Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Еуразиялық интеграцияның символына айнала алатын бірлескен ауқымды жоғары технологиялық жобаларды іріктеу критерийлері туралы

Еуразиялық интеграцияның символына айнала алатын бірлескен ауқымды жоғары технологиялық жобаларды іріктеу критерийлері туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Еуразиялық интеграцияның символына айнала алатын бірлескен ауқымды жоғары технологиялық жобаларды іріктеу критерийлері туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 9 ұсынымы.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарының 6.4.3-тармағын іске асыру мақсатында, Еуразиялық жоғары экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 13 тапсырмасының 2-тармағын орындау үшін

Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап еуразиялық интеграцияның символына айнала алатын бірлескен ауқымды жоғары технологиялық жобаларды іріктеу кезінде қосымшаға сәйкес критерийлерді қолдануды ұсынады.

2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ТөрағасыБ. Сағынтаев
 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 9 ұсынымына ҚОСЫМША

Еуразиялық интеграцияның символына айнала алатын бірлескен ауқымды жоғары технологиялық жобаларды іріктеу КРИТЕРИЙЛЕРІ

  1. Экономикалық сипаты. Еуразиялық интеграцияның символына айнала алатын бірлескен ауқымды жоғары технологиялық жобаны (бұдан әрі – жоба) іске асыру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) тұрақты экономикалық дамуына ықпал етеді.
  2. Интеграциялық бағыттылығы. Жобаның мақсаттары мүше мемлекеттердің даму мақсаттарына сәйкес келеді, мүше мемлекеттердің бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыруға және іске асыруға, еуразиялық экономикалық интеграция шеңберіндегі кооперациялық байланыстарды дамытуға бағытталған.
  3. Қатысушылар саны. Жобаға кемінде 3 мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қатысуы, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің мүдделі шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қатысу мүмкіндігі көзделеді (бұл ретте мүше мемлекеттер үшін басым бағыттар бойынша іске асырылатын екіжақты негіздегі жобаларды қарауға қабылдауға жол беріледі).
  4. Локализация. Жобаны іске асыру мүше мемлекеттердің аумақтарында жүзеге асырылады.
  5. Масштабталу мүмкіндігі. Жобаның барлық мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қатысуымен немесе жобаға қатысушылар ретінде мәлімделмеген мүше мемлекеттердің аумақтарында іске асырылу әлеуеті болады.
  6. Технологиялылығы. Жоба жоғары технологиялық шешімдерді, оның ішінде мүше мемлекеттердің құқық иеленушілерінің зияткерлік қызмет нәтижелерін пайдалана отырып іске асырылады. Жобаларды бағалау кезінде экономикалық қызмет түрі, шаруашылық жүргізуші субъект өндіретін өнім (жұмыс, көрсетілетін қызмет), сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 45 «Жоғары технологиялық деңгейдегі экономикалық қызмет түрлерінің, ғылымды қажетсінетін экономикалық қызмет түрлерінің (көрсетілетін қызметтердің) және жоғары технологиялық тауарлардың жиынтық жіктеу топтары туралы» ұсынымына сәйкес жоғары технологиялық деңгейдегі экономикалық қызмет түрлерінің және жоғары технологиялық тауарлардың жиынтық жіктеу топтары ескеріледі.
  7. Импортты алмастыру. Жоба мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері өнімді өткізу (жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтерді ұсыну) және үшінші елдерден шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге тәуелділікті азайту арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
  8. Жаңашылдығы. Жоба мүше мемлекеттердің кәсіпорындары, салалық нарық үшін енгізілетін шешімдердің жаңашылдығымен сипатталады.
  9. Жаңа жұмыс орындарын құру. Жобаны іске асыру мүше мемлекеттерде жаңа жұмыс орындарын құруды және тиісті салада мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтуды көздейді.
  10. Қаржылық тұрақтылығы. Жобаны іске асыруға мерзімі өткен салықтық міндеттемелері жоқ және тарату немесе банкроттық сатысында тұрмаған қатысушылар қатысады.

 

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер, даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар