Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығы.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртүтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;

      2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіҚ.ТОҚАЕВ

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2022 жылғы 13 қыркүйектегі№ 1008 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

      Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Жүктеу

Р/с №Іс-шараның атауыАяқтау нысаныЖауапты орындаушыларОрындау мерзімі
12345

I. Жаңа экономикалық саясат

1.Монополиялық және олигополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден біртіндеп бас тартуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, БҚДА, СЖРА2022 жылғықазан
2."Тарифті инвестицияға айырбастау" деген жаңа тариф саясатына көшуді қамтамасыз ету, онда мыналарды да қамту:инфрақұрылымға инвестицияның айтарлықтай бөлігін тарифтің емес, өз қаржысының есебінен салуы бөлігінде монополистердін (операторлардың) қарсы міндеттемелері; өндіруші қуаттардың, электрмен жабдықтау, жылу коммуникациялары желілерінің және су құбыры желілерінің тозу көрсеткішін біртіндеп кемінде 15%-ға төмендету; кәсіпорындарда инновациялық шешімдерді енгізу және жабдықтарды жаңғырту үшін пәрменді ынталандыру;табыстың белгілі бір үлесін монополистің иелігінде қалдыру;шығындардың бір бөлігі өндірістік персоналдың еңбекақысын арттыруға, жедел жөндеу жұмыстарын жүргізуге және т.б. жұмсалған жағдайда монополистің оларды тарифтік сметаның әртүрлі баптары арасында өз бетінше қайта бөлу мүмкіндігіПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет2022 жылғықазан
3.Табиғи монополиялар саласында және қоғамдық маңызы бар нарықтарда тарифтерді тоғыспалы субсидиялаудан біртіндеп бас тартуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, БҚДА2022 жылғықараша
4.“Конгломерат” ұғымын заңнамалық деңгейде, сондай-ақ конгломераттың барлық мәмілесін, оның ішінде нарыққа тән емес бағаларды қолдану белгілері бойынша мұқият тексеру жүргізу мүмкіндігін айқындауҚазакстан Республикасы Заңының жобасыБҚДА, Үкімет, СЖРА2023 жылғымаусым
5.“Бірыңғай оператор” институтын регламенттеу, бұл олардың қызметін монополияға қарсы арнаулы құқық шеңберінде реттеуді енгізуді де білдіредіҚазақстан Республикасы Заңының жобасыБҚДА, Үкімет2023 жылғысәуір
6.Жаңа Салық кодексін әзірлеу, онда мыналарды да көздеу:салықтық әкімшілендіруді жаңарту; салықтық бақылауды бар мүмкіндігінше цифрландыруды қамтамасыз ету; экономиканың әртүрлі секторларында сараланған салык мөлшерлемелеріне көшу; пайданың технологиялық жаңғыруға және ғылыми әзірлемелерге жұмсалған бөлігіне салынатын корпоративтік табыс салығын азайту немесе одан босату тетігін енгізу;салық төлеуден жалтару тәуекелдерін барынша азайту мақсатында арнайы салық режимдерін жеңілдету;салық жүктемесін азайту мақсатында ұйымдарды әдейі бөлшектеуге жол бермеу; ойға қонымды әрі рәсімдері қарапайым бөлшек сауда салығын қолдануды кеңейтуҚазақстан Республикасы Кодексінің жобасыҮкімет, СЖРА, ЖС2023 жылғыжелтоқсан
7.“Сән-салтанатқа салық” салуды енгізу мүмкіндігін қарастыруПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, СЖРА2023 жылғықаңтар
8.Автомашиналарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің барлық тиесілі алымдар мен төлемдерді төлеуден жалтаруға мүмкіндік беретін арналарының бәрін жабу үшін шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, ҰҚК, ҚМА, СЖҚА2022 жылғықазан
9.2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресімделмеген автомобильдер үшін оларды кэдеге жарату және алғашкы тіркеу алымдарының жиынтығын 250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлеу арқылы заңдастыру мүмкіндігін бір реттік тәртіппен беру, бұл шараны іздеу салынбаған және тиісті кедендік "тазартудан" өткен автомобильдерге қолдануПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, ҮҚК, ҚМА, ҚНРДА2022 жылғыжелтоқсан
10.Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелерді толық біріктіруді аяқтауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғышілде
11."Бір терезе" қағидаты бойынша интеграцияланған кедендік бақылауды енгізу (оның шеңберінде бақылау, оның ішінде фитосанитариялық, ветеринариялық, санитариялық-эпидемиологиялық, радиациялық бақылау, техникалық реттеу іс-шараларын жүргізу)Президент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғышілде
12.Жаңа Бюджет кодексін қабылдау, онда мыналарды да көздеу:бюджет процесін барынша жеңілдету;“бюджетті басқарудан” “нәтижені дөп басуға” көшу жолымен бюджет саясатының моделін реформалау;бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін айтарлықтай арттырып, блоктык бюджет элементтерін енгізу;бюджет саясатының шекті параметрлерін айқындау;Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және жалпы еліміз үшін маңызы зор жобаларды іске асыруға ғана жұмсау; салықтық түсімдер мен шығыстардың қосымша түрлерін республикалық бюджеттен жергілікті бюджет деңгейіне беру арқылы фискалдык орталықсыздандыруды күшейтуҚазақстан Республикасы Кодексінің жобасыҚазақстан Республикасының КодексіҮкімет, СЖРА, ЕК2023 жылғықыркүйек2023 жылғыжелтоқсан
13.Игерілмеген бюджет қаражатын белгілі бір жағдайларда келесі жылға ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етуҚазақстан Республикасының ЗаңыҮкімет2022 жылғыжелтоқсан
14.Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасының жобасы шеңберінде Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және жалпы еліміз үшін маңызы зор жобаларды іске асыруға ғана жұмсау туралы норманы енгізуҚазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыҮкімет, ҰБ2022 жылғықазан
15.“Халық қатысатын бюджет” практикасын төртінші деңгейдегі бюджеттерге (аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар) кеңінен тарату, оның мөлшерін ТКШ шығыстарының кемінде 10%-ы көлемінде айқындауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, СЖРА, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғысәуір
16.Реттеушілік жаңа актілерді әзірлеу мен келісу процесінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес талаптар мен реттеушілік құралдарды қалыптастырудың базалық шарттарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ете отырып, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік қызметті “басынан бастап” реттеуді іске қосуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, “Атамекен” ҰКП (келісім бойынша)2023 жылғышілде,2023 жылғықаңтар
17.Квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік қаржылай қолдау шараларын ұсынуды реттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілері мен шешімдеріне енгізу арқылы мемлекеттік колдау шараларын алушы бәсекеге қабілетті шағын және орта кәсіпорындарды айқындауға арналған базалық өлшемшарттарды (еңбекакы төлеу қорының өсуі және салық аударымдарының артуы) енгізу.“е-Қаржымині” ақпараттық жүйесінің базасында базалық өлшемшарттарға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды іріктеу рәсімін автоматтандыруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, СЖРА, БҚДА, “Атамекен” ҮКП (келісім бойынша)2023 жылғышілде
18.“Мемлекеттік сатып алу туралы” жаңа Заң қабылдау, онда мыналарды да көздеу: сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бағасынын төмен болуы емес, сапасының басымдығы;барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың сатып алуын бірыңғай платформаға ауыстыруҚазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Заңы тәжірибелік пайдалануға беру актісіҮкімет, БКДА, “Атамекен” ҰКП (келісім бойынша)2023 жылғықыркүйек2023 жылғыжелтоқсан2023 жылғынаурыз
19.Конкурстық негізде келісімшарттар жасасу тәртібін қоса алғанда, МЖӘ-нің тиімді жаңа үлгісіне көшуді көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша Заң қабылдауҚазақстан Республикасының ЗаңыҮкімет, БКДА, СЖРА2023 жылғықыркүйек
20.Экономиканың нақты секторын қолжетімді әрі тұракты, оның ішінде коммерциялық банктердің еркін өтімділігі есебінен кредиттеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҰБ, ҚНРДА, Үкімет2022 жылғықараша
21.Кәсіпкерлерге жер учаскелерін жедел әрі ашық бөлудің тиімді тәсілдерін тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, БҚДА, СЖРА, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2022 жылғыжелтоқсан
22.Әрбір өңірде және ірі елді мекенде бос жатқан және мақсатына сай пайдаланылмайтын жерлердің бар-жоғына бағалау жүргізіп, кейіннен ақпаратты жариялау және оның бизнес үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғымаусым

II. Нақты секторды дамыту

23.Жер қойнауын игеру ісіне инвестициялар тарту үшін заңнаманы және рәсімдерді жеңілдетуҚазақстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет, СЖРА2023 жылғыжелтоқсан
24.Геологиялық ақпараттың ұлттық дерекқорын өнеркәсіптік пайдалануға беруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғымамыр
25.АЭА қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында: АЭА-да “неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың” қағидаты бойынша инвестициялық жеңілдіктер беруге қатысты сараланған тәсілді енгізу;жұмыс саласы қызметтің басым түрлеріне жатпайтын инвесторлар үшін салықтық және кедендік преференцияларды қолданбай, АЭА-ға жер учаскелерін беру мүмкіндігін ұсыну; барлық инвестициялық міндеттемелерді адал орындаған кәсіпорындар үшін АЭА аумағында жер меншігі құқығы мәселесін шешуҚазақстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет, БҚДА2023 жылғыақпан
26.Индустриялық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғынаурыз
27.“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ қызметін стратегиялық маңызды секторлардағы компаниялар акцияларының мажоритарлық пакетіне ғана иелік ететін инвестор ретінде қайта форматтап, оның жеке инвесторлар іске асыра алмайтын, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын аса маңызды жаңа жобаларға ғана қатысуын көздеуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ, БҚДА2023-2024 жылдаршілде, желтоқсан
28.“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясын ұлттық көлік-логистикалық компанияға трансформациялауды қамтамасыз етуЖол картасыҮкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ, “ҚТЖ” ҰК” АҚ2022 жылғықазан
29.Автомобиль жолдарынын құрылысы кезінде бұзушылықтарды анықтау жөніндегі нақты нәтижелерді қамтамасыз ете отырып, автомобиль жолдарының, оның ішінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы сапасын арттыруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, ЕК, БП, СЖҚА, ҚМА2023 жылғышілде, желтоқсан
30.Жол-құрылыс саласын битуммен іркіліссіз қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ2022 жылғыжелтоқсан
31.Қала құрылысы кодексін әзірлеуҚазақстан Республикасы Кодексінің жобасыҮкімет, СЖРА2023 жылғыжелтоқсан
32.Әрбір ірі қала бойынша жер учаскелері мен коммуналдық желілердін схемасы көрсетілген функционалды интерактивті картасын жасауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғымаусым, желтоқсан
33.Жер кадастрының өнеркәсіптік мақсатқа арналған жер учаскелерінің картасын көлік және коммуналдық инфрақұрылымның өзекті схемаларымен толықтыруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғымаусым, желтоқсан
34.Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың ұзақ мерзімді жаңа тәсілдерін тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, БҚДА Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент калаларының және облыстардың әкімдері, “Атамекен” ҰКП (келісім бойынша)2022 жылғықараша
35.Өңірлердің ерекшелігі мен ауылдық кооперацияларды дамытуды ескере отырып, Жамбыл облысындағы ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаны кеңінен таратуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғымаусым, желтоқсан
36.Жер учаскелерінің, табиғи және минералды учаскелердің кадастрлық жүйелерін интеграцияланған дамыту үшін бірыңғай цифрлық платформада экономика салаларының кеңістіктік деректері инфрақұрылымын құруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, СЖРА2023 жылғымаусым, желтоқсан
37.Игерілмей жатқан немесе заңнаманы бұза отырып берілген жерлер бойынша 2023 жылдың соңына дейін шешімдер қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, СЖРА2023 жылғықаңтар, маусым, желтоқсан
38.Су саласында қордаланған проблемаларды шешу үшін сарапшыларды тарта отырып, Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыруПрезидент Әкімшілігіне акпаратҮкімет, ҰҚК, “Атамекен” ҰКП (келісім бойынша)2022 жылғықараша
39.Қазіргі заманғы білім беру бағдарламасын әзірлей отырып және тиісті қаржыландыруды боле отырып, су саласында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін базалық жоғары оқу орнын айқындауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғымамыр
40.Су саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысыҮкімет, СЖРА2023 жылғыақпан

III. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестициялар

41.Тұтастай алғанда ерікті медициналық сақтандырудың рөлін күшейте отырып, денсаулық сақтауды және әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, СЖРА2022 жылғықараша
42.“Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық пилоттық жобасы шеңберінде 2023-2024 жылдар ішінде:құрылыстың біріздендірілген жобалары бойынша 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салуды және тиісті жабдықпен жарақтандыруды;32 аудандық аурухананы жаңғыртуды және олардың деңгейін ауданаралық көпбейінді мекеме мәртебесіне дейін көтеруді қамтамасыз етуҚазакстан Республикасы Үкіметінің қаулысыҮкімет, СЖРА, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент калаларының және облыстардың әкімдері2022 жылғықараша
43.Телемедицина қызметтерін көрсету жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру, оның ішінде диагностикалық көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейту және қазіргі заманғы цифрлық шешімдерді (деректерді жинаудың, өңдеудің, берудің, сақтау мен олармен алмасудың бұлтты технологиялары және басқалар) пайдалануПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2022 жылғы қараша,2023 жылғымаусым
44.Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді университеттік ауруханалар мен клиникалар құруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2025 жылдаршілде, желтоқсан
45.Резидентурада даярлау гранттарының санын 3 жыл ішінде 70%-ға ұлғайтуПрезидент Әкімшілігіне акпаратҮкімет2023-2025 жылдаршілде, желтоқсан
46.2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы біліммен қамтамасыз ету бойынша пәрменді шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2022 жылғыжелтоқсан, 2023-2025 жылдаршілде, желтоқсан
47.Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру жолымен күшейтуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғы шілде, желтоқсан
48.Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің тәрбиеленушілерге арақатынасын және кәсіптік жүктемені ЭЫДҰ нормаларына дейін келтіруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2024 жылдаржелтоқсан
49.МЖМБС-ға сәйкес кемінде 800 мың орынға арналған орта оқу орындарын салудың және тиісті жабдықпен жарақтандырудың біріздендірілген қазіргі замангы жобалары бойынша 2025 жылдың соңына дейін “Жайлы мектеп” пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде мектептер салуҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысыҮкімет, СЖРА, Нүр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2022 жылғықараша
50.Сыбайлас жемқорлық істері бойынша қылмыстық қудалау органы қаулыларының және сот шешімдерінің нәтижесінде бюджетке түсетін қаражатты мектеп құрылысына жұмсауды заңнамалық регламенттеу жөнінде шаралар қабылдауҚазақстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет, ЖС, БП, СЖҚА2022 жылғыжелтоқсан
51.Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарындағы балаларды мектеп формасымен мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғымамыр
52.Мектеп формасын мемлекеттік тапсырыс есебінен отандық тауар өндірушілерден сатып алу тетігін әзірлеу және іске асыруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2022 жылғы желтоқсан,2023 жылғы шілде,желтоқсан
53.Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеу стандартын және “педагог құзыретінің шеңбері” - “Педагог” кәсіптік стандартын қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғықыркүйек
54.Жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл пәндері мен ағылшын тілін оқыту қарқындылығы мен сапасын күшейтуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғымаусым
55.Қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеу жөнінде кешенді шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2022 жылғыжелтоқсан
56."Әлеуметтік әмиян" жобасы шеңберінде баланың білім алуына, оның ішінде сыныптан тыс оқуына мемлекет бөлетін барлық қаражатты жинақтау үшін жеке білім беру ваучерлері мен Бірыңғай білім беру есепшотын енгізуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2022 жылғыжелтоқсан,2023 жылғышілде
57.Білім беру гранттары жүйесіне ҰБТ нәтижелеріне және өзге де көрсеткіштерге қарай саралауды (30%-дан 100%-ға дейін) енгізе отырып, гранттар құнын қайта қарауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет2022 жылғыжелтоқсан
58.Жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге жылдық 2-3%-бен ұзақ мерзімді жеңілдікті кредит алуға мүмкіндік беруПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет2022 жылғыжелтоқсан
59.Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік- жекешелік әріптестік тетігін жетілдіруПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет2022 жылғыжелтоқсан
60.Басқа қалалардан келген студенттердің тұратын орынмен камтамасыз етілуін жекеменшік жоғары оқу орындарының мемлекеттен қаражат алу өлшемшарттарының бірі ретінде айқындауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет2022 жылғыжелтоқсан
61.Халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарының жекелеген санаттарындағы басқа қалалардан келген студенттердің пәтер жалдауға кететін шығындарын субсидиялау мүмкіндігін пысықтауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет2022 жылғықазан
62.Білім беру экожүйесін дамыту мақсатында жоғары оқу орындары жанындағы эндаумент-қорлардың қызметін жетілдіруПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, "Қазақстан халқына" ҚҚ (келісім бойынша)2022 жылғықараша
63.Серпінді тәсілге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштер ескерілетін ен төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін енгізуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстар Қазақстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет2023 жылғы қаңтар2023 жылғы желтоқсан
64.Ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мың теңгеден 70 мың тенгеге дейін ұлғайтуҚазакстан Республикасының ЗаңыҮкімет2022 жылғыжелтоқсан
65.Заң қабылдау, онда мыналарды: базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%- ына, жоғарғы шегін 120%-ына дейін жеткізуді; әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыруды;2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемдер тағайындау кезеңінің ұзақтығын 1,5 жасқа дейін ұлғайтуды;әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар жұмыссыз қалған кезде МӘСҚ-тан берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орташа айлық табысының 45%-ына дейін ұлғайтуды көздеуҚазақстан Республикасының ЗаңыҮкімет2022 жылғыжелтоқсан
66.Жеке компанияларды зейнетақы активтерін басқаруға тарту мүмкіндігін көздейтін БЖЗҚ-ның тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстар¥Б, ҚНРДА, БҚДА, Үкімет2022 жылғықараша
67.2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы мен "Әлеуметтік әмиянды" енгізуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2022 жылғыжелтоқсан
68.Жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5%-дан жеңілдетілген микрокредит беруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, СЖРА2023 жылғықаңтар
69.100 мың жасты еңбекпен қамтамасыз ету шараларымен қамтуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғықаңтар
70.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алу құқығынсыз, кейін оларды баспана және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударып тұруды көздейтін "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, ҰБ2022 жылғықараша
71."Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның таза табысының кемінде 7%-ын жыл сайын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына аударуҚазақстан Республикасының ЗаңыҮкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ2022 жылғыжелтоқсан
72.Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу, онда мыналарды:ғылым, білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, IT, спорт пен мәдениет және басқа салаларда Қазақстан үшін бағалы машық иелері үшін тұруға ықтиярхат алу құқығымен виза енгізуді; біздің экономикамызға 300 мың АҚШ долларынан астам инвестиция салған шетел кәсіпкерлеріне тұруға ыктиярхат алу құқығымен 10 жылға виза алу мүмкіндігін беруді көздеуҚазақстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет2023 жылғымаусым
73.Демографиялық және экономикалық үрдістерді, сондай-ақ жалпыұлттық мүдделерді ескере отырып, қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияны реттеуге қатысты саясатты түбегейлі реформалау бойынша ұсыныстар тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, СЖРА2022 жылғықараша
74.Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарын қолдау мәселелері жөніндегі омбудсмен институтын құруҚазакстан Республикасы Президентінің өкіміҮкімет2023 жылғыақпан
75.Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу және қабылдауҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысыҮкімет2022 жылғы қараша

IV. Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту

76.Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, оның ішінде саяси қызметшілердің нәтижелілігі мен жеке жауапкершілігін арттыруға назар аудара отырып, орталық ведомстволар вертикалін оңтайландыру бойынша жаңа әкімшілік реформаны іске асыруЖол картасыҮкімет, СЖРА, МҚІА, ЖС2022 жылғы қараша
77.Ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету мен салааралық мәселелерді шешуге назар аудара отырып, Премьер-Министр Кеңсесін Үкіметтің ықшам Аппараты етіп трансформациялауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет2022 жылғы қазан
78.Қоғамдық кеңестердің және МИБ қызметін өзгертуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2022 жылғы желтоқсан
79.Тұрғын үйлерді, оның ішінде олардың сыртқы көрінісі мен қалалардың инфрақұрылымын абаттандыру бойынша шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2025 жылдарқаңтар
80.Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесін, оның ішінде мемлекеттік қызметтің жеке сектордағы кәсіби мамандар үшін барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін қайта қарауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарМҚІА, Үкімет2022 жылғы қараша
81.Мемлекеттік қызмет істері агенттігін толыққанды стратегиялық HR институты етіп қалыптастыруПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарМҚІА2022 жылғы қараша
82.Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын қазақстандықтарды жұмылдыру мүмкіндігі, Қазақстандағы қоғамдық өмірмен байланысын қолдау мақсатында оларға арналған арнайы сервисті іске қосуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, МҚІА2023 жылғы сәуір
83.Әлемдегі үздік инвестициялық және өндірістік компанияларды үлгі ретінде алып, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ жұмысының жаңа үлгісін түпкілікті айқындауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ, СЖРА2022 жылғы қазан
84.Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және оны Парламентке ұсынуҚазакстан Республикасы Заңының жобасыҰлттық баяндамаҮкімет2022 жылғы желтоқсан2024 жылдан бастап жыл сайын

V. Заң және тәртіп

85.Судьялардың сот төрағаларына тәуелділігін азайтып, оның ішінде сот төрағалары позицияларының бір бөлігін судья лауазымдарына өзгерту есебінен олардың тең мәртебесін қамтамасыз етуҚазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобаларыҚазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының ЗаңыЖС, ЖСК2022 жылғы желтоқсан2023 жылғымаусым
86.Сот төрағалары мен сот алқалары төрағаларын судьялардың өздері сайлайтын элементтерді енгізуҚазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобаларыҚазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының ЗаңыЖС, ЖСК2022 жылғы желтоқсан2023 жылғы маусым
87.Жоғарғы Сот судьяларын Президенттің Сенатқа үміткерлерді баламалы негізде енгізуі арқылы сайлау элементтерін енгізуҚазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобаларыҚазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының ЗаңыЖС, ЖСК2022 жылғы желтоқсан2023 жылғы маусым
88.Сот жүйесіне мықты заңгерлерді тарту үшін тиісті ынталандыру және жағдайлар жасауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарЖС, ЖСК,Үкімет2022 жылғы қараша
89.Барлық деңгейдегі судьяларды іріктеуден бастап оларды тағайындауға ұсыным беруге дейін нақты кадрлық функциялары бар толыққанды институт ретінде Жоғары Сот Кеңесінің рөлі мен мәртебесін нығайту, оның құзырына судья болуға үміткерлерді дайындау, біліктілігін арттыру, шекті жасын ұзарту, жұмыс істеп жүрген судьялардың өкілеттігін тоқтата тұру және тоқтату мәселелерін беруҚазақстан Республикасы Конституциялық заңының,Қазақстан Республикасы Заңының жобаларыҚазақстан Республикасының Конституциялык заңы, Қазақстан Республикасының ЗаңыЖСК, ЖС2022 жылғы желтоқсан2023 жылғы маусым
90.Күштік органдардың судьяларға әкімшілік қысым көрсетуінің барлық амал-тәсілдерін жойып, олардың ықпал етуін доғаруҚазакстан Республикасы Заңының жобасыЖС, БП, ІІМ, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА, ЖСК2022 жылғы желтоқсан
91.Судья заңдылықты өрескел бұзып сот актісін шығарған кезде күшін жойған әрбір сот актісін Сот жюриінің тексеруі тетігін енгізуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарЖСК, ЖС2022 жылғы қараша
92.“Сот төрелігін жүзеге асыру сапасы” өлшемшарты бойынша судьяларды бағалау және жауапкершілікке тарту институтын қайта қарауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарЖС, ЖСК2022 жылғы қараша
93.Апелляциялық сатының бірінші сатыдағы сотка қайтармай, нақты мән-маңызы бойынша шешім қабылдауын қамтамасыз етуҚазақстан Республикасы Заңының жобасыҚазақстан Республикасының Заңыжс2022 жылғы желтоқсан2023 жылғы маусым
94.Әкімшілік әділеттің қолданылу аясын кеңейтіп, рәсімдік-процестік кодекске әкімшілік теріс қылықтардың ауқымды бөлігін және азаматтық- құқықтық дауларды беруҚазақстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет, ЖС, БП, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА, “Атамекен” ҰКП (келісім бойынша)2023 жылғы маусым
95.Сот төрелігінің тең қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында қазіргідей талап- арызда көрсетілген сомадан алынатын пайыз мөлшерінің орнына мүлік даулары бойынша ойға қонымды алым мөлшерін белгілеуҚазакстан Республикасы Заңының жобасыЖС, Үкімет, “Атамекен” ҰКП (келісім бойынша)2022 жылғы желтоқсан
96.Заңнама нормаларын түсіну бойынша мемлекеттік органдар арасындағы, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктерді Үкіметке бекітуҚазақстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет, ЖС, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ2023 жылғы маусым
97.Сот төрелігін атқару ісінде бірізділікті қамтамасыз етуге арналған интеллектуалды талдау жүйесін толыққанды енгізуді жеделдетуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратЖС, Үкімет2023 жылғы наурыз
98.Жаппай тәртіпсіздікке үндегені үшін жазаны қатаңдату жөнінде шаралар қабылдауҚазакстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет, БП, ЖС2022 жылғы желтоқсан
99.Тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар басты айыпталушыларды, мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті күшпен басып алуға әрекеттенгені үшін айыпталушыларды, террористік және экстремистік қылмыс жасағандарды, рецидивистерді, сондай-ақ жұртты азаптаған адамдарды қоспағанда, “қаңтар оқиғасына” қатысушыларға рақымшылық жасау туралы Заң жобасын әзірлеуҚазақстан Республикасы Заңының жобасыҚазақстан Республикасының ЗаңыБП, ЖС, Үкімет2022 жылғы 10 қазан2022 жылғы қараша
100."Қаңтар оқиғасы" кезінде қаза болғандардың қаржылық жағдайы қиын отбасыларына материалдық қолдау көрсету, оның ішінде "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаражаты есебінен материалдық қолдау көрсету мәселелерін пысықтауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, "Қазақстан халқына" ҚҚ (келісім бойынша)2022 жылғы желтоқсан
101.Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру және қарақшылық жасау үшін жауапкершілікті, оның ішінде мұндай қылмыстар бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды доғару арқылы күшейтуҚазақстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет, БП, ЖС2022 жылғыжелтоқсан
102.Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуҚазақстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет, БП, ЖС2022 жылғыжелтоқсан
103.Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнінде кешенді жоспар әзірлеуҚазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасыҮкімет, ҰҚК, БП, ҰБ, ҚМА2023 жылғықаңтар
104.Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерді анықтау және бейтараптандыру жұмысын күшейтуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, БП, ҮҚК2022 жылғыжелтоқсан
105.Азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын арттыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, БП, ҚНРДА, ҚМА2022 жылғыжелтоқсан
106.Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге ревизия жүргізіп, қолданылмайтын не сот төрелігінің сапасына кедергі келтіретін нормаларды алып тастауҚазақстан Республикасы Занының жобасыҮкімет, БП, ЖС, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА2023 жылғынаурыз
107.Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы түзету өкілеттігін құқық қорғау органдарынан Әділет министрлігіне беруПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, БП, ЖС2022 жылғықыркүйек

 

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

 

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-- "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ – "Самұрыұ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры” акционерлік қоғамы
МҚІА-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
БҚДА-Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
СЖҚА-Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
ҚНРДА-Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
СЖРА-Қазақстан Республикасының Стратегиялык жоспарлау және реформалар агенттігі
ҚМА-Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
ЖС-Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
ЖСА-Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі
БП-Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ҰҚК-Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМ-Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ҰБ-Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкі
"Атамекен" ҰКП-"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
“Қазақстан халқына” КҚ-"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры
ЕК-Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы