Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 167-бабына түсініктеме. Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайдалану

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 167-бабына түсініктеме. Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайдалану

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 167-бабына түсініктеме. Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайдалану

Соғыс қимылдары кезінде халықаралық шарттарға қайшы түрде Қызыл Крест, Қызыл Жарты Ай, Қызыл Кристалл эмблемаларын немесе мәдени құндылықтарды қорғау белгілерін, не халықаралық құқықпен қорғалатын өзге де белгілерді қасақана пайдалану, сондай-ақ қарсыластың, бейтарап мемлекеттің мемлекеттік туын немесе мемлекеттік айырым белгілерін, халықаралық ұйымның туын немесе белгісін пайдалану —

бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Азаматтық медициналық персонал, медициналық мекемелер, санитариялық-көлік құралдары және медициналық мүлік қарулы қақтығыс кезінде қорғаныш белгісі ретінде пайдаланылатын Қызыл Жарты Ай эмблемасымен белгіленеді. 1949 жылғы 12 тамыздағы Женева конвенцияларына қатысты, халықаралық қарулы қақтығыстар құрбандарын қорғау туралы 1977 жылғы 8 маусымдағы I Қосымша хаттаманың 38, 39-баптарында қамтылған халықаралық-құқықтық нормаларда танылған эмблемалар, ұлттық эмблемалар, сондай-ақ оларды пайдалануға тыйым салынатын жағдайлар кең мағынада айқындалған. Олардың қатарына мыналар жатады:

Қызыл Крест, Қызыл Жарты Ай немесе Қызыл Арыстан мен Күннің айырым эмблемасы немесе Конвенциялар мен I Қосымша хаттамада көзделген өзге де эмблемалар, белгілер немесе сигналдар;

халықаралық деңгейде танылған қорғаныш эмблемалары, белгілері немесе сигналдары, оның ішінде бітім туы және мәдени құндылықтардың қорғаныш эмблемасы;

Біріккен Ұлттар Ұйымының айырым эмблемасы;

бейтарап мемлекеттердің немесе қақтығысушы тараптар болып табылмайтын басқа мемлекеттердің тулары, әскери эмблемалары, әскери айырым белгілері немесе әскери киім нысандары;

қарсылас тараптардың тулары, әскери эмблемалары, әскери айырым белгілері немесе әскери киім нысандары.

Конвенция соғыс уақытында медициналық персоналдың «бейтараптығына» кепілдік берді, бұдан бөлек, онда алғаш рет жараланғандарға көмек көрсету жөніндегі ұлттық қоғамдарды қаржыландыру және олардың жұмыс істеу тетіктері белгіленді. Медициналық персоналдың қол сұғылмаушылығына кепілдік беретін бірыңғай айырым белгісі бекітілді. Бұл — ақ фонда орналасқан Қызыл Крест эмблемасы. Эмблема Швейцария мемлекеттік туының (қызыл фонда орналасқан ақ кресттің) кері аударылған бейнесін білдіреді. Бұл — Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысының қалыптасуының бастауында тұрған азаматтары болған Швейцария еліне құрмет көрсету белгісі.

Қарулы қақтығыс кезінде белгілі бір жағдайларда мәдени құндылықтардың айырым белгісін немесе Конвенцияның айырым белгісіне ұқсас белгісін пайдалануға тыйым салатын осындай норма 1954 жылғы 14 мамырдағы Қарулы қақтығыс жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау туралы халықаралық конвенцияның 17-бабының 3-бөлігінде де қамтылған.

Халықаралық Қызыл Крест комитеті — штаб-пәтері Швейцарияда орналасқан, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысының құрамдас бөлігі болып табылатын, бүкіл әлемде жұмыс істейтін және халықаралық құқықтық мәртебесі бар гуманитарлық ұйым. Бұл — қарулы қақтығыстар кезінде және зорлық-зомбылықтың басқа да жағдайларында қызмет атқаратын бейтарап, алаламайтын және тәуелсіз ұйым. 1949 жылғы Женева конвенциясы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің құқықтық мәртебесін бекітті, сондықтан Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай белгілері бүкіл әлемде қорғалады. Осы Конвенцияға қосылған мемлекеттерде Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай ұлттық қоғамдары құрылған.

Халықаралық нормаларға сәйкес Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай эмблемалары мен белгілерін Халықаралық Қызыл Крест комитетіне жататын қоғамдардың персоналын, көлік құралдарын, сондай-ақ мекемелерін белгілеу үшін ғана пайдалануға болады.

Женева конвенцияларына қатысушы әрбір мемлекет Қызыл Крест эмблемасын пайдаланудағы теріс пайдаланушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған шаралар қабылдауға міндетті.

Бұған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 33-12 қаулысымен қабылданған «Қызыл Крест, Қызыл Жарты Ай, Қызыл Кристалл эмблемаларын және «Қызыл Крест», «Қызыл Жарты Ай», «Қызыл Кристалл» атауларын, медициналық құрамалар мен санитариялық-көлік құралдарын тануға арналған айырым сигналдарын пайдалану және қорғау туралы» модельдік заң да дәлел болады.

Қарастырылып отырған әрекеттің қоғамдық қауіптілігі соғыс қимылдары кезінде жасалатын опасыздықтан, қарулы қақтығыстарды құқықтық реттеу қағидаттарының сақталмауынан, атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының, бейтарап мемлекеттердің немесе қақтығысушы тараптар болып табылмайтын басқа мемлекеттердің белгілерін, эмблемаларын немесе әскери киім нысандарын пайдалану арқылы қорғаныш мәртебесіне ие екендігі туралы жалған түсінік қалыптастырудан көрінеді.

Қылмыстың объектісі болып соғыс қимылдары кезінде Қызыл Крест, Қызыл Жарты Ай, Қызыл Кристалл эмблемаларын немесе мәдени құндылықтарды қорғау белгілерін, не халықаралық құқықпен қорғалатын өзге де белгілерді, сондай-ақ қарсыластың, бейтарап мемлекеттің мемлекеттік туын немесе мемлекеттік айырым белгілерін, халықаралық ұйымның туын немесе белгісін теріс пайдаланудың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған қоғамдық қатынастар табылады.

Қылмыстың заты 1949 жылғы 12 тамыздағы Женева конвенцияларына қатысты, халықаралық қарулы қақтығыстар құрбандарын қорғау туралы 1977 жылғы 8 маусымдағы I Қосымша хаттаманың 38, 39-баптарында, 1954 жылғы 14 мамырдағы Қарулы қақтығыс жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау туралы халықаралық конвенцияның 17-бабында және өзге де халықаралық нормативтік актілерде айқындалған.

Халықаралық құқықпен қорғалатын белгілердің тізбесі бланкеттік сипатқа ие, өйткені онда Қызыл Крест, Қызыл Жарты Ай эмблемалары мен мәдени құндылықтарды қорғау белгілері көрсетілуімен қатар, халықаралық құқықпен қорғалатын өзге де белгілерге сілтеме жасалады. Бұл тізбе түпкілікті болып табылмайды, сондықтан қарулы қақтығыс кезінде халықаралық құқыққа қайшы түрде пайдалануға тыйым салынатын осындай белгілердің өзге түрлерін көздейтін халықаралық шарт жасалған жағдайда, қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізбей-ақ оның аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Объективтік жағынан алғанда, бұл қылмыс соғыс қимылдары кезінде халықаралық шарттарға қайшы түрде Қызыл Крест, Қызыл Жарты Ай, Қызыл Кристалл эмблемаларын немесе мәдени құндылықтарды қорғау белгілерін, не халықаралық құқықпен қорғалатын өзге де белгілерді қасақана пайдаланудан, сондай-ақ қарсыластың, бейтарап мемлекеттің мемлекеттік туын немесе мемлекеттік айырым белгілерін, халықаралық ұйымның туын немесе белгісін пайдаланудан көрінеді.

Мұндай әрекеттер, мысалы, осы белгілерді әскери жауынгерлік бөлімшелердің бүркемелену мақсатында пайдалануы өзінің мазмұны бойынша опасыздық болып табылады. I Қосымша хаттаманың 37-бабының 1-тармағына сәйкес, «опасыздық деп қарсыластың сенімін тудыруға және оны халықаралық қарулы қақтығыстар кезеңінде қолданылатын халықаралық құқық нормаларына сәйкес өзінің қорғануға құқығы бар немесе қорғаныс беруге міндетті екендігіне сендіруге бағытталған, осындай сенімді алдау мақсатында жасалатын әрекеттер танылады».

Пайдалану — белгілі бір мақсаттарда бір нәрсені немесе біреуді қолдану. Заңсыздық эмблемалар мен айырым белгілерін (туларды, жеңге тағылатын таңғыштарды және т.б.) құқыққа қайшы пайдаланудың кез келген нысанын білдіреді. Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай атауларын заңсыз пайдалану санитариялық мекемелер болып табылмайтын объектілерде (шатырларда, көлік құралдарында және т.б.) Қызыл Крест немесе Қызыл Жарты Ай белгілерінің туын көтеру немесе оларды өзге де түрде пайдаланудан көрінуі мүмкін.

Қызыл Крест немесе Қызыл Жарты Айдың айырым эмблемаларын иеленген, бірақ сол эмблемалардың бүркемелеуімен ұрыс қимылдарына қатысатын персонал халықаралық гуманитарлық құқық тарапынан берілетін қорғаудан айырылады.

Талданып отырған қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі — соғыс қимылдары уақыты.

Қызыл Жарты Ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен айырым белгілерін, сондай-ақ Қызыл Крест, Қызыл Жарты Ай, Қызыл Кристалл атауларын бейбіт уақытта заңсыз пайдалану ҚР ҚК-нің 397-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Объективтік жағының құрылымы бойынша қылмыс құрамы формальдық болып табылады. Қылмыс адамдардың Қызыл Крест, Қызыл Жарты Ай, Қызыл Кристалл эмблемаларын немесе мәдени құндылықтарды қорғау белгілерін, не халықаралық құқықпен қорғалатын өзге де белгілерді, сондай-ақ қарсыластың, бейтарап мемлекеттің мемлекеттік туын немесе мемлекеттік айырым белгілерін, халықаралық ұйымның туын немесе белгісін заңсыз пайдаланған кезінен бастап аяқталған болып есептеледі.

Субъективтік жағынан бұл қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалуы мүмкін. Кінәлі адам халықаралық құқықпен қорғалатын эмблемаларды, қорғаныш белгілерін және өзге де белгілерді, мемлекеттік туларды, мемлекеттік айырым белгілерін, халықаралық ұйымның туларын немесе белгілерін олардың мақсатына қайшы түрде пайдаланып отырғанын сезінеді және мұны жасауды қалайды.

Қылмысты саралау үшін себептер мен мақсаттың маңызы жоқ, алайда оларды сот жаза тағайындау кезінде ескереді.

Қылмыстың субъектісі — 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға.

ҚР ҚК-нің 167-бабында көзделген әрекет ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады.

**Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері Исидор Шамилович Борчашвили авторлығымен.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заң қызметі Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік істер Қазақстандық заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

167-бап. Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайдалану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

167-бап. Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Соғыс қимылдары уақытында халықаралық шарттарға қарам...

Толық оқу »

332-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану

332-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану Қызыл Жарты Ай мен Қызыл...

Толық оқу »

675-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

675-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) Әкімшілік құқық бұзушылық...

Толық оқу »

601-бап. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

601-бап. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1....

Толық оқу »

397-бап. Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

397-бап. Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест...

Толық оқу »

Пара түрінде адамға берілген ақша жалған немесе ішінара имитацияланған ақша белгілері болған кезде, пара алушының әрекеті параның шартты сомасын алуға әрекет ретінде анықталуы керек

Пара түрінде адамға берілген ақша жалған немесе ішінара имитацияланған ақша белгілері болған кезде, пара алушының әрекеті параның шартты сомасын алуға әрекет ретінде анықталуы...

Толық оқу »

5-бап. Бір адам дәрежелері бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте наградталмайды.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

 5-бап. Бір адам дәрежелері бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте наградталмайды.Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы

2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) бел...

Толық оқу »

Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы шартқа Қазақстан Республикасының қосылуы туралы Заңы

Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы шартқа Қазақстан Республикасының қосылуы туралыЗаңыҚазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 4 ақпан N 292-ІІ.      Женевада 1994 жылғы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы. Жол белгілерімен немесе жүріс бөлігінің жол таңбасымен белгіленген талаптарды сақтамау туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы. Жол белгілерімен немесе жүріс бөлігінің жол таңбасымен белгіленген талаптарды сақтамау туралы т...

Толық оқу »

"Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы

"Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгіз...

Толық оқу »

675-бапқа түсініктеме. Әскери нысандағы айырым белгілері және (немесе) символикасы бар киімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің нысанды киімін және арнайы киім-кешегін заңсыз кию (пайдалану)

675-бапқа түсініктеме. Әскери нысандағы айырым белгілері және (немесе) символикасы бар киімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің...

Толық оқу »

Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру әрекеттері топ құру тәртіпсіздікке қатысушылар арасында міндеттерді бөлу белгілерімен сипатталады және бұл әрекеттер тікелей ниетпен жүзег...

Толық оқу »

Кінәлінің жан күйзелісінің кенеттен және жәбірленушінің моральға жат әрекетімен тікелей байланысты пайда болуы жан күйзелісі жағдайында адам өлтірудің саралау белгілері болып табылады.

Кінәлінің жан күйзелісінің кенеттен және жәбірленушінің моральға жат әрекетімен тікелей байланысты пайда болуы жан күйзелісі жағдайында адам өлтірудің саралау белгілері болып...

Толық оқу »

Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының қылмыс жасауының белгілері бойынша аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу және сақтау

Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының қылмыс жасауының белгілері бойынша аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу және сақтауАтырау облыс...

Толық оқу »

14-1-бап. Тауар белгілерін және осы белгілермен белгіленген тауарларды жарнамалау ерекшеліктері  Жарнама туралы Заңы

14-1-бап. Тауар белгілерін және осы белгілермен белгіленген тауарларды жарнамалау ерекшеліктеріЖарнама туралы Заңы       1. Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгілері түп...

Толық оқу »