Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабына түсініктеме. Абайсызда қазаға ұшырату

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабына түсініктеме. Абайсызда қазаға ұшырату

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабына түсініктеме. Абайсызда қазаға ұшырату

1. Абайсызда қазаға ұшырату —

үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Екі немесе одан да көп адамды абайсызда қазаға ұшырату —

бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Абайсызда қазаға ұшыратудың қоғамдық қауіптілігі кінәлі адамның өрескел тәртіпсіздігінен, тұрмыстағы қалыпты қағидаларды бұзуынан, ұқыпсыздығынан, сақтық танытпауынан көрінеді.

Қылмыстық кодекс абайсызда қазаға ұшыратуды адам өлтіру деп есептемейді. ҚК-нің 104-бабында неғұрлым кең ұғымның қолданылуы кінәлі адамның кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында қандай да бір қауіпсіздік қағидаларын бұзу нәтижесінде жәбірленушіні абайсызда өмірінен айырған жағдайларда (егер Кодексте арнайы норма болмаса) осы норманы еркін қолдануға мүмкіндік береді.

Осы қылмыстың объектісі — адамның өмірі.

Қылмыстың объективтік жағы белгілі бір сақтық қағидаларын бұзатын және соның нәтижесінде басқа адамның өліміне әкеп соғатын әрекет немесе әрекетсіздіктен көрінеді. Бұл ретте жәбірленушінің өлімі түріндегі іс-әрекет салдары кінәлі адамның іс-әрекетімен себептік байланыста болуға тиіс.

Егер итеріп жіберу және жәбірленушінің қандай да бір затқа (тасқа, жол жиегіне және т.б.) соғылуы салдарынан құлау нәтижесінде оның өлімі орын алса, кінәлі адамда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге және оны өмірінен айыруға қасақаналық болмаған жағдайда, ол абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін жауаптылықта болады.

Жасалған әрекетті ҚК-нің 104-бабы бойынша саралау және абайсызда қазаға ұшыратуды өзге қылмыстардан ажырату үшін жәбірленушінің өлімі өмірінен айыруға объективті түрде бағытталмаған абайсызда жасалған әрекеттердің нәтижесінде орын алғанын анықтау маңызды. Сот практикасы абайсызда қазаға ұшыратудың белгілеріне төбелес кезінде жұдырықпен басқа соққы жасауды, қаруды қолдану қағидаларын өрескел бұзуды және т.б. жатқызады.

Қылмыс құрамы құрылымы бойынша материалдық болып табылады. Қылмыс жәбірленушінің өлімі орын алған сәттен бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстың субъективтік жағы абайсыздық нысанындағы кінәні: менмендік пен немқұрайлылықты көздейді. Менмендікпен қазаға ұшырату адамның өзінің әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде қоғамдық қауіпті салдардың (өлімнің) туындау мүмкіндігін алдын ала болжағанын, бірақ оған жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен осы салдардың алдын алуға болады деп есептегенін білдіреді.

ҚР Жоғарғы Сотының «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы» нормативтік қаулысының 27-тармағында басқа адамды құқыққа қайшы қасақана өлтіруді абайсызда қазаға ұшыратудан ажырату қажеттігі айтылған. Абайсызда қазаға ұшырату ҚК-нің 99-бабы бойынша сараланбайды, өйткені ол қылмыстық менмендік (адам әрекетті жасай отырып, жәбірленушінің өлімі туындауы мүмкін екенін алдын ала болжайды, бірақ оған негіздер болмаса да, жеңілтектікпен оның алдын алуға болады деп есептейді) немесе қылмыстық немқұрайлылық (кінәлі адам істің мән-жайлары бойынша өз әрекеттерінен жәбірленушінің өлімі туындауы мүмкін екенін алдын ала болжамайды, алайда оны болжауға тиіс әрі мүмкін болған) нәтижесінде жасалады.

Бұл ретте қылмыстық менмендік нәтижесінде қазаға ұшырату мен жанама қасақаналықпен жасалған басқа адамды құқыққа қайшы қасақана өлтірудің субъективтік жағы бойынша бір-бірінен ерекшеленетінін ескеру қажет. Қылмыстық менмендік кезінде кінәлі адам өлімнің туындау мүмкіндігін ғана алдын ала болжайды және жеңілтектікпен оның алдын алуға болады деп есептейді, ал жанама қасақаналық кезінде ол өлімнің туындау мүмкіндігін ғана емес, оның ықтималдығын да алдын ала болжайды, алайда оны қаламаса да, оның туындауына саналы түрде жол береді не өз әрекеттерінің осындай салдарына немқұрайлы қарайды және бұл ретте жәбірленушінің өлімінің алдын алу үшін ешқандай шара қолданбайды.

Абайсызда қазаға ұшырату ҚК-нің 104-бабы бойынша саралануға жатады. Егер абайсызда қазаға ұшырату тиісті бапта қылмыстық құқық бұзушылықтың саралаушы белгісі ретінде көрсетілсе, онда жасалған әрекет осы саралаушы белгіні тағу арқылы тиісті қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықты көздейтін бап бойынша саралануға жатады. Бұл ретте ҚК-нің 104-бабы бойынша қосымша саралау талап етілмейді. Мысалы, ҚК-нің 106-бабы үшінші бөлігінде, 116, 119-баптарында, 120-баптың 3-2-бөлігінің 2) тармағында, 121-бабында, 135-баптың төртінші бөлігінде, 156, 255, 269, 270, 271, 276, 277-баптардың үшінші бөліктерінде, 278-баптардың екінші бөліктерінде, 279, 280-баптардың бірінші бөліктерінде, 281, 282-баптардың екінші бөліктерінде, 283-баптың үшінші бөлігінде, 285, 292, 304-баптардың екінші бөліктерінде, 306, 317-баптардың үшінші бөліктерінде, 319-баптың бесінші бөлігінде, 320-баптың екінші бөлігінде, ҚК-нің 322-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасау барысында абайсызда қазаға ұшырату және т.б.

Қылмыстық немқұрайлылық нысанындағы абайсызда қазаға ұшыратуды кездейсоқ қазаға ұшыратудан ажырату қажет. Кездейсоқ қазаға ұшырату кезінде адам өзінің әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін ұғынбаған және істің мән-жайлары бойынша ұғынуы мүмкін болмаған не қоғамдық қауіпті салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала болжамаған әрі істің мән-жайлары бойынша оларды алдын ала болжауға міндетті болмаған немесе мүмкіндігі болмаған. Сондай-ақ, әрекетті жасау кезінде жәбірленушінің өлімі түріндегі салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала болжаған, бірақ жеткілікті негіздермен осы салдардың алдын алуға болады деп есептеген не экстремалды жағдайлар немесе жүйке-психологиялық жүктемелер талаптарына өзінің психофизиологиялық қасиеттерінің сәйкес келмеуіне байланысты олардың алдын ала алмаған жағдайлар да кінәсіз қазаға ұшырату ретінде танылуға тиіс (ҚК-нің 23-бабы).

ҚК-нің 104-бабын қолдану үшін басқа адамның өлімі түріндегі қылмыстық нәтиже бойынша абайсызда кінәнің болуын анықтау қажет.

ҚК-нің 104-бабының 2-бөлігі екі немесе одан да көп адамды абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін жауаптылықты көздейді. Кінәлі адамның әрекетін 2-бөлік бойынша саралау үшін кемінде екі адамның қаза болуы қажет (мысалы, бұзақылық ниетпен өрт қою салдарынан бірнеше адамның қаза болуы, топ жетекшісінің кінәсінен туристер тобының қаза болуы және т.б.).

Бір адамның өліміне және басқа адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер (екі жағдайда да абайсызда) тиісті негіздер болған кезде қылмыстар жиынтығы бойынша ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі және 114-бабының 3-бөлігі бойынша саралануға тиіс.

Субъектісі — 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға.

ҚК-нің 104-бабының 1 және 2-бөліктерінде көзделген әрекеттер онша ауыр емес қылмыстарға жатады.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне Исидор Шамилұлы Борчашвилидің 2021 жылғы түсініктемесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заңы Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заң қызметі Заң консультациясы Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

Қылмыстық абайсыздық нәтижесінде абайсызда өлім жасау абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

Қылмыстық абайсыздық нәтижесінде абайсызда өлім жасау абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруЖамбыл облысы Шу аудандық сотының 2...

Толық оқу »

101-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК абайсызда қайтыс болуы

101-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК абайсызда қайтыс болуы 1. Абайсызда өлім жасау, - үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуг...

Толық оқу »

27-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің абайсыздығы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасау

27-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің абайсыздығы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасау Әкімшілік құқық бұзушылық, ег...

Толық оқу »

Көлiк құралын иеленіп жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған

Көлiк құралын иеленіп жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылғанЖамбыл облысы Қордай аудандық сотының 2018 жылғы 8 қарашад...

Толық оқу »

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлікті басқаруға құқығы жоқ жүргізушіні басқару

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлікті басқаруға құқығы жоқ жүргізушіні басқаруАлматы облысы Текелі қалалық сотының 2020 жылғы 20 мамырдағы үкімімен К.көлік құралының м...

Толық оқу »

21-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК абайсыздығы бойынша жасалған қылмыс 1. Менмендік немесе немқұрайлылық арқылы жасалған әрекет абайсызда...

Толық оқу »

Абайсызда, менмендікпен немесе немқұрайлылықпен жасалған қылмыстық құқық бұзушылық

Абайсызда, менмендікпен немесе немқұрайлылықпен жасалған қылмыстық құқық бұзушылық🔹 1. Абайсыз кінәнің жалпы сипаттамасыАбайсыздық — бұл кінәнің түрі, онда тұлға не салдарды...

Толық оқу »

Іс-әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған адам ғана қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылады

Іс-әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған адам ғана қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі деп таныладыҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 19-бабына түсініктемеҚылм...

Толық оқу »

27-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

27-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға ө...

Толық оқу »

Қажетті қорғаныс шегінен шығып, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіріп, абайсызда оның өліміне әкеліп соққан іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылған

Қажетті қорғаныс шегінен шығып, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіріп, абайсызда оның өліміне әкеліп соққан іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылғанАлматы обл...

Толық оқу »

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзу

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуБатыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі үкіміме...

Толық оқу »

Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, ірі залал келтіргені жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған

Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, ірі залал келтіргені жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылға...

Толық оқу »

Жол жүрісі мен көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан

Жол жүрісі мен көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққанАлматы облысы Талғар аудандық сотының 201...

Толық оқу »

Кінәлі адам алдын ала білмеген бірақ мұндай салдардың басталуын алдын ала білуі керек және болжай алатын жағдайларда денсаулыққа ауыр зиян келтіру абайсызда жасалған деп жіктеледі.

Кінәлі адам алдын ала білмеген бірақ мұндай салдардың басталуын алдын ала білуі керек және болжай алатын жағдайларда денсаулыққа ауыр зиян келтіру абайсызда жасалған деп жікте...

Толық оқу »

21-бап. Абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

21-бап. Абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңМенмендiкпен немесе немқұрайлылықпен жасалған іс-әрекет абайсызда жасалғ...

Толық оқу »