Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 3315 Жарлығы.
"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 29, 74-баптарына сәйкес қаулы етемiн: Z000132
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мыналарды қоса алғанда 65 судьядан тұрады деп белгіленсін:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасынан;
Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 1999.09.29 N 221, 2012.02.04 № 266; 16.11.2015 № 112 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен. 1-1. Алып тасталды – ҚР Президентінің 10.06.2023 № 252 (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
2. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 29.09.1999 N 221 Жарлығымен.
3. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 наурыздағы N 2909 Жарлығының күшi жойылған деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
| Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентi |
| Қазақстан РеспубликасыПрезидентiнiң1997 жылғы 8 қаңтардағыN 3315 ЖарлығынаҚосымша |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы