Көлік құралын қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде залалдың мөлшерін анықтау
А.Т. Н.Ч. материалдық залалды өндіріп алу туралы талап қоюды сотқа беріп, өзінің талаптарында жауапкердің кінәсінен ЖКО орын алғаны, соның салдарынан оның «Hyundai Elantra» маркалы автокөлігіне зақым келтірілгені жөнінде уәж келтірді. Есепке сәйкес автокӛлікті қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан мүмкін емес деп танылды.
Сақтандыру компаниясы 553 770 теңге франшизаны және 2 269 468 теңге жарамды қалдықтар сомасын шегеріп, 5 087 762 теңге мөлшерінде сақтандыру төлемін жүргізді.
Осыған байланысты Н.Ч. зиян мөлшері туралы есепке сәйкес залал сомасы мен сақтандыру төлемі арасындағы 9 236 325 теңге мөлшеріндегі айырманы, эвакуатордың қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстар 12 000 теңгені өндіріп алуды өтінді.
Атырау қалалық сотының 2022 жылғы 7 қарашадағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды. Н.Ч. А.Т. пайдасына 553 770 теңге мөлшерінде материалдық залал, эвакуатор қызметтері - 12 000 теңге, өкілдік қызметтер - 56 577 теңге, мемлекеттік баж -5 658 теңге мөлшерінде ӛндірілді.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 23 ақпандағы қаулысымен соттың шешімі материалдық залалдың өндіріп алынған сомасын 7 320 544 теңгеге дейін, өкілдік шығыстарды 200 000 теңгеге дейін, мемлекеттік бажды 73 205 теңгеге дейін ұлғайта отырып өзгертілді.
ҚР ЖС-нің азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 21 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күші жойылды.
Дауды шешу кезінде бірінші сатыдағы сот талап қоюды ішінара қанағаттандыру және талап қоюшыға сақтандырушы төлемеген 553 770 теңге мөлшеріндегі франшизаны, сондай-ақ эвакуатордың қызметтері үшін залалды өтеу туралы қорытындыға келді.
Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп, өндіріп алынған соманы 7 320 544 теңгеге дейін ұлғайта отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларына сәйкес көлік құралы толық жойылған жағдайда зиян мөлшері сақтандыру жағдайы басталған күнгі құны оның нарықтық құнына қарай айқындалатынын негізге алған.
Сонымен қатар апелляциялық қаулының мазмұнынан залалдың мӛлшерін анықтау кезінде сот автомобильдің қандай нарықтық құнын назарға алғаны анық емес, тиісті дәлелдемелер мен есептеулер келтірілмеген.
ҚР ЖС-нің сот алқасы апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауға негізделген істің нақты мән-жайларына сәйкес келмейді деген түйінге келді.
Іс материалдары бойынша сақтандырушы талап қоюшының автокөлігінің сақтандыру құнына сәйкес бағаланатын объектінің жақын аналогтары болып табылатын бірнеше кӛлік құралдарының сату бағалары туралы ақпаратқа сәйкес сатуды тікелей салыстырмалы талдау әдісімен ұқсас бүтін автокөліктің орташа нарықтық құнын анықтаған.
Жоғарыда айтылғандар мына мән-жайлармен расталады: зақымдалған автокөлікті қалпына келтірудің экономикалық тиімсіздігін есептеу талап қоюшының көлік құралын қалпына келтіру құнының сақтандыру құнына қатынасы ретінде жүргізілген.
Осыған байланысты, есепте кӛрсетілген автокӛліктің 7 911 000 теңге мөлшеріндегі сақтандыру құны тараптар келіскен сақтандыру жағдайы басталған күнгі көлік құралының нарықтық құны болып саналуы тиіс, ол азаматтар мен заңды тұлғалардың шарт жасасудағы еркіндігін ескере отырып (380-бап) автомобильдің нақты нарықтық құнына сәйкес келмеуі мүмкін.
Талап қоюшы есепке дау айтпады, керісінше, сотқа мәлімделген талаптың негіздемесіне ұсынылған сақтандыру төлемінің сомасын алған.
Демек, талап қоюшы сақтандырушының белгілі бір зиян мөлшері мен автомобильдің нарықтық құнының нәтижесімен келіскен.
Қалпына келтіруге қатысты жөндеуді жүргізу мүмкін емес деп танылғандықтан, оны жөндеуге есептелген шығындар автомобиль құнынан асып кетуіне, талап қоюшының жарамды қалдықтардан бас тартпауына байланысты, бірінші сатыдағы сот талап қоюшының иелігінде қалған жарамды қалдықтарды (2 269 468 теңге) және сақтандыру өтемін (5 087 762 46 теңге) шегеріп, автомобильдің құнының (7 911 000 теңге) негізінде залал мӛлшерін заңды түрде есептеді.
Осылайша, бірінші сатыдағы сот дауды дұрыс шешу үшін маңызы бар істің мән-жайларын объективті түрде анықтады және қолданылатын материалдық құқық нормаларын қолданды.
Істердің соттылығы
Істердің соттылығы АПК-нің 29-бабында белгіленген жалпы қағидаларға сәйкес, яғни жауапкер жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша немесе жауапкер заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша айқындалады.
Сонымен қатар, мертігуден немесе денсаулығының ӛзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды ӛтеу туралы талап қоюларды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша бере алады (АПК-нің 30-бабының бесінші бӛлігі).
Мемлекеттік баж сотқа берілетін талаптардан
«Салық және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдер туралы» ҚР Кодексінің (Салық кодексі) 610-бабының 1-тармағына сәйкес, материалдық залалды ӛндіріп алу туралы сотқа берілетін талаптардан мемлекеттік баж мынадай: жеке тұлғалар үшін талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен аспайтын, заңды тұлғалар үшін талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайтын, мүліктік емес сипаттағы талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК мӛлшерінде алынады.
Талап қоюшылар мертігуден немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды ӛтеу туралы талап қоюлар бойынша Салық кодексінің 616-бабы 5) тармақшасының негізінде мемлекеттік баж тӛлеуден босатылды.
Заңнамада сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмеген
Заңнамада жоғары қауіптілік кӛзінен (бұдан әрі – ЖҚК) келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшының сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмегенін соттардың назарда ұстағаны жөн.
Мысал: Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 2023 жылғы 5 сәуірдегі ұйғарымымен Д.Н. Қ.Қ. және Е.Ж. ЖҚК-ден келтірілген материалдық залалды ӛндіріп алу туралы талап қоюы дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтамауына байланысты қараусыз қалдырылған.
ҚР АПК-нің 279-бабының 1) тармақшасына сәйкес сот, егер талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта кӛзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, талап қоюды қараусыз қалдырады.
Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады (ҚР АПК 8-бабының алтыншы бӛлігі). К
Көрсетілген нормалар ескеріле отырып, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2023 жылғы 18 мамырдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күші жойылып, істі мәні бойынша қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа берілді.
Талапкерлер ол азаматтар мен заңды тұлғалар болып табылады
ҚР АПК-нің 47-бабының бірінші бөлігіне сәйкес өздерінің бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қою берген немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар оларды қорғап талап қою берген азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады.
Тиісті жауапкерді анықтау
Барлық жағдайда тиісті жауапкер – ЖҚК нің иесін дұрыс анықтай бермейтінін көрсетті, соттар көлік құралының кімнің заңды иелігінде екендігі жӛнінде дәлелдемелерді талап етпей, жауапкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы ұсынылған қаулылармен шектелген.
Сот практикасы кӛрсеткендей, әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам бір мезгілде тиісті жауапкер – ЖҚК-ның заңды иесі бола бермейді.
ҚР АК 931-бабы бірінші бӛлігінің 2-абзацына сәйкес зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердi беру туралы құзіреттi органның өкiмi арқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi.
Көлік құралының иесі жӛнінде ұқсас анықтама «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының 1-бабының 8) тармақшасында және «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңының 1-бабының 29) тармақшасында берілген.
Қолданыстағы заңнамада ЖҚК иесінің анықтамасы толық болып табылмайды.
Нормативтік құқықтық база
Осы құқықтық қатынастарды реттейтін және талданатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын нормативтік құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК);
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі АПК);
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтК);
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);
- «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы №8 нормативтік қаулысы;
- «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысы;
2 - «Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 нормативтік қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары;
- «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығымен бекітілген Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидалары;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы