Бос жүрген күндеріне орташа жалақы төлеу туралы нұсқамасының күшін жою туралы
№6001-22-00-6ап/1266, 2023 ж. 28 наурыз
Талап қоюшы (арыз беруші): «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласының полиция департаменті» ММ
Жауапкерлер: ««Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ, бұдан әрі – Еңбек инспекциясы) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті
Талаптың мәні: 2022 жылғы 12 шілдедегі №21-5-21/19649 хатына сай соттар құзыретіне қаралатын Б.М. бос жүрген күндеріне орташа жалақы төлеу туралы нұсқамасының күшін жою туралы еш бір шешім қабылдамау
әрекетсізідігін және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы басшысының 2021 жылғы 20 қазандағы №02МА-30 нұсқамасын заңсыз деп тану
Талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша қайта қарау. Істің мәні:
желтоқсан 2021 жылы талап қоюшы сотқа Еңбек инспекциясының 2021 жылғы 25 қазандағы №37-04-03/2622 Еңбек инспекцияның басқарма басшысының тексеру қортындысы бойынша актісін және 2021 жылдың 20 қазандағы №02МА-30 нұсқамасын заңсыз деп тану жайлы талап қоюмен жүгінген.
Сот актілері:
1-ші саты: талап қоюшының талап қою арызы қайтарылған.
Апелляция: сот ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Кассация: сот актілері күшінде қалдырылды.
Тұжырым:
Соттар талап қою арызды негізді қайтарған, себебі талап қоюшы 2021 жылғы 20 қазандағы №02МА-30 нұсқаманы заңсыз деп тану жайлы талап қоюдың мерзімі өткенін біле тұра, осы талаппен сотқа қайта жүгінген.
ӘРПК-нің 106-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік істер әкімшілік актінің шығарылған орны бойынша немесе жауапкердің орналасқан жері бойынша қаралуға жатады.
Талап қоюшы жауапкер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласында орналасқандығы туралы уәжі де негізсіз болып табылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы