Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры туралы

Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 5 шілде N 416

  2000 жылдың Мәдениетті қолдау жылы болып жариялануына байланысты, сондай-ақ Астана қаласын одан әрі әлеуметтік-мәдени дамыту және аса көрнекті қазақ әншісі Күләш Байсейітованың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында 

қаулы етемін:      

1. Астана қаласындағы опера және балет театрына Ұлттық театр мәртебесі берілсін.      

2. Ұлттық опера және балет театры Қазақстан Республикасы халқының игілігі болып табылады деп белгіленсін.      

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:     

 1) Театрды Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры деп қайта атасын;      

2) Театрға республикалық бюджеттен заңдарда белгіленген тәртіппен қаржылық қаражат бөлуді, сондай-ақ оның шығармашылық ұжымдарын қалыптастыруға жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін;      

3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.     

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Астана қаласының әкімі Театрды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оның қызметкерлеріне басымдықпен тұрғын үй бөлу жөнінде шаралар қолдансын.       

 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы