынша жүргізіледі. Адам жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзгені үшін (ҚК-нің 319-бабы) жәбірленушінің жүктілікті үзуге келісімі болған жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Жүктілікті жасанды түрде заңсыз үзу жүкті әйелдің ұрықты сақтап қалуға деген еркіне қарсы және феталдық өнімдерді одан әрі пайдалану мақсатынсыз жүргізілген жағдайларда кінәлі адамның әрекеттері ҚК-нің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша саралануға тиіс.

ҚК-нің 319-бабының 1 және 3-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер онша ауыр емес қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 319-бабының 2 және 4-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 319-бабының 5-бөлігінде көзделген іс-әрекет ауыр қылмыстарға жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заң қызметі Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік [істер мен даулар] Адвокаттық қорғау Арбитраждық Қазақстандағы заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

319-бап. Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

319-бап. Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі жоқ адамның жүктілікті жасанды...

Толық оқу »

42-бап. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, бала (балалар) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыс Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

42-бап. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, бала (балалар) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы...

Толық оқу »

77-бап. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

77-бап. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналғ...

Толық оқу »

99-бап. Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

99-бап. Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жүкті әйелдерг...

Толық оқу »

126-1-бап. Жүктілігінің мерзімі он екі аптаға дейінгі әйелдерге арналған кепілдіктер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

126-1-бап. Жүктілігінің мерзімі он екі аптаға дейінгі әйелдерге арналған кепілдіктер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Жүкті әйелдердің қарап-тексеру және он екі ап...

Толық оқу »

78-бап. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

78-бап. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

77-бап. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алу құқығы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

77-бап. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алу құқығы Қазақстан Республика...

Толық оқу »

72-бап. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

72-бап. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала туғанда берілетін жәрдема...

Толық оқу »

150-бап. Жүктілікті жасанды үзу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

150-бап. Жүктілікті жасанды үзу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Әйелдің жүктілікті жасанды үзуге құқығы бар. 2. Әйелд...

Толық оқу »