Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 159-бабы. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу туралы түсіндірме

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 159-бабы. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу туралы түсіндірме

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 159-бабы. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу туралы түсіндірме

Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу — сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

Түсіндіріліп отырған қылмыстық теріс қылықтың қоғамдық қауіптілігі ақпараттық жүйелерде электрондық түрде сақталатын ақпаратқа қол жеткізуге байланысты азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуында болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Ақпараттық ресурстар электрондық түрде сақталатын ақпарат көзі болып табылады.

Қылмыстық теріс қылықтың объектісі ақпарат көзі ретінде ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын іске асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Заты — ақпараттық жүйелерде электрондық түрде қамтылған ақпарат, оның ішінде адамның дербес деректері.

Объективтік жағы ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу арқылы көрініс табады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 3-бабының 2-тармағына сәйкес ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:

заңдылық;

жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының теңдігі;

мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету (ашықтық презумпциясы) және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қол жеткізу шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, оларды міндетті түрде ұсыну;

Қазақстан Республикасының заңдарында жария түрде тарату немесе мемлекеттік органдардың ұсынуы міндетті деп белгіленген электрондық ақпараттық ресурстарды уақтылы ұсыну, олардың объективтілігі, толықтығы және анықтығы;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қол жеткізу шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды іздеу, қалыптастыру және беру еркіндігі;

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану кезінде жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту және адал бәсекелестік үшін жағдайлар жасау;

«электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерін орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру жөніндегі қызметті ақпараттандыру объектілерінің сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ететін бірыңғай стандарттар негізінде жүзеге асыру.

«Ақпараттандыру туралы» Заңның 1-бабының 57) тармақшасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар деп электрондық жеткізгіште және ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық-цифрлық нысандағы ақпарат түсініледі.

Электрондық ақпараттық ресурстарға деректердің едәуір көлемі мен құрылымдылығы, сондай-ақ олардың белгілі бір функционалдық мақсаты тән.

«Ақпараттандыру туралы» Заңның 37-бабына сәйкес меншік құқығының өлшемшарттары бойынша ақпараттық жүйелер мемлекеттік және мемлекеттік емес болып, ал қол жеткізу дәрежесі бойынша жалпыға қолжетімді және қол жеткізуі шектелген болып бөлінеді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерге бюджет қаражаты есебінен құрылатын немесе дамытылатын, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдермен алған ақпараттық жүйелер жатады.

Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын немесе дамытылатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттік емес болып табылады.

Жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер деп электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер танылады (көрсетілген Заңның 37-бабының 4-тармағы).

Қол жеткізуі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қол жеткізуі шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады (көрсетілген Заңның 37-бабының 5-тармағы).

Заңның 37-бабының 5-тармағына сәйкес қол жеткізуі шектелген ақпараттық жүйелер мыналарға бөлінеді: 1) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалған түрде орындалған, қорғалуы мемлекеттік шифрлау құралдарын және (немесе) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың өзге де құралдарын қолдану арқылы, құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылатын ақпараттық жүйелер; 2) құпия ақпараттық жүйелер.

Ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде электрондық түрде сақталатын ақпарат интернет-ресурстарға жатады.

Ақпараттық жүйе аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдану арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйені білдіреді.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 1-бабының 2) тармақшасына сәйкес дербес деректер деп электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген, белгілі бір субъектіге қатысты, оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер түсініледі.

Қарастырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылық құрамы тұрғысынан сөз электрондық жеткізгіште тіркелген, белгілі бір субъектіге қатысты мәліметтерді қамтитын дербес деректер туралы болып отыр.

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның 24-бабына сәйкес дербес деректер өзіне қатысты болатын жеке тұлға дербес деректердің меншік иесіне және (немесе) операторына өзінің дербес деректерін жалпыға қолжетімді дереккөздерде таратуға келісім беруге немесе одан бас тартуға құқылы.

Дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі болып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес деректерді қамтитын базаға иелік ету, пайдалану және оған билік ету құқықтарын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға табылады.

Дербес деректерді қамтитын базаның операторларына дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға жатады.

Электрондық ақпараттық ресурстарға, яғни ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпараттық дерекқорларға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу қарастырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағын құрайды.

Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік құпияларға жатқызу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Электрондық ақпараттық ресурстарды құпия ақпаратқа жатқызу аталған Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Осы Заңға сәйкес мыналарды қамтитын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді шектеуге болмайды:

  1. нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда;
  2. төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, азаматтардың, елді мекендер мен өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ауа райы, санитариялық-эпидемиологиялық және өзге де жағдайлар туралы мәліметтерді;
  3. мемлекеттік органдардың қызметі туралы ресми мәліметтерді;
  4. мемлекеттік органдардың, кітапханалардың, архивтердің және өзге де ұйымдардың ашық ақпараттық жүйелерінде жинақталатын мәліметтерді.

Демек, электрондық ақпараттық ресурстардың көрсетілген төрт түріне қол жеткізуді шектеу заңсыз болып табылады.

Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің меншік иесі немесе иеленушісі не ол уәкілеттік берген тұлға оны өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін жүргізу үшін Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығына мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне оның орналасқан жері бойынша қол жеткізуді қамтамасыз етеді (Заңның 38-бабының 4-тармағы).

Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді олардың меншік иесі белгілеген қағидаларды бұза отырып шектеу де талданып отырған әрекеттің объективтік жағын құрайды.

Құрылымы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық формальдық құрамға жатады, яғни ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу сәтінен бастап аяқталған болып танылады.

Субъективтік жағы тек тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, заңда көрсетілген салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала біледі және олардың туындауын қалайды.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі — он алты жасқа толған адам. Ол электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін, яғни оларды пайдалану құқығын іске асыратын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау және оны ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктерге ие адам болуы мүмкін. «Ақпараттандыру туралы» Заңға сәйкес оларға электрондық ақпараттық ресурстардың иеленушісі, меншік иесі, ақпараттандыру саласындағы оператор, орталық және жергілікті атқарушы органдар жатады.

Ақпараттандыру саласындағы оператор деп Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу, «электрондық үкімет» инфрақұрылымының жобалық интеграторы функцияларын жүзеге асыру міндеттері жүктелген заңды тұлға түсініледі.

Ақпараттандыру саласындағы оператор жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуі үшін техникалық жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді (көрсетілген Заңның 9-бабының 5) тармақшасы).

Ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі — ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі заңда немесе келісімде белгіленген шектер мен тәртіпте ақпараттандыру объектілеріне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын берген субъект (көрсетілген Заңның 1-бабының 5) тармақшасы).

«Ақпараттандыру туралы» Заңның 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін ұйымдастыру ақпараттандыру саласындағы орталық атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін ұйымдастыру, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайлар бөлу арқылы қамтамасыз ету облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) ақпараттандыру саласындағы жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады (көрсетілген Заңның 10-бабының 11) тармақшасы).

ҚК-нің 159-бабында көзделген әрекет қылмыстық теріс қылықтарға жатады.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсіндірме. Авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заңы Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Послание

 

159-бап. Ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын заңсыз шектеу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

159-бап. Ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын заңсыз шектеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын заңсыз шектеу –...

Толық оқу »

456-1-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ақпаратына қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу

456-1-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ақпаратына қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу 1. Осы Кодекстің басқа баптарында...

Толық оқу »

456-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

 456-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жауаптылығы осы Кодекстің басқа баптарында к...

Толық оқу »

35-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік Киберқауіпсіздік туралы Заңы

35-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділікКиберқауіпсіздік туралы Заңы -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 9 қаңтардағы № 256-VIII ҚРЗ      1. Қол...

Толық оқу »

"Интерфакс" ақпарат агенттігімен өзара іс-қимылдың негізгі принциптері туралы келісімді бекіту туралыҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 17 тамыз N 190Қаза...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы арасындағы Алматы қаласында Орталықтың орналасу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпар...

Толық оқу »

15-2-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы сақтандыру шартын жасасу, бұзу және (немесе) мерзімінен бұрын тоқтату және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандыру ұйымына және  интернет-ресурстарға қойылатын талаптар Сақтандыру қызметі туралы Заңы

15-2-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы сақтандыру шартын жасасу,бұзу және (немесе) мерзімінен бұрын тоқтату және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтан...

Толық оқу »