Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Әдістеме / Ұсынымдар / Нұсқаулар / Өкім / Ғылыми-практикалық базаларда оқытуға арналған шығыстарды есептеу әдістемесін, білім беру ұйымы мен ғылыми-практикалық база арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы

Ғылыми-практикалық базаларда оқытуға арналған шығыстарды есептеу әдістемесін, білім беру ұйымы мен ғылыми-практикалық база арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Ғылыми-практикалық базаларда оқытуға арналған шығыстарды есептеу әдістемесін, білім беру ұйымы мен ғылыми-практикалық база арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 9 қарашадағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 қарашада № 40390 болып тіркелді

  "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына сәйкес және ғылыми-практикалық базаларда оқыту құнын айқындаудың бірыңғай тәсілін енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) ғылыми-практикалық базаларда оқытуға арналған шығыстарды есептеу әдістемесі;

      2) білім беру ұйымы мен ғылыми-практикалық база арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа тиіс.

 

Қазақстан РеспубликасыДенсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыТ. Султангазиев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыҒылым және жоғары білім министрлігі

 

 Қазақстан РеспубликасыДенсаулық сақтау министрініңміндетін атқарушы2026 жылғы 9 қарашадағы№ 164 бұйрығыменбекітілген

 

Ғылыми-практикалық базаларда оқытуға арналған шығыcтарды есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми-практикалық базаларда оқытуға арналған шығыстарды есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары білім алушыларының ғылыми-практикалық базаларда практикалық даярлығын ұйымдастыруға байланысты шығыстарды есептеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының ғылыми-практикалық базасы – клиникалық базалар, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалары, университет ауруханалары, резидентура базалары, санитариялық-эпидемиологиялық практика базалары.

      2) интерн-дәрігер – интернатура шеңберінде білім алып жатқан және тәлімгердің жетекшілік етуімен клиникалық және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық практикаға шектеулі рұқсат беріліп, кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан дәрігер;

      3) резидент-дәрігер – резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің жетекшілік етуімен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;

      4) тәлімгер – медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар мен жас мамандарды кәсіптік құзыреттерді, практикалық дағдыларды меңгеру және кәсіптік бейімделу процесінде сүйемелдеу үшін денсаулық сақтау ұйымының, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын, кемінде бес жыл өтілі бар, қызметін білім берудің, ғылым мен практиканың үш тұғырлығы негізінде жүзеге асыратын медицина немесе фармацевтика қызметкері;

      3. Әдістеменің мақсаты – білім алушылардың ғылыми-практикалық базаларда практикалық даярлығын өткізуге байланысты шығыстарды айқындаудың бірыңғай тәсілін белгілеу.

      4. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін білім алушылар деп денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын меңгеретін және ғылыми-практикалық базада практикалық даярлықтан өтетін адамдар, оның ішінде интерн-дәрігерлер мен резидент-дәрігерлер танылады.

      5. Практикалық даярлық білім беру бағдарламасының білім алушылардың ғылыми-практикалық базада практикалық дағдылары мен кәсіптік құзыреттерін меңгеруіне бағытталған бөлігі болып табылады.

2-тарау. Ғылыми-практикалық базаларда оқытуға арналған шығыстарды есептеу тәртібі

      6. Білім алушыларды ғылыми-практикалық базаларда практикалық даярлығын ұйымдастыруға байланысты шығыстар ғылыми-практикалық базаның білім алушыларды практикалық даярлауды қамтамасыз етуге тікелей қатысты шығыстары негізінде практикалық даярлау кезеңі үшін есептеледі.

      7. Шығыстарды есептеу кезінде ғылыми-практикалық базаның қызметі ескеріледі. Шығыстарды есептеу практикалық дайындық жүзеге асырылатын мамандықты ескере отырып, әрбір білім алушыға жеке жүргізіледі.

      Шығыстар құрамына тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеу, материалдық шығындар, амортизациялық, коммуналдық, пайдалану және әкімшілік шығыстар кіреді.

      Практикалық даярлықты ұйымдастыруға арналған шығыстардың жалпы сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      ШЖ = ТА + Ш,

      мұнда:

      ШЖ – практикалық даярлықты ұйымдастыруға арналған шығыстардың жалпы сомасы;

      ТА – тәлімгерлікке ақы төлеуге арналған шығыстар;

      Ш – білім беру ұйымы мен ғылыми-практикалық база арасында келісілген шығыстар (материалдық шығындар, амортизациялық, коммуналдық, пайдалану және әкімшілік шығыстар).

      8.Ғылыми-практикалық база тек жүзеге асыратын қызметінің сипатына сәйкес келетін шығыстарды ғана қолдануға құқылы.

      9. Ғылыми-практикалық базаның негізгі қызметі мен білім алушылардың практикалық даярлығы үшін ресурстарды бірлесіп пайдаланған кезде шығыстарды бөлу оларды нақты пайдалану көлеміне пропорционалды түрде жүзеге асырылады. Бір шығыстарды әртүрлі қаржыландыру көздері есебінен қайталап өтеуге жол берілмейді.

      10. Тәлімгердің еңбегіне ақы төлеу мөлшері, тәртібі мен мерзімдері практикалық даярлық кезеңі, тәлімгерге бекітілген білім алушылар саны, тәлімгер орындайтын жұмыстың көлемі мен сипаты ескеріле отырып, білім беру ұйымы мен ғылыми-практикалық база арасындағы келісім бойынша айқындалады.

      11. Тәлімгерді ақы төлеуге арналған шығыстар оның тиісті кезеңдегі жалпы жұмыс уақыты ішінде тәлімгерлік функцияларын орындауға іс жүзінде жұмсаған жұмыс уақытының үлесі негізінде есептеледі. Тәлімгердің тәлімгерлік функцияларын орындауға жұмсаған уақыты жұмыс уақытын есепке алу құжаттары, білім алушыларды тәлімгерлерге бекіту туралы бұйрықтары, практикалық даярлық графиктері негізінде айқындалады.

      Еңбекақы төлеу шығыстарының мөлшері есептеу ведомостары мен еңбекақыны есептеу бойынша құжаттар негізінде айқындалады.

      12. Материалдық шығындарға жеке қорғаныш құралдары, дезинфекциялау құралдары, шығыс медициналық материалдары, кеңсе тауарлары, оқу және әдістемелік материалдар, сондай-ақ білім алушылардың практикалық даярлығы кезінде тікелей пайдаланылатын өзге де материалдар жатады.

      13. Материалдық шығындар бекітілген шығыс нормалары, өткен есепті кезеңдегі материалдардың нақты жұмсалуы және оны растайтын бухгалтерлік есеп құжаттар негізінде айқындалады.

      14. Амортизациялық шығыстарға білім беру процесінде пайдаланылатын симуляциялық жабдықтар, медициналық тренажерлер, диагностикалық жабдықтар, компьютерлік техника және бағдарламалық қамтылым бойынша амортизациялық аударымдар жатады.

      15. Амортизациялық шығыстар білім алушыларды практикалық даярлауда іс жүзінде пайдаланылатын жабдықтар бойынша амортизациялық аударымдар бөлігінде есептеледі.

      Есептелген амортизациялық аударымдардың мөлшері бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалады. Практикалық даярлыққа арналған жабдықтар мен активтерді пайдалану көлемі мен ұзақтығы графиктер, оларды пайдалану журналдары және растаушы құжаттар негізінде айқындалады.

      16. Коммуналдық және пайдалану шығыстарына білім алушылардың практикалық даярлауды ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын үй-жайларды, жабдықтарды және инфрақұрылым объектілерін күтіп-ұстау шығыстары жатады.

      Есепке практикалық даярлықта пайдаланылатын үй-жайлардың ауданын және оларды білім беру процесінде пайдалану ұзақтығын ескере отырып анықталатын тиісті шығыстардың бір бөлігі кіреді.

      Коммуналдық және пайдалану шығыстарының мөлшері шоттардың, актілердің, бухгалтерлік есепке алу деректерінің, техникалық құжаттаманың, үй-жайлардың пайдалану кестелері мен графиктері және өзге де растаушы құжаттар негізінде айқындалады.

      17. Әкімшілік шығыстарға білім алушылардың практикалық даярлығын ұйымдастыруға тікелей байланысты мынадай шығыстар жатады:

      кадрлық сүйемелдеу;

      бухгалтерлік сүйемелдеу;

      құжаттаманы және есептілікті жүргізу;

      білім алушылардың базаға қол жеткізуін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      байланыс және ақпараттық сүйемелдеу қызметтері.

 

 Қазақстан РеспубликасыДенсаулық сақтау министрініңміндетін атқарушы2026 жылғы 9 қарашадағы№ 164 бұйрығыменбекітілген

 

      Үлгілік шарт нысаны

 Білім беру ұйымы мен ғылыми-практикалық база арасындағы бірлескен қызмет туралы үлгілік шарт нысаны

 

________________ қ.

20___ жылғы "___" __________

 

      ___________________________________________________________________,(білім беру ұйымының толық атауы)

      бұдан әрі "Білім беру ұйымы" деп аталатын,

      ___________________________________________________________________,

      негізінде әрекет ететін _______________________________________________,

      тұлғасында, бір тараптан, және

      __________________________________________________________________,(ғылыми-практикалық базаның толық атауы)

      бұдан әрі "Ғылыми-практикалық база" деп аталатын,

      ___________________________________________________________________,

      негізінде әрекет ететін ________________________________________________

      тұлғасында, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар,

      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және білім беру саласындағы

      заңнамасын басшылыққа ала отырып, осы Шартты төмендегілер туралы жасасты.

1. Шарттың мәні

      1.1. Осы Шарт білім алушылардың, оның ішінде интерн-дәрігерлер мен резидент-дәрігерлердің практикалық және клиникалық даярлығын ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша Тараптардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ осындай даярлықты ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру және өтеу тәртібін айқындайды.

      1.2. Практикалық даярлық білім беру бағдарламаларына, оқу жоспарларына, оқу процесінің графиктеріне және даярлықтың жеке жоспарларына сәйкес Ғылыми-практикалық базаның бейінді мамандары қатарынан тәлімгерлердің жетекшілік етуімен жүзеге асырылады.

2. Білім беру ұйымының құқықтары мен міндеттері

      2.1. Білім беру ұйымы:

      1) білім беру процесін бекітілген білім беру бағдарламаларына, оқу жоспарларына және оқу процесінің графиктеріне сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;

      2) білім алушылардың практикалық даярлығының мазмұны мен көлемін айқындауға;

      3) практикалық дярлықты әдістемелік және ұйымдастырушылық тұрғыдан сүйемелдеуді қамтамасыз етуге;

      4) Ғылыми-практикалық базада білім беру процесін ұйымдастыруға жауапты жұмыскерлерді тағайындауға;

      5) білім алушыларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен, ішкі тәртіп, еңбекті қорғау және қауіпсіздік қағидаларымен таныстыруды қамтамасыз етуге;

      6) Ғылыми-практикалық базамен бірлесіп практикалық даярлық нәтижелерін бағалауға қатысуға;

      7) дербес деректерді қорғау, дәрігерлік құпия және құпия ақпарат жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;

      8) Ғылыми-практикалық базаны білім беру бағдарламаларындағы, графиктердегі өзгерістер және практикалық даярлық ұйымдастыру үшін маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуге;

      9) практикалық даярлық ұйымдастыруға арналған шығыстарды, соның ішінде тәлімгерлікке ақы төлеуді және өзге де келісілген шығыстарды осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өтеуді жүзеге асыруға міндетті.

      2.2. Білім беру ұйымы:

      1) Ғылыми-практикалық базаға білім алушыларды келісілген мерзімдер мен оларды санға сәйкес жіберуге;

      2) Ғылыми-практикалық база ұсынған үй-жайларды, жұмыс орындар мен жабдықтарды білім беру процесіне қажетті шектерде пайдалануды жүзеге асыруға;

      3) дербес деректерді қорғау, дәрігерлік құпия және қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпарат туралы заңнама талаптарын сақтай отырып, білім беру процесін ұйымдастыруға қажетті ақпаратты алуға;

      4) Ғылыми-практикалық база жұмыскерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру және ғылыми қызметке тартуға;

      5) білім алушылардың практикалық даярлығының сапасына байланысты мәселелерді шешуге қатысуға;

      6) практикалық және клиникалық даярлықты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

3. Ғылыми-практикалық базаның құқықтары мен міндеттері

      3.1. Ғылыми-практикалық база:

      1) білім алушылардың практикалық және клиникалық даярлығын Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру бағдарламаларына сәйкес өткізу үшін жағдайларды қамтамасыз етуге;

      2) білім беру процесінде пайдаланылатын қажетті үй-жайларды, жұмыс орындарын ұсынуға және жабдықтарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

      3) білім алушылардың болуы және практикалық даярлықтан өтуі үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге;

      4) заңнама талаптарын және пациенттердің құқықтарын ескере отырып, білім алушылардың құрылымдық бөлімшелер мен пациенттерге білім беру бағдарламасын орындау үшін қажетті көлемде қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      5) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес тәлімгерлерді тағайындауға;

      6) практикалық даярлық кезеңінде білім алушылардың қызметін сүйемелдеуді және бақылауды қамтамасыз етуге;

      7) еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен ішкі тәртіп қағидалары бойынша нұсқамалық жүргізуге;

      8) білім алушылардың медициналық цифрлық жүйелерге тек оқу және клиникалық тапсырмаларды орындау үшін қажетті көлемде ғана қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      9) құпиялылық, дербес деректерді қорғау және дәрігерлік құпия талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      10) білім алушылардың практикалық дағдылары мен құзыреттерін бағалауға қатысуға;

      11) білім беру ұйымына практикалық даярлықтан өту нәтижелері туралы ақпаратты ұсынуға;

      12) заңнамада және (немесе) Тараптардың келісімінде мұндай міндет көзделген жағдайларда білім алушыларды жеке қорғаныш құралдарымен және қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етуге;

      13) Білім беру ұйымына білім алушылардың ішкі тәртіп қағидаларын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, құпиялылық пен дәрігерлік құпия талаптарын бұзғаны туралы дереу хабарлауға;

      14) Ғылыми-практикалық базаның мүмкіндіктері шегінде білім алушылардың жеке дайындық жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын орындауы үшін жағдайларды қамтамасыз етуге;

      15) осы Шарт шеңберінде Білім беру ұйымынан алынған қаражат есебінен қызметкерлерге тәлімгерлік үшін ақы төлеуді жүзеге асыруға;

      16) Білім беру ұйымына практикалық дайындықты ұйымдастыруға байланысты шығыстарды растайтын, осы Шартта көзделген құжаттарды ұсынуға міндетті.

      3.2. Ғылыми-практикалық база:

      1) білім алушылардан ішкі тәртіп, еңбекті қорғау және қауіпсіздік қағидаларын сақтауды талап етуге;

      2) Білім беру ұйымынан практикалық дайындықты ұйымдастыруға қажетті ақпаратты алуға;

      3) білім беру бағдарламалары мен практикалық дайындықты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      4) осы Шарттың талаптарына сәйкес тәлімгерлікке ақы төлеуге және өзге де келісілген шығыстарға қаражаттың уақтылы аударылуын талап етуге құқылы.

4. Есептесу және қаржыландыру тәртібі

      4.1. Практикалық даярлықты ұйымдастыруға арналған шығыстар Ғылыми-практикалық базаларда оқыту шығыстарын есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі және мыналарды қамтиды:

      1) тәлімгерлікке ақы төлеу шығыстары;

      2) Тараптар келіскен, практикалық даярлықты ұйымдастырумен тікелей байланысты өзге де шығыстар.

      4.2. Шығыстардың жалпы сомасы тәлімгерлікке ақы төлеу шығыстары мен Тараптар келіскен өзге де шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      4.3. Тәлімгерлікке ақы төлеу мөлшері практикалық даярлық кезеңі, тәлімгерге бекітілген білім алушылардың саны, орындалатын жұмыстың көлемі мен сипаты ескеріле отырып, Тараптармен айқындалады және осы Шартқа қосымшада көрсетіледі.

      4.4. Практикалық даярлықты ұйымдастырумен тікелей байланысты өзге де шығыстарды өтеудің тізбесі, мөлшері мен тәртібі Тараптардың келісімі бойынша айқындалады және осы Шартқа қосымшада көрсетіледі.

      4.5. Қаражатты аударуды Білім беру ұйымы Ғылыми-практикалық базаның мекенжайына Тараптар келіскен мерзімде және тәртіппен, тәлімгерліктің жүзеге асырылуын және өзге де келісілген шығыстарды растайтын, осы Шартта көзделген құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      4.6. Ғылыми-практикалық база тәлімгерлікке ақы төлеуге алынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді және тәлімгерлерге ақы төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында және ұйымның ішкі актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      5.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      5.2. Ғылыми-практикалық база осы Шартта көзделген практикалық даярлық үшін жағдайлар жасау бойынша міндеттемелердің тиісінше орындалуына жауапты болады.

      5.3. Білім беру ұйымы білім беру процесін ұйымдастыруға және практикалық даярлықтың бекітілген білім беру бағдарламасына сәйкестігіне жауапты болады.

      5.4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Тараптардың жазбаша келісімінде өзгеше белгіленбесе, әрбір Тарап өзіне берілген мүліктің сақталуына жауапты болады.

      5.5. Тараптар дербес деректерді, дәрігерлік құпияны және қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді.

      5.6. Егер міндеттемелерді орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған еңсерілмейтін күш мән-жайларынан туындаса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.

6. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу

      6.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы "___" __________ дейінгі мерзімге жасалады.

      6.2. Шарттың қолданылу мерзімі Тараптардың жазбаша келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      6.3. Шарт мына жағдайларда бұзылуы мүмкін:

      1) тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша;

      2) тараптардың бірінің бастамасы бойынша, екінші Тарапты болжамды бұзылу күніне дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабардар ете отырып;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

      6.4. Шартты бұзу Тараптарды ол бұзылған күнге дейін туындаған міндеттемелерді орындаудан, соның ішінде нақты жүзеге асырылған практикалық дайындық үшін есептесулер бойынша босатпайды.

7. Қорытынды ережелер

      7.1. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда қосымша келісіммен ресімделеді және Тараптардың уәкілетті өкілдерімен қол қойылады.

      7.2. Осы Шартты орындау кезінде туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу жолымен, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

      7.3. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар екі данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалады.

      7.4. Осы Шарттың ажырамас бөлігі тәлімгерлікке ақы төлеу және өзге де шығыстарды есептеуді, білім алушылар мен тәлімгерлердің санын, практикалық даярлық графиктерін, сондай-ақ Тараптар келіскен өзге де шарттарды қамтитын қосымшалар болып табылады.

8. Тараптардың заңды мекенжайлары мен реквизиттері

 

Жүктеу

Білім беру ұйымыҒылыми-практикалық база
Толық атауы: _____________________Мекенжайы: _____________________БСН: ____________________________ЖСК: ____________________________БСК: ____________________________Телефон: ________________________Электрондық пошта:________________________________Басшысы:______________________________ /______________________________________________________________(қолы)(Т.А.Ә.) (ол болған жағдайда)) М.О.Толық атауы: ____________________Мекенжайы: ____________________БСН: ___________________________ЖСК: ___________________________БСК: ____________________________Телефон: ________________________Электрондық пошта:________________________________Басшысы:________________________ /____________________________________________________(қолы) (Т.А.Ә.) (ол болған жағдайда)) М.О.

 

 

 Білім беру ұйымы мен ғылыми-практикалық база арасындағыбірлескен қызмет туралыүлгілік шарт нысанынақосымша

 

Практикалық дайындыққа арналған шығыстардың келісілген есептемесі

      Практикалық даярлық кезеңі: ______________________________

      Білім алушылар саны: __________ Тәлімгерлер саны: __________

 

Жүктеу

№Шығыс түріЕсептік кезең / көлемСомасы, теңгеЕскертпе
1Тәлімгерлікке ақы төлеу   
2Тараптар келіскен өзге де шығыстар   
ЖИЫНЫ   

 

      Білім беру ұйымы: _______________________ / __________________

      Ғылыми-практикалық база: ________________ / __________________ 

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау