Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3469
Алматы қаласы мен Алматы облысының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысын ескерiп және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес
қаулы етемiн:
1. Алматы қаласының шекарасы өзгертiлiп оның шегiне Алматы облысының Талғар ауданы Алатау поселкесiнiң жерi осы поселке шекарасы шегiнде қосылсын.
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы