Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы

Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 маусымда № 22883 болып тіркелді.

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 133) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

      Қазақстан РеспубликасыТөтенше жағдайлар министріЮ. Ильин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

 

 Қазақстан РеспубликасыТөтенше жағдайлар министрі2021 жылғы 26 мамырдағы№ 240 бұйрығымен бекітілген

 

Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлері

 

Жүктеу

Р/с№

Қауіпті заттың атауы

Критерийлер (қауіпті заттың шекті мөлшері), тонна

123
1.Аммиак5
2.Акрилонитрил200
3.Хлор5
4.Этилен оксиді50
5.Цианит сутегі20
6.Фторлы сутегі50
7.Күкіртті сутегі1
8.Күкірт диоксиді200
9.Күкірт триоксиді75
10.Қорғасын алкилдері50
11.Фосген0,75
12.Метилизоцианат0,15
13.Хлорпикрин0,55
14.Бромметил15
15.Металлил хлорид20
16.Тұз қышқылы40
17.Азот қышқылы25
18.Фторлы-сутекті (плавик) қышқылы10
19.Ортофосфор қышқылы25
20.Күкірт қышқылы20
21.Тұтанатын заттар200
22.Жанатын заттар200
23.Технологиялық процесте қолданылатын немесе магистральды құбыр бойынша тасымалданатын жанатын сұйықтықтар200
24.Қышқылданатын заттар200
25.Жарылғыш заттар25
26.Уытты заттар200
27.Уыттылығы жоғары заттар20
28.Қоршаған табиғи орта үшін қауіп тудыратын заттар200

 

 

Жүктеу

Р/с№

Қызмет түрінің атауы

1

2

1.Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдар негізіндегі қорытпаларды өндіру
2.Иондаушы сәулелену көздерін, элеваторларды пайдалану
3.Тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жару жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру және минералдық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді қоспағанда), жерасты жағдайындағы жұмыстарды жүргізу

 

 

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау