Ақпарат саласындағы қылмыстық әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы хаттаманы іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті құзыретті органдарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 мамырдағы № 474 Жарлығы
2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Ақпарат саласындағы қылмыстық әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Хаттаманы іске асыруға жауапты уәкілетті құзыретті органдар болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы