Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 63 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамдық сенім кеңесі туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамдық сенім кеңесінің құрамы бекітілсін.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіҚ.Тоқаев

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2019 жылғы 17 шілдедегі№ 63 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралыЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.

      3. Ұлттық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

2. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері

      4. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері:

      тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу;

      жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау;

      жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;

      өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.

3. Ұлттық кеңестің құрамы

      5. Ұлттық кеңес Ұлттық кеңестің төрағасынан, оның орынбасарынан және мүшелерінен тұрады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 08.02.2022 № 806 Жарлығымен.

      6. Ұлттық кеңестің төрағасы (бұдан әрі - Төраға) Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.

      7. Төраға:

      Ұлттық кеңестің қызметіне жалпы басшылық жасайды;

      Ұлттық кеңестің отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;

      Ұлттық кеңес төрағасының орынбасарына және мүшелеріне тапсырма береді.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 08.02.2022 № 806 Жарлығымен.

      8. Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы өз лауазымы бойынша Ұлттық кеңестің құрамына кіреді және Ұлттық кеңес төрағасының орынбасары болып табылады.

      Ұлттық кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы бекітеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 08.02.2022 № 806 Жарлығымен.

      9. Ұлттық кеңестің шешімдерімен қоғам дамуының жекелеген салалары бойынша жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

      Жұмыс топтары Ұлттық кеңестің құрамынан құрылады.

      10. Ұлттық кеңестің мүшелері:

      Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі мен мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;

      Ұлттық кеңестің отырыстарына материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға;

      Ұлттық кеңестің отырысында қаралатын мәселелерді қоғамда талқылауға және түсіндіруге қатысуға құқылы.

      Ұлттық кеңестің мүшелерінде Мемлекет басшысы қол қойған, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесінің куәлігі болады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 08.02.2022 № 806 Жарлығымен.

      11. Ұлттық кеңес төрағасының орынбасары:

      Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары жобасының әзірленуін қамтамасыз етеді;

      оның отырыстарының күн тәртібі жобасын жасайды;

      Ұлттық кеңес отырыстары материалдарының, сондай-ақ хаттамалық шешімдер жобаларының дайындалуын ұйымдастырады;

      Ұлттық кеңес мүшелеріне Ұлттық кеңестің кезекті отырысының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

      жекелеген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін сарапшыларды, ғалымдарды және мамандарды белгіленген тәртіпте тартады;

      өңірлерде көшпелі консультативтік кеңестер өткізеді;

      Төрағаның тапсырмалары бойынша өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 08.02.2022 № 806 Жарлығымен.

4. Ұлттық кеңестің қызметін ұйымдастыру

      12. Ұлттық кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына үш реттен жиі өткізілмейді.

      Ұлттық кеңестің отырыстары жалпы пленарлық және тақырыптық болып бөлінеді.

      Ұлттық кеңестің отырысында мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, оның құқықтық күші бар деп есептеледі.

      13. Алып тасталды – ҚР Президентінің 08.02.2022 № 806 Жарлығымен.

      14. Ұлттық кеңестің шешімдері Төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      15. Ұлттық кеңестің ұсынымдарын алған мемлекеттік орғандар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер оларды қарайды және қабылданған шешімдер туралы Ұлттық кеңеске Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте хабарлайды.

      16. Ұлттық кеңесте талқыланатын мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері мен Ұлттық кеңестің отырыстарында қабылданған шешімдер жұртшылықтың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі, сондай-ақ Интернет желісінде орналастырылады.

      17. Ұлттық кеңестің отырыстарына Төрағаның шешімі бойынша Ұлттық кеңестің мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

5. Ұлттық кеңестің қызметін қамтамасыз ету

      18. Ұлттық кеңестің жұмыс орғаны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      19. Ұлттық кеңестің жұмыс органы:

      Ұлттық кеңес қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұратады және алады; жұмыс топтарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      Ұлттық кеңес қабылдаған шешімдердің орындалу барысына бақылауды жүзеге асырады;

      Ұлттық кеңестің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2019 жылғы 17 шілдедегі№ 63 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесініңҚҰРАМЫ

 

Жүктеу

ТоқаевҚасым-Жомарт Кемелұлы-Қазақстан Республикасының Президенті, төраға
КөшербаевҚырымбек Елеуұлы-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға орынбасары
ҚаринЕрлан Тынымбайұлы-Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, хатшы

Ұлттық кеңестің мүшелері:

АрыстанбековҚайырбек Төлендіұлы-Экономикалық саясат институтының президенті (келісім бойынша)
АхметбековЖамбыл Әужанұлы-Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
ӘбдіғалиұлыБерік-Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы (келісім бойынша)
ӘбеновМұрат Абдуләмитұлы-қоғам қайраткері, "Серпін" Ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы (келісім бойынша)
ӘміртаевАзаматхан Сайлауұлы-"Байтақ болашақ" экологиялық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
ӘшімбаевДанияр Рахманұлы-қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)
БайтасовАрманжан Мерекеұлы-Қазақстан Медиаодағының тең құрылтайшысы (келісім бойынша)
БұқарбайБақытжан-қоғам қайраткері, "Мен ояндым" акциясының қатысушысы (келісім бойынша)
ДорофеевМихаил Викторович-журналист, "Informburo.kz" мультимедиялық ақпараттық-талдау порталының бас редакторы (келісім бойынша)
ЕспаеваДания Мәдиқызы-Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
ЖандосовОраз Әлиұлы-"Ракурс" экономикалық талдау орталығының директоры (келісім бойынша)
ЖолдыбайұлыҚайрат-қоғам қайраткері, дінтанушы (келісім бойынша)
ЖұмалыРасул-қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)
ИлеуоваГүлмира Тоқшалыққызы-әлеуметтанушы, "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша)
ИсаҚазыбек Жарылқасынұлы-қоғам қайраткері, "Қазақ үні" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісім бойынша)
КенжеханұлыРауан-"Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)
ҚалиевТалғат Бегімұлы-"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры (келісім бойынша)
ҚожахметовАсылбек Базарбайұлы-"Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
ҚожықЖәнібек-қоғам қайраткері (келісім бойынша)
ҚуатДәурен-журналист, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
ҚұттықадамСейдахмет Рысқожаұлы-қоғам қайраткері (келісім бойынша)
МусинБағдат Батырбекұлы-кәсіпкер, ІТ-маман (келісім бойынша)
МұқибекАуыт-қоғам қайраткері, "Nur Otan" партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты (келісім бойынша)
МырзахметовАбылай Исабекұлы-"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
НұрбекСаясат-саясаттанушы, "BTS Digital" білім беру жобаларының басшысы (келісім бойынша)
НұровҚанат Ильяұлы-Алматы жоғары басқару мектебінің және "Аспандау" ғылыми-білім беру қорының президенті (келісім бойынша)
ОмароваАйман Мұратқызы-адвокат, "Құқық қорғаушылар" қоғамдық қорының тең құрылтайшысы (келісім бойынша)
ОрынбекАйгүл-құқық қорғаушы қайраткер (келісім бойынша)
ОшақбаевРахым Сәкенұлы-"Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
РақымбековТөлеутай Сатайұлы-"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
СадырбайАсхат Мұратұлы-"Team Qazaqstan" жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)
СаировЕрлан Бияхметұлы-Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
СарымАйдос Әміроллаұлы-қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)
СпоткайМаксим Александрович-Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)
ТайжанМұхтар Болатханұлы-қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)
ТұрмағамбетоваЖеміс Өтегенқызы-"Адам құқықтары хартиясы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)
ТұрсыновЕрмек Кәрімжанұлы-Қазақстан киноматографистер одағының төрағасы, режиссер (келісім бойынша)
ТілеуханБекболат Қанайұлы-Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері (келісім бойынша)
ЧеботаревАндрей Евгеньевич-"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры (келісім бойынша)
ШибұтовМарат Мақсұмұлы-"Транспаренси Казахстан" қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
ШораевАрман Төлегенұлы-"Қазақстан барысы" даму қоры Қамқоршылар кеңесінің торағасы (келісім бойынша)

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы