Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 22 желтоқсан N 528.
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабын орындау үшін қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры (бұдан әрі - Қор) құрылсын.
2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.10.11 № 163 Жарлығымен.
3. Мыналар:
1) Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады;
2) Қордың ақша қаражатын қалыптастыру көздері заңдарға қайшы келмейтін жарналар мен түсімдер болып табылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қордың 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті |
| Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2000 жылғы 22 желтоқсандағыN 528 Жарлығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы ТұңғышПрезиденті - Елбасы ҚорыныңЖАРҒЫСЫ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы