Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 128 Жарлығы

  Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3), 5) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:      1. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган ретінде оған таратылып отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мүлкін және істерін басқару функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) құрылсын.      Министрлік үшін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделін іске асыру және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу басым міндеттер етіп айқындалсын.      2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді негізгі функциялары етіп айқындап, Министрліктің құрылымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылсын.      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады деп белгіленсін.      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы