Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Әдістеме / Ұсынымдар / Нұсқаулар / Өкім / Елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы

Елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 13 қазандағы № 167 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары –Ұлттық экономика министріС. Жумангарин

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрініңорынбасары – Ұлттық экономика министрі2026 жылғы 13 қазандағы№ 167 бұйрығыменбекітілген

 

Елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) болжамды көрсеткіштерді қалыптастыру үшін әзірленді және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыру құралы ретінде қолданылады.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агрегаттау – төменгі деңгейдегі экономикалық көрсеткіштерді барлық кейінгі деңгейлерде барынша ірі жиынтықтарға біріктіру;

      2) аралық тұтыну – есепті кезеңде өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны;

      3) базистік кезең – салыстыру жүргізілетін уақыт кезеңі;

      4) жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) – есепті кезең ішінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару және аралық тұтыну арасындағы айырмашылық. Бұл көрсеткіш өндіріс процесінде тұтынылған негізгі капиталдың құнын қамтиды;

      5) жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін, жеке алынған өңірдің резиденттік бірліктері-өндірушілерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші;

      6) жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) – елдің есепті кезеңдегі экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және ұлттық шоттар жүйесінің негізгі көрсеткіші;

      7) жүйе құраушы кәсіпорын – қызметі жекелеген өңірдің немесе елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылатын кәсіпорын;

      8) индекс-дефлятор – есепті кезеңде экономикадағы бағалардың орташа өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш;

      9) нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) – салыстырылатын кезеңдерде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Базистік кезең бағасымен бағаланған ағымдағы кезеңдегі белгілі бір көрсеткіштің көлемін оның базистік кезеңдегі көлеміне бөлу жолымен есептеледі;

      10) өндіру әдісі – экономика салаларында құрылған қосылған құн сомасы ретінде есептелетін жалпы ішкі өнімді болжамдау әдісі;

      11) өнімдерге берілетін субсидиялар – кәсіпорындар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрін өндірген жағдайда оларға мемлекеттік бюджеттен берілетін ағымдағы өтеусіз төлемдер;

      12) өнімдерге салынатын салықтар – мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты салықтар;

      13) өнімдерге салынатын таза салықтар – тиісті субсидияларды шегергендегі салықтар;

      14) регрессиялық талдау – бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалылардың тәуелді айнымалыға әсерін зерттеудің статистикалық әдісі;

      15) резидент – экономикалық мүдделердің басым орталығы осы елдің экономикалық аумағында орналасқан, яғни ол осы аумақта салыстырмалы ұзақ кезең ішінде (бір жыл немесе одан көп) экономикалық қызметпен айналысатын институционалдық бірлік;

      16) ретроспективті серпін – өткен кездегі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде салалар көрсеткіштерінің өзгеруі;

      17) сараптамалық әдістер мен бағалаулар – сарапшының немесе сарапшылар тобының дербес немесе ұжымдық пікірін, жинақталған тәжірибесін, білімін пайдалану негізінде алынған бағалау әдістері мен болжамдау тәсілдері және оларды қолдану нәтижелері;

      18) ұлттық шоттар жүйесі (бұдан әрі – ҰШЖ) – елдің экономикалық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын белгілі бір шоттар мен кестелер жиынтығы түрінде құрастырылған статистикалық көрсеткіштер жүйесі;

      19) "Шығындар-Шығарылым" кестелері – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру мен пайдаланудың егжей-тегжейлі сипаттамаларын, сондай-ақ өндіріс процесінде қалыптасатын кірістерді қамтитын өзара байланысты кестелер жиынтығы;

      20) экстраполяция – болжамдау объектісін болашақта дамыту үшін бұрынғы және қазіргі үрдістерді, заңдылықтарды, байланыстарды таратуға негізделген зерттеу әдісі.

      3. Жалпы ішкі өнім бойынша орта мерзімді болжамдарды әзірлеу және жаңарту кезеңділігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 35 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдерін әзірлеу қағидалары, мерзімдері және құрылымымен регламенттелетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге байланысты.

2-тарау. ЖІӨ-ні болжамдау

1-параграф. Сыртқы және ішкі факторлардың дамуы бойынша негізгі болжамдар

      4. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамын бастапқы кезеңде сыртқы және ішкі факторлардың даму серпіні бойынша негізгі болжамдарды қалыптастыру жолымен бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді.

      5. Сыртқы факторларға әлемдік экономиканың, Қазақстан Республикасының негізгі сауда әріптестерінің және отандық экспорттың негізгі тауарларының әлемдік нарықтардағы бағасының өсу қарқыны жатады.

      6. Дүниежүзілік банктің (бұдан әрі – ДБ), Халықаралық валюта қорының (бұдан әрі – ХВҚ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) ресми деректері әлемдегі ахуалдың даму перспективалары туралы ақпарат көзі болып табылады.

      Болжамның параметрлеріне ықпал ететін ішкі факторларға негізгі экспорттық тауарлар өндірісінің заттай мәндегі көлемі, халық саны, халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігі, мемлекеттік бюджет параметрлері, тарифтік реттеу және нысаналы көрсеткіш болып табылатын инфляция деңгейі жатады.

2-параграф. ЖІӨ-нің құрылымы, тәсілдері мен болжамдау тәртібі

      7. ЖІӨ-ні болжау өндіру әдісімен жүзеге асырылады.

      8. Өндіру әдісімен болжанатын ЖІӨ экономика салаларында құрылған қосылған құндарды қосу жолымен есептеледі.

      9. ЖІӨ НКИ-ін өндіру әдісімен болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:

     

      мұндағы:

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 ЖІӨt+1 НКИ– болжамды жылдағы ЖІӨ-нің нақты өзгерісі;
 ЖІӨt– базалық жылдағы ЖІӨ-нің номиналды көлемі;
 ЖҚҚt– базалық жылдағы барлық экономика салалары ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 ЖҚҚt+1 НКИ– болжамды жылдағы барлық экономика салалары ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – базалық жылдағы өнімдерге және импортқа салынған таза салықтардың номиналды көлемі;
 – болжамды жылдағы өнімдерге және импортқа салынған таза салықтардың нақты өзгерісі.

 

      10. Орталық атқарушы органдардың болжамды деректерді ұсынбауы, елеулі аутықулардың туындауы немесе ЖІӨ НКИ-ін немесе оның жекелеген элементтерін қайта бағалау көрсеткіштерінің құбылмалы серпіні орын алған жағдайларда экономикадағы теңгерімсіздіктердің алдын алу мақсатында тиісті көрсеткіштерді өткен кезеңдер бойынша экстраполяциялау негізінде, одан әрі сараптамалық бағалау жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Аталған әдістерді қолдану тәртібі осы Әдістемемен айқындалады.

      11. Салалар бойынша ЖІӨ-ні болжамдау мынадай кезеңдер:

      1) экономика салаларының болжамды ЖҚҚ НКИ-ін қалыптастыру;

      2) экономика салаларының болжамды ЖҚҚ индекс-дефляторларын қалыптастыру;

      3) экономика салаларының ағымдағы бағадағы ЖІӨ мен ЖҚҚ-сының болжамды мәндерін қалыптастыру ескеріле отырып жүзеге асырылады.

3-параграф. Экономика салаларының болжамды ЖҚҚ НКИ қалыптастыру (1-кезең)

      12. Орта мерзімді кезеңге арналған ЖҚҚ НКИ-дің болжамды мәндері экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шаралары және әлеуметтік экономикалық дамудың басымдықтарын іске асыруға бағытталған жаңа шығыстар бастамалары ескеріле отырып, осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген ЖІӨ-ні болжау үшін Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономика салалары бойынша қалыптастырылады.

      13. Экономика салалары бөлінісінде ЖҚҚ НКИ болжамы мынадай тәртіппен әзірленеді:

      1) тауарлар өндіру секторының кіші салаларының және "Көлік және қоймалау", "Сауда" және "Байланыс" салаларының орта мерзімді кезеңге арналған ЖҚҚ НКИ болжамды мәндерін:

      агроөнеркәсіптік кешен, суармалы егіншілік және агромелиорация, жер ресурстары саласында басшылықты, сондай-ақ өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      мұнай-газ, мұнай-газ химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау салаларында, көмірсутектер бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральды құбыржол, электр энергетикасы, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасын реттеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      индустрия және индустриялық даму; өнеркәсіп; тау-кен металлургия кешені; елішілік құндылықты дамыту; машина жасау; көмір, химия, жеңiл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндiру; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымын реттеу; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу; жылу және электр энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы мен электр энергетикасы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі; бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу; әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу; мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға қатысу салаларында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      байланыс саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында; аэронавигация мен әуежай қызметтері саласындағы табиғи монополиялар; әуежай қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар; автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      сыртқы сауда қызметін дамыту және реттеу, халықаралық сауда-экономикалық қатынастар, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту және ілгерлету, ішкі сауданы дамыту және реттеу, сауда инфрақұрылымын жетілдіру, биржалық және электрондық сауданы дамыту, техникалық реттеу, стратегиялық, бақылау, іске асыру және реттеушілік функцияларды қоса алғанда, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган ұсынады.

      Тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша орталық атқарушы органдардың болжамды мәндері өңірлік экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне сүйене отырып, осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес В және С секцияларының салалары бойынша жергілікті атқарушы органдар ұсынған болжамды деректер ескеріле отырып қалыптастырылады.

      2) "Көлік және қоймалау", "Сауда" және "Байланыс" салаларын қоспағанда, қызмет көрсету секторы салаларының ЖҚҚ НКИ-нің болжамды мәндері мыналар:

      ауыспалыларды түсіндіруші ретінде тауар өндірісі салаларының есептелген НКИ көрсеткіштерін және көрсетілетін қызмет секторы дамуының серпініне тікелей әсер ететін көрсеткіштерді, оның ішінде салалар бойынша жұмыспен қамтылғандар санының өзгеруін қоса отырып, өткенді шолу серпінін эконометрикалық модельдеу (регрессиялық талдау);

      салалар бойынша өндіріс пен түпкілікті сұраныс көлемі өзгерісінің тікелей және жанама әсерлерін ескере отырып, "Шығындар-Шығарылым" кестесінің талдамалық ерекшеліктері пайдаланыла отырып, қалыптасқан үрдістер негізінде есептеледі.

      3) тауар өндірісі секторының кіші салаларының және "Көлік және қоймалау" саласының ЖҚҚ НКИ болжамды мәндері оларды орталық атқарушы органдар ұсынбаған, елеулі ауытқулар немесе құбылмалы серпін туындаған жағдайда осы Әдістеменің 10-тармағына сәйкес өткен жылдардағы салалардың ЖҚҚ НКИ-ін экстраполяциялау негізінде кейіннен бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның сараптамалық бағалауы арқылы есептеледі;

      4) сараптамалық бағалау және салықтың түсу серпіні ескеріле отырып, жалпы экономика бойынша орташа өлшенген ЖҚҚ НКИ негізінде өнімдер мен импортқа салынатын таза салықтардың НКИ-і айқындалады.

      14. "Ауыл, орман және балық шаруашылығы", "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру", "Өңдеу өнеркәсібі" және "Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау" салаларының ЖҚҚ НКИ болжамды мәндерін есептеу экономикалық қызмет түрлерінің топтары бойынша жеке индекстерді кейіннен экономикалық қызмет түрлерінің ірілендірілген топтары (бөлімдер, секциялар) бойынша индекстерге кезең-кезеңімен агрегациялай отырып, ЖҚҚ көлемі мен серпіні туралы деректерді пайдалануға негізделеді.

      15. Барлық салалардың болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 ЖҚҚt+1 НКИ– болжамды жылдағы экономиканың барлық салалары ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 ЖҚҚt– базалық жылдағы экономиканың барлық салалары ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – базалық жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – базалық жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

 

      16. "Тауарлар өндірісі" болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 

 

[MISSING IMAGE: , ]

– базалық жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 

 

[MISSING IMAGE: , ]

– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы А секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 

 

[MISSING IMAGE: , ]

– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы А секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы F секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы F секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

 

      17. "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 

 

[MISSING IMAGE: , ]

– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – базалық жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы G секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
  – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы G секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы T секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы T секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

 

      18. "Ауыл, орман және балық шаруашылығы" А секциясының болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы А секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы А секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "011-013" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "011-013" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "03" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "03" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

 

      19. "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру" В секциясының болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда:

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы B секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы B секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "05" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "05" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 

 

[MISSING IMAGE: , ]

– осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "09" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "09" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

 

      20. "Өңдеу өнеркәсібі" C секциясының болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы C секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы C секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "10" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "10" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "32" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "32" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

 

      21. "Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау" D секциясының болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы D секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы D секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "351" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "351" кіші саласы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "353" кіші саласы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы "353" кіші саласы ЖҚҚ-ның номиналды көлемі.

 

4-параграф. Экономика салалары ЖҚҚ-сының болжамдық индекс-дефляторларын қалыптастыру (2-кезең)

      22. ЖҚҚ индекс-дефляторлары осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген ЖІӨ-ні болжауға арналған ЭҚЖЖ-ға сәйкес экономика салалары бойынша қалыптастырылады. Салалардың ЖҚҚ индекс-дефляторы алдыңғы жылға қатысты салалардағы бағалардың орташа жылдық өзгерісін көрсетеді. Салалардың ЖҚҚ индекс-дефляторларының болжамды мәндері салалардың ЖҚҚ индекс-дефляторларының серпіні бойынша қалыптасқан үрдістердің, сыртқы нарықтардағы болжамды бағалық конъюнктураның негізінде, сондай-ақ тұтыну бағаларының болжамды индексі мен ішкі нарықтағы өндірушілер бағаларының өзгеруі ескеріле отырып есептеледі.

      23. Сыртқы факторлар негізінде ЖҚҚ индекс-дефляторларын болжамдау кезінде ДБ, ХВҚ және БҰҰ мұнайдың, металдардың, ауыл шаруашылығы өнімдерінің және өзге де тауарлардың әлемдік бағасының өзгерісі бойынша болжамдары ескеріледі.

      24. Елеулі ауытқулар немесе құбылмалы серпін туындаған жағдайда оны деңгейлестіру мақсатында әрбір сараптамалық түзету жағдайы үшін негіздеме міндетті түрде жасала отырып, бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның сараптамалық бағалауы пайдаланылады.

      25. Өнімдер мен импортқа салынатын таза салықтардың индекс-дефляторы сараптамалық бағалау ескеріле отырып, барлық салалар ЖҚҚ-сының орташа өлшенген индекс-дефляторының негізінде айқындалады.

      26. ЖІӨ индекс-дефляторы мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 ЖІӨt+1 дефл.– болжамды жылдағы ЖІӨ индекс-дефляторы;
 ЖІӨt– базалық жылдағы ЖІӨ-нің номиналды көлемі;
 ЖІӨt+1– болжамды жылдағы ЖІӨ-нің номиналды көлемі;
 ЖІӨt+1 НКИ– болжамды жылдағы ЖІӨ-нің нақты өзгерісі.

 

5-параграф. Ағымдағы бағаларда Экономика салаларының ЖІӨ-сі мен ЖҚҚ-сының болжамды мәндерін қалыптастыру (3-кезең)

      27. Ағымдағы бағаларда экономика салалары бөлінісіндегі ЖІӨ және ЖҚҚ мына формулалар бойынша есептеледі:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 ЖІӨt+1– болжамды жылдағы ЖІӨ-нің номиналды көлемі;
 ЖҚҚt+1– болжамды жылдағы барлық салалар ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – болжамды жылдағы өнімге және импортқа салынатын таза салықтардың номиналды көлемі;
 ЖҚҚt– базалық жылдағы барлық салалар ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 ЖҚҚt+1 НКИ– болжамды жылдағы барлық салалар ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 ЖҚҚt+1 дефл.– болжамды жылдағы барлық салалар ЖҚҚ-сының индекс-дефляторы.

 

3-тарау. ЖӨӨ-ні болжамдау

1-параграф. Сыртқы және ішкі факторлардың дамуы бойынша негізгі болжамдар

      28. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамын бастапқы кезеңде сыртқы және ішкі факторлардың даму серпіні бойынша негізгі болжамдарды қалыптастыру жолымен және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамы негізінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органы әзірлейді.

      29. Сыртқы факторларға әлемдік экономиканың, Қазақстан Республикасының негізгі сауда әріптестерінің және отандық экспорттың негізгі тауарларының әлемдік нарықтардағы бағасының өсу қарқыны жатады.

      30. Әлемдегі ахуалдың даму перспективалары туралы ақпарат көзі ДБ, ХВҚ және БҰҰ ресми деректері болып табылады.

      Болжамның параметрлеріне ықпал ететін ішкі факторларға негізгі экспорттық тауарлар өндірісінің заттай мәндегі көлемі, халық саны, халықтың экономикалық белсенді бөлігі, мемлекеттік бюджет параметрлері, тарифтік реттеу және нысаналы көрсеткіш болып табылатын инфляция деңгейі жатады.

2-параграф. ЖӨӨ-ні болжамдаудың құрылымы, тәсілдері мен тәртібі

      31. ЖӨӨ-ні болжамдауды өңірлердің экономикалық даму деңгейі мен серпінінің кешенді сипаттамасын алуға, ел экономикасындағы олардың орны мен рөлін объективті түрде айқындауға, жүргізіліп отырған өңірлік саясаттың тиімділігін бағалауға, ел ішінде өңірлердің даму деңгейлерін салыстыруға мүмкіндік беретін макроэкономикалық ақпаратты қалыптастыру үшін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

      32. Орта мерзімді кезеңге ЖӨӨ-ні өндіру әдісімен болжамдау Қазақстан Республикасының 03-2007 "Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi" мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес экономиканың салалары бөлінісінде ҰШЖ тәсілдеріне сәйкес әзірленді.

      33. Өндіру әдісімен болжанатын өңір ЖӨӨ-сі өңір экономикасы салаларында құрылған қосылған құндарды қосу жолымен есептеледі.

      34. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың орта мерзімді кезеңге арналған ЖӨӨ, ЖӨӨ НКИ және ЖӨӨ индекс-дефляторы осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес ЖӨӨ есептеуге арналған өңірлердің экономика салалары бойынша өндіру әдісімен болжанады.

      35. Өндіру әдісімен ЖӨӨ НКИ-ін болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 ЖӨӨt+1 НКИ– болжамды жылдағы ЖӨӨ-нің нақты өзгерісі;
 ЖӨӨt– базалық жылдағы ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;
 ЖҚҚt– базалық жылдағы өңір экономикасы салалары ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 ЖҚҚt+1 НКИ– болжамды жылдағы өңір экономикасы салалары ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – базалық жылдағы өнімге және импортқа салынатын таза салықтардың номиналды көлемі;
 – болжамды жылдағы өнімге және импортқа салынатын таза салықтардың нақты өзгерісі.

 

      36. Жергілікті атқарушы органдар болжамды деректерді ұсынбаған, елеулі ауытқулар немесе құбылмалы серпін туындаған жағдайларда экономикада теңгерімсіздіктерге жол бермеу мақсатында деңгейлестіру үшін ЖӨӨ-ні немесе оның жекелеген элементтерін сараптамалық қайта бағалау әдісі қолданылуы мүмкін.

      37. Салалар бойынша ЖӨӨ-ні болжамдау мынадай:

      1) өңір экономикасы салаларының болжамды ЖҚҚ НКИ-ін қалыптастыру;

      2) өңір экономикасы салалары ЖҚҚ-сының болжамды индекс-дефляторларын қалыптастыру;

      3) ағымдағы бағаларда өңір экономикасы салаларының ЖҚҚ-сы мен ЖӨӨ-сінің болжамды мәндерін қалыптастыру кезеңдері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

3-параграф. Өңірдің экономика салаларының болжамды ЖҚҚ НКИ-ін қалыптастыру (1-кезең)

      38. Әрбір өңірдің экономика салаларының ЖҚҚ НКИ-ін болжамдау мынадай тәртіппен әзірленеді:

      1) жергілікті атқарушы органдар ЖҚҚ НКИ-ін өңірлік экономикалық саясаттың мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес ЖӨӨ-ні есептеу үшін өңірлердің экономика салалары бойынша орта мерзімді кезеңге қалыптастырады. Өңірлердің нақты секторының салалары өңірдің жүйе құраушы кәсіпорындарының болжанатын өнімдер шығарылымы, сондай-ақ өткен жылдардағы ЖӨӨ-нің құрамдас бөлігінің элементтерін тиісті салалар өнімдерінің (тауарларының, көрсетілетін қызметтерінің) іс жүзіндегі болжамды көлем индекстерімен экстраполяциялау әдісі негізінде болжанады;

      2) сараптамалық бағалау және салықтардың түсу серпіні ескеріле отырып, өңірдің жалпы экономикасы бойынша ЖҚҚ-ның орташа өлшенген НКИ-і негізінде өнімдер мен импортқа салынатын таза салық НКИ-і айқындалады.

      39. Өңірлердің экономика салаларының болжамды ЖҚҚ НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 ЖҚҚt+1 НКИ– болжамды жылдағы өңір экономикасы салалары ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 ЖҚҚt– базалық жылдағы өңір экономикасы салалары ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 

 

[MISSING IMAGE: , ]

– базалық жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – базалық жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

 

      40. "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының болжамды НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – базалық жылдағы "Тауарлар өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы А секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы А секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы F секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы F секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

 

      41. "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының болжамды НКИ-і мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – базалық жылдағы "Көрсетілетін қызметтер өндірісі" ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы G секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы G секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес болжамды жылдағы T секциясы ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес базалық жылдағы T секциясы ЖҚҚ-сының номиналды көлемі.

 

4-параграф. Өңір экономикасы салалары ЖҚҚ-сының болжамды индекс-дефляторларын қалыптастыру (2-кезең)

      42. ЖҚҚ-ның индекс-дефляторлары осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес ЖӨӨ-ні есептеу үшін өңірлердің экономика салалары бойынша қалыптастырылады. Салалардың ЖҚҚ индекс-дефляторы алдыңғы жылға қатысты салалардағы бағалардың орташа жылдық өзгерісін көрсетеді. Салалардың ЖҚҚ индекс-дефляторларының болжамдық мәндері салалардың ЖҚҚ индекс-дефляторларының серпіні бойынша қалыптасқан үрдістердің, сыртқы нарықтардағы болжамды бағалық конъюнктураның негізінде, сондай-ақ тұтыну бағаларының болжамды индексі мен ішкі нарықтағы өндірушілер бағаларының өзгеруі ескеріле отырып есептеледі. Бұл ретте индекс-дефлятордың жалпы республикалық салалық болжамды серпіні ескеріледі.

      43. Өнімдер мен импортқа салынған таза салықтардың индекс-дефляторы жалпы экономика бойынша орташа өлшенген индекс-дефлятордың негізінде айқындалады.

      44. ЖӨӨ индекс-дефляторы мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 ЖӨӨt+1 дефл.– болжамды жылдағы ЖӨӨ индекс-дефляторы;
 ЖӨӨt– базалық жылдағы ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;
 ЖӨӨt+1– болжамды жылдағы ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;
 ЖӨӨt+1 НКИ– болжамды жылдағы ЖӨӨ-нің нақты өзгерісі.

 

5-параграф. Ағымдағы бағаларда өңір экономикасы салаларының ЖӨӨ-сі мен ЖҚҚ-сының болжамды мәндерін қалыптастыру (3-кезең)

      45. Ағымдағы бағаларда өңірлер экономикасы салаларының ЖӨӨ-сі мен ЖҚҚ-сы мына формулалар бойынша есептеледі:

     

      мұнда,

 

Жүктеу

 t– базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
 t+1– болжамды жыл;
 ЖӨӨt+1– болжамды жылдағы ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;
 ЖҚҚt+1– болжамды жылдағы өңірдің экономика салалары ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 – болжамды жылдағы өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтардың номиналды көлемі;
 ЖҚҚt– базалық жылдағы өңір экономикасы салалары ЖҚҚ-сының номиналды көлемі;
 ЖҚҚt+1 НКИ– болжамды жылдағы өңір экономикасы салалары ЖҚҚ-сының нақты өзгерісі;
 ЖҚҚt+1 дефл.– болжамды жылдағы өңір экономикасы салалары ЖҚҚ-сының индекс-дефляторы.

 

4-тарау. Жекелеген макроэкономикалық көрсеткіштерді болжамдау

      46. Айлық есептік көрсеткішті болжамдау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

     

      t – базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);

      t+1 – болжамды жыл;

      АЕК 1t – базалық жылдың айлық есептік көрсеткіші;

      Инфляция дәлізінің орташа деңгейі t+1 – болжамды жылдағы инфляция дәлізінің орташа деңгейі.

      47. Халықтың орташа жылдық санын болжамдау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

     

      t – базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);

      t+1 – болжамды жыл;

      XOCt+1 – болжамды жылдағы халықтың орташа жылдық саны;

      XOCt – базалық жылдағы халықтың орташа жылдық саны;

      XOCt5

      – соңғы 5 базалық жылдағы халықтың орташа жылдық санының орташа өсуі.

      48. ЖІӨ-ні миллиард АҚШ долларында болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:

     

     

      – болжамды жылдағы миллиард АҚШ долларымен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;

     

      – болжамды жылдағы миллиард теңгемен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;

      Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы.

      49. Миллиард халықаралық долларында алынған сатып алу қабілетінің паритеті бойынша ЖІӨ-ні болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:

     

     

      – болжамды жылдағы миллиард халықаралық долларымен алынған ЖІӨ-нің сатып алу қабілетінің паритеті бойынша номиналды көлемі;

     

      – болжамды жылдағы миллиард теңгемен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;

      Халықаралық долларға шаққандағы теңгенің бағамыt+1 – ХВҚ деректері бойынша болжамды жылдағы сатып алу қабілетінің паритеті бойынша халықаралық долларға шаққандағы теңгенің бағамы.

      50. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні АҚШ долларында болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:

     

     

      – болжамды жылдағы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ АҚШ долларымен;

     

      – болжамды жылдағы теңгемен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;

      Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы;

      XOCt+1 – болжамды жылдағы халықтың орташа жылдық саны.

      51. ЖӨӨ-ні миллиард АҚШ долларында болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:

     

     

      – болжамды жылдағы миллиард АҚШ долларымен алынған ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;

     

      – болжамды жылдағы миллиард теңгемен алынған ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;

      Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы.

      52. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ-ні АҚШ долларында болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:

     

     

      – болжамды жылдағы АҚШ долларымен алынған халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ;

     

      – болжамды жылдағы теңгемен алынған ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;

      Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы;

      XOCt+1 – болжамды жылдағы өңірдегі халықтың орташа жылдық саны.

 

 Елдің және өңірлердіңәлеуметтік-экономикалықдамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесіне 1-қосымша

 

ЖІӨ-ні болжауға арналған ЭҚЖЖ-ға сәйкес экономика салалары

 

Жүктеу

№ЭҚЖЖ кодыАтауы
  Тауарлар өндірісі

1

А секциясыАуыл, орман және балық шаруашылығы

2

011-013Өсімдік шаруашылығы

3

014Мал шаруашылығы

4

02Орман шаруашылығы және ағаш дайындау

5

03Балық шаруашылығы және аквашаруашылық

6

В секциясыТау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

7

05Көмір және лигнит өндіру

8

061Шикі мұнайды өндіру

9

062Табиғи газды өндіру

10

071Темір кенін өндіру

11

072Түсті металдар кендерін өндіру

12

08Тау-кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары

13

09Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық көрсетілетін кызметтер

14

С секциясыӨңдеу өнеркәсібі

15

10Тамақ өнімдерін өндіру

16

11Сусындар өндіру

17

12Темекі бұйымдарын өндіру

18

13Тоқыма бұйымдарын өндіру

19

14Киім өндіру

20

15Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

21

16Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндіру

22

17Қағаз және қағаздан жасалған өнімдерді өндіру

23

18Полиграфиялық қызмет және жазылған материалдарды жаңғырту

24

19Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

25

20Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру

26

21Негізгі фармацевтикалық өнімдерді және фармацевтикалық препараттарды өндіру

27

22Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

28

23Өзге металл емес минералды өнімдерді өндіру

29

24Металлургия өнеркәсібі

30

241-243, 245қара металлургия

31

244негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру

32

25Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау

33

26-30, 33Машина жасау

34

31Жиһаз жасау

35

32Өзге дайын бұйымдарды жасау

36

D секциясыЭлектрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

37

351Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу

38

352Газ тәрізді отынды өндіру және бөлу

39

353Бу беру және ауа баптау жүйелері

40

Е секциясыСумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

41

F секциясыҚұрылыс
  Көрсетілетін қызметтер өндірісі

42

G секциясыКөтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

43

H секциясыКөлік және қоймалау

44

I секциясыТұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер

45

J секциясыАқпарат және байланыс

46

К секциясыҚаржы және сақтандыру қызметі

47

L секциясыЖылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

48

М секциясыКәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

49

N секциясыӘкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

50

О секциясыМемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

51

Р секциясыБілім беру

52

Q секциясыДенсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

53

R секциясыӨнер, ойын-сауық және демалыс

54

S секциясыӨзге де қызметтер түрлерін ұсыну

55

Т секциясыҮй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін үй шаруашылықтарының қызметі
 Жалпы қосылған құн
 Өнімдерге салынатын таза салықтар
 Жалпы ішкі өнім

 

 

 Елдің және өңірлердіңәлеуметтік-экономикалықдамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесіне 2-қосымша

 

ЖӨӨ-ні есептеу үшін өңірлердің экономика салалары

 

Жүктеу

№ЭҚЖЖ кодыАтауы
  Тауарлар өндірісі

1

A секциясыАуыл, орман және балық шаруашылығы

2

B секциясыТау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

3

05Көмір және лигнит өндіру

4

06Шикі мұнай және табиғи газ өндіру

5

07Металл кендерін өндіру

6

08Тау-кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары

7

09Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық көрсетілетін кызметтер

8

C секциясыӨңдеу өнеркәсібі

9

10Тамақ өнімдерін өндіру

10

11Сусындар өндіру

11

12Темекі өнімдерін өндіру

12

13Тоқыма бұйымдарын өндіру

13

14Киім өндіру

14

15Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

15

16Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндіру

16

17Қағаз және қағаздан жасалған өнімдерді өндіру

17

18Полиграфиялық қызмет және жазылған материалдарды жаңғырту

18

19Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

19

20Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

20

21Негізгі фармацевтикалық өнімдерді және фармацевтикалық препараттарды өндіру

21

22Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

22

23Өзге металл емес минералды өнімдерді өндіру

23

24Металлургия өнеркәсібі

24

241-243, 245қара металлургия

25

244негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру

26

25Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау

27

26-30, 33Машина жасау

28

31Жиһаз жасау

29

32Өзге дайын бұйымдарды жасау

30

D секциясыЭлектрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

31

Е секциясыСумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

32

F секциясыҚұрылыс
  Көрсетілетін қызметтер өндірісі

33

G секциясыКөтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

34

H секциясыКөлік және қоймалау

35

J секциясыАқпарат және байланыс

36

L секциясыЖылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

37

I, K, M-T секцияларыӨзге көрсетілетін қызметтер

38

Жалпы қосылған құн
 Өнімдерге салынатын таза салықтар
 Жалпы өңірлік өнім

 

 

 

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау