Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Президент Жарлықтары / Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері антының мәтінін және ант беру тәртібін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері антының мәтінін және ант беру тәртібін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері антының мәтінін және ант беру тәртібін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 61 Жарлығы.

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері антының мәтіні;

      2) Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері антының мәтіні;

      3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері антының мәтіні;

      4) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің ант беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 23.10.2025 № 1062 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіҚ. Тоқаев

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2022 жылғы 19 желтоқсандағы№ 61 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері АНТЫНЫҢ МӘТІНІ

      Мен, __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қызметке кіре отырып:

      өз халқыма адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға және өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға;

      өзіме жүктелген міндеттерді адал орындауға және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау үшін барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға;

      адам мен азаматтың өмірі мен денсаулығын ерлікпен қорғауға, адам өмірін құтқару ісіне бар күшімді салуға;

      моральдық жағынан тазалықтың, кішіпейілділіктің үлгісі болуға, өзімнің кәсіби абыройымды, құқық қорғау органы қызметкерінің жоғары атағын қадірлеуге;

      қызметке байланысты қиындықтарға лайықты төтеп беруге салтанатты түрде ант етемін.

      Егер мен қабылдаған Антымды бұзсам, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықты өтеуге дайынмын.

      Ант қабылдаған адамның Т.А.Ә. _________________

      Қолы _______________

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2022 жылғы 19 желтоқсандағы№ 61 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері антының мәтіні

      Ескерту. Антының мәтініне өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 23.10.2025 № 1062 Жарлығымен.

      Мен, __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарына қызметке кіре отырып:

      өз халқыма адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға және өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға;

      өзіме жүктелген міндеттерді адал орындауға, адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоғам мен мемлекеттің материалдық құндылықтарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтау үшін барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға;

      адам мен азаматтың өмірі мен денсаулығын ерлікпен қорғауға, адам өмірін құтқару ісіне бар күшімді салуға;

      моральдық жағынан тазалықтың, кішіпейілділіктің үлгісі болуға, өзімнің кәсіби абыройымды, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жоғары атағын қадірлеуге;

      қызметке байланысты қиындықтарға лайықты төтеп беруге салтанатты түрде ант етемін.

      Егер мен қабылдаған Антымды бұзсам, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықты өтеуге дайынмын.

      Ант қабылдаған адамның Т.А.Ә. _________________

      Қолы _______________

      Ескертпе:

      Осы Ант мәтіні құқық қорғау органдары қызметкерлерінің антын қабылдайтын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне қолданылмайды.

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2022 жылғы 19 желтоқсандағы№ 61 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері АНТЫНЫҢ МӘТІНІ

      Мен, __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке кіре отырып:

      өз халқыма адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға және өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға;

      өзіме жүктелген міндеттерді адал орындауға және маған сеніп тапсырылған хат-хабарды мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ете отырып, жедел әрі сенімді түрде жеткізуге барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға;

      моральдық жағынан тазалықтың, кішіпейілділіктің үлгісі болуға, өзімнің кәсіби абыройымды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерінің жоғары атағын қадірлеуге;

      қызметке байланысты қиындықтарға лайықты төтеп беруге салтанатты түрде ант етемін.

      Егер мен қабылдаған Антымды бұзсам, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықты өтеуге дайынмын.

      Ант қабылдаған адамның Т.А.Ә. _________________

      Қолы _______________

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2022 жылғы 19 желтоқсандағы№ 61 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің ант беру қағидалары

      Ескерту. Қағидаларының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.10.2025 № 1062 Жарлығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің ант беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің (бұдан әрі – қызметкерлер) ант беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.10.2025 № 1062 Жарлығымен.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына және мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне бірінші рет қызметке кіретін, арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген адамдар – арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілгеннен кейін екі айдан кешіктірмей;

      2) білім беру ұйымының бұрын Ант қабылдамаған курсанттары – оқуға қабылданғаннан кейін екі айдан кешіктірмей;

      3) бұған дейін қандай да бір себептер бойынша Ант қабылдамаған қызметкерлер ант қабылдайды.

      3. Қызметкерлер бір рет Ант береді.

      4. Ант беру рәсімін өткізу күнін, уақыты мен орнын Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының немесе мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің басшысы не уәкілетті басшы айқындайды.

      5. Ант Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің рәміздерімен безендірілген орындарда Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі басшысының не уәкілетті басшының жетекшілігімен салтанатты жағдайда қабылданады.

      6. Ант қабылдау рәсіміне мемлекеттік органдардың, ардагерлік ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

      7. Ант қабылдайтын қызметкерлер, сондай-ақ Ант қабылдау рәсіміне қатысатын жеке құрам салтанатты (салтанатты, салтанатты-шығу) киім нысанын киеді.

      8. Ант қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталады.

      9. Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің басшысы не уәкілетті басшы Анттың және Қазақстан Республикасының халқына адал болуға ант қабылдаған қызметкерлерге жүктелетін жауаптылықтың маңызын қысқаша түсіндіреді.

      10. Ант беретін қызметкерлер саптан шығады, Ант мәтінін дауыстап айтады немесе оқиды және оған қол қояды, содан кейін сапқа оралады.

      Ант мәтіні Ант беретін адамдардың таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде айтылады.

      11. Ант қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен аяқталады.

      12. Қызметкерлер қол қойған Ант мәтіні бар бланктар олардың жеке істеріне қоса тігіледі.

      13. Қызметкерлерінің уақтылы Ант қабылдауы үшін жауапкершілік, оны қабылдауды ұйымдастыру және есепке алу Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының немесе мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің кадр қызметтерінің басшыларына жүктеледі.

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2022 жылғы 19 желтоқсандағы№ 61 ЖарлығынаҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ

      1. "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамы антының мәтінін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі № 446 Жарлығы.

      2. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтінін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1559 Жарлығы.

      3. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығы.

      4. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 166 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      5. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 211 Жарлығы.

      6. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 390 Жарлығы. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

12-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегiнегiзгi талаптар 3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

12-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегiнегiзгi талаптар 3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғауЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      1. Жану...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өміріне қол сұғу туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекет...

Толық оқу »

380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Құқық қорғ...

Толық оқу »

380-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

380-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану Қ...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарыЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы За...

Толық оқу »

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы құзыретi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласы...

Толық оқу »

7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерiЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн м...

Толық оқу »

2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: 1) мемлекеттік фельдъегерлік байлан...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралыҚазақстан Респу...

Толық оқу »

Үкіметаралық фельдегерлік байланыс туралы келісімге Түзетулер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Үкіметаралық фельдегерлік байланыс туралы келісімге Түзетулер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 5 шілде N 67-ІІМәскеуде 1997 жылғы...

Толық оқу »

16-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктер Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

16-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктерМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы     1. Осы Заңда ж...

Толық оқу »

144-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегін реттеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

144-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегін реттеу Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

215-бап. Әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

215-бап. Әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын о...

Толық оқу »

7-бап.  Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және көлік ұйымдарымен өзара іс-қимылы Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

7-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және көлік ұйымдарымен өзара іс-қимылыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы З...

Толық оқу »

3-бап.  Мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың міндеттері Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

3-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың міндеттеріМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы 1. Мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың міндеттері мыналар болып табылад...

Толық оқу »

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы заңнамасы Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

   4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы заңнамасыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік...

Толық оқу »

15-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жауаптылығы Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

15-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жауаптылығыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері өзде...

Толық оқу »

14-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігінің және құқықтық қорғалуының кепілдігі Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

14-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігінің және құқықтық қорғалуының кепілдігіМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      1. Мемлек...

Толық оқу »

10-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің кадрлық құрамы Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

10-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің кадрлық құрамыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      1. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің кадрлық құрамын ішкі істер...

Толық оқу »

13-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің құқықтық жағдайы Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

13-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің құқықтық жағдайыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы     1. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерле...

Толық оқу »

5-бап.  Мемлекеттік фельдъегерлік байланысты ұйымдастыру қағидаттары Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

5-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік байланысты ұйымдастыру қағидаттарыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      Мыналар мемлекеттік фельдъегерлік байланысты ұйымдастыру...

Толық оқу »

8-бап.  Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің құқықтары Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

8-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің құқықтарыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      1. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметке:      1) көлікте белгіленген тари...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:      1) құпия емес жөнелтіл...

Толық оқу »

6-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басшылығының өкілеттіктері Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

      6-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басшылығының өкілеттіктеріМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы Ескерту. 6-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.0...

Толық оқу »

18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібіМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қол...

Толық оқу »

667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, с...

Толық оқу »

9-бап.  Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің міндеттері Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

9-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің міндеттеріМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы     1. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет: 1) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының...

Толық оқу »

12-бап.  Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің жұмыскерлері Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

12-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің жұмыскерлеріМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет жұмыскерлерінің еңбек қызметі Қаза...

Толық оқу »

17-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметті қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

17-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметті қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      1. Мемлекеттік фельдъегер...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-2-бабына түсініктеме. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-2-бабына түсініктеме. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандан...

Толық оқу »