ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ДАУ АЙТУ
Заңның 47-бабының 3-тармағына сәйкес осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалған жағдайда, шағым Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит шеңберінде қаралады.
МАжҚБ туралы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның жоспардан тыс аудиті:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларының тапсырмалары бойынша; және оның
4) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, оларда жазылған мәселелер бойынша ғана жүргізіледі. № 598 Қағидалардың 9-тармағында мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғаннан кейін бұзушылықтар анықталған кезде Заңның 17 бабының 6-тармағына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит немесе Заңның 18-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит жүргізіледі делінген.
Әлеуетті өнім беруші конкурс қорытындыларымен келіспеген кезде камералдық бақылау тәртібімен шағым беру мерзімінің ӛтуі оны ішкі мемлекеттік аудит органдарына шағым беру мүмкіндігінен айырмайды. Мемлекеттік сатып алуды бақылау және шағымды қарау электрондық мемлекеттік аудит шеңберінде жүргізіледі.
Мысалы, Басқарма «Үлкен Шаған-Переметное 0-42 км» автомобиль жолын ұстауға ашық конкурс ӛткізген.
Конкурстың жеңімпазы ретінде «BM» ЖШС танылды. Әлеуетті ӛнім беруші «ВП» ЖШС –дан келіп түскен конкурс нәтижелерімен келіспейтінгі туралы өтінішке байланысты ІМАД ішкі мемлекеттік аудитті жүргізеді.
Тексеру нәтижелері бойынша аудиторлық есеп пен аудиторлық қорытынды жасалып, Басқарманың атына нұсқама жазылады. Басқарма осы актілерді сот тәртібімен даулап, аталған базаның жолға қызмет көрсету үшін қажет екенін негізге келтіреді.
Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылды. Аудиторлық есептің 1-тармағының 1.2-тармақшасы, аудиторлық қорытынды, бұзушылықты жою туралы нұсқама заңсыз деп танылды.
ӘІСА-ның қаулысымен сот шешімі өзгертілді, Басқарманың аудиторлық есеп пен аудиторлық қорытындыны заңсыз деп тану туралы талап қоюын қанағаттандыру бӛлігінде, күші жойылды. Көрсетілген бӛлікте талап қою қайтарылды.
Сот шешімі қалған бӛлігінде ӛзгеріссіз қалдырылды. Кассациялық сатыда сот актілері күшінде қалдырылды. Жергілікті соттардың түйіндері бойынша: ІМАД есепте және қорытындыда Басқарма конкурстық құжаттамада МСА туралы Заңның 21-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Қызмет кӛрсетілетін автожол учаскесі ауданындағы база» материалдық ресурсының болуы туралы басқарылмайтын талапты әлеуетті ӛнім берушілерге заңсыз белгілегенін көрсетті.
Заңның 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес МСА-ны жүзеге асыру, оның ішінде, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру қағидатына негізделеді.
Заңның 9-бабына сәйкес әлеуетті ӛнім берушілерге МСА туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстары болуына біліктілік талаптары қойылады.
Осы өлшемшарт бойынша әлеуетті ӛнім беруші «ВП» ЖШС автожолға қызмет кӛрсету үшін қажетті базасы бар ретінде жіберілгені анықталды.
Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері бойынша осы әлеуетті ӛнім беруші басқа негізде – материалдық ресурстар - – 1 бірлік – жіктерді дайындау және құюға арналған жабдықтар жиынтығының жоқтығына орай қабылданбаған.
Соттар Департаменттің ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге әкімшілендірілмейтін талаптарды заңсыз белгілегені туралы дәлелдерін қабылдаған жоқ. өткізу Уәкілетті орган конкурсты ұйымдастырушының кінәсін және конкурсты кезінде оның тарапынан жіберілген заң бұзушылықтарды дәлелдемегендіктен, соттар кӛрсетілген құжаттардың негізінде шығарылған ұйғарымды заңсыз деп таныған.
Департамент камералдық бақылау жүргізуі тиіс еді және электрондық мемлекеттік аудит жүргізу үшін заңды негіз болған жоқ.
МАжҚБ туралы Заңның 31-бабына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, ішкі мемлекеттік аудит жӛніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ресімдейді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтар сипатымен қоса мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тексерілетін тұлғаға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап, он жұмыс күні ішінде дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Тапсырыс беруші «Жас маман» жобасы аясында желілік әкімшілендіру бойынша оқу кабинетіне» аукцион тәсілімен конкурс жариялаған.
2021 жылғы 27 ақпандағы конкурс қорытындылары туралы хаттамамен әлеуетті ӛнім беруші «PKZ» ЖШС нақты модельді кӛрсетпегендіктен, «Антивирус» операциялық жүйесін», «интерактивті оқытуға арналған бағдарламалық қамтылымды» әзірлеушіден авторландырылған хаттарды ұсынбағандықтан, оның конкурстық өтінімі қабылданбаған.
Әлеуетті өнім беруші «PKZ» ЖШС-ның 2021 жылғы 2 наурыздағы шағымымен Департамент тексеру жүргізіп, оның нәтижесінде шағым қанағаттандырылды
МАжҚБ туралы Заңның 31-бабының 1-тармағын бұза отырып, Департамент бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны шығармаған, ал бұл құжат бұзушылықтар анықталған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылуы тиіс.
Әлеуетті өнім беруші шағымды МСА туралы Заңның 47-бабы 2, 3 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес 5 жұмыс күні ішінде берген. Егер шағым уәкілетті органға бес жұмыс күні өткеннен кейін берілсе, онда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит шеңберінде қаралады (Заңның 47-бабының 2 тармағы).
Бұл жағдайда мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама 2021 жылғы 27 ақпанда орналастырылған, бұл ретте, серіктестік шағымды уәкілетті органға 2021 жылғы 2 наурызда, яғни, 5 жұмыс күні ішінде берген.
Нәтижесінде тапсырыс берушінің атына 2021 жылғы 8 маусымда бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарау туралы нұсқама енгізілді. Жергілікті соттар жауапкердің аудиторлық тексеру тағайындау туралы әрекетін және тексеру тағайындау туралы актіні заңсыз деп таныды.
Әкімшілік актінің өзіне дау айтылғандықтан, талап қоюшының аудиторлық тексеруді тағайындау туралы жауапкердің әрекетін тану туралы талабы дұрыс мәлімделмегенін атап өткен жөн.
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіге, әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.
ӘРПК-нің 4 бабы 1-бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) – әкімшілік органның, лауазымды адамның жария-құқықтық қатынастардағы әкімшілік акт болып табылмайтын әрекеті (әрекетсіздігі).
Дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі
МСА туралы Заңның 47-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешім қабылдайды не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Шағымды Уәкілетті органның осы баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында көзделген шағымдануға құқылы.
Тәртіппен апелляциялық комиссияға Заңның көрсетілген нормасының мағынасынан туындайтыны, әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оның шешіміне жоғары тұрған органға шағымдану әлеуетті өнім берушінің құқығы болып табылады.
Сотқа Алайда, Заңның 9-тармағы осы бапта көзделген дауларды реттеудің дейінгі регламенттейді.
Тәртібі міндетті болып табылатынын «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 58-6 бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.
Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларының 33-тармағына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының шешімімен және (немесе) осы Қағидалардың 26-тармағы 2-бөлігінің 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген аумақтық бӛлімшенің хабарламасымен келіспеген кезде тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы апелляциялық комиссияға осы Ереженің 7-қосымшасының нысанына сәйкес шағым береді не сотқа жүгінеді.
ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ
ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігіне сәйкес жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттардың соттылығына жатады.
№ 4 ЖСНҚ-ның 2-тармағында МСА қорытындыларына, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне, сондай-ақ, өткізілген МСА-ны тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, хабарламаларына дау айту талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша ӘРПК-нің 106 бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны түсіндірілген.
Егер талап қоюшы конкурс қорытындыларын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар МСА туралы жасалған шартты жарамсыз деп осы негізбен тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84-бабы үшінші бөлігінің, 155-бабы үшінші бөлігінің, 156-бабы екінші бӛлігінің талаптарын ескере отырып, МАӘС-те бірлесіп қарауға жатады.
№ 4 ЖСНҚ мұндай жағдайда қойылған талаптың шартты жарамсыз деп тану бөлігінде талап қоюшыдан дауды сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібін сақтау талап етілмейтінін де көздейді.
Тапсырыс берушінің, МСА-ны ұйымдастырушының, МСА-ны бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, МСА саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сондай-ақ, уәкілетті орган мен МАжҚБ органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне әлеуетті өнім берушінің талап қоюлары МАӘС-тің қарауына жатады.
Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдануға байланысты МСА-ны ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ, МСА туралы шарттарды орындаудан туындайтын талап қоюлар МАЭС-тің қарауына жатады.
Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес МСА-ға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні МСА-ға жосықсыз қатысушы деп тану туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту туралы талап қоюлар МАӘС-тің қарауына жатады.
СОТТАРДАҒЫ ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР
ӘРПК-нің 9-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.
МСА-ға қатысушылар ӘРПК-іде белгіленген мерзімде сотқа жүгінуге құқылы.
Әлеуетті өнім берушілер негізінен уәкілетті органдардың шешімдеріне, тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушылардың мемлекеттік сатып алу саласындағы шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ӘРПК-нің 132-бабындағы тәртіппен дау айтады.
Бұл ретте, ӘРПК-нің 136-бабында талап қоюмен сотқа жүгінудің түпкілікті мерзімдері белгіленген.
Дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап, бір ай ішінде сотқа беріледі.
Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап, бір ай ішінде беріледі.
Дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беруге арналған мерзімді сот АПК қағидалары бойынша қалпына келтіруі мүмкін.
Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімдерді өткізіп алу себептері мен олардың мәнін әкімшілік істің дұрыс шешілуі үшін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.
Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ, сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.
Алдын ала тыңдауда сот мерзімді өткізіп алу себептерін анықтайды және өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені шешеді.
Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда талап қоюды қайтарады.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (АК);
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (АПК)
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПK);
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; - Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МСА туралы заң);
- «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МАжҚБ туралы заң);
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 648 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (№ 694 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (№ 598 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (№ 392 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (қолданылу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 1200 Қағидалар);
- «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы (№ 4 ЖСНҚ);
- Қордың Директорлар кеңесі басқармасының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31/19 шешімімен бекітілген Қордың сатып алу қызметін басқару стандарты;
- Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтік құқықтық актілері.
ҚЫСҚАРТУЛАР
әкімакт – әкімшілік акт
МСА – мемлекеттік сатып алулар;
ЖҚТ – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;
МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
ӘІСА – облыстық соттың әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
ҚР ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
МАЭС – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазынашылық – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
ІМАК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;
ДВГА – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
МАжҚБ – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау;
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы