Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі бастамаларды пысықтауды қамтамасыз ету мақсатында оларды бағалау өлшемшарттары туралы

Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі бастамаларды пысықтауды қамтамасыз ету мақсатында оларды бағалау өлшемшарттары туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі бастамаларды пысықтауды қамтамасыз ету мақсатында оларды бағалау өлшемшарттары туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 111 шешімі

Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі бастамаларды пысықтау тәртібінің 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 4 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі бастамаларды пысықтауды қамтамасыз ету мақсатында оларды бағалау өлшемшарттары қоса беріліп отырған редакцияда бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі бастаманың осы Шешіммен бекітілген өлшемшарттарға сәйкестігін бағалау осы бастаманың әлеуетіне және оның ерекшеліктерін ескере отырып, икемді тәсіл негізінде жүзеге асырылатыны белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

####       Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения РеспубликасынанБеларусь РеспубликасынанҚазақстан РеспубликасынанҚырғыз РеспубликасынанРесей Федерациясынан
В. ГабриелянВ. МатюшевскийА. МаминТ. АбдыгуловИ. Шувалов

|   | Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 111 шешімімен БЕКІТІЛГЕН || - | -------------------------------------------------------------------------------------------------- |

Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі бастамаларды пысықтауды қамтамасыз ету мақсатында оларды бағалау өлшемшарттарының ТІЗБЕСІ

Жүктеп алу

ӨлшемшартТүсініктеме
1. Толықтықбастама сипаттамасының нысанда көрсетілген мәселелердің мазмұнына дұрыстығы мен сәйкестігі; нысанды толтыру талаптарына сәйкестігі
2. Жаңашылдықинновациялық әлеует (ұсынылатын идеяның, технологияның, тәсілдердің, бизнес-процестердің жаңалығы, жаңа өнімді, қызметті, ұйымдастырушылық модельді және т.б. құру мүмкіндігі); әлемде бар ұқсас шешімдермен салыстырғандағы артықшылықтары
3. Өнімділік және тиімділіктауарды (қызметті) өндіру кезінде уақыт және ресурстық шығындарды қысқарту
4. Шығындарды азайтутұтынушылар мен өзге де мүдделі тараптардың шығындарын төмендету
5. Тәуекелдерді төмендетумүдделі тараптардың тәуекелдерін төмендету
6. Қолжетімділікбұрын қол жеткізе алмаған немесе қолжетімділігі шектеулі болған мүдделі тараптар топтары үшін тауарлардың (қызметтердің) қолжетімділігін қамтамасыз ету
7. Қолайлылық және қолдану мүмкіндігітауарды (қызметті) пайдаланудың қолайлылығы; Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикасы мен инфрақұрылымының әлеуеті мен ағымдағы дайындығын ескере отырып, оларда қолдану мүмкіндігі
ӨлшемшартТүсініктеме
8. Масштабталу мүмкіндігіжүктеменің ұлғаюы, компоненттердің жаңа жетілдірілген нұсқаларының пайда болуы, сондай-ақ пайдаланушылар саны мен географиялық қамту ауқымының кеңеюі жағдайында тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі
9. Бейімделгіштікәртүрлі міндеттерге, ортаға немесе жағдайларға тиімді әрі ұтымды пайдалану қабілеті
10. Әмбебаптықбасқа процестер мен салаларда елеулі өзгерістер енгізбестен пайдалануға болатын активтерді құру
11. Негізделген бағақолданыстағы баламалармен салыстырғанда неғұрлым төмен баға ұсыну
12. Интеграция2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың мақсаттарын іске асыру, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ нарықтарындағы кедергілерді жою немесе олардың туындауына жол бермеу; цифрлық инфрақұрылымдардың өзара байланыстылығын қамтамасыз ету
13. Тұрақты дамуқоршаған ортаны жақсарту және қорғау; адами капиталды дамыту; макроэкономикалық және әлеуметтік саясатты жетілдіру; болашақ даму үшін мүмкіндіктер жасау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; іскерлік ортаны жақсарту; тұтынушыларды қорғау; азаматтардың тартылу деңгейін арттыру
14. Қауіпсіздіказаматтардың, инфрақұрылымның және т.б. қауіпсіздігін арттыру
  

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар