Бюджет қаражаты есебінен төлемдерді санаттар бойынша алушылардың болжамды санын есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 қазандағы № 429 бұйрығы
ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы бұйрық 01.01.2027 ж бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының отыз сегізінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен төлемдерді санаттар бойынша алушылардың болжамды санын есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Министр | А. Ертаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің Ұлттық
статистика бюросы
| Қазақстан РеспубликасыЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің2026 жылғы 29 қазандағы№ 429 бұйрығымен бекітілген |
Бюджет қаражаты есебінен төлемдерді санаттар бойынша алушылардың болжамды санын есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджет қаражаты есебінен төлемдер санаттары бойынша алушылардың болжамды санын есептеу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының отыз сегізінші абзацына сәйкес әзірленді және бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақылар мен жәрдемақылардың әлеуметтік төлемдері санаттары бойынша алушылардың болжамды санын есептеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістеменің мақсаты республикалық бюджет қаражаты есебінен тиісті төлемдерді қаржыландыру қажеттілігін айқындау үшін алушылар санының серпінін ескере отырып, ағымдағы және кейінгі болжамдалатын жылдарға арналған зейнетақылар мен жәрдемақыларды алушылардың болжамды санын есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеу.
3. Бюджет қаражаты есебінен төлемдерді санаттары бойынша алушылардың болжамды саны осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес Бюджеттен төленетін төлемдерді алушылары санаттарының тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген болжамды жылдық және (немесе) үш жылдық кезеңнің әр айына бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер алушылар санының нақты деректері мен қозғалыс серпіні негізінде әлеуметтік төлемдер алушыларының әрбір санаты бойынша жеке есептеледі.
4. Деректер көздері (қажет болған жағдайда) "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жанындағы Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының мәліметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының www.stat.gov.kz сайтында орналастырылған статистикалық ақпараты болып табылады.
5. Бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдер санаттары бойынша алушылар санын болжау кезінде тиісті аумақта карантин режимі енгізіле отырып карантин аймағын белгілеу (күшін жою) кезеңінде, жанындағы Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығы табылады.табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде туындаған нақты сан ауытқулары тұрақты үрдістерді көрсетпейтіндіктен есепке алынбайды.
6. Шығыстарды жоспарлау кезінде бюджет қаражаты есебінен төлемдерді санаттары бойынша алушылардың болжамды саны:
1) бюджеттік өтінім ұсынылғанға дейінгі алдыңғы айдың 1-күніндегі жағдай бойынша өткен кезеңдегі алушылар санының нақты деректерін ескере отырып, ағымдағы жылға;
2) бюджет заңнамасында белгіленген мерзімдерде ұсыну үшін алдағы үш жылдық кезеңге жыл сайын есептеледі.
7. Бірінші болжамды жылы нақты деректерден кейінгі келесі 2 айға арналған сан болжамында Мемлекеттік корпорация ұсынған деректер (қажет болған жағдайда) ескерілуі мүмкін.
8. Осы Әдістемеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) бюджет қаражаты есебінен төлемдерді санаттары бойынша алушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындалған жеке тұлға;
2) алушылардың болжамды саны – тиісті айға, жылға және үш жылдық кезеңге есептелген әлеуметтік төлемдерді алушыларының саны;
3) бірінші бөлім алушыларының саны – төлем алу құқығы туындаған күннен бастап өткен кезеңдер үшін төлем сомаларын алуға жүгіне алатын алушылардың болжамды санын қалыптастыру кезінде ескерілетін әлеуетті алушылар саны;
4) бірінші болжамды жыл – көрсеткіштері өткен кезеңдегі нақты орындалу және қалған айларға арналған болжамды бағалау негізінде айқындалатын ағымдағы жылдың болжамы;
5) алушылар санының серпіні – өсу/төмендеу қарқынын ескере отырып есептелетін әлеуметтік төлемдер алушыларының саны (жаңа тағайындаулар, қайтыс болу, келгендер, кеткендер, келгендердің ауысуы, кеткендердің ауысуы, қалпына келтірілгендер, есептен шығарылғандар);
6) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер алушылары саны қозғалысының ай сайынғы серпіні – төлемдерді тағайындау, тоқтату, тоқтата тұру, қайта бастау және қалпына келтіру, алушыларды есептен шығару, алушылардың бір санаттан екінші санатқа ауысуы, сондай-ақ олардың келуі мен кетуі салдарынан алушылар санының өзгеруі;
7) өсу/төмендеу қарқыны – нақты деректер негізінде айқындалатын және болжамды қалыптастыру кезінде қажет болған жағдайда түзету коэффициентін (қажет болған жағдайда) ескере отырып қолданылатын есептік көрсеткіш;
8) түзету (коррекциялаушы) коэффициенті – нақты серпінінің есептік динамикадан анықталған ауытқуларын, маусымдық өзгерістерді, заңнамадағы және төлемдерді тағайындау тәртібіндегі өзгерістерді, сондай-ақ алушылар санына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларды ескеру үшін бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдер санаттары бойынша алушылардың болжамды санына қолданылатын коэффициент.
2-тарау. Алушылар санаттарының топтары
9. Бірыңғай есептеу тәсілдерін қолдану мақсатында Тізбедегі санаттар жаңа алушылар санының қалыптасу сипатына қарай осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес төрт топқа біріктіріледі.
1-параграф. I және II топтар бойынша есептеу (ай сайынғы және біржолғы төлемдер)
10. Айдың соңындағы жағдай бойынша әлеуметтік төлем алушылардың санын болжау кезінде соңғы 3–5 жылдағы алушылардың нақты санының серпіні (ай сайынғы) жаңадан тағайындалғандарды, қайтыс болғандарды, құқықтары қалпына келтірілген және есептен шығарылған алушыларды, алушылардың бір санаттан екінші санатқа ауысуын, сондай-ақ әлеуметтік төлем алушылардың көші-қон ағындарын ескере отырып есепке алынады.
Мемлекеттік корпорация алушылардың нақты санының ай сайынғы серпінін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес ұсынады.
11. Ай сайынғы төлем алушыларының орташа жылдық саны 12 (он екі) айдағы санның орташа мәні ретінде айқындалады:
Аожс = (ААс1+ ААс 2+…. ААс 12)/12
мұндағы:
Аожс – алушылардың орташа жылдық саны;
ААс – айдың аяғындағы алушылар саны.
Біржолғы төлем алушылардың саны 12 (он екі) айдағы санның мәні ретінде айқындалады:
С = (ААс1+ ААс2+… ААс12)
мұндағы:
С – алушылардың саны;
ААс – айдың аяғындағы алушылар саны.
12. Әр санат бойынша ай соңындағы сан серпіні алушылар теңгерімі негізінде есептеледі: жыл соңындағы әлеуметтік төлемдер алушыларының саны жыл басындағы санға жаңа алушылар санын қосу және кетуді ескере отырып түзету арқылы мына формула бойынша айқындалады:
Ссоң = Сбас + Т – ӨЖ + Кл – Км + Акел – Акет + Қк – Шғ,
мұндағы:
Ссоң – жыл/ай соңындағы алушылар саны;
Сбас – жыл/ай басындағы алушылар саны;
Т - бір айға жаңа төлем тағайындауларының саны;
ӨЖ – өлім-жітім салдарынан кеткендердің саны;
К – келген алушылардың саны (көші-қон ағыны);
К – кеміген алушылар саны (көші-қон ағынының кетуі);
Акел – ауысып келген алушылардың саны (көші-қон ағыны);
Акет – ауысып кеткен алушылардың саны (көші-қон ағынының кетуі);
Қк – қалпына келтірілген алушылардың саны төлемдерді алуға құқылы;
Шғ – өлім-жітім, басқа жерге қоныс аудару және басқа санатқа ауысу көрсеткіштерінде ескерілмеген заңнамалық өзгерістерге және өзге де негіздерге байланысты төлемі тоқтатылған алушылар саны.
Айдың/жылдың басындағы алушылар саны алдыңғы айдың/жылдың соңындағы санына тең деп қабылданады.
13. Болжамды санды қалыптастыруға қатысқан әрбір көрсеткіш бойынша (тағайындау, қайтыс болу, келгендер, кеткендер, келгендердің ауысуы, кеткендердің ауысуы, қалпына келтірілгендер, есептен шығарылғандар) келесі айға арналған болжамды сан алдыңғы айдың нақты/болжамды санын алдыңғы 3–5 жылдың тиісті айындағы өсу/төмендеу қарқынына жылжымалы негізде көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:
Т, ӨЖ, Кл, Км, Акел, Акет, Қк, Шғболж = Т, ӨЖ, Кл, Км, Акел, Акет, Қк, Шғнақты × ӨҚ
мұндағы,
Т, ӨЖ, Кл, Км, Акел, Акет, Қк, Шғболж – кезекті айға болжамды саны;
Т, ӨЖ, Кл, Км, Акел, Акет, Қк, Шғнақты – алдынғы айдың нақты/болжамды саны;
ӨҚ – алдынғы кезеңдердің тиісті айының өсу/төмендеу қарқыны.
14. Белгілі бір айдағы өсу/төмендеу қарқыны түзету коэффициентін (қажет болған жағдайда) ескере отырып, ағымдағы айдағы алушылар санының алдыңғы айдағы алушылар санына қатынасы ретінде есептеледі және мынадай формула бойынша айқындалады:
ӨҚ = Сағым / Салдың× К
мұндағы:
ӨҚ - өсу/төмендеу қарқыны;
Сағым - ағымдағы айдағы алушылар саны;
Салдың - алдыңғы айдағы алушылардың саны;
К – түзету (коррекциялаушы) коэффициенті (қажет болған жағдайда).
15. Есептік көрсеткіштерді соңғы 3–5 жылдағы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер алушылары санының нақты серпінін, маусымдық өзгерістерді, заңнамаға енгізілген өзгерістерді және алушылар санына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларды ескере отырып, алушылардың болжамды санын түзету үшін түзету коэффициенттерін енгізу арқылы өзектендіруге болады.
Коэффициенттің мәні халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның қолда бар статистикалық және өзге де есептілік ақпараты негізінде есептеулер жүргізу кезінде толық көлемде ескерілмейтін факторларға қатысты сараптамалық бағалауын ескере отырып нақтылануы мүмкін және ведомстволық бюджеттік комиссияның оң қорытындысы бар.
2-параграф. III тобы бойынша есептеу (азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы)
16. III топ алушыларының болжамды саны болжамды жыл алдындағы үш жылдағы алушылар санының орташа мәні негізінде айқындалады:
Сболж = (С1 + С2 + С3) / 3,
мұнда:
Сболж – жаңа алушылардың болжамды саны;
С1 – болжамды жылдың тікелей алдындағы жылдағы алушылар саны;
С2 – С1-де көрсетілген жылдың алдындағы жылдағы алушылар саны;
С3 – С2-де көрсетілген жылдың алдындағы жылдағы алушылар саны.
3-параграф. IV топ бойынша есептеу (мемлекеттік арнаулы жәрдемақылардың ай сайынғы төлемдері)
17. IV топ алушыларының болжамды саны алдыңғы жылдардағы алушылардың нақты саны негізінде, оның жыл сайынғы төмендеу динамикасын ескере отырып айқындалады.
3-тарау. Бірінші бөлімді алушылар санын анықтау
18. Бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдер санаттары бойынша алушылардың болжамды санының бірінші бөлімі өткен жылдардағы алушылардың нақты қалыптасқан саны негізінде жылжымалы тәсілмен алушылардың жалпы санындағы бірінші бөлім алушыларының үлесін айқындау арқылы мына формула бойынша есептеледі:
АСбб = ЖБСа х АҮ,
мұндағы,
АСбб – "бірінші" бөлімді алушылардың саны ай сайынғы/жылғы;
ЖБСа(Сас)– алушылардың жалпы болжамды саны ай сайынғы/жылғы;
АҮбб – өткен кезеңнің тиісті айының бірінші бөлімін алушылардың үлесі.
АҮбб = АСббн/АЖСн
мұндағы:
АСббн – өткен кезеңдердегі бірінші бөлімді алушылардың нақты саны;
АЖСн (Сасн)– өткен кезеңдердегі алушылардың жалпы нақты саны.
| Бюджет қаражаты есебінен | |
| төлемдерді санаттары бойынша | |
| алушылардың болжамды санынесептеу әдістемесіне1-қосымша |
Бюджеттен қаражатын есебінен төлемдерді алушылар санаттарының тізбесі
Жүктеу
р/с № | Санат атаулары |
Зейнеткерлер | |
| 1 | Жасы бойынша, оның ішінде еңбек сіңірген жылдары үшін |
| 2 | Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар |
| Балалары бар отбасылар | |
| 3 | Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (1, 2, 3 бала 4 және оданда көп балаға) |
| 4 | Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (1, 2, 3 балаға, 4 және одан да көп балаға) |
| 5 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар |
| 6 | Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар |
| Мүгедектігі бар адамдар (бұдан әрі – МБА) | |
| 7 | Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар: |
| 7.1 | 1-топтағы МБА |
| 7.2 | 2-топтағы МБА |
| 7.3 | 3-топтағы МБА |
| 7.4 | Бала кезінен 1-топтағы МБА |
| 7.5 | Бала кезінен 2 -топтағы МБА |
| 7.6 | Бала кезінен 3-топтағы МБА |
| 7.7 | 16-18 жастағы 1-топтағы МБА |
| 7.8 | 16-18 жастағы 2 -топтағы МБА |
| 7.9 | 16-18 жастағы 3-топтағы МБА |
| 7.10 | 7-18 жастағы 1-топтағы МБА |
| 7.11 | 7-18 жастағы 2-топтағы МБА |
| 7.12 | 7-18 жастағы 3-топтағы МБА |
| 7.13 | 16 жасқа дейінгі МБА |
| 7.14 | 7 жасқа дейінгі МБА |
| 7.15 | Мерзімді әскерилер МБА, 1-топ |
| 7.16 | Мерзімді әскерилер МБА, 2-топ |
| 7.17 | Мерзімді әскерилер МБА, 3-топ |
| 7.18 | Қызметтегі емес әскерилер МБА, 1-топ |
| 7.19 | Қызметтегі емес әскерилер МБА, 2-топ |
| 7.20 | Қызметтегі емес әскерилер МБА, 3-топ |
| 7.21 | Қызметі бойынша әскерилер МБА, 1-топ |
| 7.22 | Қызметі бойынша әскерилер МБА, 2-топ |
| 7.23 | Қызметі бойынша әскерилер МБА, 3-топ |
| 7.24 | Экология бойынша МБА, 1-топ |
| 7.25 | Экология бойынша МБА, 2-топ |
| 7.26 | Экология бойынша МБА, 3-топ |
| Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлем алушылар | |
| 8 | Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар: |
| 8.1 | Асыраушысынан айырылу (1 асырауындағы) |
| 8.2 | Асыраушысынан айырылу (2 асырауындағы) |
| 8.3 | Асыраушысынан айрылу (3 асырауындағы) |
| 8.4 | Асыраушысынан айрылу (4 асырауындағы) |
| 8.5 | Асыраушысынан айырылу (5 асырауындағы) |
| 8.6 | Асыраушысынан айрылу (6 және одан да көп асырауындағылар) |
| 8.7 | Толық жетімдер |
| 8.8 | Басқалар (аралас отбасылар) |
| Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар | |
| 9 | Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар |
| 10 | Ұлы Отан соғысына қатысушылар |
| 11 | Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар |
| 12 | Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар |
| 13 | Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері |
| 14 | Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) |
| 15 | Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері, "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдар |
| 16 | Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль АЭС-дегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары |
| 17 | Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар |
| 18 | 1988–1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдар |
| 19 | Саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдар |
| 20 | "Халық Қаһарманы" атағына ие болған адамдар |
| 21 | "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар |
| 22 | "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері |
| 23 | "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері |
| Алушылардың өзге де санаттары | |
| 24 | Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушылар |
| 25 | Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы алушылар |
| 26 | Ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы ақшалай өтемақы алушылар |
| 27 | Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы алушылар |
| 28 | №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушылар |
| 29 | Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда сот мемлекетке жүктеген өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру алушылар (регрессниктер) |
| 30 | Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алушылар |
| 31 | Жерлеуге берілетін біржолғы төлем алушылар |
| Бюджет қаражаты есебінентөлемдерді санаттары бойыншаалушылардың болжамды санынесептеу әдістемесіне2-қосымша |
Жаңа алушылар санының қалыптасу сипаты бойынша топтар
Жүктеу
Топ | Тізбе санаттары | Жаңа алушыларды есептеу тәсілі |
| I. Ай сайынғы төлемдер:- зейнетақы төлемдері;- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;- арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;- мемлекеттік жәрдемақылар. | Зейнеткерлер:- жасы бойынша, оның ішінде еңбек сіңірген жылдары үшін;- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар.Балалары бар отбасылар:- бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (1, 2, 3 балаға, 4 және одан да көп балаға);- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар;- бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар.Мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары бойынша төлемдерді алушылар.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлемдердің барлық санаттары бойынша төлемдерді алушылар.Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың барлық санаттары бойынша төлемдерді алушылар.Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушылар.Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы алушылар.Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда сот мемлекетке жүктеген өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру алушылар (регрессниктер).Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алушылар. | Соңғы үш-бес жылдағы нақты деректердің қалыптасқан динамикасы бойынша есептеу. |
| II. Біржолғы төлемдер:- бала тууға арналған жәрдемақы;- жерлеуге төлем. | Балалары бар отбасылар:- бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (1, 2, 3 бала 4 және оданда көп балаға).Жерлеуге берілетін біржолғы төлем алушылар. | Соңғы үш-бес жылдағы нақты деректердің қалыптасқан динамикасы бойынша есептеу. |
| III. Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар | Ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы ақшалай өтемақы алушылар.Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы алушылар. | Алдыңғы үш жылдағы нақты деректердің қалыптасқан динамикасының орташа мәні бойынша есептеу. |
| IV. Мемлекеттік арнаулы жәрдемақылардың ай сайынғы төлемдері | №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушылар. | Алдыңғы жылдардағы алушылардың нақты саны негізінде, оның жыл сайынғы төмендеу динамикасын ескере отырып есептеу. |
Ескерту:
Санатты топқа жатқызу Тізбе бөлімінің атауына қарамастан, оның санының қалыптасу сипатына қарай жүргізіледі.
| Бюджет қаражаты есебінен | |
| төлемдердің санаттары бойыншаалушылардың болжамды санынесептеу әдістемесіне3-қосымша |
_ _ жылғы алған/ жаңадан тағайындалғандар санының қарқыны
Жүктеу
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусы | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Барлығыбір жыл ішінде | Орташа жылдық саны | |
| Айдың басындағы саны | ||||||||||||||
| өсу/төмендеу қарқыны | ||||||||||||||
| тағайындау | ||||||||||||||
| өсу/төмендеу қарқыны | ||||||||||||||
| қайтыс болу | ||||||||||||||
| өсу/төмендеу қарқыны | ||||||||||||||
| ауысып (келген) | ||||||||||||||
| өсу/төмендеу қарқыны | ||||||||||||||
| ауысып (кеткен) | ||||||||||||||
| өсу/төмендеу қарқыны | ||||||||||||||
| ауысып (келген) | ||||||||||||||
| өсу/төмендеу қарқыны | ||||||||||||||
| ауысып (кеткен) | ||||||||||||||
| өсу/төмендеу қарқыны | ||||||||||||||
| қалпына келтірілген | ||||||||||||||
| өсу/төмендеу қарқыны | ||||||||||||||
| алынған | ||||||||||||||
| өсу/төмендеу қарқыны | ||||||||||||||
| Айдың соңындағы саны |
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау