Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері заңнаманы бұзуы
Сот актілерін зерделеу барысында (жүргізілген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды бекіту туралы бұйрықтарға, шығарылған нұсқамаларға, тергеп-тексеру тағайындау туралы бұйрықтарға және т.б. шағым жасау) бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттердің іс жүзінде кездескен жалғыз түрі тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да жағдайларын белгілеу және ұстап тұру болып табылатыны анықталды (КК-нің 170-бабы 1-тармағының (1) тармақшасы) КК-нің 170-бабының 2-тармағына сәйкес, егер жиынтығында олар мынадай:
1) осы әрекеттер бәсекелестікті шектеген;
2) мұндай әрекеттердің нәтижесі нарық субъектілерінің әрқайсысының мүддесіне сай келген;
3) нарық субъектілерінің бірі осындай әрекеттерді жасағаны туралы ақпаратты жария түрде мәлімдеуіне немесе олардың бірінің жария түрде орналастыруына байланысты әрекеттері олардың әрқайсысына алдын ала белгілі болған;
4) аталған нарық субъектілерінің әрқайсысының әрекеттері келісілген әрекеттерге қатысатын өзге де нарық субъектілерінің әрекеттерінен туындаған;
5) нарық субъектілерінің әрекеттері осы нарық субъектілеріне тең дәрежеде ықпал ететін мән-жайлардың салдары болып табылмаған (Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасын, тұтыну динамикасын, табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді, тауарларды өндіру, өткізу кезінде пайдаланылатын шикізат пен тауарларға бағаларды өзгерту);
6) тиісті тауар нарығындағы нарық субъектілерінің жиынтық үлесі отыз бес және одан да көп пайызды құраған шарттарды қанағаттандырса, келісілген әрекеттер деп танылуы мүмкін.
Бұл ретте тиісті тауар нарығындағы бір нарық субъектісінің ең төмен үлес шамасы бес және одан да көп пайызды құрауға тиіс.
Бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерге байланысты сот істерін қарау, негізінен, соттар жоғарыда аталған 6 шарттың сақталуына дұрыс назар аударатындығын көрсетті.
ЖШС (№ 5594-22-00-4/640), ЖШС (№ 5594-22-00-4/544) ЖШС (№6001-22-00 6ап/2469) ЖШС (№7194-22-00-4/1453) талап қоюлары бойынша жергілікті соттар шарттар жиынтығының сақталмауын негізді түрде анықтады, оның болуы бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер жасалғанын растауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ЖШС және ЖШС талап қоюы бойынша (№ 6001-23-00 6ап/494) жергілікті соттар монополияға қарсы орган жүргізген талдаудың заңды болуына байланысты талаптарды қанағаттандырудан бас тартты, өйткені нарық шекаралары, уақыт аралығы негізді түрде және тергеп-терсеру объектілерінің әрекеттерінде айқындалған бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттердің белгілері қарастырылған.
Сонымен қатар, ЖС ӘІЖСА жергілікті соттардың шешімімен келіспеді және монополияға қарсы орган шекараларды анықтау мәселесін зерттемеді, тиісінше мұндай деректер талдауда жоқ және тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне тиісті баға беру де мүмкін емес деген қорытындыға келді.
Яғни, нарық субъектілерінің- тергеп-терсеру объектілерінің үстемдік үлестерін растау бойынша мәліметтер жоқ.
Әкімшілік істерді қайтару.
Қайтарулардың ең көп саны «талап қоюшы талап қоюды кері қайтарып алды» ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 6) тармақшасына, сондай ақ «іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды» ӘРПК нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасына келеді.
Негізі (ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігі бойынша)
1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаған және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаған
4) өтінішке қол қоюға немесе оны ұсынуға өкілеттігі жоқ адам қол қояды
5) осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасындағы дау бойынша іс бар
6) талап қоюшы берілген талап қоюды кері қайтарып алды
11) іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды
15) сот өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартты
17) іс осы сотта қаралмайды
ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасы негізінде қайтарулардың көп саны әкімшілік талап қою кезінде талап қоюшылардың жіберген қателіктерімен байланысты екенін көрсетті.
ӘРПК-нің 5-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті болып жеке тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың жария-құқықтық қатынастардағы құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу табылады.
Жария-құқықтық қатынастар құқық субъектілері арасында қатысушылардың бірінің басқаға қатысты өзінің билік өкілеттіктерін жүргізуіне байланысты туындайтынын атап өту маңызды.
ӘРПК-нің 138-бабының бесінші бөлігінің тәртібімен жазбаша пікірді, уәжді ұстанымды ұсынбау ақшалай өндіріп алуды қолдануға негіз болып табылуы мүмкін екендігіне және әкімшілік істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейтініне назар аударған жөн.
Нормативтік құқықтық актілер
Соттар монополияға қарсы заңнаманы қолдануға байланысты істерді қарау кезінде басшылыққа алуы тиіс негізгі нормативтік құқықтық актілер:
1) 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі (КК);
3) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК);
4) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ (ӘҚБтК) кодексі;
5) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ ҚРЗ Заңы (Заң);
6) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (ЖС ӘІЖСА);
7) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және оның аумақтық органдары (монополияға қарсы орган);
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық органдары (Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті орган).
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы