Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ
2015 жылғы 29 мамырда Бурабайда жасалған Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
БІР ТАРАПТАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ПЕН ОҒАН МҮШЕМЕМЛЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ЕКІНШІ ТАРАПТАН ВЬЕТНАМ СОЦИАЛИСТІКРЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЕРКІН САУДА ТУРАЛЫКЕЛІСІМ
КІРІСПЕ
Бір тараптан Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы (төменде «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер» деп аталатындар) және Еуразиялық экономикалық одақ және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы (төменде «Вьетнам» деп аталатын): Тараптар арасындағы ұзақ әрі берік достық қатынастар мен дәстүрлі жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдетудің маңыздылығын ТҮСІНЕ ОТЫРЫП; өздерінің арасында сауданы дамыту және әртараптандыру үшін, сондай-ақ өзара мүдделілікті білдіретін салаларда теңдік, өзара тиімділік, кемсітпеушілік және халықаралық құқық негізінде сауда және экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауды ҚАЛАЙ ОТЫРЫП; Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімі шеңберінде және Тараптар қатысушылары болып табылатын қолданыстағы басқа да халықаралық келісімдер шеңберіндегі тиісті құқықтар мен міндеттерді РАСТАЙ ОТЫРЫП; тұрақтылық, ашықтық пен кемсітпеушілік негізінде еркін және кедергісіз сауданы ілгері бастыратын қағидаттар мен практиканы қолдау қажеттілігін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП; осы Келісім жаһандық нарықтарда Тараптар экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың арасындағы экономикалық, саудалық және инвестициялық қатынастарды дамыту үшін жағдайлар жасайтынына КӘМІЛ СЕНЕ ОТЫРЫП; шығыстарды азайту және болжамдылықты арттыру мақсатында тиімді және бүкпесіз рәсімдерді ілгерілету арқылы сауданы дамытуға жәрдемдесудің маңыздылығын СЕЗІНЕ ОТЫРЫП; Тараптар экономикаларының өзара толықтырушы сипаты мен сауда және инвестициялар үшін негіздерді одан әрі дамыту жолымен экономикалық қатынастарды жетілдіруге елеулі әлеуетін АТАП КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП; Тараптар арасындағы сауда мен ынтымақтастықты кеңейтудегі инвестициялардың маңызды рөлі мен мәнін, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен жеңілдету және осы Келісімде көзделген бизнес үшін неғұрлым кең мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП; Тараптар арасындағы экономикалық ынтымақтастық бойынша қолданыстағы бастамалардың маңыздылығын РАСТАЙ ОТЫРЫП, сондай-ақ өзара мүдделілікті білдіретін салаларда қазіргі экономикалық әріптестікті одан әрі дамытуға келісе отырып; Тараптар арасында сауда кедергілерін және инвестициялар саласындағы кедергілерді жоюға, бизнестің шығасыларын азайтуға және экономикалық тиімділікті арттыруға ҰМТЫЛА ОТЫРЫП; өзара тиімділік негізінде ортақ мүдделерге қол жеткізу үшін Тараптардың Еркін сауда туралы прогрессивті келісім жасасу жөніндегі бірлескен күш-жігері бір жағынан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен екінші жағынан, Вьетнам арасындағы экономикалық қатынастар мен сауда қатынастарын ілгерілету және дамыту үшін қосымша жағдайлар қалыптастыратынына КӘМІЛ СЕНЕ ОТЫРЫП; төмендегілер туралы УАҒДАЛАСТЫ:
1-ТАРАУЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1-бапЖалпы ережелер мен анықтамалар
Егер өзгеше көзделмесе, осы Келісімнің мақсаттары үшін: а) «орталық кеден органы» – тиісті ұлттық заңнама және нормативтік актілер негізінде кеден саласындағы тиісті мемлекеттік саясатты, нормативтік актілерді, бақылау мен қадағалауды іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысының немесе Вьетнамның жоғары уәкілетті кеден органы; b) «кеден органдары» – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің немесе Вьетнамның кеден органы немесе кеден органдары; с) «кедендік баж» – мыналарды: і. 1994 жылғы ГАТТ-тың III.2-бабына сәйкес алынатын ішкі салыққа балама төлемді; іі. ұсынылған көрсетілетін қызметтердің құнына мөлшерлес, импортқа байланысты алымды немесе басқа да төлемді; ііі. осы Келісімнің 3-тарауына («Саудалық қорғау шаралары») сәйкес алынатын бажды қоспағанда, тауарлар импортына немесе соған байланысты салынатын кез келген баж немесе кез келген түрдегі төлем; d) «күндер» – демалыс және мереке күндерді қоса алғанда, күнтізбелік күндер; е) «декларант» – кедендік мақсаттар үшін тауарларды декларациялайтын немесе өзінің атынан тауарлар декларацияланатын тұлға; f) «Еуразиялық экономикалық комиссия» – 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – «Одақ туралы шарт») сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы; g) «ГАТС» – ДСҰ келісіміне 1B-қосымшаға сәйкес Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісім; h) «1994 жылғы ГАТТ» – ДСҰ келісіміне 1А-қосымшаға сәйкес 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісім және оған түсіндірме ескертулер; і) «тауар» – кез келген тауар, өнім, бұйым немесе материал; j) «Үйлестірілген жүйе» немесе «ҮЖ» – 1983 жылғы 14 маусымдағы Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенция құрған, Тараптардың өздерінің тиісті заңнамалары мен нормативтік актілерін қабылдауы және қолдануы бөлігінде Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі; k) «заңнама және нормативтік актілер» – кез келген заң немесе кез келген басқа да нормативтік құқықтық акт; l) «шара» – Тараптың заң, нормативтік акт, қағида, рәсімдер, шешімдер, әкімшілік әрекет, қалыптасқан практика нысанындағы немесе кез келген өзге де нысандағы кез келген шарасы; m) «шығарылған» – осы Келісімнің 4-тарауында («Шығу тегін айқындау қағидасы») белгіленген шығу тегін айқындау қағидаларына сәйкес; n) «Тараптар» – бір тараптан Одақ туралы шарттан туындайтын, өзінің тиісті құзыреті шеңберінде бірлесіп немесе жеке-жеке әрекет ететін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер және Еуразиялық экономикалық одақ және екінші тараптан Вьетнам; о) «тұлға» – жеке немесе заңды тұлға; р) «СӨШ келісімі» – ДСҰ келісіміне 1А-қосымшаға сәйкес Субсидиялар мен өтемақы шаралары жөніндегі келісім; q) «СФШ келісімі» – ДСҰ келісіміне 1А-қосымшаға сәйкес Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісім; r) «СТК келісімі» – ДСҰ келісіміне 1А-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім; s) «ТРИПС келісімі» – ДСҰ келісіміне 1С-қосымшаға сәйкес Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім; t) «ДСҰ» – ДСҰ келісіміне сәйкес құрылған Дүниежүзілік сауда ұйымы; u) «ДСҰ келісімі» – 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімі.
1.2-бапЕркін сауда аймағын құру
Осы арқылы Тараптар 1994 жылғы ГАТТ-тың XXIV бабына және ГАТС-тың V бабына сәйкес еркін сауда аймағын құрады.
1.3-бапМақсаттар
Осы Келісімнің мақсаттары: a) Тараптар арасындағы тауарлар саудасын өзгелермен қатар, тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайту және кедендік рәсімдерді онайлату арқылы ырықтандыру және оған жәрдемдесу; b) Тараптар арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасын ырықтандыру және көрсетілетін қызметтер саудасына жәрдемдесу; c) қолайлы инвестициялық ортаны одан әрі дамыту арқылы Тараптар арасындағы инвестициялық мүмкіндіктерге жәрдемдесу, оларды ілгерілету және кеңейту; d) Тараптар арасындағы экономикалық және саудалық ынтымақтастықты қолдау; e) зияткерлік меншіктің барабар және тиімді қорғалуы және осы саладағы ынтымақтастықты ілгерілету және; f) осы Келісімде көзделген салаларда неғұрлым тығыз ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін негіздер құру және Тараптар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету болып табылады.
1.4-бапБірлескен комитет
Тараптар осы арқылы, бірі – Еуразиялық экономикалық одақтан немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен және екіншісі – Вьетнамнан болатын екі өкіл басқаратын Тараптардың әрқайсысының өкілдерін қамтитын Бірлескен комитет құрады. Тараптар атынан осы мақсат үшін уәкілеттік берілген жоғары лауазымды адамдар өкілдік етеді.
1.5-бапБірлескен комитеттің функциялары
1. Бірлескен комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады: a) осы Келісімді қолдануға және оның әрекет етуіне байланысты кез келген мәселелерді қарау; b) осы Келісім шеңберінде құрылған барлық комитеттер мен басқа да органдардың жұмысына қатысты бақылауды жүзеге асыру; c) Тараптар арасындағы сауда қатынастарын одан әрі жетілдіру бойынша мүмкіндіктерді қарастыру; d) осы Келісімге кез келген түзетулер туралы Тараптарға берілетін ұсынымдарды қарастыру және дайындау; және e) Тараптардың уағдаласуына сәйкес осы Келісім шеңберінде кез келген мәселе бойынша басқа да әрекеттерді орындау. 2. Бірлескен комитет өз функцияларын орындау мақсатында көмекші органдарды, оның ішінде ad hoc органдарын құра алады және оларға нақты мәселелер бойынша міндеттерді орындауды тапсыра алады. Бірлескен комитет, қажет болған кезде, үшінші тұлғалардың немесе топтардың пікірін сұрата алады. 3. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, Бірлескен комитет: a) жыл сайын Тараптар аумақтарында кезекпен өткізілетін тұрақты сессияларға; және b) 30 күн ішінде қандай да бір Тараптың сұрау салуы бойынша басқа Тараптың аумағында немесе Тараптар арасындағы уағдаластық бойынша басқа жерде өткізілетін арнайы сессияларға шақырылады. 4. Бірлескен комитет осы Келісімнің 15.3-бабына сәйкес Тараптан алдын ала хабарлама алынған жағдайда, Тараптар үшін осындай әрекеттің салдарын талқылау мақсатында және осы Келісімге сәйкес қол жеткізілген кез келген уағдаластықтар үшін 30 күн ішінде шақырылады. 5. Осы Келісімге сәйкес құрылған Бірлескен комитеттің, комитеттердің және басқа да органдардың барлық шешімдері Тараптардың консенсусы негізінде қабылданады.
1.6-бапБасым инвестициялық жобалар
1. Басым инвестициялық жобаларды бір тараптан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тиісті үкіметтері және екінші тараптан Вьетнам Үкіметі бекітеді. 2. Осы Келісімнің басқа ережелеріне қарамастан және Тараптардың басым инвестициялық жобаларды қолдауға бағытталған консультацияларының қорытындысы ретінде Тараптардың қосымша преференциялар беруге құқығы бар. Осындай шешімдерді тиісті Тараптардың тиісті органдары өз құзыреттері шеңберінде қабылдайды.
1.7-бапБайланысу пункттері
1. Әрбір Тарап осы Келісімге қатысты кез келген мәселелер бойынша Тараптар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету үшін байланысу пуктін немесе байланысу пункттерін тағайындайды және өзінің байланысу пункті немесе байланысу пункттері туралы Бірлескен комитетті хабардар етеді. 2. Тараптың сұрау салуы бойынша басқа Тараптың байланысу пункті немесе байланысу пункттері осы мәселеге жауапты тиісті органды немесе лауазымды адамды айқындайды және қажет болған жағдайда, сұрау салуды жіберген Тараппен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға жәрдемдеседі.
1.8-бапҚұпия ақпарат
1. Әрбір Тарап осы Келісім шеңберінде басқа Тарап құпия ретінде ұсынған ақпараттың құпиялылығын өзі заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес қамтамасыз етеді. 2. Осы Келісімдегі ештеңе Тарапты ашылуы құқық қолдануға кедергі келтіре алатын немесе қоғамдық мүдделерге өзгеше түрде қайшы келуі немесе мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне қысым келтіруі мүмкін құпия ақпаратты ұсынуға міндеттемейді.
1.9-бапЖалпы ерекшеліктер және қауіпсіздік пайымдары бойынша ерекшеліктер
1. 1994 жылғы ГАТТ-тың ХХ бабы және ГАТС-тың XIV бабы осы Келісімге инкорпорацияланған және оның ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis. 2. 1994 жылғы ГАТТ-тың XXI бабы және ГАТС-тың XIVbis бабы осы Келісімге инкорпорацияланған және оның ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis. 3. Бірлескен комитетке осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданатын шаралар туралы және оларды тоқтату туралы барынша мүмкіндігінше хабарланады.
1.10-бапҚосарланған мақсаттағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер
Тараптар өздерінің экспорттық бақылау саласындағы тиісті заңнамаларына және нормативтік актілеріне, сондай-ақ халықаралық міндеттемелеріне сәйкес, қосарланған мақсаттағы тауарлар және көрсетілетін қызметтер саудасын реттеу саласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Вьетнамның егемен құқықтарын таниды.
1.11-бапТөлем теңгерімін қорғау жөніндегі шаралар
1994 жылғы ГАТТ-тың XIІ бабы және 1994 жылғы ГАТТ-тың Төлем теңгерімі туралы ережелерге қатысты уағдаластық осы Келісімге инкорпорацияланған және оның ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis.
1.12-бапӨзге халықаралық келісімдермен арақатысы
1. Осы Келісім ДСҰ келісімін және Тараптардың ДСҰ шеңберіндегі тиісті міндеттемелерін қоса алғанда, Тараптар қатысушылары болып табылатын екіжақты және көпжақты келісімдерден туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелеріне залал келтірілмей қолданылады. 2. Осы Келісімнің ережелері осы Келісімнің 4.7-бабының ережелеріне залал келтірместен, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында да, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында да қолданылмайды және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер тек қана бір-біріне ұсынатын құқықтар мен артықшылықтарды Вьетнамға ұсынбайды.
1.13-бапТранспаренттілік
1. Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес, осы Келісімнің қолданылу саласына кіретін кез келген мәселелер бойынша өзінің заңдары мен жалпы қолданылатын нормативтік актілерінің, сондай-ақ тиісті халықаралық келісімдерінің уақтылы жариялануын немесе еркін қол жеткізу үшін өзгеше түрде, оның ішінде мүмкіндігіне қарай электрондық нысанда орналастырылуын қамтамасыз етеді. 2. Мүмкіндігіне қарай, әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес: a) қабылдануы жоспарланған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген, осындай заңдар мен нормативтік актілерді дер кезінде жариялайды; және b) мүдделі тұлғаларға және екінші Тарапқа қабылдануы жоспарланған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген, осындай заңдар мен нормативтік актілер бойынша өз түсіндірмелерін беруіне негізделген мүмкіндіктер береді. 3. Тараптардың бірінің сұрау салуы бойынша басқа Тарап нақты сұрақтарға дереу жауап береді және осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңдар мен нормативтік актілер туралы ақпарат ұсынады.
2-ТАРАУТАУАРЛАР САУДАСЫ
2.1-бапБарынша қолайлылық режимі
1. Импортқа немесе экспортқа немесе оларға байланысты салынатын немесе импорт немесе экспорт үшін төлемдерді халықаралық аударуға салынатын кедендік баждар мен кез келген түрдегі алымдарға қатысты және осындай баждар мен алымдарды алу әдісіне қатысты және импорт пен экспортқа байланысты барлық қағидаларға және формальдылықтарға қатысты және 1994 жылғы ГАТТ-тың ІІІ бабының 2 және 4-тармақтарында көрсетілген барлық мәселелерге қатысты Тарап қандай да бір үшінші елден шығатын немесе оның аумағына арналған кез келген тауарға ұсынатын кез келген артықшылық, қолайлылық, басымдық немесе иммунитет дереу және ешқандай шартсыз басқа Тараптың ұқсас тауарына немесе осындай Тараптың аумағына арналған ұқсас тауарына ұсынылады. 2. Осы баптың 1-тармағындағы ештеңе Тарапты басқа Тарапқа бірінші Тарап мына өлшемшарттардың қайсыбірі сақталған кезде кез келген өзге үшінші мемлекетке: a) шекара маңындағы сауданы жеңілдету мақсатында шектес елдерге; b) 1994 жылғы ГАТТ-тың XXIV бабының ережелеріне сәйкес, кеден одағының, еркін сауда аймағының немесе өңірлік экономикалық ұйымның қатысушыларына немесе кез келген басқа өңірлік сауда келісімдерінің қатысушыларына; немесе c) 1994 жылғы ГАТТ-ке, БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы шеңберінде Тарифтік преференциялардың жалпы жүйесіне сәйкес немесе Тараптардың осы мәселелер жөніндегі заңнамаларына және нормативтік актілеріне сәйкес дамушы және неғұрлым аз дамыған елдерге беретін барынша қолайлылық режимі негізінде артықшылық, қолайлылық, басымдық немесе иммунитет беруге міндеттемейді.
2.2-бапҰлттық режим
1994 жылғы ГАТТ-тың ІІІ бабы және осы бапқа түсіндірме ескертулер осы Келісімге инкорпорацияланған және оның ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis.
2.3-бапКедендік баждарды азайту және/немесе олардың күшін жою
1. Егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір Тарап басқа Тараптың аумағынан шығатын тауарларға кедендік баждарды осы Келісімге 1-қосымшадағы өзінің тарифтік міндеттемелер тізбесіне сәйкес кезең-кезеңмен азайтуға және/немесе олардың күшін жоюға тиіс және өзінің нәтижесінде басқа Тараптың аумағынан шығатын тауарлар үшін кедендік баж мөлшерлемесінің көлемі бірінші Тарапта осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген тарифтік міндеттемелер тізбесіне сәйкес айқындалған деңгейден асып кететін кедендік баждардың ешқайсысын ұлғайтпауға және ешқандай жаңа кедендік баждарды белгілемеуге тиіс. 2. Тарап басқа Тараптың аумағынан шығатын тауарларға бірінші Тараптың осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген тарифтік міндеттемелер тізбесіне сәйкес белгіленген кедендік баждарды азайтуды және/немесе олардың күшін жоюды кез келген кезде біржақты тәртіппен жеделдетуі мүмкін. Осы ереже ешбір Тараптың кедендік бажды біржақты азайтудан кейінгі тиісті жылы осы Келісімге 1-қосымшадағы өзінің тарифтік міндеттемелер тізбесінде белгіленген деңгейге дейін арттыруына кедергі келтірмейді. Кедендік бажды осындай арттыру, азайту және/немесе оның күшін жою мүмкіндігін қарастыратын Тарап кедендік баждың жаңа мөлшерлемесі күшіне енгенге дейін басқа Тарапты мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабардар етуге тиіс. 3. Тараптар осы Келісімнің 15.5-бабына сәйкес осы Келісімге өзгерістер енгізу арқылы осы Келісімге 1-қосымшадағы өздерінің тарифтік міндеттемелер тізбелерінде белгіленген кедендік баждарын жеделдетіп азайту және/немесе олардың күшін жою мүмкіндігін қарастыра алады. 4. Егер, Тараптың аумағынан шығатын тауарға осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес қолданылатын кедендік баждың мөлшерлемесі дәл осы тауарға қатысты барынша қолайлылық режиміне сәйкес қолданылатын кедендік баж мөлшерлемесінен жоғары болса, онда мұндай тауарға соңғысы қолданылады.
2.4-бапҮЖ кодының және сипаттаудың өзгерістері
1. Әрбір Тарап өзінің ҮЖ кодтарына және сипаттауға енгізілетін кез келген өзгерістер осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес белгіленген тарифтік міндеттемелерге залал келтірілмей жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. 2. Еуразиялық экономикалық одақтың ҮЖ кодтары мен сипаттауына және Вьетнамның ҮЖ кодтары мен сипаттауына осындай өзгерістерді тиісінше Еуразиялық экономикалық комиссия және Вьетнам жүзеге асыруға тиіс. Тараптар өздерінің ҮЖ кодтары мен сипаттауларындағы кез келген өзгерістерді еркін қолжетімділікке уақтылы орналастыруға және бір-біріне әрбір үш ай сайын хабарлауға тиіс.
2.5-бапИмпортқа және экспортқа байланысты төлемдер, алымдар және формальдылықтар
1. 1994 жылғы ГАТТ-тың VIII бабы және осы бапқа түсіндірме ескертулер осы Келісімге инкорпорацияланған және оның ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis. 2. Әрбір Тарап өзі салатын төлемдер мен алымдар туралы ақпаратты өзінің құзыретті органдарының өз ресми интернет-сайттары арқылы еркін қолжетімділікке орналастыруын қамтамасыз етуге тиіс.
2.6-бапСауда қағидаларын қолдану
Әрбір Тарап 1994 жылғы ГАТТ-тың Х бабының ережелеріне сәйкес Тараптар арасындағы тауарлар саудасына қатысты өздерінің барлық ұлттық заңдарының, нормативтік актілерінің, сот шешімдері мен жалпы қолданылатын әкімшілік өкімдерінің бірыңғай, бейтарап және негізді түрде қолданылуын қамтамасыз етеді.
2.7-бапСубсидиялар
1. ДСҰ келісіміне 1А Қосымшада қамтылған Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімнің қолданылу аясына жатпайтын тауарларға арналған субсидияларға қатысты Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері 1994 жылғы ГАТТ-тың XVI бабының ережелерімен, СӨШ Келісімімен, сондай-ақ олардың ДСҰ шеңберіндегі тиісті міндеттемелерімен регламенттеледі. 2. Тараптар ауыл шаруашылығының өніміне қатысты экспорттық субсидиялардың күшін жою мақсатына көпжақты негізде ортақтас болады. 3. Басқа Тараптың аумағына жеткізуге арналған ауыл шаруашылығының кез келген өніміне арналған экспорттық субсидияларға қатысты Тараптардың құқықтары мен міндеттері олардың ДСҰ шеңберіндегі тиісті міндеттемелерімен реттеледі. 4. Әрбір Тарап осы бапта қамтылатын субсидиялар саласында транспаренттілікті қамтамасыз етеді. Кез келген Тараптың сұрау салуы бойынша басқа Тарап өзі ұсынатын немесе қолданатын, СӨШ келісімінің ережелерінде айқындалған өзіндік ерекшелікті субсидиялар туралы ақпаратты ақылға қонымды мерзімде ұсынады. Осындай ақпарат СӨШ Келісімінің 25.3-бабында көзделген мәліметтерді қамтиды.
2.8-бапИмпортты лицензиялау
1. Әрбір Тарап ДСҰ Келісіміне 1А Қосымшадағы Импортты лицензиялау рәсімдері жөніндегі келісімнің (бұдан әрі – Импортты лицензиялау рәсімдері жөніндегі келісім) 1 – 3-баптарында айқындалған өзінің импортты лицензиялау рәсімдерінің транспарентті және болжамды түрде енгізілуін және Импортты лицензиялау рәсімдері жөніндегі келісімге сәйкес қолданылуын қамтамасыз етеді. 2. Әрбір Тарап Импортты лицензиялау рәсімдері жөніндегі келісімнің 1.4-бабына сәйкес лицензиялау рәсімдеріне қатысты өзінің қағидалары мен ақпаратының жариялануын қамтамасыз етеді. Лицензиялау рәсімдерін енгізетін немесе осындай рәсімдерді өзгертетін Тарап бұл туралы екінші Тарапты жариялау кезінен бастап 60 күннен кешіктірмей хабардар етуге тиіс. Мұндай хабарламалар Импортты лицензиялау рәсімдері жөніндегі келісімнің 5.2 және 5.3-баптарында айқындалған ақпаратты қамтуға тиіс. Мұндай ақпарат әрбір Тараптың осы мақсаттар үшін тағайындалған байланысу пункті арқылы берілуге тиіс.
2.9-бапСандық шектеулер
1. Тараптардың ешқайсысы оның ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелерінде айқындалған жағдайларды қоспағанда, басқа Тараптың қандай да бір тауарларының импортына немесе басқа Тараптың аумағына арналған қандай да бір тауарларының экспортына салынатын тыйымды немесе шектеуді қоса алғанда, ешқандай сандық шектеулерді белгілей немесе сақтай алмайды, осы мақсатта 1994 жылғы ГАТТ-тың XI және XIIІ баптары және осы баптарға түсіндірме ескертулер осы Келісімге инкорпорацияланған және оның ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis. 2. Әрбір Тарап осы баптың 1-тармағына сәйкес рұқсат етілетін кез келген сандық шектеулердің бүкпесіздігін қамтамасыз етеді және ешқандай да осындай шаралар Тараптар арасындағы саудаға артық кедергілер жасайтындай мақсатта немесе сондай салдарлар тудыра отырып, енгізілмейтінін, қабылданбайтынын немесе қолданылмайтынын қамтамасыз етеді.
2.10-бапТриггерлік қорғау шаралары
1. Егер кез келген күнтізбелік жыл ішінде импорт көлемі осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген, осы жылға жататын триггерлік деңгейден асып түссе, Еуразиялық экономикалық одақ осы Келісімге 2-қосымшада санамаланған, Вьетнамнан шыққан және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына импортталған тауарларға қатысты триггерлік қорғау шараларын қолдана алады. 2. Триггерлік қорғау шарасы қарастырылып отырған тауарларға қатысты триггерлік қорғау шарасын күшіне енгізу күніне қолданылатын барынша қолайлылық режимі кедендік бажының мөлшерлемесіне балама кедендік баж нысанында қолданылады. 3. Триггерлік қорғау шарасы алты айдан аспайтын кезең ішінде қолданылады. 4. Осы баптың 3-тармағының ережелеріне қарамастан, егер триггерлік қорғау шарасын қолдануды бастау күні қарастырылып отырған импорт көлемі тиісті триггерлік деңгейдің 150 пайызынан пайызға асып түссе, онда мұндай шараның қолданылу мерзімі тағы үш айға ұзартылуы мүмкін. 5. Еуразиялық экономикалық комиссия қарастырылып отырған импорт көлемдері туралы деректерді оларға Въетнамның қолжетімділігін қамтамасыз ететін тәртіппен жариялауды қамтамасыз етеді. Осы баптың 1-тармағында айқындалған шарттарды орындау фактісі анықталған кезде Еуразиялық экономикалық комиссия бұл туралы Вьетнамды дереу жазбаша нысанда хабардар етеді. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың триггерлік қорғау шарасын қолдану құқығына залал келтірмей, триггерлік қорғау шарасын қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей, сондай-ақ мұндай шешім ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кейін күшіне енетін жағдайда, осындай шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік үш күн ішінде жазбаша хабарлама жібереді. Триггерлік қорғау шарасын қолданбау туралы шешім қабылданған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақ бұл туралы Вьетнамды дереу жазбаша нысанда хабардар етеді. 6. Тараптың сұрау салуы бойынша басқа Тарап осы баптың 1 – 4-тармақтарына сәйкес триггерлік қорғау шарасын енгізу және қолдану шарттарын түсіндіру мақсатында дереу консультацияға кіріседі және/немесе сұратылатын ақпаратты ұсынады. 7. Осы Келісім күшіне енген күннен кейін әрбір үш жылда Тараптар осы баптың қолданысын қайта қарайды және қажет болған кезде осы Келісімнің 15.5-бабына сәйкес осы бапқа және осы Келісімге 2-қосымшаға өзгерістер енгізу жөнінде бірлескен шешімдер қабылдайды.
2.11-бапМемлекеттік сауда кәсіпорындары
Әрбір Тарап 1994 жылғы ГАТТ-тың XVII бабына және өзінің ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелеріне сәйкес өзінің мемлекеттік сауда кәсіпорындарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2.12-бапТауарлар саудасы жөніндегі комитет
1. Тараптар осы арқылы әрбір Тараптың өкілдерінен тұратын Тауарлар саудасы жөніндегі комитетті (бұдан әрі – Тауарлар жөніндегі комитет) құрады. 2. Тауарлар жөніндегі комитет осы тараудың және 3-тараудың («Саудалық қорғау шаралары»), 4-тараудың («Шығу тегін айқындау қағидалары»), 5-тараудың («Кедендік әкімшілендіру және сауданы жеңілдету»), 6-тараудың («Саудадағы техникалық кедергілер») және 7-тараудың («Санитариялық және фитосанитариялық шаралар») Тараулардың ережелері шеңберінде туындайтын кез келген мәселелерді қарау үшін кез келген Тараптың сұрау салуы бойынша жиналуға тиіс. 3. Тауарлар жөніндегі комитеттің функциялары: a) осы баптың 2-тармағында көрсетілген тараулар ережелерінің орындалуы мен қолданылуына шолу мен мониторинг жүргізуді; b) қажет болған жағдайда нарыққа қолжетімділікті дамыту және жеңілдетуге жәрдемдесу мақсатында Бірлескен комитет үшін осы тараудың ережелеріне және осы Келісімге 1-қосымшадағы тарифтік міндеттемелер тізбесіне кез келген түзетулер бойынша тиісті ұсынымдарды шолуды және тұжырымдауды; c) пайда болуы мүмкін кез келген проблемаларды шешу мақсатында ұсынымдарды айқындауды және ұсынуды; d) осы тараудың ережелерін қолдануға байланысты кез келген басқа да мәселелерді қарау нәтижелерін Бірлескен комитетке беруді қамтиды.
3-ТАРАУСАУДАЛЫҚ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ 3.1-бапӨтемақы шаралары
1. Тараптар 1994 жылғы ГАТТ-тың VI және XVI баптарының және СӨШ Келісімінің ережелеріне сәйкес өтемақы шараларын қолданады. 2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекеттер үшін Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде қолжетімді болып табылатын, 1994 жылғы ГАТТ-тың XVI бабының және СӨШ Келісімінің түсінігіндегі субсидиялар бар болған жағдайларды қоспағанда, Вьетнамның өтемақы тергеп-тексерулерін жүргізуі және өтемақы шараларын қолдануы мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер тұтас Еуразиялық экономикалық одақ ретінде емес, жеке-жеке қаралады.
3.2-бапДемпингке қарсы шаралар
1. Тараптар 1994 жылғы ГАТТ-тың VI бабының және ДСҰ келісіміне 1А Қосымшада қамтылған 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің VI бабын қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес демпингке қарсы шараларды қолданады. 2. Егер екі Тарап өзге туралы уағдаласқан жағдайларды қоспағанда, Вьетнамның демпингке қарсы тергеп-тексерулер жүргізуі және демпингке қарсы шараларды қолдануы мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер тұтас Еуразиялық экономикалық одақ ретінде емес, жеке–жеке қаралады.
3.3-бапАрнайы қорғау шаралары
Тараптар 1994 жылғы ГАТТ-тың ХІХ бабының және ДСҰ келісіміне 1А қосымшада қамтылған арнайы қорғау шаралары жөніндегі ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес, арнайы қорғау шараларын қолданады.
3.4-бапЕкіжақты қорғау шаралары
1. Егер, осы Келісімге сәйкес кедендік бажды азайту немесе оның күшін жою нәтижесінде бір Тараптан шығатын қандай да бір тауар басқа Тараптың аумағына осындай өскен мөлшерде, абсолютті көрсеткіштерде немесе ішкі өндіріске қатысты және бұл импорттаушы Тараптың аумағына ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарларды өндіретін отандық экономика саласына елеулі залалдың немесе оны келтіру қаупінің негізгі себебі болып табылатындай жағдайларда импортталса, онда импорттаушы Тарап осындай тауарға қатысты өтпелі кезең ішінде осы баптың ережелеріне сәйкес елеулі залалды немесе оны келтіру қаупін жою немесе оның алдын алу үшін қажетті мөлшерде екіжақты қорғау шарасын қолдана алады. 2. Екіжақты қорғау шарасы өскен импорт елеулі залалдың немесе оны келтіру қаупінің айтарлықтай себебі болып табылатыны туралы айқын дәлелдемелер көрсетілгеннен кейін ғана қолданылады. 3. Осы бапқа сәйкес екіжақты қорғау шарасын қолдануға ниеттенетін Тарап дереу және осындай шара енгізілгенге дейін кез келген жағдайда бұл туралы басқа Тарапты және Бірлескен комитетті хабардар етеді. Хабарламада іске қатысты барлық ақпарат қамтылуға тиіс, онда өскен импортқа байланысты елеулі залалдың немесе оны келтіру қаупінің болу дәлелдемелері, тауардың және ұсынылған шараның дәлме-дәл сипаттамасы, сондай-ақ оны енгізудің болжамды күні, күтілетін қолданылу мерзімі және егер орынды болған жағдайда, оның күшін біртіндеп жою графигі қамтылуға тиіс. 4. Өзіне осы шара қатысты болуы мүмкін Тарапқа осындай Тараптан жасалатын импортқа қатысты саудалық ырықтандыруға елеулі дәрежеде балама болатындай түрде өтемақы ұсынылуға тиіс. Бұл Тарап осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабардар ету күнінен бастап 30 күн ішінде мәселені өзара қолайлы түрде шешуге жәрдемдесу мақсатында ұсынылған ақпаратты зерделеуге тиіс. Мұндай шешім болмаған кезде импорттаушы Тарап проблеманы шешу үшін екіжақты қорғау шарасын қолдана алады және өзара келісілген өтемақы болмаған кезде тауарына қатысты екіжақты қорғау шарасы қолданылатын Тарап өтемдік шараны қолдана алады. Басқа Тарап екіжақты қорғау шарасының және өтемдік шараның қолданылуы туралы дереу хабардар етіледі. Өтемдік шара, әдетте, саудаға елеулі дәрежеде балама әсері бар жеңілдіктерді тоқтата тұруды және/немесе екіжақты қорғау шарасын қолданудан күтілетін қосымша баждардың мәніне айтарлықтай баламалы болатын жеңілдіктерді тоқтата тұруды білдіреді. Өтемдік шара саудаға елеулі дәрежеде баламалы әсер етуге қол жеткізу үшін қажетті ең аз мерзім ішінде және кез келген жағдайда, осы баптың 5-тармағына сәйкес қабылданған екіжақты қорғау шарасының қолданылу мерзімі ішінде ғана қолданылады. 5. Осы баптың 1-тармағында айқындалған шарттар орындалған жағдайда, импорттаушы Тарап екіжақтықорғау шарасын: a) қарастырылатын тауар үшін осы Келісімде көзделген кедендік баждың қандай да бір қолданылатын мөлшерлемесін одан әрі азайтуды тоқтата тұру; немесе b) қарастырылатын тауарға қатысты кедендік баждың қолданылатын мөлшерлемесін осы Келісімге 1-қосымшада айқындалған базалық мөлшерлемеден аспайтын қажетті деңгейге дейін арттыру нысанында қолдана алады. 6. Тараптар екіжақты қорғау шараларын мынадай мерзімдер ішінде қолдана алады: a) өзі үшін кедендік баж осы Келісім күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде түпкілікті азаю деңгейіне жететін тауар жағдайында Тарап екіжақты қорғау шарасын екі жылдан аспайтын мерзімге қолдана алады. Тарап алдыңғы екіжақты қорғау шарасының қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде бір тауарға қатысты екіжақты қорғау шарасын қайталап қолдана алмайды. Ешқандай да екіжақты қорғау шарасы бір тауарға қатысты екі реттен астам қолданыла алмайды. b) өзі үшін кедендік баж осы Келісім күшіне енген күннен бастап үш жыл өткен соң түпкілікті азаю деңгейіне жететін тауарларға қатысты Тарап екіжақты қорғау шарасын екі жылдан аспайтын мерзімге қолдана алады. Екіжақты қорғау шарасының қолданылу мерзімі, егер бұл елеулі залалды немесе оны келтіру қаупін жоюға немесе болдырмауға қажет екендігіне және саланың бейімделіп жатқанына дәлелдемелер бар болса, бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Тарап алдыңғы екіжақты қорғау шарасы қолданылған мерзімге тең мерзім ішінде бір тауарға қатысты екіжақты қорғау шарасын қайталап қолданбайды. Ешқандай да екіжақты қорғау шарасы бір тауарға қатысты екі реттен астам қолданыла алмайды. 7. Екіжақты қорғау шарасын қолдану аяқталған соң кедендік баждың мөлшерлемесі шараны қолдану аяқталған күні қолданыста болған деңгейде белгіленеді. 8. Тараптардың ешқайсысы бір тауарға қатысты бір мезгілде: a) екіжақты қорғау шарасын; және b) 1994 жылғы ГАТТ-тың ХІХ бабында және ДСҰ келісіміне 1А Қосымшада қамтылған қорғау шаралары жөніндегі ДСҰ Келісімінде көзделген шараны қолдана алмайды. 9. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген отандық сала деп Тараптың аумағында өз қызметін жүзеге асыратын, ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды өндірушілердің жиынтығы немесе ұқсас немесе бәсекелес тауарларды жиынтық өндіруі ел ішінде осындай тауарды жалпы өндірудың басым бөлігін, бірақ кемінде 25 пайызын құрайтын өндірушілер түсіндіріледі. 10. Өздеріне қатысты екіжақты қорғау шарасы қолданылатын жекелеген тауарларға қатысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген ауыспалы кезең деп: a) өзі үшін кедендік баж осы Келісім күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде түпкілікті азаю деңгейіне жететін тауар жағдайында осы Келісім күшіне енген күннен басталатын кедендік баждың күшін жою немесе оны азайту процесі аяқталатын күннен бастап жеті жылға дейінгі кезең; b) өзі үшін кедендік баж осы Келісім күшіне енген күннен бастап үш жыл өткен соң, бірақ бес жыл өткенге дейін түпкілікті азаю деңгейіне жететін тауар жағдайында осы Келісім күшіне енген күннен басталатын кедендік баждың күшін жою немесе оны азайту процесі аяқталатын күннен бастап бес жылға дейінгі кезең; c) өзі үшін кедендік баж осы Келісім күшіне енген күннен бастап бес жыл өткен соң түпкілікті азаю деңгейіне жететін тауар жағдайында осы Келісім күшіне енген күннен басталатын кедендік баждың күшін жою немесе оны азайту процесі аяқталатын күннен бастап үш жылға дейінгі кезең түсініледі.
3.5-бапХабарламалар
1. Тараптар арасында осы тараудың қолданылу аясына кіретін мәселелер бойынша ресми коммуникациялар және барлық құжаттарды алмасу осы тараудың ережелеріне сәйкес тергеп-тексерулерге бастама жасауға және оларды жүргізуге уәкілеттік берілген тиісті органдар (бұдан әрі – тергеп-тексеру жүргізетін органдар) арасында жүзеге асырылады. Егер Вьетнам осы тарауға сәйкес шараны қолдануға ниет білдіретін болса, басқа Тарап өзге уәкілетті органды айқындай алады, ол туралы Вьетнамды хабардар етуге тиіс. 2. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 30 күн ішінде Тараптар тергеп-тексеру жүргізетін органдардың атаулары мен байланыс деректері туралы ақпарат алмасады. Тараптар тергеп-тексеру жүргізетін органдарға қатысты кез келген өзгерістер туралы бір-бірін дереу хабардар етеді. 3. Арнайы қорғау шарасын қолдануға ниет білдірген Тарап дереу басқа Тарапқа тергеп-тексерудің басталуына, сондай-ақ тергеп-тексерудің алдын ала және түпкілікті тұжырымдарына қатысты барлық қажетті ақпаратты қамтитын жазбаша хабарлама жібереді.
4-ТАРАУШЫҒУ ТЕГІН АЙҚЫНДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ
I БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4.1-бапҚолданылу саласы
Осы тарауда көзделген, шығу тегін айқындау қағидалары тек осы Келісімге сәйкес тарифтік преференция режимін ұсыну мақсаттары үшін ғана қолданылады.
4.2-бапАнықтамалар
Осы тараудың мақсаттары үшін: a) «акваөсіру» – өндірісті арттыру мақсатында, мысалы тұрақты балық жіберу, қоректендіру немесе жыртқыштардан қорғау арқылы даму мен өсу процестеріне әсер ету жолымен жұмыртқа, майда балықтар, шабақ және дернәсіл сияқты бастапқы материалдан су организмдерін, оның ішінде балықтарды, ұлуларды, шаян тәрізділерді, басқа су омыртқасыздарын және су өсімдіктерін өсіру; b) «уәкілетті орган» – осы Келісімнің мақсаттары үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаттар беру мақсатында Тарап тағайындайтын құзыретті орган; c) «CIF берілім шарттарындағы құны» – импортталатын тауарлардың импорт еліне әкелу портына немесе орнына дейін жалдау және сақтандыру құнын қамтитын құны; d) «партия» – бір жүк алушының мекенжайына бір жүк жөнелтушіден бір немесе бірнеше көлік құжаттары бойынша бір мезгілде жіберілетін тауарлар, сондай-ақ бір пошталық жүкқұжат бойынша жөнелтілетін немесе шекараны кесіп өтетін бір тұлға багаж ретінде алып өтетін тауарлар; e) «экспорттаушы» – осы тұлға тауарларды экспорттайтын Тараптың аумағында тіркелген тұлға; f) «FOB берілім шарттарындағы құны» – «борттағы бос» жағдайларындағы тауарлардың шетелге түпкілікті жүк түсіру портына немесе орнына дейін тасымалдау құнын қамтитын құны; g) «импорттаушы» – осы тұлға тауарларды импорттайтын Тараптың аумағында тіркелген тұлға; h) «материал» – ингредиенттерді, шикізатты, құрамдауыштарды немесе тауарды өндірген кезде пайдаланылатын немесе тұтынылатын, заттай түрде тауарға енгізілген немесе басқа тауарды өндірген кезде өңдеуге ұшырайтын бөліктерді қоса алғанда, кез келген зат немесе субстанция; i) «шығарылмайтын тауарлар» немесе «шығарылмайтын материалдар» – осы тарауда жазылған, шығу тегінің өлшемшарттарына жауап бермейтін тауарлар немесе материалдар; j) «шығарылатын тауарлар» немесе «шығарылатын материалдар» – осы тарауда жазылған шығу тегінің өлшемшарттарына жауап беретін тауарлар немесе материалдар; k) «өндіруші» – Тараптың аумағында тауарлар өндіруді жүзеге асыратын тұлға; l) «өндіріс» – өнім өсіруді, өндіруді, жинауды, молайтуды, алуды, жинауды, ұстауды, балық аулау мен аңшылықты, осындай тауарларды дайындауды, қайта өңдеуді, немесе құрастыруға қамтитын тауарларды алу тәсілдері; m) «верификациялаушы орган» – Тарап верификациялау бойынша рәсімдерді жүзеге асыруға тағайындайтын құзыретті үкіметтік орган.
4.3-бапШығу тегінің өлшемшарттары
Осы Тараудың мақсаттары үшін тауарлар, егер олар: a) осы Келісімнің 4.4-бабына сәйкес осындай Тарапта толық алынса немесе өндірілсе; немесе b) Тараптардың біреуінде немесе екеуінде де тек қана бір немесе екі Тараптан шығарылатын материалдардан толықтай өндірілсе; немесе c) шығарылмайтын материалдар пайдаланылып Тараптың аумағында өндірілсе және осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген шығу тегінің ерекше өлшемшарттарының талаптарын қанағаттандырса, осы Тарапта шығарылған деп есептеледі.
4.4-бапТолық алынған немесе өндірілген тауарлар
Осы Келісімнің 4.3-бабын қолдану мақсаттары үшін мына тауарлар Тарапта толық алынған немесе өндірілген тауарлар болып есептеледі: a) Тараптың аумағында өсірілген немесе жиналған жемістерді, жидектерді, гүлдерді, көкөністерді, ағаштарды, балдырларды, саңырауқұлақтар мен тірі өсімдіктерді қоса алғанда, өсімдіктер мен өсімдік тектес өнімдер; b) Тараптың аумағында туған және өсірілген тірі жануарлар; c) Тараптың аумағында тірі жануарлардан алынған өнімдер; d) Тараптың аумағында жинау, аңшылық, ұстау, балық аулау, өсіру, молайту және акваөсіру нәтижесінде алынған өнімдер; e) Тараптың аумағында ауадан, топырақтан, судан, теңіз түбінен немесе жер қойнауынан алынған немесе өндірілген минералдар мен басқа да пайдалы қазбалар; f) Тарапта тіркелген немесе жазылған және оның туын көтеріп жүзетін кеме халықаралық құқық нормаларына сәйкес ашық теңізде алған, теңіз балық аулау кәсібінің өнімдері және теңіз кәсібінің басқа да өнімдері; g) Тарапта тіркелген немесе жазылған және оның туын көтеріп жүзетін қайта өңдейтін кеме бортында осы баптың f) тармақшасында көрсетілген өнімдерден ғана алынған өнімдер; h) осындай өнімдер шикізатты қайта өңдеу үшін ғана жарамды болған жағдайда, Тараптың аумағында өндіру және тұтыну нәтижесінде алынған қалдықтар мен сынықтар; i) осындай өнімдер шикізатты қайта өңдеу үшін ғана жарамды болған жағдайда, Тараптың аумағында құрастырылған, тұтынуда болған бұйымдар; j) Тарапта тіркелген ғарыш кемелерінде ашық ғарышта алынған өнімдер; k) Тараптың аумағында осы баптың a) – j) тармақтарында көрсетілген тауарлардан ғана өндірілген немесе алынған тауарлар.
4.5-бапҚосылған құнның үлесі
Осы тарауды және осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген шығу тегінің ерекше өлшемшарттарын қолдану мақсаттары үшін қосылған құнның үлесін есептеу формуласы (бұдан әрі «VAC») мынадай түрде болуға тиіс:
FOB берілім шарттарындағы құн – Шығарылмайтын материалдар құнFOB берілім шарттарындағы құн | x100% |
a) Тараптың аумағына материалдарды әкелу кезінде CIF берілу жағдайларындағы құн; немесе b) тауарды өңдеу және қайта өңдеу жүзеге асырылған Тараптың аумағында осы шығарылмайтын материалдар үшін белгіленген, төленген немесе төленуге жататын ең ерте баға болып табылады. Егер өндіруші шығарылмайтын материалдарды оларды кейіннен қайта өңдеу жүргізілетін Тараптың аумағында сатып алатын болса, онда осындай материалдардың құнына жалдауға, сақтандыруға, қаптауға арналған шығындар және осы материалдарды өнім берушіден өндіру орнына дейін беруге байланысты басқа да шығыстар қосылмауға тиіс.
4.6-бапЖеткіліксіз өңдеу немесе қайта өңдеу
1. Жекелей немесе бір-бірімен ұштастырылып жүзеге асырылатын мына операциялар осы Келісімнің 4.3-бабының талаптарын орындау үшін жеткіліксіз деп есептеледі: a) тауарды сақтау немесе тасымалдау кезінде оның жай-күйінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар; b) мұздату және мұзын ерту; c) қаптау және қайта қаптау; d) жуу, тазалау, шаңын, тотығын, майын, бояуын немесе басқа жамылғыларын кетіру; e) тоқыманы үтіктеу немесе сығымдау; f) бояу, жылтырату, лактау, маймен қаптау (май сіңіру); g) дәнділер мен күріштің қабығын аршу, ішінара немесе толығымен ағарту, жылтылдату мен ажарлату; h) қантты бояу немесе кесек қантты қалыптастыру; i) дәндердің қабығын аршу және оларды шығарып алу, жемістердің, көкөністер мен жаңғақтардың қабығын алу; j) қарапайым қайрау, жылтылдату, тарту; k) кесу; l) елеу, іріктеу, сұрыптау, сыныптау; m) банкілерге, сауыттарға, қапшықтарға, жәшіктерге, қораптарға құю, салу, үстіңгі бетке бекіту және қаптау жөніндегі басқа да барлық қарапайым операциялар; n) өнімге немесе оның қаптамасына сауда маркаларын, логотиптерді, заттаңбаларды және басқа ұқсас айырым белгілерін салу немесе басу; o) алынған өнімнің бастапқы құрамдауыштардан айтарлықтай ерекшеленуіне әкеп соқпайтын өнімдерді (құрамдауыштарды) қарапайым араластыру; p) тауарды бөлшектерден құрастыру және тауарды бөлшектерге бөлшектеу жөніндегі қарапайым операциялар; q) малды сою, етті сұрыптау. 2. Осы баптың 1-тармағын қолдану мақсаттары үшін «қарапайым» операция деп жүзеге асырылуы үшін арнайы шеберлікті (дағдыны), машиналарды, аспаптарды немесе осы операцияға арналған арнайы жабдықты қолдану талап етілмейтін операция түсініледі.
4.7-бапШығу тегінің кумуляциясы
Осы Келісімнің 4.3-бабының ережелеріне залал келтірілместен, Тараптардың бірінің аумағынан шығатын және басқа Тарапта тауарды өндіруге пайдаланылатын тауарлар немесе материалдар осы Келісімнің 4.6-бабының 1-тармағында көрсетілгенді қоспағанда, соңғы операциялар орындалған Тарапта шығарылған болып қарастырылуға тиіс. Мұндай материалдардың шығуы уәкілетті орган берген тауардың шығу тегі туралы сертификатпен (EAV Нысан) расталуға тиіс.
4.8-бапDeMinimis
1. Осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес тарифтік сыныптауды өзгерту талаптарын қанағаттандырмайтын тауарлар, соған қарамастан, егер: a) тауарларды өндіруде пайдаланылатын және тарифтік сыныптаудың қажетті өзгерістеріне ұшырамайтын барлық шығарылмайтын материалдардың құны FOB шарттарында осындай тауарлар құнының 10 пайызынан аспайтын болса; және b) тауарлар осы тараудың барлық басқа талаптарына жауап беретін болса, шығарылатын тауарлар ретінде қарастырылатын болады. 2. Осы баптың 1-тармағының а) тармақшасында көрсетілген материалдардың құны қосылған құн үлесіне қатысты кез келген қолданылатын талаптар үшін шығарылмайтын материалдар құнына енгізілуге тиіс.
4.9-бапТікелей беру
1. Шығарылатын тауарлар импорттаушы Тараптың аумағынан экспорттаушы Тараптың аумағынан тікелей берілген жағдайда, оларға қатысты осы тарауға сәйкес тарифтік преференция режимі ұсынылады. 2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, шығарылатын тауарлар, егер: a) үшінші елдердің аумағы арқылы транзиттеу географиялық немесе көліктік себептерге байланысты болған; b) тауарлар сауда немесе тұтыну объектісі болмаған; c) тауарлар жүк түсіру, жүк арту, сақтау жөніндегі операцияларды және олардың жай-күйінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кез келген қажетті операцияларды қоспағанда, қандай да бір операцияларға ұшырамаған жағдайда, үшінші елдердің аумағы арқылы тасымалдана алады. 3. Декларант импорттаушы Тараптың кеден органдарына осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптардың орындалуына тиісті құжаттамалық растауларды ұсынуға тиіс. Осындай дәлелдемелер импорттаушы Тараптың кеден органдарына мыналарды: a) бір Тараптың аумағынан басқа Тараптың аумағына алып өту маршрутын куәландыратын, мынадай ақпаратты: i. тауарлардың нақты сипаттамасын; ii. тауарларды түсіру және арту күнін (егер көлік құжаттары тауарларды түсіру мен арту туралы ақпаратты қамтымаса, онда оған қосымша ретінде осындай ақпаратты қамтитын өзге құжаттар ұсынылуға тиіс); және iii. бұл қолданылатын жерде: - кемелердің немесе басқа пайдаланылатын көлік құралдарының атауларын; - контейнерлердің нөмірлерін; - тауарлардың транзиттеу елінде тиісті күйде болу шарттарын; - транзиттеу елдерінің кеден органдарының белгілерін қамтитын көлік құжаттарын; b) тиісті тауарларға инвойстар (шот-фактуралар) беру арқылы ұсынылады. 4. Декларант осы баптың 2-тармағы талаптарының орындалуын растайтын өзге де құжаттарды ұсына алады. 5. Көлік құжаттарын ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, транзиттеу елінің кеден органдары берген және осы баптың 3-тармағының а) тармақшасында көрсетілген барлық ақпаратты қамтитын құжаттар ұсынылуға тиіс. 6. Егер декларант импорттаушы Тараптың кеден органдарына тікелей беру шарттарының орындалғанына құжаттамалық растауды ұсына алмаса, тарифтік преференция режимі ұсынылмайды.
4.10-бапТікелей сатып алу
1. Импорттаушы Тарап шығарылатын тауарларға қатысты, егер инвойсты үшінші елде тіркелген тұлға берген жағдайларда, осындай тауарларға қатысты осы тараудың барлық талаптары орындалған кезде, тарифтік преференция режимін ұсынады. 2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, импорттаушы Тарап, егер инвойсты бірлескен хаттамада белгіленген оффшорлық елдер тізбесіне енгізілген үшінші елде тіркелген тұлға берген жағдайларда, тарифтік преференция режимін ұсынбауға тиіс. Тараптардың тиісті құзыретті органдары өзара келісім негізінде осындай хаттаманы қабылдауға және оны жалпыға қолжетімді етуге уәкілетті болады. 3. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне залал келтірілместен, осындай хаттама қабылданғанға дейін осы Келісімге 4-қосымшада келтірілген оффшорлық елдердің немесе аумақтардың тізбесі қолданылады.
4.11-бапБөлшек саудада сатуға арналған қаптама материалдар
1. Егер осы Келісімге 3-қосымшаның талаптарына сәйкес жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарты ретінде тарифтік сыныптау кодын ауыстыру көрсетілсе, онда тауарлардың бөлшек саудасына арналған және осы тауарлармен бірге сыныпталатын қаптама материалдар мен ыдыстар шығу тегін айқындау кезінде назарға алынбауға тиіс. 2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарлардың қосылған құн үлесіне қатысты талаптарды қанағаттандыратын-қанағаттандырмайтынын айқындаған кезде бөлшек сауда үшін пайдаланылатын қаптаманың құны тауарлардың қосылған құнының үлесін есептеу мақсатында, жағдайға қарай, шығарылатын немесе шығарылмайтын материалдар ретінде есепке алынатын болады.
4.12-бапТасымалдауға арналған қаптама материалдар
Тауарларды тасымалдауға ғана арналған қаптама материалдар мен контейнерлер тауарлардың шығу тегін айқындау кезінде есепке алынбауға тиіс.
4.13-бапҚұрылғылар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер, құралдар,нұсқаулықтар және басқа да ақпараттық материалдар
1. Тауарлардың осы Келісімге 3-қосымшада айтылған тарифтік сыныптаманы өзгерту талаптарын орындайтынын-орындамайтынын айқындаған кезде, қарапайым жабдықтың ажырамас бөлігі болып табылатын және оның FOB берілім шарттарындағы құнына қосылған және оларға жеке шот-фактуралар берілмеген керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер, құралдар, нұсқаулықтар және басқа да ақпараттық материалдар қарастырылатын тауарлардың бір бөлігі ретінде қарастырылуға тиіс және осы тауарлардың шығарылатын тауарлар болып табылатынын-табылмайтынын айқындаған кезде назарға алынбауға тиіс. 2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарлардың қосылған құн үлесіне қатысты талапты орындайтынын-орындамайтынын айқындаған кезде керек-жарақтардың, қосалқы бөлшектердің, құралдардың, нұсқаулықтардың және басқа да ақпараттық материалдардың құны тауарлардың қосылған құнының үлесін есептеу мақсатында, жағдайға қарай, шығарылатын және шығарылмайтын материалдар ретінде есепке алынуға тиіс. 3. Осы бап, тек қана: a) тауарларға арналған құрылғыларға, керек-жарақтарға, қосалқы бөлшектерге және құралдарға, нұсқаулықтар мен ақпараттық материалдарға тауардан бөлек коммерциялық шот ұсынылмаған; және b) құрылғылардың, керек-жарақтардың, қосалқы бөлшектердің және құралдардың, нұсқаулықтар мен ақпараттық материалдардың саны мен құны осы тауар үшін әдеттегі болған жағдайларда қолданылуға тиіс.
4.14-бапЖинақтар
Үйлестірілген жүйені интерпретациялаудың Негізгі қағидаларының 3 қағидасына сәйкес өнімдер жинақтары, егер олардың құрамдастары болып табылатын барлық өнімдер шығарылатын болса, олар шығарылатын болып қарастырылады. Соған қарамастан, егер жинақ шығарылатын, сондай-ақ шығарылмайтын өнімдерден құралса, жалпы жинақ, шығарылмайтын өнімдер құны жинақтың FOB берілім шарттарындағы құнының 15 пайызынан аспайтын жағдайда, шығарылатын болып есептелуге тиіс.
4.15-бапЖанама материалдар
Тауарлардың шығу тегін айқындау мақсаттары үшін өндіру кезінде пайдаланылуы мүмкін мына жанама материалдардың шығу тегі есепке алынбайды және түпкілікті өнім құрамына қосылмайды: a) отын және электр энергиясы; b) құралдар, мөрлер мен баспасөз-қалыптары; c) жабдықтар мен ғимараттарға техникалық қызмет көрсетуде пайдаланылатын қосалқы бөлшектер мен материалдар; d) өндірісте немесе жабдықтар мен ғимараттарды пайдалану кезінде пайдаланылатын жағармай материалдары, телімдер және басқа да материалдар; e) қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қолғаптар, көзілдірік, аяқ киім, киім, жабдық; f) тауарларды тестілеу немесе тексеру үшін пайдаланылатын жабдық, құрылғылар; g) катализаторлар және еріткіштер; h) мұндай тауарларға қосылмаған, бірақ тауарларды дайындау кезінде оларды пайдалану өндірістік процестің бөлігі ретінде ұсынылуы мүмкін кез келген басқа материалдар.
II ТАРАУ. ШЫҒУ ТЕГІН ҚҰЖАТТЫҚ РАСТАУ
4.16-бапТарифтік преференция режимін беру туралы өтініш
1. Деклерант тарифтік преференция режимін алу мақсаттары үшін импорттаушы Тараптың кеден органына осы тараудың талаптарына сәйкес тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсынуға міндетті. 2. Импорттаушы Тараптың кеден органына ұсынылатын тауардың шығу тегі туралы сертификат түпнұсқа, жарамды болуға, сондай-ақ осы Келісімге 5-қосымшада белгіленген форматқа сәйкес келуге тиіс және осы Келісімге 5-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес тиісті түрде толтырылуға тиіс. 3. Экспорттаушы Тараптың уәкілетті органы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың осы Келісімге 5-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес тиісті түрде толтырылуын қамтамасыз етуге тиіс. 4. Осы Келісімнің 4.20-бабының 2-тармағында айқындалған жағдайларды қоспағанда, тауардың шығу тегі туралы сертификат, берілген кезінен бастап 12 айдың ішінде жарамды болуға тиіс және осы кезеңнің ішінде, бірақ импорттық кеден декларациясын беру кезінен кешіктірілмей, импорттаушы Тараптың кеден органдарына ұсынылуға тиіс. 5. Тараптардың кеден органдары мен уәкілетті органдары осы Келісімнің 4.29-бабында көрсетілген Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесін (бұдан әрі – ТСВЭЖ) әзірлеген және енгізген жағдайда, импорттаушы Тараптың кеден органдары өзінің тиісті ұлттық заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес, егер кедендік декларация электрондық нысанда берілген болса, тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын қағаз жеткізгіште ұсынуды талап ете алмайды. Бұл жағдайда тауардың шығу тегі туралы мұндай сертификаттың күні мен нөмірі кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс. Егер импорттаушы Тараптың кеден органында өзіне қатысты тарифтік преференция режимі талап етілген тауардың шығу тегі жөнінде негізді күмән бар болса және/немесе ТСВЭЖ-жа қамтылған ақпараттың сәйкессіздігі анықталған болса, импорттаушы Тараптың кеден органы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын қағаз жеткізгіште ұсынуды талап ете алады.
4.17-бапТауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсынуталап етілмейтін мән-жайлар
Кедендік құны 200 АҚШ долларынан немесе импорттаушы Тараптың валютасындағы соған балама сомадан немесе осындай импорттаушы Тарап белгілей алатын сондай үлкен сомадан аспайтын шығарылатын тауарлардың коммерциялық немесе коммерциялық емес импорты кезінде, осы жеткізіп берілім бір немесе бірнеше партияның бір бөлігі болып табылмаса, тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсынудан жалтару тәсілі ретінде негізді түрде қарастырыла алатын болса, тарифтік преференция режимін алу мақсаттары үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсыну талап етілмейді.
4.18-бапТауардың шығу тегі туралы сертификатты беру
1. Тауарларды өндіруші немесе экспорттаушы немесе олардың уәкілетті өкілі тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру үшін экспорттаушы Тараптың уәкілетті органына жазбаша нысанда немесе электрондық байланыс құралдары арқылы өтініш жасайды. 2. Экспортталатын тауарлар осы тараудың түсінігінде Тараптың аумағынан шығарылған деп есептеле алатын барлық жағдайларда экспорттаушы Тараптың уәкілетті органы тауарлардың өндірушісіне немесе экспорттаушысына немесе олардың уәкілетті өкіліне тауарлар экспортына дейін немесе оның кезінде тауардың шығу тегі туралы сертификатты береді. 3. Тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарлардың бір партиясына беріледі. 4. Тауардың шығу тегі туралы әрбір сертификатта уәкілетті орган жеке-жеке беретін бірегей тіркеу нөмірі болуға тиіс. 5. Егер тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген барлық тауарлар бір парақта санамалана алмайтын болса, осы Келісімге 5-қосымшада көзделген қосымша парақтар қолданылады. 6. Тауардың шығу тегі туралы сертификат қағаз жеткізгіште орындалуға тиіс және бір түпнұсқа мен екі көшірмеден тұруға тиіс. 7. Сертификаттың бір көшірмесі экспорттаушы Тараптың уәкілетті органында қалуға тиіс. Басқа көшірмесі экспорттаушыда сақталуға тиіс. 8. Осы Келісімнің 4.16-бабының 4-тармағына залал келтірілместен, тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарды экспорттағанға дейін немесе оның кезінде берілмеген айрықша жағдайларда, ол тауарды әкеткеннен кейін берілуі мүмкін, бұл ретте сертификатта «СОҢЫНАН БЕРІЛДІ» ("ISSUED RETROSPECTIVELY") белгісі көрсетіледі. 9. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың ұсынылған түпнұсқалары тиісті ұлттық заңнамаларда және нормативтік актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, импорттаушы Тараптың кеден органдарында сақталуға тиіс.
4.19-бапБолмашы алшақтықтар
1. Егер тауардың шығу тегі күмән туғызбаса, тауардың шығу тегі туралы сертификатта қамтылған ақпарат пен импорттаушы Тараптың кеден органына ұсынылған құжаттарда қамтылған ақпарат арасында болмашы алшақтықтың табылуы, егер онда көрсетілген мәліметтер ұсынылған тауарларға іс жүзінде сәйкес келсе, өздігінен-өзі тауардың шығу тегі туралы сертификатты жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылмауға тиіс. 2. Егер тауардың шығу тегі туралы сертификатта бірнеше тауар мәлімделген болса, санамаланған тауарлардың біреуіне қатысты туындаған проблеманы реттеу тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген қалған тауарларға қатысты тарифтік преференция режимін беруді қозғамауға немесе оны кідіртпеуге тиіс.
4.20-бапТауардың шығу тегі туралы сертификатты берудің ерекше жағдайлары
1. Тауардың шығу тегі туралы сертификат ұрланған, жоғалған немесе жойылған жағдайда, тауарларды өндіруші немесе эскпорттаушы немесе олардың уәкілетті өкілі экспорттаушы Тараптың уәкілетті органына осындай өтініш беру себептерін көрсете отырып, тауардың шығу тегі туралы сертификаттың ресми куәландырылған телнұсқасын беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Телнұсқа тауардың шығу тегі туралы бұрын берілген сертификаттың және ілеспе құжаттардың негізінде жасалуға тиіс. Куәландырылған телнұсқа «ТАУАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТТЫҢ ТЕЛНҰСҚАСЫ НӨМІРІ__КҮНІ__» («DUPLICATE OF THE CERTIFICATE OF ORIGIN NUMBER_DATE_») деген сөздерді қамтуға тиіс. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың куәландырылған телнұсқасы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы берілген күннен бастап 12 айдан аспайтын мерзімге жарамды. 2. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасында жол берілген кездейсоқ қателер немесе жаңсақтықтар жағдайында, уәкілетті орган тауардың шығу тегі туралы қолданыстағы сертификаттың орнына жаңасын беруге тиіс. Бұл жағдайда тауардың шығу тегі туралы сертификатта «ТАУАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТТЫҢ ОРНЫНА БЕРІЛДІ НӨМІРІ ___ КҮНІ___» («ISSUED IN SUBSTITUTION FOR THE CERTIFICATE OF ORIGIN NUMBER___DATE___») белгісі болуға тиіс. Осындай сертификатты қолдану мерзімі тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын берілген күннен бастап 12 айдан аспайды.
4.21-бапТауардың шығу тегі туралы сертификаттағы өзгерістер
Тауардың шығу тегі туралы сертификатта жөндеуге не түзетулерге жол берілмейді. Кез келген өзгеріс енгізу қате деректерді сызып тастау және талап етілетін қосымша ақпаратты басып шығару жолымен енгізіледі. Мұндай өзгерістер тауардың шығу тегі туралы сертификатқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғалармен және тиісті уәкілетті органның ресми мөрімен куәландырылуға тиіс.
4.22-бапҚұжаттарды сақтауға қатысты талаптар
1. Тауарды өндіруші және/немесе экспорттаушы тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру үшін ұсынылған барлық құжаттаманы және құжаттардың көшірмесін тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген кезден бастап кемінде үш жыл сақталуға тиіс. 2. Тарифтік преференция режимі ұсынылған импорттаушы, тауардың шығу тегі туралы сертификаттың негізінде тарифтік преференция режимі берілген тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесін тарифтік преференция режимі берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақтауға тиіс. 3. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру туралы өтінішті және осындай жүгінуге жататын барлық құжаттарды уәкілетті орган тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақтауға тиіс.
III БӨЛІМ. ТАРИФТІК ПРЕФЕРЕНЦИЯ РЕЖИМІ
4.23-бапТарифтік преференция режимін беру
1. Осы Келісім аясында тарифтік преференция режимі осы Тараудың талаптарын қанағаттандыратын тауарлардың шығу тегіне қатысты қолданылуға тиіс. 2. Импорттаушы Тараптың кеден органдары мынадай талаптарды орындалған жағдайда: a) импортталатын тауар осы Келісімнің 4.3-бабында көрсетілген, шығу тегінің өлшемшарттарына сәйкес келсе; b) декларант осы тарау талаптарының сақталғанын көрсетсе; c) импорттаушы Тараптың кеден органдарына жарамды және осы тараудың «Шығу тегін құжаттамалық растау» ІІ бөлімнің талаптарына сәйкес толтырылған, тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы ұсынылған кезде экспорттаушы Тараптан шығарылатын тауарларға тарифтік преференция режимін ұсынады. Егер Тараптар осы Келісімнің 4.16-бабының 5-тармағында көзделген ШТВЭЖ-ны енгізген кезде тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы талап етілмеуі мүмкін. 3. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, егер импорттаушы Тараптың кеден органдары оған қатысты тарифтік преференция режимі талап етілген тауардың шығу тегіне және/немесе тауардың шығу тегі туралы ұсынылған сертификаттың дұрыстығына қатысты негізді күмәні болса, онда мұндай кеден органдары тиісті тауарларға тарифтік преференция режимінен бас тарта алады немесе оның қолданысын тоқтата алады. Дегенмен, тауарлар мұндай Тараптың ұлттық заңнамасының және осы мәселелер бойынша нормативтік актілердің талаптарына сәйкес шығарылуы мүмкін.
4.24-бапТарифтік преференция режимін беруден бас тарту
1. Егер тауарлар осы тараудың талаптарына сәйкес келмеген немесе егер тауарларды импорттаушы немесе экспорттаушы осы тараудың ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда, импорттаушы Тараптың кеден органы тарифтік преференция режимін беруден бас тарта алады және ұлттық заңнама мен нормативтік актілерге сәйкес төленбеген кеден баждарын өндіре алады. 2. Импорттаушы Тараптың кеден органдары, егер: a) тауарлар осы тарау талаптарына сәйкес келмесе, бұл оларды экспорттаушы Тараптан шығарылған тауар ретінде қарауға мүмкіндік бермесе, және (немесе); b) осы тараудың басқа талаптары орындалмаса, оның ішінде: i. осы Келісімнің 4.9-бабының талаптары; ii. осы Келісімнің 4.10-бабының талаптары; iii. тауардың шығу тегі туралы ұсынылған сертификат осы Келісімнің 5-қосымшасында белгіленген, Тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу жөніндегі талаптарға сәйкес толтырылмаса; c) осы Келісімнің 4.30 және 4.31-баптарына сәйкес жүзеге асырылған верификация рәсімдері тауардың шығу тегін анықтауға мүмкіндік бермесе немесе тауарлардың шығу тегінің өлшемшарттарына сәйкес келмейтінін айғақтаса; d) экспорттаушы Тараптың верификациялаушы органы тауардың шығу тегі туралы сертификат берілмегенін (яғни жалған болып табылатынын) немесе күші жойылғанын (қайтарылғанын) растаса; e) импорттаушы Тараптың кеден органдары верификациялық сұрау салу жолданған күннен бастап алты ай ішінде экспорттаушы Тараптың тексеруші органынан жауап алмаса немесе алынған жауаптың тауардың осы тараптан шыққанын анықтауға жеткілікті мәліметтер болмаса; немесе f) импорттаушы Тараптың кеден органы осы Келісімнің 4.31-бабының 2-тармағында көзделген хабарламаны жолдаған сәттен бастап 60 күн ішінде верификациялаушы органнан Келісімнің 4.31-бабының 5-тармағына сәйкес көшпелі тексеруді жүргізу үшін жазбаша келісімді алмаса немесе осындай көшпелі тексеру жүргізуден бас тартуды алса тарифтік преференция режимін ұсынудан бас тартуға құқылы. 3. Егер импорттаушы Тарап верификациялау рәсімі барысында тауарларды экспорттаушы немесе өндіруші тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсатында жалған және/немесе толық емес мәліметтер ұсынғанын анықтаса, импорттаушы Тараптың кеден органдары тиісті ұлттық заңнамаға және нормативтік актілерге сәйкес осындай экспорттаушыларға немесе өндірушілерге берілген шығу тегі туралы сертификаттарда көрсетілгенге ұқсас тауарларға қатысты тарифтік преференция режимін беруден бас тарта алады. 4. Осы баптың 2-тармағының b) тармақшасында және осы Келісімнің 4.25-бабының 1-тармағында баяндалған жағдайларда, импорттаушы Тараптың кеден органдары тарифтік преференция режимін беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мақсатында уәкілетті органның атына осы Келісімнің 4.30-бабында көзделгендей верификациялық сұрау салуды жіберуге міндетті емес.
4.25-бапТарифтік преференция режимін беруді уақытша тоқтата тұру
1. Егер Тарап: a) басқа Тараптың тұлғасы экспортталатын немесе өндірілетін тауарларға қатысты осы Келісім аясында тарифтік преференция режиміне сұрау салу кезінде жүйелі бұзушылықтарды; немесе b) басқа Тараптың осы Келісімнің 4.30 және/немесе 4.31-баптарында көзделген міндеттерді орындаудан жүйелі және негізсіз бас тартқанын анықтаса; осындай Тарап ерекше жағдайларда осы Келісім аясында тарифтік преференция режимін беруді уақытша тоқтата алады. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тарифтік преференция режимін беруді уақытша тоқтата тұру мынадай тауарларға қатысты: a) экспорттаушы Тарап тұлғасына байланысты, егер импорттаушы Тарап осы тұлғаның осы Келісім аясында тарифтік преференция режимінде сұрау салуға қатысты жүйелі бұзушылықтарды жасауға қатысты деген қорытындыға келсе; b) осы баптың 1-тармағының b) тармақшасында көрсетілген верификациялық сұрау салу немесе көшпелі тексеруді өткізуге сұрау салу шеңберінде қатысатын тұлғалармен байланысты қолданылады. 3. Егер импорттаушы Тарап осы баптың 2-тармағының а) тармақшасына сәйкес тарифтік преференция режимін ұсынуды тоқтата тұру жөнінде қолданылған шаралар осы Келісімге сәйкес тарифтік преференция режиміне сұрау салу кезінде жүйелі бұзушылықтарды тоқтатуға әкелмеді деген қорытындыға келген жағдайда, онда бұл Тарап Тараптардың сыртқы экономикалық қызметі ұлттық тауар номенклатурасы белгісінің ұқсас тауарлары 8-10-шы деңгейінде нақ сол желілерде жіктелетін, ұқсас тауарларға қатысты тарифтік преференция режимін ұсынуды уақытша тоқтата алады. 4. Осы баптың мақсаты үшін: a) егер Тарап нақты, дәлелді және анық деректер негізінде тексеру қорытындылары бойынша, басқа Тараптың тұлғасы осы Келісім аясында тарифтік преференция режимін алу мақсатында жалған немесе дәл емес мәліметтерді үнемі ұсынып келгені анықталса жүйелі бұзушылықтар туралы қорытынды жасалуы мүмкін; b) осы Келісімнің 4.30 және 4.31-баптарының талаптарын сақтаудан жүйелі және негізсіз бас тарту деп сәйкес тауарлардың шығу тегіне тексеруді орындаудан және/немесе Тараптың сұрау салуына сәйкес көшпелі тексерулерді жүзеге асырудан жүйелі бас тарту немесе верификациялық сұрау салуларға және көшпелі тексерулер өткізу үшін сұрау салуларға жауаптың болмауы тұспалданады. c) ұқсас тауарлар деп бірдей физикалық сипаттамаларды, сапаны және беделді иеленетін тауарлар түсініледі. 5. Осы баптың 1 және 3-тармақтарына сәйкес қорытындыға келген Тарап: a) басқа Тарапқа осы қорытындыға негізделген ақпарат пен дәлелдерді ұсынуға және хабардар етуге; b) өзара тиімді шешім қабылдау мақсатында басқа Тараптың консультацияларына қатысуға тиіс. 6. Егер Тараптар 30 күн ішінде осы баптың 5-тармағының b) тармақшасында көзделген консультациялар аясында өзара тиімді шешім қабылдамаса, онда қорытынды жасаған Тарап мәселені Бірлескен комитет қарауына тапсырады. 7. Егер Бірлескен комитет 60 күн ішінде осы мәселе бойынша шешім қабылдамаса, онда қорытынды жасаған Тарап осы баптың 2 және 3-тармақтарынасәйкес осы Келісім аясында тарифтік преференция режимін ұсынуды уақытша тоқтата алады. Тарифтік преференция режимін ұсынуды уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған Тарап басқа Тарапты және Бірлескен комитетті дереу хабардар етуге тиіс. Тарифтік преференция режимін ұсынуды уақытша тоқтата тұру уақытша тоқтата тұру күшіне енген күні экспорттаушы Тараптың аумағынан әкетілген тауарларға қолданылмайды. Тасымалдаушы берген көлік құжатында көрсетілген күн тауарды жіберген күн болып саналуға тиіс. 8. Осы бапқа сәйкес тарифтік преференция режимін уақытша тоқтата тұру экспорттаушы Тарап осы тараудың талаптарын қанағаттандыру қабілетіне бұлтартпайтын дәлелдерді ұсынған сәтке дейін қолданылады және экспорттаушылардың немесе өндірушілердің осы тараудың барлық ережелерін орындауын қамтамасыз етеді, бірақ төрт айдан аспауы тиіс, ол кемінде үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. 9. Осы бапқа сәйкес тарифтік преференция режимін ұсынуды кез келген тоқтата тұру, сондай-ақ тарифтік преференция режимін тоқтата тұруды кез келген ұзарту мәселені шешу мақсатында Тараптар арасында жүйелі консультациялар нысаны болып табылады.
IV БӨЛІМ. ӘКІМШІЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
4.26-бапӘкімшілік ынтымақтастық тілі
Осы тарау шеңберінде Тараптар арасындағы кез келген хабарлама және өзара іс-қимыл тиісті органдар арқылы ағылшын тілінде жүзеге асырылуға тиіс
4.27-бапУәкілетті және верификациялаушы органдар
Тараптар Үкіметтері уәкілетті және верификациялаушы органдарды тағайындайды немесе сақтайды.
4.28-бапХабарлама
1. Уәкілетті орган осы Келісімге сәйкес тауардың шығу тегі туралы қандай да бір сертификатты бергенге дейін, Тараптардың әрқайсысы бір-біріне тиісінше Еуразия экономикалық комиссия және Вьетнамның Өнеркәсіп және сауда министрлігі арқылы барлық уәкілетті және верификациялаушы органдардың атаулары мен мекенжайлары туралы ақпаратты өздері пайдаланатын мөрлерінің бедерлерінің түпнұсқасымен және түсінікті үлгілерімен бірге, сондай-ақ тауардың шығу тегі туралы сертификаттың пайдалануға болатын бланкісінің үлгісін және тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қорғау ерекшеліктері туралы мәліметтерді жолдайды. 2. Вьетнам Еуразия экономикалық комиссияға осы баптың 1-тармағында көрсетілген бастапқы ақпаратты алты дана етіп жолдайды. Еуразия экономикалық комиссия Вьетнамға көрсетілген ақпараттың қосымша даналарын беру туралы сұрау салумен жүгіне алады. 3. Еуразия экономикалық комиссия және Вьетнам Тараптардың әрқайсысының уәкілетті және верификациялаушы органдарының атаулары мен мекенжайлары туралы ақпаратты интернет желісінде жариялауға тиіс. 4. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпараттың кез келген өзгерістері нақ осындай тәртіппен алдын ала Еуразия экономикалық комиссияға және Вьетнамның өнеркәсіп және сауда министрлігіне хабарлануға тиіс.
4.29-бапСертификаттаудың және шығу тегін верификациялаудыңэлектрондық жүйесін дамыту және енгізу
1. Тараптар осы Келісім күшіне енген кезден бастап екі жылдан кешіктірмей ШТВЭЖ-ны енгізуге ұмтылатын болады. 2. ШТВЭЖ-дың мақсаты тауардың шығу тегі туралы уәкілетті орган берген барлық сертификаттар туралы мәліметтерді қамтитын және кез келген берілген сертификаттың жарамдылығы мен мазмұнын тексеру мақсаттары үшін басқа Тараптың кеден органдарына қолжетімді интернет желісіндегі деректер базасын жасау болып табылады. 3. Осы мақсат үшін Тараптар ШТВЭЖ-ны әзірлеуге және енгізуге ұмтылатын жұмыс тобын құруға тиіс.
4.30-бапШығу тегін тексеру
1. Тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың дұрыстығына және/немесе Тауарлардың шығу тегі туралы сертификатта мәлімделген тауарлардың осы Келісімнің 4.3-бабында белгіленген, шығу тегінің өлшемшарттарына сәйкестігіне қатысты негізді күмән туындаған жағдайда, сондай-ақ қарапайым іріктеп тексеруді жүзеге асырған кезде импорттаушы Тараптың кеден органдары экспорттаушы Тараптың уәкілетті немесе верификациялаушы органдарына шығу тегі туралы сертификаттың дұрыстығын және/немесе тауарлардың шығу тегінің өлшемшарттарына сәйкестігін растау, тауарларды экспорттаушы және/немесе өндіруші тарапқа құжаттамалық дәлелдемерді жолдау жөнінде өтінішпен жүгіне алады. 2. Барлық верификациялық сұрау салуларға тауарларды сәйкестендіру үшін жеткілікті ақпарат қоса жіберілуге тиіс. Верификациялаушы органға сұрау салуда оған бастамашылық жасаудың мән-жайлары мен себептері туралы туралы мәліметтер қамтылуға, сондай-ақ шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі болуға тиіс. 3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес осы сұрау салуды алушы (уәкілетті немесе верификациялаушы орган) осындай сұрау салу алынған күннен бастап алты ай ішінде импорттаушы Тараптың кеден органдарына жауап ұсынуға тиіс. 4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес сұрау салуға жауапты экспорттаушы Тараптың верификациялаушы органы тауардың шығу тегі туралы сертификат түпнұсқалы болып табыла ма және/немесе экспорттаушыдан немесе өндірушіден алынған, сұратылған құжаттамалық дәлелдерді беруді қоса алғанда, тауар осындай Тарап аумағынан шыққан болып табыла ма, соны нақты көрсетуге тиіс. Верификациялық сұратуға жауап алынғанға дейін осы Келісімнің 4.23-бабының 3-тармағының ережелері қолданылады. Бұл жағдайда, егер верификациялық сұрау салудан алынған нәтижелер осы тауарлардың түпнұсқалы ретінде жіктелетінін және олар осы тараудың басқа да талаптарының барлығын қанағаттандыратынын растаса және айқын көрсетсе, төленген кеден баждары қайтарылуға тиіс.
4.31-бапКөшпелі тексеру
1. Егер импорттаушы Тараптың кеден органдары осы Келісімнің 4.30-бабында көрсетілген верификациялық сұрау салу нәтижелеріне қанағаттанбаған жағдайда, олар айрықша жағдайларда экспорттаушы Тарапқа осы Келісімнің 4.22-бабында көрсетілген жазбаларды зерделеу мақсатында және/немесе тауарларды шығару кезінде пайдаланылатын объектілерді тексеріп қарау үшін көшпелі тексеру жүргізуге арналған сұрау салуды жібере алады. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес көшпелі тексеру жүргізілгенге дейін импорттаушы Тараптың кеден органдары осындай тексеру жүзеге асырылуға тиіс аумақтағы Тараптың тексеруші органына өзінің осындай тексеру жүргізу ниеті туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. 3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жазбаша хабарлама барынша толық болуға және басқасымен бірге мыналар: a) хабарламаны жіберген Тараптың кеден органдарының атауы; b) үй-жайлары тексеріп-қаралуға тиіс өндірушінің және/немесе экспорттаушының атауы; c) көшпелі тексерудің болжамды күні; d) тексеру нысанасы болып табылатын тауарлар және олардың шығу тегіне байланысты күдіктер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұсынылатын көшпелі тексеру көлемі; e) көшпелі тексеруді жүргізетін ресми адамдардың аты-жөні немесе лауазымы қамтылуға тиіс. 4. Экспорттаушы Тараптың верификациялаушы органы өндірушіден және/немесе экспорттаушыдан көшпелі тексеру жүргізу үшін жазбаша келісімін сұратуға және оны сұрау салушы Тарапқа осы баптың 2-тармағына сәйкес оларға хабарлама жіберілген күннен бастап 60 күн ішінде жіберуге тиіс. 5. Егер верификациялаушы органның жазбаша келісімі осы баптың 2-тармағында көрсетілген хабарлама оларға жолданған күннен бастап 60 күн ішінде алынбаса немесе көшпелі тексеру жүргізуден бас тарту алынған болса, онда хабарламаны жіберген Тарап тексеру жүзеге асырылатын тауардың шығу тегі туралы сертификатта (сертификаттарда) көрсетілген, сол тауарларға қатысты тарифтік преференция режимін беруден бас тартады. 6. Кез келген көшпелі тексеру жазбаша келісім алынған күннен бастап 60 күн ішінде басталуға және ақылға қонымды мерзімде аяқталуға тиіс. 7. Көшпелі тексеруді жүргізетін орган көшпелі тексеру жүргізген алғашқы күннен бастап 90 күннен кешіктірмей, өндірушіге және/немесе экспорттаушыға кімнің тауарлары және үй-жайлары көшпелі тексеру жүргізудің нысанасы болып табылатынын, сондай-ақ экспорттаушы Тараптың верификациялаушы органына осындай тексерудің нәтижелері туралы жазбаша шешімді беруге тиіс. 8. Нақты тексеруді және сөз болып отырған тауарлардың шығу тегінің бар немесе жоқ екендігін анықтайтын көшпелі тексеру жүргізілуге тиіс және оны өткізу нәтижелері 210 күннен аспайтын мерзімде уәкілетті органға жіберілуге тиіс. Тексеру нәтижелері алынғанға дейін осы Келісімнің 4.23-бабы 3-тармағының ережелерін қолдануға болады. 9. Тоқтатыла тұрған немесе жойылған тарифтік преференция режимі бұл тауарлардың түпнұсқалығы болып жіктелетінін және осы тарау ережелеріне сәйкес тауарлардың шығу тегінің белгілі бір өлшемшарттарының сақталғанын айғақтайтын жазбаша шешім негізінде қалпына келтірілуге тиіс. 10. Тексеруші топты импорттаушы Тараптың орталық кеден органдары тиісті ұлттық заңнамаға және нормативтік актілерге сәйкес қалыптастырады. 11. Экспорттаушы Тараптың верификациялаушы органы немесе уәкілетті органы импорттаушы Тараптың кеден органдарына көшпелі тексеру жүргізуге жәрдемдесуге тиіс. 12. Көшпелі тексеруге келісім берген өндіруші және/немесе экспорттаушы оны іске асыруға жәрдемдесуге, өндірістік үй-жайларға, қаржылық (бухгалтерлік) және көшпелі тексеру нысанасына жататын өзге де құжаттарға қол жеткізілуін қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ қажет болған кезде кез келген басқа да ақпаратты және/немесе құжаттарды беруге тиіс. 13. Егер көшпелі тексеру жүргізу кезіңде тексерілетін Тараптың органдары немесе ұйымдары тарапынан көшпелі тексеруді жүргізуге тексеру жүргізуге мүмкіндік бермейтіндей кедергі келтірсе, импорттаушы Тараптың тарифтік преференция режимін беруден бас тартуға құқығы бар. 14. Көшпелі тексеруді жүргізуге байланысты барлық шығындарды импорттаушы Тарап төлеуге тиіс.
4.32-бапҚұпиялылық
Осы тарауға сәйкес берілетін барлық ақпаратты Тараптар өздерінің тиісті ұлттық заңнамаларына және нормативтік актілеріне сәйкес құпия ретінде қарауға тиіс. Мұндай ақпаратты берген Тарап тұлғасының немесе органының рұқсатынсыз ақпарат ашылмауға тиіс.
4.33-бапАлаяқтық әрекеттерге қатысты айыппұлдар және басқа да шаралар
Тараптардың әрқайсысы осы тарауға жататын тиісті заңнаманы және нормативтік актілерді бұзғаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылық шараларын көздейді.
4.34-бапШығу тегін анықтау қағидалары жөніндегі кіші комитет
1. Осы тараудың ережелерін тиімді енгізу және іске асыру мақсатында Тараптар осымен шығу тегі қағидаларын анықтау жөніндегі кіші комитет (бұдан әрі – Шығу тегі қағидалары жөніндегі кіші Комитет) құрады. 2. Шығу тегі қағидалары жөніндегі кіші комитеттің функцияларына: a) Бірлескен комитеттің және Тауарлар жөніндегі комитеттің: i. осы Келісімнің қайта қаралған ҮЖ номенклатурасына қатысты 3-қосымшаны ҮЖ-ге дүркін-дүркін өзгерістер енгізілгеннен кейін қайта қарау және қабылдау жатады. Мұндай қайта қарау уақтылы және бар міндеттемелерге нұқсан келтірілмей жүзеге асырылуға тиіс. ii. осы тараудың, оның ішінде оны қолдану қағидаларын бекіту жөніндегі ұсыныстарға қатысты қолданылуы және қолданысы; iii. Тараптардың бірінің осы тарауда белгіленген міндеттемелерді орындамауы; iv. осы тарауға техникалық түзетулер; v. осы Келісімнің 3-Қосымшасына өзгерістер енгізу; vi. осы тарауды іске асыру барысында Тараптар арасында туындайтын даулар; және vii. осы тараудың ережелеріне және осы Келісімнің 3, 4 және5-Қосымшаларына кез келген түзетулер енгізу жөніндегі тиісті ұсынымдарын қарау және қабылдау жатады; b) кез келген Тарап ұсынған, осы тарауға жататын кез келген басқа да мәселелерді қарау; c) Шығу тегі қағидалары жөніндегі кіші комитеттің есептерін Тауарлар жөніндегі комитетке ұсыну; және d) осы Келісімнің 1.5-бабына сәйкес Бірлескен комитет беруі мүмкін басқа да функцияларды орындау жатады. 3. Шығу тегі қағидалары жөніндегі кіші комитет Тараптардың өкілдерінен тұрады және Тараптардың өзара келісімі бойынша Тараптардың талқыланатын мәселелерге қатысты қажетті құзыреттері бар басқа да ұйымдар өкілдері тартылуы мүмкін. 4. Шығу тегі қағидалары жөніндегі кіші комитет Тараптардың уағдаласуы бойынша айқындалған мерзімде және орында, бірақ кемінде жылына бір рет шақырылады. 5. Әрбір отырыстың алдын ала күн тәртібі әдетте, отырысқа дейін кемінде бір ай бұрын Тараптарға жіберіледі.
V БӨЛІМ. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
4.35-бапТасымалдау немесе сақтау кезіндегі тауарлар
Тарифтік преференция режимі, экспорттаушы Тараптан импорттаушы Тарапқа тасымалдау процесінде немесе импорттаушы Тараптың кеден қоймаларында осы Келісім күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезең ішінде уақытша сақтауда болған тауарлардың шығу тегіне қатысты, егер мұндай тауарлар осы Келесім күшіне енген кезеңде немесе енгеннен кейін тауардың шығу тегі туралы соңынан берілген сертификат табыс етілген жағдайда, сондай-ақ импорттаушы Тараптың тиісті ұлттық заңнамасын және нормативтік актілердің немесе әкімшілік рәсімдердің сақталу қажеттігі ескеріле отырып, әкелінсе берілуге тиіс.
5-ТАРАУКЕДЕН ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ САУДАНЫ ОҢАЙЛАТУ
5.1-бапҚолданылу аясы
Осы тарау Тараптар арасында сауда айналымындағы тауарларды шығару үшін қажет кеден әкімшілігін жүргізу және кеден операцияларын жасау шараларына қатысты: a) кедендік рәсімдердің және кедендік бейресмиліктің транспаренттілігіне; b) сауданы оңайлатуға және кеден операцияларын үйлестіруге; және c) кедендік ынтымақтастыққа, оның ішінде Тараптардың орталық кеден органдары арасында ақпарат алмасуына жәрдемдесу мақсатында қолданылады.
5.2-бапАнықтамалар
Осы тараудың мақсаттары үшін: a) «кеден әкімшілігін жүргізу» – Тараптардың кеден органдарының ұйымдық-басқарушылық қызметі, сондай-ақ кеден ісі саласында мақсаттарға жеткен кезде нормативтік-құқықтық база шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет; b) «кеден заңнамасы және нормативтік актілер» – Тараптардың кеден органдары заңдарды, қаулыларды, жарлықтарды, өкімдерді, қағидаларды және т.б. қоса алғанда, қолданатын кез келген нормалар және ережелер; c) «экспресс-жүктер» – халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды қоспағанда, барынша мүмкін болатын немесе белгіленген уақыт кезеңінде жекелеген төлем құжатына сәйкес жүкті алушыға жеткізу мақсаты үшін ақпаратты басқарудың және орын ауыстыруды байқап отырудың электрондық жүйесі пайдаланылып, көліктің кез келген үлгісінің жоғары жылдамдықты көлік жүйесі арқылы берілетін тауарлар; d) «кеден аумағында қайта өңдеу» – шетелдік тауарлардың мұндай тауарлар ескерілген уақыт кезеңінде қайта өңдеуге немесе жөндеуге және кейін Тараптардың кеден аумағынан шығаруға арналған жағдайда, кеден баждарын, салықтарды төлеуден шартты түрде босатыла отырып, Тараптардың кеден аумағына әкелінуі мүмкін болатын кедендік рәсім; e) «кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу» – Тараптардың кеден аумағында еркін айналыста болатын тауарлардың шетелде қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін уақытша экспортқа шығарылуы, одан кейін кеден баждарын және салықтарды төлеуден толық босатыла отырып, кері импортталуы мүмкін болатын тауарлардың кедендік рәсімі; f) «уақытша әкелу» – шетелдік тауарлар Тараптың кеден заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес белгілі бір уақыт ішінде кері экспортталуы тиіс болатын жағдайда кеден баждарын және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара шартты түрде босатыла отырып, осындай тауарлардың мұндай Тараптың кеден аумағына әкелінуі мүмкін кедендік рәсім.
5.3-бапКеден әкімшілігін жүргізу шараларын оңайлату
1. Әрбір Тарап, осы Тараптың кеден органдары қолданатын кеден әкімшілігін жүргізу шараларының болжамды, дәйекті және транспарентті болуын қамтамасыз етеді. 2. Әрбір Тараптың кеден әкімшілігін жүргізу шаралары осындай Тараптың мүмкіндігіне қарай және олардың кеден заңнамасында және нормативтік актілерінде жол берілетін шектерде Дүниежүзілік кеден ұйымының стандарттарына және ұсынылатын практикасына негізделуге тиіс. 3. Тараптардың әрқайсысының орталық кеден органдары сауданы оңайлатуға жәрдемдесу мақсатында кеден әкімшілігін жүргізуде оны оңайлатуға бағытталған өздерінің шараларын қайта қарауға ұмтылатын болады.
5.4-бапТауарларды шығару
1. Тараптар арасында сауданы оңайлату мақсатында тауарларды тиімді шығару үшін Әрбір Тарап кедендік рәсімдерді және операцияларды белгілейді немесе оларды жүзеге асыруды жалғастырады. Бұл, тауарларды шығаруға қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда, Тарапты мұндай тауарларды шығаруды жүзеге асыруға міндеттемейді. 2. Осы Баптың 1-тармағына сәйкес әрбір Тарап: a) Тараптардың кеден заңнамасында және нормативтік актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден декларациясы тіркелген кезден бастап 48 сағаттан аспайтын уақыт кезеңі ішінде тауарларды шығаруды қамтамасыз етеді; және b) тауарлар келген бойда оларды шығаруды жеделдету үшін тауарлар келгенге дейін алдын ала кедендік ақпаратты электрондық табыс ету және өңдеу мүмкіндігін орнатуға немесе сақтауға ұмтылады.
5.5-бапТәуекелдерді басқару
Тараптардың кеден органдары тәуекел деңгейі жоғары тауарларға инспекциялау рәсімін шоғырландыруға және тәуекелдерді жүйелік бағалау арқылы тәуекел деңгейі төмен тауарларға қатысты кеден операцияларын жасауды оңайлатуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға тиіс.
5.6-бапКедендік ынтымақтастық
1. Осы Келісімнің тиімді іске асырылуына жәрдемдесу мақсатында Тараптардың орталық кеден органдары Тараптар арасындағы сауда айналымындағы тауарларға ықпал ететін кеден ісі саласындағы басты мәселелер жөнінде өзара ынтымақтастықты нығайтады. 2. Егер Тараптың орталық кеден органы өзінің тиісті заңнамасына және нормативтік актісіне сәйкес заңсыз қызметке қатысты негізделген күдігі болса, осындай Тараптың орталық кеден органы, әдетте, тауарлар экспорты және/немесе импортына қатысты жиналатын белгілі бір құпия ақпаратты алу мақсатында басқа Тараптың орталық кеден органына сұрау салумен жүгінуге құқылы. 3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын Тараптың сұрау салуы жазбаша нысанда орындалуға, сұратылған құпия ақпараттың мақсатын қамтуға, сондай-ақ осындай сұрау салу жүзеге асырылатын тауарларды сәйкестендіру үшін жеткілікті мәліметтерді қамтуға тиіс. 4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес сұрау салу жолданатын Тарап сұрау салынған ақпаратты қамтитын жазбаша жауап береді. 5. Сұрау салу жолданатын Тараптың орталық кеден органы сұрау салушы Тараптың орталық кеден органына осындай Тараптан жіберілетін (әкелінетін) импорттық немесе экспорттық жеткізілімінің өзінің тиісті заңнамасы мен нормативтік актілері талаптарына сәйкестігін анықтауға, осы Тараптың орталық кеден органына жәрдемдесе алатын кез келген ақпаратты беруге ұмтылады. 6. Тараптардың орталық кеден органдары кеден ісі мәселелері жөніндегі шұғыл және қауіпсіз ақпарат алмасу мен үйлестіруді жақсартуға жәрдемдесетін байланыс пункттерін құруды қоса алғанда, кедендік ынтымақтастық үшін байланыс арналарын белгілеу немесе қолдау үшін шаралар қабылдайды.
5.7-бапАқпарат алмасу
1. Кеден операцияларын жасауды оңайлату, тауарлардың шығарылуын жеделдету және кеден заңнамасы мен нормативтік актілердің бұзылуын болғызбау мақсатында Тараптардың орталық кеден органдары осы Келісім күшіне енген кезден бастап бес жыл ішінде тұрақты негізде өзара электрондық ақпарат алмасуды (бұдан әрі – электрондық ақпарат алмасу) жасайды және оны қолдануды қамтамасыз етеді. 2. Еуразиялық экономикалық одақ атынан Еуразиялық экономикалық комиссия электрондық ақпарат алмасуды жасау үдерісін үйлестіруді қамтамасыз етеді және оның қолданылуына жәрдемдеседі. 3. Осы баптың мақсаты үшін «ақпарат» ретінде кеден декларациясынан және көлік құжаттарынан алынған тиісті дәйекті мәліметтер түсініледі. 4. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың жәрдемімен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары және Вьетнамның орталық кеден органы осы баптың 6-тармағында көзделген тәртіппен электрондық ақпарат алмасу жүйесін әзірлеу мақсатында консультация беруге кіріседі. 5. Электрондық ақпарат алмасудың жұмыс істеуіне қажетті барлық талаптар және техникалық шарттар, сондай-ақ берілетін мәліметтер құрамы Тараптардың орталық кеден органдары арасындағы жекелеген хаттамаларда айқындалатын болады. Осындай ақпарат алып өтетін тауарларды сәйкестендіру және тиімді кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті болуы тиіс. 6. Электрондық ақпарат алмасуды ендіру мынадай кезеңдерге бөлінуге тиіс: a) осы Келісім күшіне енген күннен бастап екі жылдан кешіктірмей жоғарыда аталған органдар Тараптар арасындағы сауда айналымында жүрген жекелеген тауарлардың түрлерін кедендік ресімдеуге жауапты Тараптардың жекелеген кеден органдары арасында эксперименттік электрондық ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Мұндай жекелеген кеден органдарын және тауарларды осы баптың 5-тармағында көзделген хаттамада Тараптардың орталық кеден органдары айқындайтын болады; b) осы Келісім күшіне енген күннен бастап үш жылдан кешіктірмей электрондық ақпарат алмасу осы Келісім күшіне енген күннен бастап Тараптар арасындағы сауда айналымы 20 пайыздан асатын тауарларға қатысты жүзеге асырылатын болады; c) осы Келісім күшіне енген күннен бастап бес жылдан кешіктірмей Тараптардың орталық кеден органдары Тараптар арасындағы сауда айналымында жүрген барлық тауарларға қатысты барлық кеден органдары арасында электрондық ақпарат алмасуды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 7. Осы баптың ережелеріне сәйкес берілетін барлық ақпарат құпия болып бағалануға және тек кеден мақсаты үшін қолданылуға тиіс. 8. Электрондық ақпарат алмасуды жүзеге асыру Тараптардың халықаралық міндеттемелеріне негізделген кез келген өзге де ақпарат алмасуды қолдануға немесе белгілеуге кедергі келтірмейді.
5.8-бапЖарияланым
1. Әрбір Тараптың құзыретті органдары Интернет желісінде немесе басқа да кез келген тиісті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұндай Тараптың кеден заңнамасына немесе нормативтік актілеріне қатысты мәліметтерді жариялайды. 2. Әрбір Тараптың құзыретті органдары кеден мәселелері бойынша мүдделі тұлғалардың сұрау салуларын қарау үшін бір немесе бірнеше байланыс пункттерін құрады немесе сақтайды және осындай байланыс пункттері туралы ақпаратты Интернет желісінде жариялайды. 3. Тараптардың құзыретті органдары бір-біріне құрылған байланыс пункттері туралы байланыс ақпаратын жолдайды. 4. Мүмкіндігіне қарай әрбір Тарап кеден мәселелерін реттейтін, қабылдауға ұсынылған жалпы қолданыстағы заңнаманы және нормативтік актіні алдын-ала жариялайды және мүдделі тұлғаларға олар қабылданғанға дейін түсіндірме беруге мүмкіндік береді.
5.9-бапАлдын ала шешімдер
1. Тараптардың кеден органдары импорттаушы Тарапта тіркелген кез келген өтінім берушіге жазбаша түрде тауарларды тарифтік сыныптау туралы, тауарлардың шығу тегі туралы, сондай-ақ Тарап іске қатысты деп санайтын кез келген қосымша мәселелер туралы алдын ала шешімдерді ұсынады. Тараптар тауарлардың кедендік құнын анықтау әдісін қолдануға қатысты алдын ала шешімдерді беру үшін мүмкіндік жасауға немесе сақтауға күш салады. 2. Әрбір Тарап алдын ала шешімдерді қабылдаудың тетіктерін жасайды немесе сақтайды, олар: a) өтінім берушінің тауарлардың импортына дейін алдын ала шешімді алу үшін жүгіне алатындығын көздейді; b) өтінім беруші алдын ала шешімді алу мақсатында тауарлардың егжей-тегжейлі сипаттамасын және мұндай алдын ала шешімнің берілуі үшін қажетті басқа да тиісті ақпараттың уақытында ұсынылуын талап етеді; c) Тараптың кеден органы өтініш берілген күннен бастап 30 күннің ішінде өтінім берушіден уағдаласқан белгілі мерзімде қосымша ақпаратты беруін талап ете алатындығын көздейді; d) кез келген алдын ала шешім өтінім беруші ұсынған фактілер мен мән-жайларға, сондай-ақ кеден органдарының иелігіндегі өзге де ақпаратқа негізделетіндігін көздейді; e) алдын ала шешім өтінім берушіге қысқа мерзімде немесе қандай жағдайда да өтініш берілген кезден бастап 90 күннен кешіктірілмей немесе барлық қажетті қосымша ақпарат алынған кезден бастап 60 күннен кешіктірілмей берілетіндігін көздейді. 3. Егер, осы баптың 2-тармағының с) тармақшасына сәйкес сұрау салынған қосымша ақпарат көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда Тараптың кеден органы алдын ала шешімді беруден бас тарта алады. 4. Алдын ала шешім берілген кезден бастап кемінде үш жыл немесе егер бұл Тараптардың кеден заңнамасында және нормативтік актілерінде белгіленсе көрсетілген мерзімнен асатын басқа да кезең ішінде қолданыста болады. 5. Кеден органы: a) егер алдын ала шешім жалған немесе анық емес мәліметтерге негізделгені анықталса; b) егер осы Келісімге сәйкес келетін кеден заңнамасына немесе нормативтік актілерге өзгерістер енгізілген болса; немесе c) егер алдын ала шешімді беру негізделген елеулі фактілер немесе мән-жайлар өзгерістерге ұшыраса алдын ала шешімді өзгертуі немесе кері қайтарып алуы мүмкін. 6. Тараптардың кеден органдары алдын ала шешімдерді құпиялылық талаптарына сәйкес жариялайды.
5.10-бапКедендік құнын айқындау
Тараптар арасындағы сауда айналымында жүрген тауарлардың кедендік құны ДСҰ Келісіміне 1А-қосымшада қамтылған 1994 жылғы ГАТТ VII бабының ережелеріне және 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабының ережелерін қолдану туралы келісімге негізделген импорттаушы Тараптың кеден заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес айқындалады.
5.11-бапТарифтік сыныптау
Тараптар арасындағы сауда айналымында жүрген тауарларға қатысты Тараптар Тауарлар сипаттамасы мен кодталуының үйлестірілген жүйесінің ағымдағы редакциясына негізделген тауар номенклатурасын қолданады.
5.12-бапТауарлар транзиті
Тараптар қолданатын және транзит кезінде тауарлар мен кемелерді, сондай-ақ басқа көлік құралдарын бақылау үшін қажетті сәйкестендіру құралдарын және құжаттарын Тараптар өзара тануы мүмкін.
5.13-бапЭкспресс-жүктер
1. Тараптардың кеден органдары кедендік бақылаудың тиісті деңгейін сақтай отырып, экспресс-жүктердің жеделдетілген кедендік тазалауын қамтамасыз етеді. 2. Экспресс-жүктер тиісті Тараптың кеден заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес жеделдетілген тәртіппен кедендік рәсіммен орналастырылуға тиіс.
5.14-бапТауарларды уақытша әкелу
Халықаралық стандарттарға сәйкес Тараптардың кеден органдары тауарларды уақытша әкелудің кедендік рәсімі шеңберінде тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасауды оңайлатуға ұмтылады.
5.15-бапКеден аумағында және кеден аумағынан тыс қайта өңдеу
Халықаралық стандарттарға сәйкес Тараптардың кеден органдары мемлекет ішінде қайта өңдеу немесе шетелде қайта өңдеу үшін тауарлардың уақытша импорты немесе экспорты үшін кедендік операцияларды жасауды оңайлатуға ұмтылады.
5.16-бапҚұпиялылық
Тараптар, статистиканы қоспағанда, осы тарауға сәйкес ұсынылатын барлық ақпаратты Тараптардың заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес құпия ретінде қарауы тиіс. Ақпарат осы ақпаратты ұсынған Тарап тұлғасының немесе органының рұқсатынсыз Тараптардың құзыретті органдарымен жария етілмеуге тиіс.
5.17-бапКеден агенттері (өкілдері)
Тараптардың кедендік заңнамасы және нормативтік актілері декларанттарға кеден агенттері (өкілдері) көрсететін қызметтерге міндетті жүгінудін талап етпей, кеден декларацияларын өздігінен ұсыну құқығын қамтамасыз етуге тиіс.
5.18-бапАвтоматтандыру
1. Тараптардың кеден органдары ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды, оның ішінде электрондық байланыс құралдарына негізделген технологияларды пайдалана отырып кедендік операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 2. Тараптардың орталық кеден органдары декларанттарға тауарларды электрондық декларациялауға мүмкіндік береді.
5.19-бапҚайта қарау және шағымдану
Әрбір Тарап кеден органдары қабылдаған және мүдделі тұлғалардың құқықтарын қозғайтын шешімдерді әкімшілік қайта қарау мүмкіндігін және Тараптардың заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес осындай шешімдерге сотқа шағымдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
5.20-бапАйыппұлдар
Әрбір Тарап осы Келісім шеңберінде тарифтік сыныптау туралы ережені кедендік құнын айқындауды, шығарылған елін айқындауды және тарифтік преференция режимін алуды қоса алғанда, тауарларды әкелу немесе әкету кезінде оның кеден заңнамасын және нормативтік актілерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар салуды көздейтін шараларды қабылдайды немесе сақтайды.
6-ТАРАУ.САУДАДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕР
6.1-бапМақсаттар
Осы Тараудың мақсаттары Тараптар арасында: a) саудада артық техникалық кедергілерді жою, экспортаушылардың артық шығыстарын мүмкіндігінше қысқарту мақсатында стандарттарды, техникалық регламенттерді және сәйкестігін бағалау рәсімдерін әзірлеу, қабылдау және қолдану саласындағы ынтымақтастықты дамыту; b) әрбір Тараптың стандарттарды, техникалық регламенттерді және сәйкестікті бағалау рәсімдерін өзара түсінуін дамыту; c) Тараптар арасында стандарттарды, техникалық регламенттерді және сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеу, қабылдау және қолдану саласындағы ақпарат алмасуды дамыту; d) Тараптар арасында стандарттау және сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық органдардың жұмысы барысында ынтымақтастықты нығайту; e) осы мақсаттарға қол жеткізу үшін негізді қамтамасыз ету; және f) саудадағы техникалық кедергілерге байланысты мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамыту арқылы сауданы оңайлату болып табылады.
6.2-бапҚолданылу аясы
1. Осы тарау: a) өндіріс қажеттілігі және үкіметтік органдардың тұтынуы үшін сатып алу мақсатында үкіметтік органдар дайындайтын сатып алу ерекшелігін; және b) осы Келісімнің («Санитариялық және фитосанитариялық шаралар») 7-тарауында айқындалған санитариялық және фитосанитариялық шараларды қоспағанда, Тараптар арасында тауар саудасына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін, Тараптардың барлық стандарттарына, техникалық регламенттеріне және сәйкестікті бағалау рәсімдеріне қолданылады. 2. Осы тарауға және СТК жөніндегі келісімге сәйкес әрбір Тараптың стандарттарды, техникалық регламенттерді және сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеуге, қабылдауға және қолдануға құқығы бар.
6.3-бапАнықтамалар
Осы тараудың мақсаты үшін СТК келісіміне 1-қосымшада мазмұндалған анықтамалар қолданылады, mutatis mutandis.
6.4-бапСТК келісімін қосу
Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, СТК келісімі Тараптар арасында қолданылады және осы келісімге инкорпорацияланады және оның ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis.
6.5-бапТранспаренттілік
1. Тараптар стандарттарды, техникалық регламенттерді және сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеуге, қабылдауға және қолдануға қатысты транспаренттіліктің маңыздылығын мойындайды. 2. Тараптар үшін қауіпсіздікті, денсаулықты, қоршаған ортаны қорғау немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шұғыл мәселелер туындаған немесе туындау қаупі болған жағдайларды қоспағанда, әрбір Тарап СТК келісімінің 2.9 және/немесе 5.6-баптарында көзделген, хабарлама жариялағаннан кейін түсіндірмелер беру үшін кемінде 60 күндік кезең ұсынады. 3. Тараптар үшін қауіпсіздікті, денсаулықты, қоршаған ортаны қорғау немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шұғыл мәселелер туындаған немесе туындау қаупі болған жағдайларды қоспағанда, әрбір Тарап техникалық регламентті және/немесе сәйкестікті бағалау рәсімін қабылдау және/немесе олардың күшіне енуі арасында кемінде 180 күннің болуын көздейді. 4. Тараптар барынша мүмкін деңгейде ағылшын тілінде ақпарат алмасуға ұмтылады.
6.6-бапТаңбалау және этикеттеу
Тараптар СТК келісіміне 1-қосымшадағы 1-тармаққа сәйкес техникалық регламент таңбалау немесе этикеттеуге қойылатын талаптарды қамтуы немесе ерекше қамтуы мүмкін екенін атап өтеді және осындай техникалық регламент таңбалауға немесе этикеттеуге қойылатын міндетті талаптарды қамтыған жағдайда СТК келісімінің 2.2-бабында қамтылған қағидаттарға сәйкес әрекет етуге келіседі, оған сәйкес техникалық регламенттер халықаралық саудада артық кедергілерді жасауға немесе оларды жасауға әкеп соғатындай және саудада заңды мақсатқа қол жеткізуге қажетті шектеулі ықпал ететіндей әзірленбеуге, қабылданбауға және қолданылмауға тиіс.
6.7-бапКонсультациялар
1. Стандарттарды, техникалық регламенттерді немесе сәйкестікті бағалау рәсімдерін күнделікті қолдану Тараптар арасындағы сауданы қозғаған жағдайда, Тарап бұл мәселені шешу мақсатында консультациялар туралы сұрау салуы мүмкін. Консультация туралы сұрау салу осы Келісімнің 6.9-бабына сәйкес белгіленген басқа Тараптың байланыс пунктіне жолдануға тиіс. 2. Әрбір Тарап осы тарауды жүзеге асырумен байланысты мәселелер бойынша басқа Тараптың консультациялар туралы кез келген сұрау салуын тез және оң тұрғыда қарау үшін барлық күш-жігерін салады. 3. Осы тарауға қатысты мәселені консультация арқылы түсіндіру немесе шешу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар сауданы оңайлататын тиімді және практикалық шешімді әзірлеу мақсатында ad hoc жұмыс тобын құруы мүмкін. Жұмыс тобының құрамына Тараптардың өкілдері кіреді. 4. Егер Тарап жұмыс тобын құру туралы басқа Тараптың өтінішінен бас тартса, онда ол сұрау салуда өз шешімінің себептерін түсіндіреді.
6.8-бапЫнтымақтастық
1. Стандарттар, техникалық регламенттер және сәйкестікті бағалау рәсімдері Тараптар арасындағы тауарлар саудасында артық кедергілерді жасамауды қамтамасыз ету мақсатында Тараптар мүмкіндігінше стандарттар, техникалық регламенттер және сәйкестікті бағалау рәсімдері саласындағы ынтымақтастық жасайды. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес ынтымақтастық мыналарды: a) әрбір Тараптың стандарттарды, техникалық регламенттерді және сәйкестікті бағалау рәсімдерін өзара түсінуін жақсарту мақсатында бірлескен семинарлар өткізуді; b) біліктілікті арттыру мақсатында Тараптардың лауазымды адамдары алмасуды; c) стандарттар, техникалық регламенттер және сәйкестікті бағалау рәсімдері туралы ақпаратпен алмасуды; d) халықаралық форумдарда, оның ішінде стандарттау және сәйкестікті бағалау рәсімдері жөніндегі халықаралық органдар аясында, сондай-ақ ДСҰ-ның саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитетінде мүддені білдіретін салаларда ынтымақтастықты нығайтуды; e) өзара мүддені білдіретін мәселелер бойынша әрбір Тараптың стандарттар, техникалық регламенттер және сәйкестікті бағалау рәсімдері үшін жауапты органдарының ынтымақтастығын қолдауды; f) техникалық регламенттердің сапасын арттыру мақсатында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қамтамасыз етуді; g) нормативтік-құқықтық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануды қамтуы мүмкін. 3. Осы баптың 2-тармағын жүзеге асыру бөлінген қаражатқа және әрбір Тараптың тиісті заңнамасына және нормативтік актілеріне байланысты болады. 4. Саудадағы техникалық кедергілер саласындағы ынтымақтастық тиісті арналар, бірлескен жобалар және техникалық қолдау арқылы диалог жолымен де жүзеге асырылуы мүмкін. 5. Тараптар өзара келісім бойынша жекелеген салаларда стандарттар, техникалық регламенттер және сәйкестікті бағалау рәсімдері мәселелері бойынша бірлескен жобаларды, техникалық қолдауды және ынтымақтастықты жүзеге асыра алады. 6. Тараптар саудадағы техникалық кедергілерге қатысты бөлікте осы саладағы нарықты қадағалау және құқық қолдану тәжірибесіне қатысты, саудадағы техникалық кедергілерге байланысты мәселелер бойынша пікір алмасуға уағадаласты. 7. Тарап сұрау салу бойынша, осы тарау шеңберінде басқа Тарап енгізетін ынтымақтастық жөнінде ұсыныстарға тиісінше назар аударады. 8. Осы тарау шеңберінде ынтымақтастықты дамытуға жәрдем көрсету мақсатында Тараптар онда қамтылған мәселелер бойынша ad hoc келісімін жасай алады.
6.9-бапҚұзыретті органдар және байланыс пункттері
1. Тараптар құзыретті органдарды және байланыс пункттерін тағайындайды, сондай-ақ тағайындалған құзыретті органдардың және байланыс пункттерінің атауын, сондай-ақ осы ұйымдардағы тиісті лауазымды адамдардың байланыс деректерін, оның ішінде телефон, факс, электронды пошта және басқа деректерді қамтитын ақпаратпен алмасады. 2. Тараптар құзыретті органдарға немесе байланыс пункттеріне байланысты кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ тиісті лауазымды адамдар туралы ақпараттың өзгеруі туралы дереу бір-бірін хабардар етеді. 3. Байланыс пунктінің функциясы: a) басқа Тараптан осындай ақпаратты алу туралы барлық негізделген сауалдарға жауап ретінде стандарттар, техникалық регламенттер және сәйкестікті бағалау рәсімдері туралы Тараптар арасында ақпарат алмасуға жәрдемдесуді; b) басқа Тараптың сұрауын тиісті реттеуші органдарға тапсыруды қамтиды. 4. Құзыретті органдардың функциясы: a) осы тарауды жүзеге асыру мониторингін; b) осы Келісімнің 6.8-бабына сәйкес, егер ол орынды болса ынтымақтастыққа жәрдемдесуді; c) стандарттарды, техникалық регламенттерді және сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеумен, қабылдаумен, қолданумен және сақтауды қамтамасыз етумен байланысты басқа Тараптың кез келген мәселесін жедел шешуді; d) Тараптың сұрау салуы осы тарау шеңберінде туындайтын кез келген мәселелер бойынша консультациялар өткізу бойынша жәрдемдесуді; e) Тараптардың көзқарасы бойынша оларға осы тарауды жүзеге асыруды көмектесетін кез келген басқа іс әрекеттерді орындауды; f) Бірлескен комитет беруі мүмкін басқа да функцияларды орындауды қамтиды.
7-ТАРАУСАНИТАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ШАРАЛАР
7.1-бапМақсаттары
Осы тараудың мақсаты Тараптар арасында тауарлар саудасын: a) Тараптардың аумағында адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау кезінде санитариялық және фитосанитариялық шараларға қатысты мәселелердің шешімін іздеу; b) Тараптар және олардың құзыретті органдары арасында өзара іс-қимылды, оның ішінде СФК келісімінде айқындалғандай санитариялық және фитосанитариялық шараларды әзірлеу және қолдану кезінде өзара іс-қимылды нығайту; c) санитариялық және фитосанитариялық шаралар саласындағы ақпаратпен алмасуды оңайлату және әрбір Тараптың білім деңгейін арттыру және бақылау (қадағалау) жүйесін түсіну арқылы жеңілдету болып табылады.
7.2-бапӘрекет ету саласы
Осы тарау Тараптар арасында саудаға тікелей немесе жанама ықпал етуі мүмкін Тараптардың санитариялық және фитосанитариялық шараларына қатысты қолданылады.
7.3-бапАнықтамалар
Осы тараудың мақсаттары үшін: a) СФК келісімінің А-қосымшасында қамтылған анықтамалар қолданылады, mutatis mutandis сондай-ақ; b) халықаралық ұйымдар: Codex Alimentarius комиссиясы, Дүниежүзілік жануарлар саулығын сақтау ұйымы (одан әрі – ХЭБ) және Өсімдіктерді қорғау жөнінде халықаралық конвенция (одан әрі - ӨҚХК) шеңберінде қолданылатын халықаралық және аймақтық ұйымдар әзірлеген тиісті анықтамалар осы тарауды іске асыру кезінде қолданылады, mutatis mutandis.
7.4-бапСФК келісімін инкорпорациялау
Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, СФК келісімі Тараптар арасында қолданылады және осымен осы Келісімге инкорпорацияланады және оның ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis.
7.5-бапБаламалылық
1. Тараптар сауданы жеңілдетудің маңызды құралы баламалылық болып табылады деп таниды. 2. Тараптар орындалатын және рұсқат етілетін дәрежеде шаралардың, шаралар тобының немесе жүйенің баламалалығын тани алады.
7.6-бапӨңірлік жағдайларға бейімделу
1. Тараптар зиянкестерден немесе аурулардан бос аймақтарды және зиянкестердің немесе аурулардың аз таралған аймақтарды қоса алғанда, өңірлік жағдайларға бейімделу тұжырымдамасын сауданы жеңілдетудің маңызды құралы ретінде таниды. 2. Тараптар мұндай аймақтарды анықтау кезінде Тараптардың зиянкестерден немесе аурулардан бос аймақтар және зиянкестердің немесе аурулардың аз таралған аймақтар мәртебесін растайтын ақпараты, аудит нәтижесі, инспекциялық мониторинг нәтижелері, ХЭБ және ӨҚХК ұсынған ақпарат сияқты факторларды, сондай-ақ басқа да факторларды қарастырады.
7.7-бапАудит және инспекциялар
1. Әрбір Тарап өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудит және/немесе инспекциялау жүргізе алады. 2. Тараптар аудит және инспекциялау саласында ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге келіседі. 3. Аудит және/немесе инспекциялауды жүргізген кезде әрбір Тарап тиісті халықаралық стандарттарды, басшылықты және ұсыныстарды назарға алады. 4. Аудит немесе тексеруді жүргізетін Тарап тексеруші Тарапқа аудит және/немесе тексеру нәтижелері бойынша ескертулер беруге мүмкіндік береді. 5. Аудит немесе тексерулер жүргізген Тарап жұмсаған шығыстарды, егер Тараптар өзгеше уағадаласпаса, аудит немесе тексеру жүргізген Тарап мойнына алады.
7.8-бапҚауіпсіздікті растайтын құжаттар
1. Егер Тараптар арасында жүзеге асырылатын саудада өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растау үшін қандай да бір құжатты ұсыну талап етілетін болса, экспорттаушы Тарап импорттаушы Тараптың талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Импорттаушы Тарап Тараптар арасында жүзеге асырылатын саудада өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар тек қана адамдардың өмірін немесе денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті шектерде қолданылуын қамтамасыз етеді. 2. Тараптар өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттарды әзірлеген кезде тиісті халықаралық стандарттарды, басшылықтарды және ұсыныстарды назарға алады. 3. Тараптар арасында жүзеге асырылатын саудада өнімдердің (тауарлардың) немесе өнімдердің (тауарлардың) тобының қауіпсіздігін растау үшін Тараптар екіжақты құжаттарды әзірлеу туралы келісе алады. 4. Тараптар сауданы жеңілдету мақсатында өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттарды әзірлеген кезде электронды технологияларды қолдануға жәрдемдеседі.
7.9-бапШұғыл шаралар
1. Егер Тарап адамдардың өмірін немесе денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті шұғыл шараны енгізетін болса, онда мұндай Тарап барынша қысқа мерзімде осындай шаралар туралы басқа Тарапты хабардар етеді. Мұндай шұғыл шараны енгізген Тарап басқа Тарап ұсынған тиісті ақпаратты назарға алады. 2. Егер Тараптармен өзгеше келісілмесе, кез келген Тараптың сұрау салуы бойынша барынша қысқа мерзімде шұғыл шаралар мәселелері жөнінде тиісті құзыретті органдардың консультациясы өтеді.
7.10-бапБайланыс пункттері және ақпарат алмасу
1. Тараптар осы тараудың ережелеріне сәйкес ақпарат жолдау үшін байланыс пункттері туралы, сондай-ақ осы тарауға қатысты мәселелер үшін жауапты уәкілетті құзыретті органдар туралы және олардың арасындағы міндеттерді бөлу туралы бір-бірін хабардар етеді. 2. Тараптар байланыс пункттерінің қандай да бір өзгерістері туралы және құрылымда немесе олардың құзыретті органдарының құзыретіндегі қандай да бір елеулі өзгерістер туралы бір-бірін хабардар етеді. 3. Тараптар өздерінің байланыс пункттері арқылы: a) азық-түлік өнімдері қауіпсіздігінің кез келген елеулі мәселелері немесе жануарлар немесе өсімдіктер тіршілігі немесе саулығына немесе олардың аумағында сырқаттаушылық жағдайлары немесе зиянкестердің таралуына қатысты өзгерістерге; және b) заңнамада немесе басқа санитариялық немесе фитосанитариялық шаралардағы кез келген өзгерістерге қатысты бір-біріне уақытылы жазбаша хабарлама жолдайды. 4. Тараптар санитариялық және фитосанитариялық шаралардың жүйелі немесе елеулі сақталмау жағдайлары туралы өздерімен байланыс пункттері арқылы бір-бірін хабардар етеді, сондай-ақ осындай сақтамауды растайтын тиісті құжаттармен алмасады.
7.11-бапЫнтымақтастық
1. Тараптар осы тарауды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында ынтымақтасуға келіседі. 2. Тараптар осы тараудың ережелеріне сәйкес өзара мүддені білдіретін санитариялық және фитосанитариялық шаралар мәселелері бойынша ынтымақтастықты, өзара әрекеттесуді және ақпарат алмасуды кеңейту үшін мүмкіндіктерді зерттейді. Осындай мүмкіндіктерге сауданы оңайлату бойынша бастамалар және техникалық қолдау жатады. 3. Тараптар халықаралық форумдарда, оның ішінде халықаралық ұйымдарда өзара мүддені білдіретін мәселелер жөнінде бірлескен жұмысқа ұмтылады. 4. Осы тарау аясында өзара әрекеттесуді дамыту үшін Тараптарға санитариялық және фитосанитариялық шаралар мәселелері бойынша ad hoc келісімін жасауға қол жеткізе алады.
7.12-бапКонсультациялар
1. Егер Тарап санитариялық және фитосанитариялық шаралар оның басқа Тараппен саудасына әсер етеді деп тапса, ол осы мәселені шешу мақсатында тиісті байланыс пункті арқылы консультация сұрата алады. 2. Тарап осы тарау жөнінде туындайтын мәселелерді шешу мақсатында басқа Тараптың сұрау салуы бойынша осы тарау шеңберінде консультация жүргізу мүмкіндігін қарастыруға тиіс. 3. Егер Тараптың бірі осы бапқа сәйкес осындай мәселе консультациялар арқылы шешілуі мүмкін емес деп санаса, бұл Тарап осы Келісімнің 14-тарауына сәйкес («Дауларды шешуі») дауларды шешу режимінде жүгінуге құқығы бар.
8-ТАРАУ.ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САУДАСЫ, КАПИТАЛ САЛУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОРНЫН АУЫСТЫРУЫ
1-БӨЛІМ. «ДЕҢГЕЙЛЕС» ЕРЕЖЕЛЕР
8.1-бапМақсаттар
Осы тараудың мақсаттары транспарентті және тұрақты құқықтық жүйе шеңберінде Тараптардың қызметтер көрсету саудасын кеңейтуге, капитал салу және осы тарау Тараптарының жеке тұлғаларының орын ауыстыруы арқылы Тараптардың тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық өсуін қолдау болып табылады, бұл ретте Тараптардың ұлттық саясаттың мақсаттарын жүзеге асыру үшін құқықтық реттеуге құқықтары мойындалады.
8.2-бапҚолданылу аясы
1. Осы тарау Ресей Федерациясы мен Вьетнам арасында ғана қолданылады, бұдан әрі осы тараудың мақсаттары үшін олар «осы тараудың Тараптары» деп аталады. 2. Осы тарау қызметтер көрсету саудасын, капитал салуды, құруды және жеке тұлғалардың орын ауыстыруын қозғайтын осы тарау Тараптарының шараларына қолданылады. 3. Авиакөліктік қызметтер көрсетуге қатысты осы тарау қалай көрсетілгеніне қарамастан әуе тасымалы құқығына әсер ететін шараларға қолданылмайды және ДСҰ-ның көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісіміне Авиакөлік қызметтері жөнінде қосымшаның 6-тармағында көзделген әуе кемелерін жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге, авиакөлік қызметтерін сатуға және олардың маркетингіне, резервілеудің компьютерлік жүйесінің көрсетілетін қызметтеріне қатысты шараларды қоспағанда, әуе тасымалы құқықтарын іске асыруға тікелей қатысы бар көрсетілетін қызметтерге әсер ететін шараларға қолданылмайды. ДСҰ-ның қызметтер көрсету саудасы жөніндегі Бас келісіміне Авиакөлік қызметтері жөнінде қосымшаның 6-тармағында қамтылған анықтамалар осы тарауға қосылады және оның бір бөлігі болады. 4. Осы тарау мыналарға: a) осы Келісімнің 10-тарауын реттейтін мемлекеттік сатып алуларға; b) Тараптың осы тараудың жұмыспен қамту нарығына қол жеткізуге ұмтылатын жеке тұлғаларға қатысы бар шараларына; c) азаматтыққа, тұрақты негіздегі келу орны мен жұмыспен қамтуға қатысты шараларға қолданылмайды. d) Осы тарау осы тараудың Тарапына өзінің шекарасының тұтастығын қорғау және жеке тұлғалардың өзінің шекарасы арқылы реттелген өтуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қоса алғанда, осы тараудың екінші Тарапының жеке тұлғаларының өз аумағына кіруін немесе олардың сонда уақытша болуын реттеуге арналған шараларды көрсетілген шаралар осы тараудың екінші Тарапында қандай да бір айрықша міндеттемеге сәйкес туындайтын пайданы жоятын немесе қысқартатындай етіп қолданылмайтын жағдайда қолдануға кедергі жасамайды. Қандай да бір басқа үшінші мемлекеттің тұлғаларынан емес, осы тарау Тарапының жеке тұлғаларынан визаның болуын талап ету фактісінің өзі осы тарауда қабылданған міндеттемелерге сәйкес пайданы жою немесе қысқарту болып есептелмейді.
8.3-бапАнықтамалар
Осы тараудың мақсаттары үшін: a) «көрсетілетін қызметтер саудасы»: i. осы тараудың бір Тарапының аумағынан осы тараудың екінші Тарапының аумағына; ii. осы тараудың бір Тарапының аумағында осы тараудың екінші Тарапының көрсетілетін қызметтерін тұтынушыға көрсетілетін қызметтер беруді білдіреді; b) «көрсетілетін қызметтерді беру» көрсетілетін қызметті өндіруді, бөлуді, оның маркетингін, сатуды және жеткізуді қамтиды; c) «көрсетілетін қызметтер» коммерциялық негізде, бір немесе бірнеше көрсетілетін қызметтерді берушілермен бәсекелестік жағдайларында берілетін көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, кез келген сектордағы кез келген көрсетілетін қызметті қамтиды; d) «көрсетілетін қызметтерді беруші» көрсетілетін қызметті беретін кез келген тұлғаны білдіреді; e) «көрсетілетін қызметті тұтынушы» көрсетілетін қызметті алатын немесе пайдаланатын кез келген тұлғаны білдіреді; f) «тұлға» заңды тұлғаны да және жеке тұлғаны білдіреді; g) «осы тарау Тарапының жеке тұлғасы» осы тарау Тарапының заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес осы тараудың осындай Тарапының азаматы болып табылатын жеке тұлғаны білдіреді; h) «заңды тұлға» заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес тиісінше құрылған немесе өзгеше түрде ұйымдастырылған кез келген заңды тұлғаны білдіреді. Заңды тұлға: егер оған қатысу үлесінің 50%-ынан астамын іс жүзінде осы тараудың осындай Тарапының тұлғалары иеленсе, осы тарау Тарапының тұлғаларына «тиесілі» болады; егер осы тарау Тарапының тұлғалары оның директорларының көпшілігін тағайындауға немесе өзгеше түрде оның қызметін заңды бағыттауға уәкілетті болса, осындай тұлғалар “бақылайды”. і) «осы тарау Тарапының заңды тұлғасы» осындай Тараптың заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес құрылған немесе өзгеше түрде құрылған заңды тұлғаны білдіреді; j) «экономикалық интеграция туралы келісімдер» ГАТС-тың V-бабының және/немесе Vbis-бабының талаптарына сай келетін халықаралық келісімдерді білдіреді; k) «шара» осы тарау Тарапының заң, қаулы, қағида, рәсім, шешім, әкімшілік әрекет нысанындағы немесе кез келген басқа нысандағы кез келген шарасын білдіреді; l) «осы тарау Тарапының шарасы» мынадай: і) осы тараудың осындай Тарапының орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтері және өзге де билік органдары, және іі) осы тараудың осындай Тарапының орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтері және өзге де билік органдары берген өкілеттіктерді орындау үшін үкіметтік емес органдар қабылдаған шараларды білдіреді. m) «осы тараудың Тараптарының көрсетілетін қызметтер саудасына әсер ететін шаралары» мыналарға: і. көрсетілетін қызметті сатып алуға, оған төлем жасауға немесе пайдалануға; іі. осы тараудың Тараптары оларға қатысты кең ауқымды жария ұсыныс талабын белгілеген көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге және көрсетілетін қызметтерді беруге байланысты көрсетілетін қызметтерді пайдалануға қатысты шараларды қамтиды. n) «осы тараудың Тараптарының құруға, коммерциялық қатысуға және қызметке әсер ететін шаралары» осы тараудың бір Тарапының заңды тұлғаларын осы тараудың екінші Тарапының аумағында құруға және коммерциялық қатысуына қатысты шараларды немесе олардың қызметіне қатысты шараларды қамтиды; o) «құру»: көрсетілетін қызметті жеткізу және/немесе көрсетілетін қызметтерге қатысы жоқ секторларда экономикалық қызметті жүзеге асыру мақсаттары үшін: i. аумағында осындай заңды тұлға құрылатын немесе сатып алынатын осы тарау Тарапының заңнамасында кезделетін кез келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы және меншік нысанындағы заңды тұлғаны құруды және/немесе сатып алуды (бар заңды тұлғаның капиталына қатысу); ii. осы тарау Тарапының заңды тұлғасы қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде заңдық тұрғыдан айқындау жолымен, оның ішінде дауыс беруші акциялар (үлестер), осындай заңды тұлғаның басқарушы органдарына (директорлар кеңесін, бақылау кеңесін және т.б. қоса алғанда) қатысу арқылы осындай заңды тұлғаны бақылауды иемденуді; немесе iii. филиал құруды; немесе iv. өкілдік құруды білдіреді. p) «коммерциялық қатысу» көрсетілетін қызметтерден басқа секторларда көрсетілетін қызметті беру және/немесе экономикалық қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылған, құрылған, сатып алынған немесе бақыланатын заңды тұлғаларды және/немесе филиалдарды не өкілдіктерді білдіреді. Осы Бөлімнің мақсаттары үшін құрылған, түзілген, сатып алынған, бақыланатын немесе қалыптастырылған коммерциялық қатысу бұдан әрі «құрылған коммерциялық қатысу» деп аталады; q) «қызмет» коммерциялық емес негізде, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіби сипаттағы қызметпен айналысатын бір немесе бірнеше тұлғалармен бәсекелестік жағдайларында жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, осы баптың о) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің осындай қызметін білдіреді.
8.4-бапБасқа халықаралық келісімдер
Егер ДСҰ-ның Келісімін қоса алғанда, осы тараудың екі Тарапы да қатысатын халықаралық келісімде олардың тұлғалары (көрсетілетін қызметтерді берушілері) және/немесе олардың коммерциялық қатысуы, көрсетілетін қызметтер немесе қаражат салымдары үшін осы тарауда қамтылатын мәселелерге қатысты мейлінше қолайлылық режимі көзделсе, онда осы Келісім мұндай мейлінше қолайлылық режиміне әсер етпейді.
8.5-бапІшкі реттеу
1. ГАТС-тың VI бабы осы тараудың Тараптары арасында қолданылады, mutatis mutandis. 2. Осы тараудың II бөліміне («Көрсетілетін қызметтер саудасы») сәйкес осы тараудың Тарапы ерекше міндеттемелер қабылдаған көрсетілетін қызметтер секторларына қатысы бар, сондай-ақ осы тараудың ІІІ бөлімінде («Құру, коммерциялық қатысу және қызмет») қамтылған құруға және қызметке қатысы бар лицензиялау рәсімдері мен талаптарын белгілеуге және қолдануға осындай Тараптың құқығы үшін нұқсан келтірмей, мұндай Тарап: a) лицензиялау тәртібінің құру, қызмет немесе көрсетілетін қызметті беруге шектеу болмайтынын және көрсетілетін қызметті беру мақсаттары үшін тиімділікке тікелей қатысты лицензиялық талаптары осындай көрсетілетін қызметті беруге қисынсыз кедергі болмайтынын; b) уәкілетті билік органдары қисынсыз кедергісіз және осындай Тараптың тиісті заңнамасы мен нормативтік актілерінде көрсетілген мерзім шегінде лицензия беру/беруден бас тарту туралы шешім қабылдайтынын; c) лицензия алуға өтінімді берумен және оны қараумен байланысты алынатын кез келген төлем көрсетілетін қызметті беруге, құруға немесе қызметке шектеу болып табылмайтынын; d) осындай Тараптың заңнамасы мен нормативтік актілерінде белгіленген лицензияға өтінімді қараудың кез келген кезеңі өткеннен кейін және өтініш берушінің сұрау салуы бойынша осындай Тараптың құзыретті билік органдарының өтініш берушіге оның өтінімінің мәртебесі мен толықтығы туралы ақпарат беруін қамтамасыз етуге тиіс. Егер мұндай органдар өтініш берушіден қосымша ақпарат талап ететін болса, олар қисынсыз кідіртусіз өтініш берушіні хабардар етіп, өтінімді толық ресімдеу үшін қандай қосымша ақпарат қажет екенін нақтылайды. Өтініш берушілердің сұратылған қосымша ақпаратты ұсыну және өтінімге техникалық түзетулер енгізу мүмкіндігі болуға тиіс. Өтінім осындай Тараптың тиісті заңнамасында және нормативтік актілерінде көзделген барлық ақпарат пен құжаттар алынғанға дейін толық деп есептелмейді; e) өтінімі қабылданбаған өтініш берушінің жазбаша сұрау салуы бойынша өтінімді қабылдамай тастаған уәкілетті органның өтінімді қабылдамаудың себептері туралы өтініш берушіге жазбаша ақпарат беруін қамтамасыз етуге тиіс. Алайда осы ереже, егер қадағалау органының ақпаратты жария етуі құқық қолдануға кедергі келтірсе немесе қоғамдық мүдделерге немесе қауіпсіздіктің елеулі мүдделеріне өзгеше түрде қайшы келсе, мұндай жария ету туралы талапты білдірмейді; f) өтінім қабылданбаған жағдайда өтініш берушінің лицензия алумен байланысты кез келген алдыңғы проблемаларды шешу мақсатында жаңа өтінім беруге құқығы бар екенін қамтамасыз етуге тиіс.
8.6-бапБайланыс пункттері
Осы тараудың әрбір Тарапы осы тарауда қамтылатын мәселелер бойынша осы тараудың Тараптары арасындағы өзара іс-қимылды оңайлату мақсатында өздерінің ұлттық байланыс пункттерін айқындауға, сондай-ақ осы тараудың екінші Тарапымен осындай байланыс пункттері бойынша ақпарат алмасуға тиіс. Осы тараудың Тараптары өздерінің байланыс пункттері туралы ақпараттағы кез келген өзгерістер туралы бір-бірін дереу хабардар етуге тиіс.
8.7-бапПайда беруден бас тарту
Осы тараудың Тарапы осы бөлімде көзделген пайданы осы тараудың екінші Тарапының тұлғасына беруден, егер бірінші Тарап мұндай тұлға осы тараудың екінші Тарапының аумағында елеулі іскерлік операцияларды жүзеге асырмайтын және: а) кез келген үшінші мемлекетке, немесе b) бірінші Тарапқа тиесілі немесе солардың тұлғалары бақылайтын заңды тұлға болып табылатынын анықтаса, бас тарта алады.
8.8-бапТөлем теңгерімін қорғау мақсатындағы шектеулер
1. Осы Келісімнің 8.18 және 8.37-баптарының ережелеріне қарамастан, осы тараудың әрбір Тарапы төлем теңгерімімен байланысты едәуір қиындықтар және сыртқы қаржылық қиындықтар немесе осындай қауіп-қатер жағдайында, осы Келісімнің 8.18 және 8.37-баптарында айтылған осындай міндеттемелерге қатысты операциялар бойынша төлемдерді немесе аударымдарды қоса алғанда, осы тарауға сәйкес осындай Тарап міндеттемелер қабылдаған көрсетілетін қызметтер саудасы, құру және каражат салымдары бойынша шектеулерді, мұндай шектеулер: a) мейлінше қолайлылық режимі негізінде қолданылатын; b) Халықаралық валюта қоры туралы келісімнің баптарына сәйкес келетін; c) осы тараудың екінші Тарапының коммерциялық, экономикалық және қаржылық мүдделеріне артық нұқсан келтіруді болғызбауға тиіс; d) осы тармақта жазылған мән-жайлар орын алған кезде қажеттілік шектерінен шықпайтын; e) уақытша болуға тиіс және осы тармақта көрсетілген жағдай жақсарған сайын біртіндеп жойылуға тиіс жағдайларда белгілей және сақтай алады. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес шектеу енгізетін осы тараудың Тарапы осы тараудың екінші Тарапын осындай шара туралы дереу хабардар етуге тиіс. 3. Осындай шектеулердің қолданылу аясын айқындау кезінде осы тараудың Тараптары өздерінің экономикалық бағдарламалары немесе даму бағдарламалары үшін неғұрлым маңызды болып табылатын көрсетілетін қызметтерді беруге артықшылық бере алады. Алайда мұндай шектеулер көрсетілетін қызметтердің белгілі бір секторын қорғау мақсатында белгіленуге және сақталуға тиіс емес. 4. Осы Келісімнің ешбір ережелері Халықаралық валюта қорының мүшесі болып табылатын осы тарау Тарапының осы баптың 1-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмейтін шектеулерді қолданбайтыны жағдайында, Халықаралық валюта қоры туралы келісімнің баптарына сәйкес келетін валюта айырбастаумен байланысты шараларды қолдануды қоса алғанда, Халықаралық валюта қоры туралы келісімнің баптарына сәйкес осы тараудың осындай Тарапының құқықтары мен міндеттеріне әсер етпеуге тиіс. 5. Осы бапқа дауларды шешудің осы Келісімнің 8.38-бабында көзделген рәсімдері қолданылмайды.
8.9-бапҚосылу
1. Осы Келісімнің 15.2-бабына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше кез келген мемлекет Ерекше міндеттемелер тізбелеріне және Алып қоюлар тізбелеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай мемлекет пен Вьетнам арасында келісілген шарттарда осы тарауға қосыла алады. 2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет осы тарауға қосылған жағдайда, осы тараудың ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылатын осы тараудың Тараптары арасында қолданылмауға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бір-біріне беретін қандай да бір құқықтар мен артықшылықтарды Вьетнамға бермеуге тиіс.
8.10-бапӨзгерістер енгізу
1. Осы Келісімнің 15.5-бабының ережелеріне қарамастан, осы тарауға осы тараудың Тараптарының екіжақты жазбаша келісімімен өзгерістер енгізілуі мүмкін. 2. Осы тарауға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің қосылуы нәтижесінде туындайтын өзгерістер енгізу осы тараудың Тараптары мен осы тарауға қосылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің екіжақты жазбаша келісімімен жүзеге асырылуға тиіс.
8.11-бапКонсультациялар
1. Осы тараудың кез келген Тарапының сұрау салуы бойынша осы тараудың Тараптары осы тараудың ережелерін түсіндіру немесе қолдану мәселелері бойынша консультациялар өткізуге тиіс. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген консультацияларды осы Келісімнің 1.4-бабына сәйкес құрылған Бірлескен комитет өткізе алады. 3. Осы тараудың мақсаттары үшін Бірлескен комитет осы тараудың Тараптары өкілдерінің бірлескен төрағалығымен жұмыс істеуге тиіс және Бірлескен комитеттің осы тараудың күші қолданылатын мәселелер бойынша шешімдерінің кез келгені осы тараудың Тараптарымен ғана консенсус негізінде қабылдануға тиіс.
8.12-бапОсы тараудың Тараптары арасындағы дауларды шешу
1. Осы Келісімнің 14-тарауының («Дауларды шешу») ережелері осы баптың 2-тармағында белгіленген өзгерістерімен осы тарауды түсіндіру немесе қолдану мәселелері бойынша осы тараудың Тараптары арасындағы дауларды шешуге қатысты қолданылуға тиіс. 2. Осы тараудың мақсаттары үшін: a) осы Келісімнің 14-тарауында көрсетілген «даудың Тарапы» термині «осы тараудың Тарапы» дегенді білдіреді; b) осы Келісімнің 14.6-бабының 2-тармағында көрсетілген консультацияларға сұрау салу жауапкер Тарапқа осы Келісімнің 8.6-бабына сәйкес тағайындалған оның байланыс пункттері арқылы жазбаша нысанда берілуге тиіс; c) осы Келісімнің 14.7-бабының 3-тармағында көрсетілген Төрешілер панелін құру туралы сұрау салу жауапкер Тарапқа осы Келісімнің 8.6-бабына сәйкес тағайындалған оның байланыс пункттері арқылы жазбаша нысанда берілуге тиіс; және d) осы Келісімнің 14.15-бабында көрсетілген пайданы қолдануды тоқтата тұру осы тарауда көзделген пайдаға қатысты ғана қолданылуы мүмкін.
8.13-бапМіндеттемелер тізбелері
«ІІ бөлімге («Көрсетілетін қызметтер саудасы») сәйкес Ерекше міндеттемелер тізбесіне», ІІІ бөлімге («Құру, коммерциялық қатысу және қызмет») сәйкес Алып қоюлар тізбесіне, «ІV бөлімге («Жеке тұлғалардың жүріп-тұруы») сәйкес Ерекше міндеттемелер тізбесіне» және «осы Келісімнің 8.15 және 8.22-баптарына сәйкес Мейлінше қолайлылық режимінен алып қоюлар тізбесіне» осы Келісімге қол қойылған күні Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер мен екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімге Ресей Федерациясы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы № 1 Хаттама (осы тарауда бұдан әрі «№ 1 Хаттама» деп аталатын) нысанында қол қойылуға тиіс. № 1 Хаттама осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрауға тиіс және Ресей Федерациясы мен Вьетнамға ғана міндеттемелер жүктеуге тиіс.
II БӨЛІМ. КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САУДАСЫ
8.14-бапҚолданылу аясы
1. Осы бөлім осы тарау Тараптарының көрсетілетін қызметтер саудасына әсер ететін кез келген шараларына қолданылады. 2. Осы бөлім субсидияларды немесе көрсетілетін қызметтерді берушілерді немесе олардың көрсетілетін қызметтерін мемлекеттік немесе муниципалдық қолдаудың өзге де нысандарын ұсынуға қолданылмайды.
8.15-бапБарынша қолайлылық режимі
1. Осы бөлім қамтитын кез келген шараға қатысты осы тараудың әрбір Тарапы осы тараудың екінші Тарапының көрсетілетін қызметтері мен көрсетілетін қызметтерді берушілеріне кез келген үшінші елдің осыған ұқсас көрсетілетін қызметтері мен көрсетілетін қызметтерді берушілеріне өзі ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді дереу және сөзсіз ұсынады. 2. Осы тараудың Тарапы мұндай шара № 1 Хаттамаға 1-қосымшадағы жеке ұлттық Тізбеде көрсетілген жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес келмейтін шараны сақтай алады. 3. Осы бөлімнің ережелері шекара маңындағы аумақтар шегінде осындай аумақтар шеңберінде жеткізілетін және пайдаланылатын көрсетілетін қызметтер саудасын оңайлату мақсатында осы тараудың Тарапына артықшылық беруге немесе ұсынуға кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс. 4. Осы Келісімнің ешбір ережелері осы тарау Тарапының осы тараудың екінші Тарапының көрсетілетін қызметтеріне немесе көрсетілетін қызметтерді берушілеріне бірінші Тарап: а) бірінші Тараптың экономикалық интеграция туралы келісімдеріне сәйкес; немесе b) қосарланған салық салуды болғызбау туралы келісімдер немесе салық мәселелері бойынша өзге де уағдаластықтар негізінде ұсынатын немесе келешекте ұсынатын пайда немесе артықшылық беру міндеттемелерін білдірмейді.
8.16-бапНарыққа қол жеткізу
1. Осы Келісімнің 8.3-бабында айқындалған беру тәсілдері арқылы нарыққа қол жеткізуге қатысты осы тараудың әрбір Тарапы осы тараудың екінші Тарапының көрсетілетін қызметтері мен көрсетілетін қызметтерді берушілеріне № 1 Хаттамаға 2-қосымшадағы өз Тізбесінде келісілген және көзделген шарттарға, шектеулерге және ережелерге сәйкес ұсынылатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады.1 2. Нарыққа қол жеткізу бойынша міндеттемелер қабылдаған секторларда, егер № 1 Хаттамаға 2-қосымшадағы Тізбесінде өзгеше көрсетілмесе, осы тараудың Тарапы өңірлік бөлініс шеңберінде немесе өзінің бүкіл аумағында сақтамайтын немесе белгілемейтін шаралар: а) көрсетілетін қызметтерді берушілер санын сандық квоталар, монополиялар, көрсетілетін қызметтерді эксклюзивті берушілер нысанында немесе экономикалық орындылыққа арналған тест талаптары нысанында шектеу; b) сандық квоталар немесе экономикалық орындылыққа арналған тест талаптары нысанында көрсетілетін қызметтер бойынша мәмілелердің немесе активтердің жалпы құнын шектеу; с) квоталар немесе экономикалық орындылыққа арналған тест талаптары нысанында белгіленген сандық өлшем бірліктері түрінде көрініс табатын көрсетілетін қызметтермен операциялардың жалпы санын немесе көрсетілетін қызметтерді өндірудің жалпы көлемін шектеу ретінде айқындалады.
8.17-бапҰлттық режим
1. № 1 Хаттамаға 2-қосымшадағы Тізбесіне енгізілген секторларда және оларда ескерілген шарттар мен талаптарға сәйкес осы тараудың әрбір Тарапы осы тараудың екінші Тарапының көрсетілетін қызметтері мен көрсетілетін қызметтерді берушілеріне көрсетілетін қызметтерді беруге әсер ететін барлық шараларға қатысты өзінің осыған ұқсас көрсетілетін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді берушілеріне ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады.2 2. Осы тараудың Тарапы осы баптың 1-тармағының талабын осы тараудың екінші Тарапының көрсетілетін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді берушілеріне не формальды түрде дәл осындай режимді, не өзінің осыған ұқсас көрсетілетін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді берушілеріне ұсынатын режимнен формальды түрде ерекшеленетін режимді ұсыну жолымен орындай алады. 3. Формальды түрде дәл осындай немесе формальды түрде ерекшеленетін режим, егер ол осы тараудың екінші Тарапының осыған ұқсас көрсетілетін қызметтерімен немесе көрсетілетін қызметтерді берушілерімен салыстырғанда, бәсекелестік шарттарын осы тарау Тарапының көрсетілетін қызметтері немесе қызметті берушілері пайдасына өзгерсе, қолайлылығы төмен деп есептеледі.___________________ 1Егер Тарап бір Тараптың аумағынан екінші Тараптың аумағына көрсетілетін қызметтерді беруге қатысты нарыққа қол жеткізу бойынша міндеттемені өзіне алса және егер капиталдың трансшекаралық қозғалысы көрсетілетін қызметтің елеулі бөлігі болып табылса, мұндай Тарап капиталдың осындай қозғалысын шешуге міндеттенеді. 2Осы бапқа сәйкес қабылданған арнайы міндеттемелер көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін қызметтерді берушілердің шетелдік сипатына байланысты туындайтын бәсекелестік артықшылықтарды жоғалтуды өтеуге орай осы тараудың Тарапына қойылатын талап ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
8.18-бапТөлемдер мен аударымдар
1. Осы Келісімнің 8.8-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы тараудың Тарапы осы бөлімге сәйкес өзінің ерекше міндеттемелеріне жататын ағымдағы операциялар бойынша халықаралық аударымдар мен төлемдерге қатысты шектеулерді қолданбайды. 2. Осы тарауда ештеңе де осы тараудың Тарапы капиталмен қандай да бір операцияларға осы Келісімнің 8.8-бабында көзделгендерді қоспағанда немесе Халықаралық валюта қорының сұрауы бойынша осы бөлімге сәйкес қабылданған және осындай операцияларға қатысты өзінің ерекше міндеттемелерімен үйлеспейтін шектеулер белгілемеген жағдайда, Халықаралық валюта қоры Келісімінің баптарымен үйлесетін валюта операцияларын жүргізуді қоса алғанда, Халықаралық валюта қоры туралы Келісімнің баптарына сәйкес Халықаралық валюта қорының мүшелері ретінде осы тарау Тараптарының құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
8.19-бапТану
ГАТС-тың VII бабының ережелері осы тараудың Тараптары арасында қолданылады, mutatis mutandis.
III БӨЛІМ. ҚҰРУ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚАТЫСУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ
8.20-бапҚолданылу аясы
1. Осы бөлім осы тарау Тараптарының құруға, коммерциялық қатысуға және қызметке әсер ететін кез келген шараларына қолданылады. 2. Осы бөлімнің ережелері осы тараудың бір Тарапының тұлғасы осы тараудың екінші Тарапының аумағында осы Келісім күшіне енген күніне немесе одан кейін құрған коммерциялық қатысуға қолданылады. 3. Осы бөлім құруға және/немесе қызметке байланысты тұлғаларға және олардың коммерциялық қатысуына субсидиялар беруге немесе мемлекеттік немесе муниципалдық қолдаудың өзге де нысандарына қолданылмайды.
8.21-бапҰлттық режим
1. Құруға қатысты және № 1 Хаттамаға 3-қосымшада көрсетілген жеке ұлттық Тізбесінде бекітілген ескертпелерге сәйкес осы тараудың әрбір Тарапы өз аумағында осы тараудың екінші Тарапының тұлғаларына осыған ұқсас мән-жайларда өз тұлғаларына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады. 2. Қызметке қатысты және № 1 Хаттамаға 3-қосымшада көрсетілген жеке ұлттық Тізбесінде бекітілген ескертпелерге сәйкес осы тараудың әрбір Тарапы осы тараудың екінші Тарапының тұлғасы бірінші Тараптың аумағында құрған коммерциялық қатысуға осыған ұқсас мән-жайларда өз аумағында құрылған өз тұлғаларының коммерциялық қатысуына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады.
8.22-бапБарынша қолайлылық режимі
1. Құруға қатысты және № 1 Хаттамаға 1-қосымшада көрсетілген жеке ұлттық Тізбесінде бекітілген ескертпелерге сәйкес осы тараудың әрбір Тарапы осы тараудың екінші Тарапының тұлғаларына осыған ұқсас мән-жайларда кез келген үшінші мемлекеттің тұлғаларына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады. 2. Қызметке қатысты және № 1 Хаттамаға 1-қосымшада көрсетілген жеке ұлттық Тізбесінде бекітілген ескертпелерге сәйкес осы тараудың әрбір Тарапы осы тараудың екінші Тарапының тұлғасы бірінші Тараптың аумағында құрған коммерциялық қатысуға осыған ұқсас мән-жайларда кез келген үшінші мемлекет тұлғаларының коммерциялық қатысуына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады. 3. Әртүрлі түсінуді болғызбау мақсатында осы бап осы Келісімнің 8.38-бабында көзделгендей халықаралық дауларды шешудің осындай рәсімдеріне немесе тетіктеріне қолданылмайды. 4. Осы Келісімде ештеңе де осы тарау Тарапының осы тараудың екінші Тарапының тұлғаларына немесе тұлғалардың коммерциялық қатысуына бірінші Тарап: а) бірінші Тараптың экономикалық интеграция туралы келісімдеріне сәйкес; немесе b) қосарланған салық салуды болғызбау туралы келісімдер немесе салық мәселелері бойынша өзге де уағдаластықтар негізінде ұсынған немесе келешекте ұсынатын пайданы немесе артықшылықты беру міндеттемелерін білдірмейді.
8.23-бапНарыққа қол жеткізу
Құруға және/немесе қызметке қатысты осы тарау Тараптардың бірде-бірі осы тараудың екінші Тарапының тұлғаларына және/немесе олардың бірінші Тараптың аумағында құрылған коммерциялық қатысуына, бірінші Тараптың № 1 Хаттамаға 3-қосымшада көрсетілген жеке ұлттық Тізбесінде көзделген шектеулерді қоспағанда, тиісінше мыналарға: a) тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса алғанда, коммерциялық қатысу нысанына; b) коммерциялық қатысудың құрылған бірліктерінің жалпы санына; c) осы тараудың екінші Тарапы тұлғаларының бірінші Тараптың заңды тұлғасының капиталындағы үлесінің мөлшерін немесе осындай заңды тұлғаны бақылау дәрежесін барынша пайыздық шектеуге; d) осы тараудың екінші Тарапының тұлғасы құрған коммерциялық қатысу өз қызметі процесінде жүзеге асыратын, квота немесе экономикалық орындылыққа арналған тест талаптары нысанындағы мәмілелерге/операцияларға қатысты шектеулерді сақтамайды және қолданбайды.
8.24-бапҚызметке қойылатын талаптар
1. № 1 Хаттамаға 3-қосымшада көрсетілген жеке ұлттық Тізбесінде бекітілген алып қоюларға сәйкес осы тарау Тараптарының бірде-бірі құруға және/немесе қызметке байланысты осы тараудың екінші Тарапы тұлғаларының бірінші Тараптың аумағында құрылған коммерциялық қатысуына қатысты, тиісінше, мынадай ешбір талаптарды: a) қандай да бір белгілі бір көлемді немесе тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің үлесін экспорттауды; b) оның аумағында өндірілген тауарларды сатып алуды, пайдалануды немесе осындай тауарларға артықшылықтар беруді; c) импорт көлемінің немесе құнының экспорттың көлеміне немесе құнына немесе осындай құруға және/немесе осындай қызметке байланысты шетелдік валюта түсімдерінің сомасына тәуелділігін кез келген түрде белгілеуді; d) оның аумағында осындай коммерциялық қатысу өндіретін немесе беретін тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді сатуды осындай сатулардың дәл сондай немесе өзге де түрде оның экспортының немесе шетелдік валютада түскен түсімінің көлеміне немесе құнына арақатынасы арқылы шектеуді; e) белгілі бір технологияны, өндірістік процесті немесе меншік болып табылатын өзге де ақпаратты бірінші Тараптың аумағындағы тұлғаларға беруді; немесе f) ол өндіретін тауарларды немесе белгілі бір өңірлік нарыққа немесе әлемдік нарыққа ол беретін көрсетілетін қызметтерді бірінші Тараптың аумағынан ғана беруді қолданбайды немесе мәжбүрлеп жүзеге асырмайды. 2. Тараптардың ешқайсысы мынадай: a) бірінші Тараптың аумағында өндірілген тауарларды сатып алу, пайдалану немесе осындай тауарларға артықшылықтар беру; b) импорт көлемінің немесе құнының экспорттың көлеміне немесе құнына немесе осындай құруға және/немесе қызметке байланысты шетелдік валюта түсімдерінің сомасына тәуелділігін қандай да бір түрде белгілеу; c) оның аумағында осындай коммерциялық қатысу өндіретін немесе беретін тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді сатуды осындай сатулардың дәл сондай немесе өзге де түрде оның экспортының немесе шетелдік валютада түскен түсімінің көлеміне немесе құнына арақатынасы арқылы шектеу талаптарының кез келгенінің сақталуымен, құруға және/немесе осы тараудың екінші Тарапының тұлғалары бірінші Тараптың аумағында құрған коммерциялық қатысу қызметіне байланысты артықшылық алуға немесе алуды жалғастыруға негіз болмайды. 3. Осы баптың 2-тармағында ештеңе де осы тараудың Тарапына құруға және/немесе осы тараудың екінші Тарапы тұлғаларының қызметіне және/немесе бірінші Тараптың аумағында құрылған осындай тұлғалардың коммерциялық қатысуына, өндірісті оқшаулау, көрсетілетін қызметті беру, жұмыскерлерді оқыту немесе жалдау, қандай да бір өндірістік қуаттылықтарды салу немесе кеңейту немесе бірінші Тараптың аумағында зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу талаптарын сақтауға байланысты артықшылық алуға немесе алуды жалғастыруға негіз болатын кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс. 4. Әртүрлі түсіндіруді болғызбау мақсатында осы баптың 1-тармағында ештеңе де осы тараудың Тарапына осы тараудың екінші Тарапы тұлғаларының коммерциялық қатысуына байланысты, оның аумағында жұмыскерлерді жалдауға немесе оқытуға қатысты, осындай жалдау немесе оқыту осы аумақта белгілі бір технологияны, өндірістік процесті немесе ноу-хауды тұлғаға беруді талап етпейтін жағдайда, қандай да бір талаптарды қолдануға немесе мәжбүрлеп жүзеге асыруға кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс. 5. 1-тармақтың е) тармақшасы: a) егер осы тараудың Тарапы ТРИПС Келісімінің 31-бабына сәйкес зияткерлік меншік құқығын пайдалануға рұқсат берсе немесе ТРИПС Келісімінің 39-бабының қолданылу аясына жататын немесе соған сәйкес келетін жеке ақпаратты жария етуді талап ететін шараларға; немесе b) егер осындай талапты қолданатын немесе мәжбүрлеп жүзеге асыратын осы тарау Тарапының бәсекелестік туралы заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес талапты сот немесе өзге де тиісті орган қолданса немесе мәжбүрлеп жүзеге асырса, қолданылмайды. 6. Осы баптың 1-тармағының а) және b) тармақшалары және осы баптың 2-тармағының а) тармақшасы экспортты ілгерілетуге және шет мемлекеттерге көмек бағдарламаларына қатысты тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарына қолданылмайды. 7. Осы бап осы тараудың Тараптары қолданатын және 4-тараудың («Шығарылуын айқындау қағидалары») нысанасы болып табылатын шығарылу қағидаларына әсер етпейді.
8.25-бапЖоғары басшылық, директорлар кеңесі
Құруға және/немесе қызметке байланысты және № 1 Хаттамаға 3-қосымшада бірінші Тараптың жеке ұлттық Тізбесінде көзделген шектеулерге сәйкес, сондай-ақ осы тараудың IV бөлімінде («Жеке тұлғалардың жүріп-тұруы») келтірілген шарттар мен шектеулерге сәйкес осы тарау Тараптарының бірде-бірі осындай Тараптың заңды тұлғасынан жоғары басшылық лауазымдарына белгілі бір азаматтығы бар жеке тұлғаларды тағайындауды талап етпейтін болады.
IV БӨЛІМЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖҮРІП-ТҰРУЫ
8.26-бапҚолданылу аясы
1. Осы тарау № 1 Хаттамаға 4-қосымшада осындай екінші Тараптың Тізбесінде көрсетілген осындай жеке тұлғалардың санаттарына қатысты осы тараудың бір Тарапының жеке тұлғаларының осы тараудың екінші Тарапының аумағына уақытша келуіне және онда болуына әсер ететін шараларға қолданылады. Жеке тұлғалардың көрсетілген санаттары мыналарды: a) іскер келушілерді; b) фирмаішілік ауыстыруды; с) монтажшыларды немесе қызмет көрсетуші персоналды; d) инвесторларды; e) келісімшартпен көрсетілетін қызметтерді берушілерді қамтуы мүмкін. Осы бөлім осы бөлімде қамтылатын көрсетілетін қызметтерді берушілерге немесе олардың көрсетілетін қызметтеріне субсидиялар беруге немесе мемлекеттік немесе муниципалдық қолдаудың өзге де нысандарын ұсынуға қолданылмайды. 2. Осы тарау осы тараудың екінші Тарапының жұмыспен қамту нарығына қол жеткізуді іздестіріп жүрген осы тарау Тарапының жеке тұлғаларына әсер ететін шараларға, сондай-ақ азаматтыққа, бодандыққа, тұрақты тұрғылықты жерге немесе тұрақты негізде жалдауға қатысты шараларға қолданылмайды. 3. Әртүрлі түсіндіруді болғызбау мақсатында осы Келісімде ештеңе де осы тараудың екінші Тарапының жеке тұлғаларына визалар беруге қатысты қандай да бір талаптарға немесе рәсімдерге қатысты осы тарау Тарапының міндеттемесі ретінде түсіндірілмеуге тиіс. 4. Осы тараудың мақсатында «уақытша келу немесе болу» осы тараудың бір Тарапының жеке тұлғасының осы тараудың екінші Тарапының аумағына тұрақты тұру ниетінсіз келуін немесе онда болуын білдіреді. 5. № 1 Хаттамаға 4-қосымшадағы Тізбесінде көзделгенді қоспағанда, осы тарау Тараптарының бірде-бірі осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың уақытша келуіне немесе болуына қатысты қандай да бір сандық шектеулерді немесе экономикалық орындылығына тест талаптарын қоя алмайды немесе күшінде сақтай алмайды.
8.27-бапТану
ГАТС-тың VII бабының ережелері осы тараудың Тараптары арасында қолданылады, mutatis mutandis.
V БӨЛІМ. ҚАРАЖАТ САЛЫМДАРЫ
8.28-бапАнықтамалар
Осы бөлімнің мақсатында төменде келтірілген терминдер мыналарды білдіреді: a) «қаражат салымдары» - осы тараудың бір Тарапының инвесторы осы тараудың екінші Тарапының аумағына соңғы Тараптың заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес салған мүліктік құндылықтардың кез келген түрі, олар қаражатқа немесе басқа ресурстарға қатысты инвестициялық міндеттемелер, күтілетін пайда және тәуекелге бел байлау сияқты белгілерді қоса алғанда, сондай-ақ мыналарды: i. жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ кепіл құқығы немесе ипотекалық құқық сияқты кез келген мүліктік құқықтарды; ii. акцияларды, салымдарды және заңды тұлға капиталына қатысудың өзге де нысандарын; iii. облигацияларды және өзге де борыштық міндеттемелерді; iv. ақша қаражаты бойынша немесе қаражат салымымен байланысты экономикалық құндылығы3 бар шарттар бойынша талап ету құқығын; v. зияткерлік меншік құқығын; vi. іскерлік беделді; vii. экономикалық құндылығы бар, құқық, оның ішінде, атап айтқанда, құрылыс салуға, өндіріске, кірісті бөлу туралы келісімдерге және атап айтқанда, табиғи ресурстарды барлауға, игеруге, өндіруге және пайдалануға байланысты концессиялық келісімдерге құқықтарды қоса алғанда, заң немесе шарт негізінде берілетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқықтарын қоса алғанда, қаражат салымының біліктілігіне ие болады. Инвестицияланған немесе қайта инвестицияланған мүліктік активтер нысанының ешбір өзгерісі қаражат салымдары ретінде біліктілікке әсер етпейді. Мұндай өзгеріс аумағында қаражат салымы жүзеге асырылған осы тарау Тарапының заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. b) «осы тарау Тараптының инвесторы» - осы тараудың екінші Тарапының аумағында соның заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес қаражат салымын жүзеге асырған осы тараудың осындай Тарапының кез келген жеке немесе заңды тұлғасы; с) «кірістер» - пайданы, дивидендтерді, пайыздарды, капитал өсімінен түскен кірістерді, роялтиді және басқа да сыйақыларды қоса алғанда, қаражат салымдарынан алынған қаражат; және d) «еркін айырбасталатын валюта» Халықаралық Валюта қоры туралы келісімнің баптарына сәйкес Халықаралық Валюта Қорының ұйғарымы бойынша еркін айырбасталатын валютаны білдіреді.________________ 3Әртүрлі түсіндіруді болғызбау мақсатында "қаражат салымдары" термині: а) тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді сатудың-сатып алудың коммерциялық келісімшарттарына, немесе b) осындай коммерциялық келісімшарттарға байланысты кредит беруге орай туындайтын ақша қаражаты бойынша талап ету құқықтарын білдірмейді.
8.29-бапҚолданылу аясы
1. Осы бөлімнің ережелері осы тарау Тараптарының бірінің инвесторлары 1981 жылғы 19 маусымнан кейін осы тараудың екінші Тарапының аумағында жүзеге асырған және осы Келісім күшіне енген күні болатын қаражат салымдарының барлығына қолданылады, бірақ осы Келісім күшіне енгенге дейін орын алған ешбір әрекетке немесе фактіге және туындаған немесе тоқтатылған ешбір оқиғаға немесе дауға қолданылмайды. 2. Осы тараудың бір Тарапы инвесторларының осы тараудың екінші Тарапының аумағында жүзеге асырған, осы тараудың ІІІ бөлімінде («Құру, коммерциялық қатысу және қызмет») айқындалғандай және реттелетіндей, құру және коммерциялық қатысу нысанындағы қаражат салымдары осы Келісімнің 8.30, 8.31, 8.32 және 8.33-баптарының қолданылу аясына жатпайды. 3. Осы Бөлім осы Келісімнің 8.34-бабында көзделген субсидияларды және инвесторлар мен олардың қаражат салымдарын мемлекеттік немесе муниципалдық қолдаудың өзге де нысандарын қоспағанда, субсидиялар беруге немесе инвесторлар мен олардың қаражат салымдарын мемлекеттік немесе муниципалдық қолдаудың өзге де нысандарын ұсынуға қолданылмайды.
8.30-бапҚаражат салымдарын ынталандыру және оларға рұқсат беру
Осы тараудың әрбір Тарапы екінші Тараптың инвесторларын ынталандырып, қаражат салымдарын жүзеге асыру үшін өз аумағында оларға қолайлы жағдайлар жасайды және бірінші Тараптың заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес осы тараудың екінші Тарапы инвесторларының қаражат салымдарына рұқсат береді.
8.31-бапӘділ және тең құқықты режим және толық қорғау мен қауіпсіздік
1. Осы тараудың әрбір Тарапы осы тараудың екінші Тарапы инвесторларының қаражат салымдарына әділ және тең құқықты режимді, сондай-ақ толық қорғау мен қауіпсіздікті ұсынады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендей, «әділ және тең құқықты режим», атап айтқанда, осы тараудың әрбір Тарапынан кез келген сот немесе әкімшілік талқылауларда сот төрелігінен бас тартпауды талап етеді. 3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендей, «толық қорғау мен қауіпсіздік» осы тараудың әрбір Тарапынан екінші Тарап инвесторының қаражат салымдарын қорғау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізделген қажетті шаралар қабылдауды талап етеді. 4. Осы тараудың екінші Тарапы инвесторының бірінші Тараптың аумағындағы қаражат салымдарына қатысты осы баптың 1-тармағында көрсетілгендей, «әділ және тең құқықты режим» және «толық қорғау мен қауіпсіздік» тұжырымдамалары бірінші Тараптың заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес оның өз инвесторларына және/немесе кез келген үшінші мемлекеттің инвесторларына ұсынылған режимнен неғұрлым қолайлырақ режимді ұсынуын талап етпейді. 5. Осы Келісімнің немесе жекелеген халықаралық келісімнің өзге де ережелерінің бұзу фактісінің анықталуы осы бапты бұзу орын алды дегенді білдірмейді.
8.32-бапҰлттық режим
1. Осы тараудың әрбір Тарапы осы тараудың екінші Тарапының инвесторларына және осы тараудың екінші Тарапы инвесторларының қаражат салымдарына осыған ұқсас мән-жайларда ол өз аумағында өздерінің инвесторлары мен олардың қаражат салымдарына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады. 2. Осы тараудың әрбір Тарапы өз заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес шетелдік инвесторларға және қайталама қаражат салымдарын қоса алғанда, олардың қаражат салымдарына қатысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұлттық режимнен алып қоюларды қолдану және енгізу құқығын өзінде қалдырады.
8.33-бапБарынша қолайлылық режимі
1. Осы тараудың әрбір Тарапы осы тараудың екінші Тарапының инвесторларына және осы тараудың екінші Тарапы инвесторларының қаражат салымдарына осыған ұқсас мән-жайларда ол өз аумағында кез келген үшінші мемлекеттің инвесторлары мен олардың қаражат салымдарына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады. 2. Әртүрлі түсіндіруді болғызбау мақсатында осы бап осы Келісімнің 8.38-бабында көзделгендей халықаралық дауларды шешудің осындай рәсімдеріне немесе тетіктеріне қолданылмайды. 3. Осы бөлімде ештеңе де осы тарау Тарапының осы тараудың екінші Тарапының инвесторларына немесе олардың қаражат салымдарына бірінші Тарап: a) бірінші Тараптың экономикалық интеграция туралы келісімдеріне сәйкес; немесе b) қосарланған салық салуды болғызбау туралы келісімдер немесе салық мәселелері бойынша өзге уағдаластықтар негізінде ұсынатын немесе келешекте ұсынатын пайданы немесе артықшылықты беру міндеттемесі ретінде түсіндірілмейді.
8.34-бапНұқсанды өтеу
1. Осы тараудың әрбір Тарапы осы тараудың екінші Тарапының инвесторларына және осы тараудың екінші Тарапы инвесторларының қаражат салымдарына әскери іс-қимылдарға немесе өзге де қарулы қақтығыстарға, бас көтерулерге, көтерілістерге, революцияларға, бүліктерге, азаматтық толқуларға немесе тәртіпсіздіктерге байланысты осындай инвесторлардың өз аумағындағы қаражат салымдарына келтірілген нұқсанға жатқызылатын өзі белгілейтін немесе сақтайтын шараларға қатысты осыған ұқсас мән-жайларда: a) өзінің инвесторлары мен олардың қаражат салымдарына; немесе b) кез келген үшінші мемлекеттің инвесторларына және олардың қаражат салымдарына өзі ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады.
8.35-бапЭкспроприация және өтемақы
1. Осы тарау Тараптарының ешқайсысы экспроприация: a) қоғамдық мүдделер үшін; b) бірінші Тараптың заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес белгіленген тәртіппен; c) кемсітпеушілік негізде; және d) осы баптың 3-тармағына сәйкес жылдам, барабар және тиімді өтемақы төлеп отырып жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, осы тараудың екінші Тарапы инвесторының қаражат салымдарын мемлекет меншігіне алуға, экспроприацияға немесе мелекет меншігіне алу немесе экспроприация салдарына тепе-тең болатын өзге де шараларға (бұдан әрі - экспроприация) ұшырамайды. 2. Мемлекет меншігіне алуға және экспроприацияға тепе-тең салдарлар осы тараудың қандай да бір Тарапының осындай шарасының немесе бірқатар осындай шараларының нәтижесі болып табылатын не болып табылмайтынын анықтау басқалармен қатар, мыналарды: a) осы тараудың кез келген Тарапының шарасы немесе бірқатар шаралары қаражат салымдарының экономикалық құндылығына теріс әсер етуі фактісінің өзі экспроприация орын алды дегенді анықтау болып табылмаса да, осындай шараның немесе бірқатар шаралардың экономикалық әсерін; b) осы тараудың әрбір Тарапы шарасының немесе бірқатар шараларының сипатын ескеретін фактілердің негізінде әрбір жекелеген жағдайды зерделеуді талап етеді. 3. Осы баптың 1-тармағының d) тармақшасында көзделген өтемақы: a) қисынсыз кідіртусіз төленеді; b) қайсысы бұрын болатынына қарай, іс жүзіндегі немесе алдағы экспроприация туралы жария етілген күнге есептелген экспроприацияланған қаражат салымдарының әділ нарықтық құнына тепе-тең болуға тиіс; c) еркін айырбасталатын валютада немесе инвестордың келісімімен экспроприацияны жүзеге асырған осы тарау Тарапының валютасында төленеді және осы Келісімнің 8.37-бабының ережелеріне сәйкес еркін аударылады. Экспроприация күнінен бастап өтемақыны төлеу күніне дейін өтемақы сомасына нарықтық негізде белгіленетін коммерциялық мөлшерлеме бойынша пайыздар есептелетін болады. 4. Осы бап ТРИПС Келісіміне сәйкес зияткерлік меншік құқығына байланысты берілетін мәжбүрлі лицензияларды беруге қолданылмайды. 5. Осы баптың 1 - 4-тармақтарының ережелеріне қарамастан, осы тарау Тараптарының бірінің аумағындағы жерді экспроприациялау осындай Тараптың заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес, жоғарыда аталған заңнамаға және нормативтік актілеріне сәйкес белгіленген мақсатта және нарықтық құнын тиісті түрде есепке ала отырып бағаланатын және осындай Тараптың заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес қисынсыз кідіртусіз төленетін өтемақыны төлей отырып жүзеге асырылуға тиіс.
8.36-бапСуброгация
1. Егер осы тараудың Тарапы немесе ол уәкілеттік берген агенттік осындай Тараптың инвесторына төлемді кепілдік, сақтандыру шарты немесе қаражат салымдарына байланысты ол ұсынған коммерциялық емес тәуекелдерге байланысты залалды кепілді өтеудің өзге нысандары негізінде жүзеге асырса, осы тараудың екінші Тарапы бірінші Тарапқа немесе ол тағайындаған агенттікке осындай қаражат салымдарына байланысты суброгацияны немесе кез келген құқықты немесе инвестордың талабын беруді таниды. Суброгация бойынша басқа біреуге берілген немесе берілген құқық немесе талап инвестордың бастапқы құқығынан немесе талабынан аспауға тиіс. Әртүрлі түсіндіруді болғызбау мақсатында мұндай құқық немесе талап соңғы Тараптың заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес, бірақ осы Келісімнің 8.21, 8.22, 8.23, 8.24 және 8.25-баптарына нұқсан келтірместен жүзеге асырылуға тиіс. 2. Егер осы тараудың Тарапы немесе ол уәкілеттік берген агенттік осындай Тараптың инвесторына төлемді жүзеге асырса және инвестордың құқықтары мен талаптарын алса, мұндай инвестор осындай төлемді жүзеге асыратын осындай Тараптың атынан немесе ол өкілеттік берген агенттіктің атынан әрекет етуге уәкілетті болған жағдайларды қоспағанда, көрсетілген құқықтар мен талаптарды осы тараудың екінші Тарапына қарсы пайдаланбауға тиіс.
8.37-бапТөлемдерді аудару
1. Осы Келісімнің 8.8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тараудың әрбір Тарапы осы тараудың екінші Тарапының инвесторларына бірінші Тараптың заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес олар барлық салықтық және басқа да міндеттемелерді орындаған жағдайда, олардың қаражат салымдарына жататын төлемдерді, атап айтқанда: a) кірістерін; b) осы тараудың әрбір Тарапы қаражат салымдары ретінде танитын несиелер мен кредиттерді өтеуге арналған қаражатты, сондай-ақ жиналған пайыздарды; c) саудадан немесе қаражат салымдарын толық немесе ішінара жоюдан түскен түсімдерді; d) осы Келісімнің 8.34 және 8.35-баптарында көзделген өтемақыны; e) бірінші Тараптың аумағындағы қаражат салымдарына байланысты жұмысқа рұқсат алған осы тараудың екінші Тараптың инвесторы және жеке тұлғалары алған жалақыны және өзге сыйақыны шетелге еркін аударуға кепілдік береді. 2. Төлемдерді аудару аумағында қаражат салымдары жүзеге асырылған осы тарау Тарапының валюталық заңнамасының және нормативтік актілерінің ережелеріне сәйкес аудару күні қолданылатын айырбастау бағамы бойынша еркін айырбасталатын валютамен қисынсыз кідіртусіз жүзеге асырылады.
8.38-бапОсы тараудың Тарапы мен осы тараудың екінші Тарапыныңинвесторы арасындағы дауларды шешу
1. Осы тараудың Тарапы мен осы тараудың екінші Тарапының инвесторы арасында бірінші Тараптың аумағында инвестор жүзеге асырған қаражат салымына байланысты осы тарауға сәйкес бірінші Тарап міндеттемесінің мәлімделген бұзылуына байланысты туындайтын даулар, мүмкіндігінше, келіссөздер жүргізу арқылы бейбіт жолмен шешіледі. Мұндай келіссөздер үшінші тараптың қатысуымен, игілікті қызмет көрсетулер, келісу рәсімі және делдалдық сияқты міндетті күші жоқ рәсімдерді пайдалануды қамтуы мүмкін. 2. Осы баптын 1-тармағында көрсетілген келіссөздерді жүргізуге инвестор берген жазбаша өтінімде: a) даудың тарапы болып табылатын инвестордың аты мен мекенжайы; b) әрбір талап қою бойынша – осы тарауға сәйкес, бұзылды деп топшыланатын нақты ережелер; c) әрбір талаптың заңды және фактологиялық негіздемесі; d) талап арыздар мен мәлімделген нұқсанның болжамды мөлшері қамтылуға тиіс. 3. Егер дау осы даудың тарапы болып табылатын Тарап осы тараудың екінші Тарапы инвесторының жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап алты ай ішінде келіссөздер жүргізу арқылы бейбіт жолмен шешілмесе, мұндай дау инвестордың таңдауы бойынша: a) аумағында қаражат салымдары жүзеге асырылған осы тарау Тарапының құзыретті сотының; немесе b) БҰҰ-ның Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының Төрелік регламентіне сәйкес төрелік сотының ad hoc; немесе c) дауласушы Тарап және инвесторы дауға қатысатын Тарап ICSID конвенциясының тарапы болған жағдайда, 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтонда қол қою үшін ашық Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды шешу жөніндегі конвенцияға (ICSID конвенциясы) сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың; немесе d) не дауласушы Тарап, не инвесторы дауға қатысатын Тарап ICSID конвенциясының тарапы болған жағдайда, ICSID Қосымша рәсіміне сәйкес төреліктің; немесе e) даудың тараптары келіскен кезде кез келген басқа төрелік мекемесінің қарауына немесе төреліктің кез келген басқа да қағидаларына сәйкес қарауға беріледі. 4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мекемені таңдау түпкілікті болып табылады. 5. Төреліктің кез келген шешімі түлкілікті және даудың екі тарапы үшін де міндетті болып табылады. Осы тараудың әрбір Тарапы көрсетілген шешімді өз заңнамасы мен нормативтік актілеріне сәйкес орындауға міндеттенеді. 6. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес ықтимал бұзушылық туралы талапкер алғаш рет білген немесе негізделген түрде алғаш рет білуге тиіс болған күннен бастап үш жылдан астам уақыт өтсе, осы бөлімге сәйкес ешбір талап арыз төрелікке жіберілмейді. 7. Қаражат салымдарын жүзеге асыру күні осы тарау Тарапының азаматы болып табылатын жеке тұлғаның осы бапқа сәйкес мұндай Тарапқа қарсы талап арыз беруге құқығы жоқ.
8 BIS-ТАРАУ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНДЕГІ, МЕМЛЕКЕТ БАҚЫЛАЙТЫН КӘСІПОРЫНДАР ЖӘНЕАРНАЙЫ НЕМЕСЕ ЕРЕКШЕ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ БАР КӘСІПОРЫНДАР
8 BIS.1-бапҚолданылу аясы
Осы тарау Ресей Федерациясы мен Вьетнам арасында ғана қолданылады.
8 BIS.2-бапМемлекет меншігіндегі, мемлекет бақылайтын кәсіпорындаржәне арнайы немесе ерекше артықшылықтары баркәсіпорындар
Ресей Федерациясы мен Вьетнам мемлекет меншігіндегі, мемлекет бақылайтын өз кәсіпорындары мен арнайы немесе ерекше артықшылықтары бар кәсіпорындары қызметінің тиісінше Ресей Федерациясының және Вьетнамның ДСҰ-ға қосылуы туралы Хаттамада қамтылған ДСҰ шеңберіндегі өздерінің тиісті міндеттемелеріне сай болуын қамтамасыз етеді.
9-ТАРАУЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
9.1-бапМақсаттар
Тараптар тиісті занңамаларындағы және нормативтік актілердегі және экономикалық даму деңгейлеріндегі және мүмкіндіктерінің айырмашылықтарын, сондай-ақ зияткерлік меншік иелерінің құқықтары мен зияткерлік меншік құқықтары қорғалатын объектілерге қатысты пайдаланушылардың заңды мүдделері арасындағы тиісті теңгерімді қолдау қажеттігін назарға ала отырып, зияткерлік меншікті қалыптастыру және тиімді және зияткерлік меншік құқықтарын тепе-тең пайдалану, сақтау мен қорғау арқылы анағұрлым терең экономикалық интеграцияны ілгерілету есебінен сауда және инвестициялар үшін тосқауылдарды қысқартуға өздерінің құлшынысын растайды.
9.2-бапАнықтамалар
Осы тараудың мақсаттары үшін: a) «зияткерлік меншік» авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгілерін, географиялық көрсетілімдерді (тауарлар шығарылған жерлердің атауын қоса алғанда), өнертабыстарды (пайдалы шешімдерді қоса алғанда), пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, интегралдық микросхемалар топологияларын, өсімдіктер сұрыптарын және жария етілмейтін ақпаратты білдіреді; b) «географиялық көрсетілім» егер тауардың берілген сапасы, беделі немесе өзге де сипаттамалары ТРИПС Келісімінің 22-бабында айқындалғандай, оның географиялық шығарылған жеріне тікелей байланысты болса, тауарды Тараптың аумағынан немесе осы аумақтағы өңірден немесе жергілікті жерден шығатын деп сәйкестендіретін көрсетілімді білдіреді; c) «тауар шығарылған жердің атауы» табиғи және адами факторларды қоса алғанда, сапасы мен қасиеттері ерекше немесе ең бастысы географиялық ортасымен айқындалатын тауарларға қатысты шығарылған елде оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған елдің, өңірдің немесе жергілікті жердің немесе басқа географиялық аймақтың қазіргі заманғы немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін немесе оны қамтитын географиялық белгілемені білдіреді; d) «тауар белгісі құқыққа сыйымсыз пайдаланылатын тауарлар» осындай тауарлар үшін заңды тіркелген тауар белгісіне осыған ұқсас немесе елеулі белгілері бойынша осыған ұқсас тауар белгісінен ажыратуға болмайтын және осыған орай импорттаушы елдің тиісті заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес аталған тауар белгісі иесінің құқықтарын бұзатын тауар белгісімен рұқсатсыз таңбаланған, қаптамасын қоса алғандағы тауарларды білдіреді. Жоғарыда келтірілген, тауар белгісі құқыққа сыйымсыз пайдаланылатын тауарларды анықтау географиялық көрсетілімі немесе тауар шығарылған жердің атауы құқыққа сыйымсыз пайдаланылатын тауарларға қолданылады mutatis mutandis; және e) «авторлық құқықтарды бұза отырып өндірілген тауарлар» егер құқық иеленушінің немесе құқық иеленуші тиісті түрде уәкілеттік берген тұлғаның келісімінсіз жасалған көшірмені жасау импорттаушы елдің тиісті заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес авторлық немесе сабақтас құқықты бұзушылық болып табылса, өндірілген елде аталған көшірмелерді білдіретін және осындай заттан тікелей немесе жанама көшіріліп алған тауарларды білдіреді.
9.3-бапХалықаралық келісімдер
1. ТРИПС Келісіміне қатысушылар болып табылатын Тараптар сонда көрсетілген өз міндеттемелерін растайды. ТРИПС Келісіміне қатысушылар болып табылмайтын Тараптар ТРИПС Келісімінің қағидаттарын басшылыққа алады. Тараптар өздері атап айтқанда, мыналардың: a) 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының (бұдан әрі «Париж конвенциясы» деп аталатын); b) 1886 жылғы 9 қыркүйектегі Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясының; c) 1961 жылғы 26 қазандағы Орындаушылардың, фонограмма дайындаушылардың және хабарлар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияның (Рим конвенциясы); d) 1971 жылғы 29 қазандағы Фонограмма жасаушылардың мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз көшіріп көбейтуден қорғау жөніндегі конвенцияның; e) 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің және 1989 жылғы 27 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттаманың; және f) 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шарттың қатысушылары болып табылатын зияткерлік меншік жөніндегі халықаралық келісімдерде белгіленген өз міндеттемелерін растайды. 2. Төменде санамаланған халықаралық келісімдердің біреуінің немесе бірнешеуінің қатысушылары болып табылмайтын Тараптар оларға қосылу үшін шаралар қабылдайды: a) 1996 жылғы 20 желтоқсандағы ДЗМҰ-ның орындаушылықтар мен фонограммалар жөніндегі шарты; b) 1996 жылғы 20 желтоқсандағы ДЗМҰ-ның авторлық құқық жөніндегі шарты; c) 1991 жылғы 19 наурыздағы Өсімдіктердің жаңа сұрыптарын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның Актісі; және d) 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты. 3. Тараптар мынадай халықаралық келісімдердің ережелерін қолдануға ұмтылатын болады: a) 1971 жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патенттік жіктеме туралы Страсбург келісімі; b) 1957 жылғы 15 маусымдағы Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі туралы Ницца келісімі; және c) 1968 жылғы 8 қазандағы Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктемесі туралы Локарно келісімі.
9.4-бапҰлттық режим
ТРИПС Келісімінің 3 және 5-баптарында көзделгендей, әрбір Тарап екінші Тараптың азаматтарына зияткерлік меншікті қорғауға қатысты өздерінің азаматтарына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады.
9.5-бапБарынша қолайлылық режимі
ТРИПС Келісімінің 4 және 5-баптарында көзделгендей, әрбір Тарап екінші Тараптың азаматтарына зияткерлік меншікті қорғауға қатысты кез келген басқа мемлекеттің азаматтарына ол ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады.
9.6-бапАвторлық құқық және сабақтас құқықтар
1. Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық келісімдерде жазылған міндеттемелерге зиян келтірмей, әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес, авторлардың, орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және хабарлар тарату ұйымдарының тиісінше олардың туындыларына, орындауларына, фонограммаларына және тарату хабарларына қатысты мүдделерін тиімді қорғауға кепілдік береді және оны қамтамасыз етеді. 2. Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасы мен нормативтік актілерінің цифрлық ортадағы авторлық және сабақтас құқықтарына қатысты тиімді қорғауға кепілдік беруі және құқық қолдануды қамтамасыз етуі үшін ұмтылады.
9.7-бапТауар белгілері
Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасы мен нормативтік актілеріне, өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге және ТРИПС Келісіміне, атап айтқанда, 15 - 21-баптарға сәйкес, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар белгілерін барабар және тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.
9.8-бапГеографиялық көрсетілімдер/Тауарлар шығарылғанжерлердің атаулары
1. Әрбір Тарап өз аумағында өзінің тиісті заңнамасы мен нормативтік актілеріне, өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге және ТРИПС Келісіміне, атап айтқанда, 22 - 24-баптарға сәйкес, географиялық көрсетілімдердің және/немесе тауарлар шығарылған жерлердің атауларын барабар және тиімді құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді. 2. Осы тарауда тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы ережелер белгілі бір географиялық облыстың аумағынан шығарылған тауар ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін және бұл облыстың атауын қамтымаса да, осы белгілемені сапасы мен қасиеттері осы Келісімнің 9.2-бабының с) тармақшасында белгіленген талаптарға сай келетін тауарларға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған белгілемеге қолданылады. 3. Тараптар өзінің тиісті заңамасына және нормативтік актілеріне сәйкес тауарлар шығарылған жерлердің атауларын қорғаудың sui generis жүйесі арқылы географиялық көрсетілімдерге қорғауды ұсына алатындығын мойындайды. Осындай қорғау жүйесін ұсынатын Тарап географиялық көрсетілімдер үшін қорғаудың жекелеген жүйесін ұсынуға міндетті емес. Тараптар өзінің тиісті заңнамасы мен нормативтік актілерінде ұжымдық белгілер және/немесе сертификациялық белгілер сияқты, тауарлар шығарылған жерлердің атауларынан ерекшеленетін географиялық көрсетілімдерді қорғау үшін басқа да құқықтық құралдарды ұсынады. Осы Келісімнің 9.2-бабының с) тармақшасында және осы баптың 2-тармағындақамтылған, тауар шығарылған жер атауының анықтамасы осы Келісім күшіне енген кезде тауарлар шығарылған жерлердің атауларын қорғаудың sui generis жүйесін ұсынатын Тарапқа ғана қолданылады. 4. Географиялық көрсетілімдерге және/немесе тауарлар шығарылған жерлердің атауларына қатысты Тараптар екінші Тараптың мүдделі тұлғаларына мыналарды: a) тұтынушыларды тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруға әкеп соқтыратындай, нақты шығарылған жерден ерекшеленетін географиялық көрсетілімдерден шыққанын көрсететін немесе болжауға мүмкіндік беретін тауарды белгілеу немесе ұсыну кезінде қандай да бір құралдарды пайдалануды; b) Париж конвенциясының 10bis-бабының мағынасы бойынша жосықсыз бәсеке актісін білдіретін кез келген пайдалануды болғызбауға мүмкіндік беретін құқықтық шараларды көздейді. 5. Осы тарауда ештеңе де Тарапты тиісті белгілеме осы Тараптың аумағында мұндай тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің күнделікті атауы ретінде жалпы пайдаланылатын терминмен бірдей болып табылатын тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты осы тауардың екінші Тарап тауарларының географиялық көрсетілімдеріне және/немесе шығарылған жерлерінің атауларына қатысы бар ережелерін қолдануға міндеттемейді. 6. Өз өндірушілерінің мүдделерін қорғау мақсатында Тараптар өздерінің аумақтарында өндірілген тауарларға қатысты өздері тіркеген тауарлардың географиялық көрсетілімдері және/немесе шығарылған жерлерінің атаулары тізбелерімен алмасуды жүзеге асырады. Тараптар басқа құқықтық құралдармен қорғалатын географиялық көрсетілімдер тізбелерімен алмасу туралы да уағдаласа алады. Мұндай алмасу үшін тиісті рәсімдерді Тараптардың уәкілетті органдары осы Келісімнің 9.17-бабында көзделген тәсілдермен айқындайтын болады. Тараптар өздерінің тиісті заңнамаларын, нормативтік актілері мен саясатын, әрбір Тараптың ресурстарының болуын және мүдделілігін ескере отырып, тауарларының географиялық көрсетілімдерін және/немесе шығарылған жерлерінің атауларын өзара қорғау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуге уағдаласа алады. 7. Әрбір Тарап ex officio, егер өзінің заңнамасы мен нормативтік актілері мүмкіндік берсе немесе екінші Тараптың мүдделі тұлғасының сұрау салуы бойынша, егер тауар белгісінің құрамындағы мұндай белгілеме бірінші Тарапқа нақты шығарылған жерге қатысты жұртшылықты жаңылыстыруға әкеп соғуы ықтимал болса, белгіленген аумақтан шықпаған тауарларға жататын тауардың географиялық көрсетілімін және/немесе шығарылған жерінің атауын қамтитын немесе оларды білдіретін тауар белгісін тіркеуден бас тартады немесе оны тіркеудің күшін жояды.
9.9-бапӨнертабыстар және пайдалы модельдер
1. Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасы мен нормативтік актілеріне, өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге және ТРИПС Келісіміне, атап атйқанда 27 – 34-баптарға сәйкес өнертабыстардың барабар және тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді. 2. Пайдалы модельдер Тараптардың тиісті заңнамасы мен нормативтік актілеріне және Париж конвенциясына сәйкес қорғалады.
9.10-бапӨнеркәсіптік үлгілер
Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасы мен нормативтік актілеріне, өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге және ТРИПС Келісіміне, атап айтқанда, 25 және 26-баптарға сәйкес өнеркәсіптік үлгілердің барабар және тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді.
9.11-бапИнтегралдық микросхемалардың топологиялары
Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасы мен нормативтік актілеріне, өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге және ТРИПС Келісіміне, атап айтқанда, 35 – 38-баптарға сәйкес интегралдық микросхемалар топологияларының барабар және тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді.
9.12-бапӨсімдіктің жаңа сорттары
Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасы мен нормативтік актілерінде өсімдіктердің жаңа сұрыптарын қорғау жүйесін ұсынудың маңыздылығын мойындайды және 1991 жылғы 19 наурыздағы Өсімдіктердің жаңа сұрыптарын қорғау жөніндегі халықаралық конвенция Актісіне және ТРИПС Келісіміне сәйкес өсімдіктердің барлық тұқымдастары мен түрлерін қорғауды қамтамасыз етуге ұмтылады.
9.13-бапАшылмайтын ақпарат
Әрбір Тарап ТРИПС Келісіміне, атап айтқанда 39-бапқа сәйкес өзінің тиісті заңнамасы мен нормативтік актілерінде ашылмайтын ақпараттың барабар және тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді.
9.14-бапЖосықсыз бәсекелестіктен қорғау
Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасына, нормативтік актілеріне және Париж конвенциясының 10bis бабына сәйкес жосықсыз бәсекелестіктен тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.
9.15-бапЗияткерлік меншік құқықтарына қатысты құқық қолдану
Тараптар ТРИПС Келісімінде, атап айтқанда, 41 – 50-баптарда көзделген деңгейде өзінің тиісті заңнамасы мен нормативтік актілерінде зияткерлік меншік құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдер шараларын көздейді.
9.16-бапШекаралық шаралар
1. Әрбір Тарап ТРИПС Келісімінің 51 – 57, 59 және 60-баптарына сәйкес шекарада шараларды тиімді қолдануды, сондай-ақ кедендік рәсімдер бойынша өзінің заңнамасымен және нормативтік актілерімен қамтылатын қосымша шаралардың рәсімдер мен құқықтық қорғау құралдарының, заңсыз қолданылатын тауар белгісі бар тауарларға, географиялық нұсқаулары мен тауардың шығарылған жерінің атауы заңсыз қолданылатын тауарларға, авторлық құқықтары бұзылып өндірілген тауарларға тиімді қарсы іс-қимылға мүмкіндік беретінін қамтамасыз етеді. 2. Егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір Тарап заңсыз қолданылатын тауар белгісі бар тауарлардың, географиялық нұсқаулары мен тауардың шығарылған жерінің атауы заңсыз қолданылатын тауарлардың, авторлық құқықтары бұзылып өндірілген тауарлардың импорты немесе экспорты жүзеге асырылып жатыр деп күдіктенуге қисынды негізі бар құқық иеленушіге бұл тауарлардың импорты немесе экспорты тауарлар табылған елдің заңдарына және нормативтік актілеріне сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын бұзады деген шартпен, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау шараларын қолдану талабымен кеден органдарына өтініш беруге мүмкіндік беретін рәсімдерді белгілейді. 3. Құпия ақпаратты қорғауға нұқсан келтірместен, кеден органдары құқық иеленушінің талаптарын негіздеу үшін кеден органдары ұстаған кез келген тауарларға қарап-тексеру жүргізудің жеткілікті мүмкіндігін ұсынуға уәкілетті болуға тиіс. Кеден органдары импорттаушыға мұндай кез келген тауарларға қарап-тексеру жүргізудің бірдей мүмкіндігін ұсынуға да уәкілетті болуға тиіс. Кеден органдары құқық иеленушіге жүк жөнелтушінің, импорттаушы мен жүк алушының атаулары мен мекенжайлары, сондай-ақ тиісті тауардың саны туралы ақпаратты ұсынуға тиіс. Кеден органдары ұсталған тауардың иесіне кем дегенде құқық иеленушінің атауы мен мекенжайы туралы ақпаратты ұсынуға тиіс. 4. Тараптарға жолаушылардың жеке багажындағы коммерциялық емес сипаттағы кішігірім жүктерді жоғарыда келтірілген ережелердің қолданылу аясынан алып тастау ұсынылады.
9.17-бапҚұзыретті органдар, байланыс пункттері және ақпарат алмасу
1. Тараптар осы тарауда көзделген рәсімдерді орындауға жауапты құзыретті органдар туралы және осы тарауға жататын кез келген мәселелер бойынша Тараптар арасындағы өзара іс-қимылды оңайлату мақсатында әрбір Тарап аайқындаған байланыс пункттері туралы бір-бірін хабардар етеді. 2. Тараптар байланыс пункттерінің кез келген өзгерістері немесе өзінің уәкілетті органдарының құрылымындағы немесе өкілеттіктеріндегі кез келген елеулі өзгерістер туралы дереу бір-бірін хабардар етеді. 3. Тараптар өздерінің байланыс пункттері арқылы бір-біріне кез келген елеулі мәселе бойынша немесе зияткерлік меншіктің құқықтық жүйесіндегі кез келген өзгерістер туралы жазбаша хабарламаларды уақтылы жібереді және қажет болған жағдайда, осы мәселеге байланысты кез келген проблемаларды шешу үшін консультациялар өткізуді сұратады. 4. Ынтымақтастық бойынша өзара байланыстарды нығайту мақсатында Тараптар жазбаша нысанда өзара іс-қимыл жасауға және/немесе осы тарауда аталған халықаралық келісімдерге немесе зияткерлік меншік саласындағы болашақ халықаралық келісімдерге, Дүниежүзілік сауда ұйымы және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы сияқты халықаралық ұйымдарға мүше болуға қатысты мәселелер бойынша Тараптардың қаржылық мүмкіндіктерін, сондай-ақ зияткерлік меншік мәселелері бойынша және осы тарауды орындауға байланысты басқа да мәселелер бойынша Тараптардың үшінші елдермен қарым-қатынастарын назарға ала отырып, Тараптардың кез келгенінің сұрау салуы бойынша дереу сараптама кеңестерін өткізуге уағдаласады.
10-ТАРАУМЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ
10.1-бапЫнтымақтастық
1. Тараптар өздерінің тиісті заңнамалары мен нормативтік актілеріне сәйкес және қолда бар ресурстарды есепке ала отырып, мемлекеттік сатып алу саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын таниды. 2. Тараптар ашықтықты арттыру, әділетті бәсекелестікті дамыту және мемлекеттік сатып алу саласында электрондық технологияларды қолдану мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады. 3. Тараптар өздерінің тиісті заңнамалары мен нормативтік актілерінің және/немесе мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің кез келген елеулі өзгерістері туралы мүмкіндігінше қысқа мерзімде бір-бірін хабардар етеді. 4. Ынтымақтастық мақсатқа сай болғанда, осы Келісімнің 10.3-бабында көзделген құпия емес ақпарат алмасуды, консультацияны, сондай-ақ техникалық жәрдем көрсетуді қамтиды. 5. Тараптар мынадай жағдайларда ынтымақтастыққа ұмтылады: a) өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға, әсіресе шағын және орта кәсіпорындар үшін қатысуын оңайлату; b) тәжірибе және ақпарат алмасу, мысалы, құқықтық реттеу, озық тәжірибе және статистикалық мәліметтер бойынша; c) мемлекеттік сатып алу жүйесінде электрондық құралдарды әзірлеу және қолдануды ұлғайту; d) мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік сатып алудың озық әдістерін қолдану мәселелеріндегі біліктілігін арттыру; e) осы тараудың ережелерін орындау мақсатында институционалдық құрылымдарды нығайту; және f) сатып алу процестеріне көптілді қолжетімділік мүмкіндіктерін кеңейту. 6. Тараптар мемлекеттік сатып алу саласында тәжірибе алмасу негізінде, оның ішінде сатып алудың электрондық нысаны бөлігінде одан әрі ынтымақтастықты дамытады.
10.2-бапСатып алу жүйесі туралы ақпарат
1. Транспаренттілікті қамтамасыз ету мақсатында Тараптар мемлекеттік сатып алуға жататын өздерінің тиісті заңнамалары мен нормативтік актілеріне жария қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 2. Тараптар ақпараттық ресурстар тізбесімен алмасады, онда Тараптар мемлекеттік сатып алу бойынша ақпаратты жариялайды. 3. Тараптар қолда бар ресурстарды есепке ала отырып, мемлекеттік сатып алу бойынша өздерінің тиісті заңнамалары мен нормативтік актілерін және ақпаратты жариялаудың электрондық тәсілдерін жасауға және оларды ұстап тұруға ұмтылады. 4. Әрбір Тарап электрондық нысанда ұсынылатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттың мазмұнын және көрсетілетін қызметтердің көлемін ұлғайта алады.
10.3-бапКонсультациялар
1. Осы тараудың ережелерін қолдануға қатысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар консультациялар өткізу арқылы өзара қолайлы шешімге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салады. 2. Әрбір Тарап осы тарауды қолдану мәселелері бойынша консультациялар үшін барабар мүмкіндікті тілектестікпен қарайды және береді. 3. Консультациялар өткізу туралы сұрау салу осы тараудың 10.5-бабына сәйкес белгіленген Тараптың байланыс пунктіне жіберіледі. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, олар осындай сұрау салу алынған күннен бастап 60 күн ішінде консультациялар өткізеді. 4. Консультациялар жеке кездесу нысанында немесе элекрондық пошта, телеконференция, бейнеконференциялар арқылы немесе Тараптар келіскен басқа да тәсілдермен жүргізілуі мүмкін.
10.4-бап14-тарауды («Дауларды шешу») қолданбау
Осы тарауды қолдануға байланысты туындайтын кез келген мәселе осы Келісімнің 14-тарауында («Дауларды шешу») көзделген дауларды шешу тетігінің нысанасы болып табылмайды.
10.5-бапБайланыс пункттері
1. Әрбір Тарап осы тараудың ережелерін жүзеге асыру мониторингі мақсатында байланыс пунктін анықтайды. Байланыс пункттері осы тараудың ережелерін жүзеге асыруды жеңілдету үшін ынтымақтастық рухында жұмыс істейді. 2. Тараптар өздерінің байланыс пункттерінің атауларын (аттарын) және байланыс деректерін бір-біріне ұсынады. 3. Тараптар өздерінің байланыс пунктерінің кез келген өзгерістері туралы дереу бір-бірін хабардар етеді.
10.6-бапОдан арғы келіссөздер
Тараптар, қажет болған жағдайда, өздерінің тиісті мемлекеттік сатып алу нарықтарын ырықтандыру туралы келіссөздерді және егер қажет болса, әлеуетті нарықтарға қол жеткізу мәселелерін талқылауды бастай алады.
11-ТАРАУ БӘСЕКЕЛЕСТІК
11.1-бапНегізгі қағидаттар
1. Тараптар өздерінің сауда қатынастарындағы еркін және бұрмаланбаған бәсекелестіктің маңызын мойындайды және бәсекелестік саясат саласындағы өз мүмкіндіктерінің айырмашылығын ескереді. 2. Әрбір Тарап өз заңнамасы мен нормативтік актілеріне сәйкес өзінің тиісті нарығының тиімді жұмыс істеуіне және тұтынушылардың әл-ауқатына жәрдемдесу мақсатында осы Тарап бәсекеге қарсы іскерлік әрекетке тыйым салу арқылы негізделген деп санайтын шараларды қолданады. 3. Әрбір Тарап бәсекеге қарсы әрекетке тыйым салу мақсатында қабылдайтын және сақтайтын шаралар, транспаренттілік, кемсітпеушілік және әділдік қағидаттарына сәйкес келуге тиіс.
11.2-бапБәсекеге қарсы әрекет
1. Тараптар арасындағы саудаға әсер ететін бәсекеге қарсы әрекеттің алдын алу және жолын кесу мақсатында Тараптар өз заңнамасы мен нормативтік актілеріне сәйкес барлық қажетті шараларды қабылдайды. Осы Келісімнің қалыпты іс-қимылдарымен сыйыспайтын бәсекеге қарсы әрекеттердің мына түрлеріне ерекше көңіл бөлінуге тиіс: a) мақсаты немесе нәтижесі бәсекелестікті болдырмау, шектеу немесе бұрмалау болып табылатын, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы барлық келісімдер, шаруашылық жүргізуші субъектілер қауымдастықтары қабылдаған шешімдер және шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында келісілген іс-қимылдар; b) бір шаруашылық жүргізуші субъекті немесе көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілері жасаған үстеме жағдайды теріс пайдалану; c) жосықсыз бәсеке. 2. Арнайы және айрықша құқықтар берілген мемлекеттік монополияларға және кәсіпорындарға қатысты мәселелер осы тараудың нысанасы болып табылмайды.
11.3-бапЫнтымақтастық
1. Тараптар бәсекелестік және бәсекелестік саясат туралы заңнаманы қолдану саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын таниды. Ынтымақтастық Тараптардың заңнамасы мен нормативтік актілеріне сәйкес және қажетті ресурстың бар болуына негізделе отырып жүзеге асырылады. Ынтымақтастық құпия емес ақпарат алмасудан, консультациядан, осы баптың 2-тармағында көзделген құқық қолдану қызметін жүзеге асыру кезіндегі ынтымақтастықтан және мыналарды қамтитын техникалық ынтымақтастықтан тұрады: a) бәсекелестік құқық пен саясатты ілгерілету және қолдану саласында тәжірибе алмасу; b) Тараптардың бәсекелестік және құқық қолдану қызметі туралы заңнамасы саласында бірлескен семинарлар өткізу; c) Тараптар келіскен ынтымақтастықтың кез келген өзге де нысандары. 2. Құқық қолдану қызметіндегі ынтымақтастық мынадай түрде жүзеге асырылады: a) егер Тараптардың бірі осы Келісімнің 11.2-бабының мағынасы бойынша басқа Тараптың аумағында өз мүдделері қозғалды деп санаса, ол басқа Тарапқа тиісті құқық қолдану әрекеттеріне бастамашылық етуіне сұрау салу жасай алады. Мұндай сұрау салу, мүмкіндігінше осы Келісімнің 11.2-бабында көрсетілген бәсекеге қарсы әрекеттің бастапқы кезеңінде жасалуы тиіс және жеткілікті түрде нақтыланған болуы тиіс; b) Сұрау салу жолданған Тарап құқық қолдану әрекеттеріне бастамашылық ету немесе қолданыстағы құқық қолдану әрекеттерінің өз заңнамасы мен нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес кеңейтілу мүмкіндігін мұқият қарайды және сұрау салатын Тарапқа қысқа мерзімде осындай қарау нәтижесі туралы хабарлайды. c) Сұрау салу жолданған Тарап бастамашылық ету немесе құқық қолдану әрекеттерін кеңейту кезінде сұрау салушы Тарапты әрекеттердің нәтижелері туралы және мүмкіндігіне қарай елеулі аралық әрекеттер туралы хабардар етеді. d) бұл тарауда ештеңе сұрау салу жолданған Тараптың сұрау салуда көрсетілген бәсекеге қарсы әрекетке қатысты құқық қолдану әрекеттерін жасау туралы шешім қабылдау бойынша іс-қимылдар бостандығын шектемейді, сол сияқты сұрау салушы Тарапқа өз сауалын кері қайтарып алуға кедергі жасамайды.
11.4-бапКонсультациялар
1. Тараптар арасындағы өзара түсіністікті нығайту үшін немесе осы тарауға сәйкес туындайтын жекелеген мәселелерді шешу үшін әрбір Тарап басқа Тараптың сұрау салуы бойынша консультациялар жүргізеді. Мұндай консультациялар әрбір Тараптың өзінің тиісті заңнамасы мен нормативтік актілерінің құқықтық қолданылуын қамтамасыз ету құқықтарын шектемейді. Консультациялар жүргізу туралы сұрау салуда консультацияларға сұрау салушы Тарап консультацияның нысанасы Тараптар арасындағы сауданы қалай қозғайтынын көрсетеді. Мұндай сұрау салуды алған Тарап осы тараудың ережелеріне сәйкес өзара қанағаттандыратын нәтижелерге қол жеткізу мақсатында дереу консультациялар ұйымдастырады. 2. Осы бапқа сәйкес жүргізілетін консультациялар кезінде сұрау салу жолданған Тарап ақылға қонымды мерзімде консультациялар нысанасы болып табылатын мәселенің тиісті аспектілерінің неғұрлым толық және жан-жақты қаралуын қамтамасыз етеді. Екі Тарап сындарлы диалог жүргізу арқылы мәселе бойынша консенсусқа жетуге ұмтылады. 3. Егер осы бапта көзделген консультацияларды жүргізгеннен кейін Тарап өз мүдделерінің қозғалуы жалғасады деп есептесе, ол Бірлескен комитетте консультация жүргізуге сұрау салу жасай алады.
11.5-бапАқпаратты қолдану
1. Осы тарауды жүзеге асыру мақсатында бір Тарап басқа Тарапқа ақпарат берген жағдайда, мұндай ақпаратты басқа Тарап осы мақсатта ғана қолданады және ақпаратты берген Тараптың келісімінсіз оны ашуға немесе басқа ұйымдарға және (немесе) жеке тұлғаларға таратуға болмайды. 2. Осы тараудың ережелеріне қарамастан, егер өздерінің тиісті заңнамалары мен нормативтік актілерінде мұндай ақпаратты ұсынуға тыйым салынған болса, онда Тараптардың ешқайсысы басқа Тарапқа ақпарат беруге міндетті емес.
11.6-бап14-тарауды («Дауларды шешу») қолданбау
Осы тарауды қолдануға байланысты туындайтын кез келген мәселе осы Келісімнің 14-тарауында («Дауларды шешу») көзделген дауларды шешу тетігінің нысанасы болып табылмайды.
11.7-бапБайланыс пункттері
1. Әрбір Тарап осы тараудың ережелерін жүзеге асыру мониторингі мақсатында байланыс пунктін айқындайды. Байланыс пункттері осы тараудың ережелерін қолдануға жәрдемдесу мақсатында бірлесіп жұмыс жасайды. 2. Тараптар байланыс пункті болып табылатын уәкілетті ұйымның аты туралы ақпаратты, сондай-ақ осы ұйымның тиісті лауазымды адамдарының байланыс ақпаратын, оның ішінде телефоны мен факсының нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайын және басқа да тиісті деректемелерді бір-біріне ұсынады. 3. Тараптар өздерінің байланыс пункттерінің немесе тиісті байланыс деректерінің кез келген өзгерісі туралы бір-біріне дереу хабарлайды.
12-ТАРАУОРНЫҚТЫ ДАМУ
12.1-бапМақсаттар
1. Келісім Тараптары еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ өздерінің табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, осы тараудың ережелерін қолдануға уағдаласты. Осыған байланысты Тараптар: a) қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтады; b) орнықты даму қағидаттарының қолданылуын көтермелейді. 2. Тараптар экономикалық даму, әлеуметтік даму және қоршаған ортаны қорғау орнықты дамудың өзара байланысты және өзара толықтыратын құрамбөліктері болып табылатынын таниды. 3. Тараптар орнықты дамудың мақсаттарына барынша жәрдемдесетіндей, өздерінің өзара сауда қатынастарын дамытуға ұмтылысын растайды.
12.2-бапҚолданылу саласы
Осы тарау Тараптар қабылдайтын немесе сақтайтын, қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау мәселелерінің сауда аспектілерін қозғайтын шараларға қатысты қолданылады.
12.3-бапЖалпы қағидаттар
1. Тараптардың даму деңгейлерін назарға ала отырып, Тараптар қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау мәселелерін шешу үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін таниды. 2. Тараптар қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау мәселелерін шешу мақсатында екіжақты, өңірлік және әлемдік маңызы бар ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін таниды. 3. Тараптар қоршаған ортаны қорғаудың және еңбекті қорғаудың өзінің дербес ұлттық деңгейін белгілеу, қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы өзінің саясаты мен басымдықтарын анықтау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы өзінің тиісті заңнамасын, нормативтік актілерін және саясатты тиісті түрде қабылдау және түрлендіру жөніндегі Тараптардың әрқайсысының егеменді құқығын таниды. 4. Тараптар ғылыми, техникалық немесе өзге ақпаратты, сондай-ақ Тараптар арасындағы сауданы қозғайтын, қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау шараларын дайындау және енгізу процесіндегі тиісті көпшілік таныған халықаралық стандарттарды пайдалану маңыздылығын тануы мүмкін. 5. Осы тараудың ережелері осы Келісімнің басқа тарауларында, оның ішінде 8-тарауда («Қызметтер көрсету саудасы. Капитал салу. Жеке тұлғалардың орын ауыстыруы») белгіленген міндеттемелерді бұзбауға тиіс.
12.4-бапҚорғау деңгейлерін сақтау
1. Тараптар сауда, экология және еңбек саласындағы өзара қолайлы саясаттар мен практикалардың, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды жақсартуға және еңбекті қорғауға, сондай-ақ Тараптар арасындағы сауданы дамытуға бағытталған күш-жігердің маңыздылығын таниды. 2. Тараптар қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы өздерінің заңнамасы, нормативтік актілері, саясаты мен әрекеттері сауда протекционизмі ретінде қолданылмауын қамтамасыз етуге ұмтылады. 3. Тараптардың ешқайсысы Тараптар арасындағы сауданы қозғайтындай қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы, нормативтік актілерді, саясатты, практиканы қолдану деңгейін төмендетуге немесе оларды қолданудан немесе орындаудан бас тартуға әкелетін үздіксіз немесе қайталанып отыратын әрекеттер немесе әрекетсіздік нәтижесінде сауданы немесе капитал салымдарын көтермелеуге немесе одан артықшылық алуға ұмтылмайды.
12.5-бапҚоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық
1. Тараптар қоршаған ортаны және еңбек жағдайларын қорғау, сондай-ақ өздерінің тиісті заңнамалары мен нормативтік актілеріне сәйкес өздерінің сауда және инвестициялық өзара қатынастарындағы орнықты дамуды ілгерілету жөніндегі мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығын таниды. 2. Тараптар мұндай ынтымақтастық экология және еңбекті қорғау салаларындағы ортақ мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау деңгейін, әрекеттер мен технологияларды дамытуға және арттыруға ықпал ететінін тани отырып, қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау мәселелері бойынша екіжақты, өңірлік және көпжақты деңгейлерде ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылады. 3. Ынтымақтастық осы тарауға сәйкес мынадай: a) білім және тәжірибе алмасу; b) сарапшылар және зерттеушілер алмасу; c) бірлескен семинарлар ұйымдастыру; d) бейінді министрліктер, ғылыми-зерттеу институттары және жеке кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу; e) бірлескен зерттеулерді, жобаларды және ортақ мүдделер саласына кіретін басқа да тиісті жұмыстарды әзірлеу және жүзеге асыру нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін. 4. Тараптар мынадай: a) саудаға қатысы бар қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешу; b) қоршаған ортаны қорғау және институционалдық даму саласындағы саясатты әзірлеу; c) қоршаған ортаның және климаттың өзгеруі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша кадрлар даярлау және оларды оқыту; d) жұмыспен қамту және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы, нормативтік актілерді және саясатты әзірлеу мен қолдану бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу; e) адам ресурстарын дамытуға және еңбектің лайықты жағдайын жасау үшін әлеуметтік қорғауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бірлескен/кооперациялық жобаларға техникалық жәрдемдесу және оларды жүзеге асыру; f) Тараптардың тиісті заңнамалары мен нормативтік актілеріне сәйкес басқа да өзара келісілген мәселелер; g) экологиялық стандарттар мен модельдер, кадрлар даярлау және оқыту салаларында ақпарат, технологиялар және тәжірибе алмасу; h) қоршаған ортаны қорғау саласында халықтың хабардар болуын арттыруға бағытталған білім мен даярлық; i) техникалық жәрдемдесу және бірлескен өңірлік зерттеу бағдарламалары салаларында ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығын таниды.
12.6-бапҚоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы консультациялар
1. Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің 1.7-бабына сәйкес екінші Тарап тағайындаған байланыс пунктіне жазбаша сұрау салу жіберу арқылы осы тарауға жататын кез келген мәселе бойынша екінші Тараптан консультация сұрата алады. Сұрау салу оны алған Тараптың сұрау салуға жауап беруі үшін толық және жеткілікті ақпаратты қамтуға тиіс. Егер Тараптар өзгеше келіспесе, Тарап консультациялар туралы сұрау салуды алған кезден бастап 30 күннен кейін кешіктірмей консультациялар басталады. 2. Консультациялардың мақсаты проблеманың өзара тиімді шешімін іздеу болып табылады. Тараптар проблеманы шешу үшін бірлескен әрекеттер жүргізу мүмкіндігін қарауды қоса алғанда, өзара тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салады. Тараптар өзара келісім бойынша қажет деп есептейтін ұлттық сарапшылармен консультация өткізуі мүмкін. 3. Егер Тараптардың біреуі проблема қосымша талқылауды талап етеді деп есептесе, мұндай Тарап бұл проблеманың тиімді шешілуіне қол жеткізу үшін осы мәселені Бірлескен комитеттің талқылауына шығара алады.
12.7-бапЕңбекті қорғау туралы халықаралық стандарттар мен келісімдер
1. Тараптар Халықаралық еңбек ұйымындағы (ХЕҰ) өз мүшелігінен және 1998 жылы Халықаралық еңбек конференциясының 86-сессиясында қабылданған тиісті толықтыруларымен бірге еңбек саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен құқықтар туралы ХЕҰ Декларациясынан туындайтын өзінің міндеттемелерін қайтадан растайды. 2. Тараптар БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің сессиясында Министрлердің толық жұмыспен қамту және лайықты жұмыспен қамтамасыз ету туралы мәлімдемесінде (2006 жыл) көрсетілген, барлық елдер үшін орнықты дамудың негізгі элементі ретінде және халықаралық ынтымақтастықтың басым мақсаты ретінде толық және тиімді жұмыспен қамтуды және лайықты еңбекті қамтамасыз етуді тануды, сондай-ақ толық және өнімді жұмыспен қамтуға және барлығы үшін лайықты еңбек жағдайларына бағытталған халықаралық сауданы дамытуды көтермелеу туралы міндеттемені ұстанатынын қайтадан растайды.
12.8-бапОрнықты дамуға әсерді бағалау
Бірлескен комитеттің отырыстарында Тараптар осы тарауда айқындалған мақсаттарға қол жеткізудегі прогресті мерзімділікпен бағалайды және егер қажет болған жағдайда, одан әрі әрекеттер қойылған мақсаттарға жәрдемдесе алатын салаларды айқындау мақсатында тиісті халықаралық тәжірибені қарауы мүмкін.
12.9-бап14-тарауды («Дауларды шешу») қолданбау
Осы тарауды қолдануға байланысты туындайтын кез келген мәселеосы Келісімнің 14-тарауында («Дауларды шешу») көделген дауларды шешу тетігінің нысанасы болып табылмайды.
13-ТАРАУ САУДАДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
13.1-бапҚолданылу саласы және қамту
1. Тараптар электрондық сауда сауда үшін мүмкіндіктерді айтарлықтай арттыра алатынын және экономикалық өсуге ықпал ететінін таниды, сондай-ақ осы тарауға сәйкес электрондық сауда мәселелері бойынша Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы сияқты шығындарды азайту және сауда қызметін оңайлату үшін саудадағы электрондық технологияларды дамытудың маңыздылығын атап өтеді. 2. Осы тарау мыналарға: a) электрондық қолтаңбаны және сенім білдірілген үшінші тарапты пайдалана отырып, Тараптар арасындағы саудада электрондық құжаттарды қолдануға; b) осы Келісімнің 13.2-бабының b) тармақшасында айқындалғандай, электрондық саудаға қатысты Тарап жүзеге асыратын шараларға қолданылады. 3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшін мұндай шаралар: a) орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтер мен биліктер; және b) орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтер немесе биліктер берген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асыратын шараларды қамтиды. 4. Осы тарауға сәйкес міндеттемелерді орындау кезінде әрбір Тарап өңірлік және жергілікті үкіметтердің және биліктердің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өз аумағында міндеттемелерді сақтауын қамтамасыз ету үшін өзіне қолжетімді бола алатын осындай негізді шараларды қабылдайды.
13.2-бапАнықтамалар
Осы тараудың мақсаттары үшін: a) «цифрлық сертификат» уәкілетті ұйым беретін, нақты цифрлық қолтаңба белгілі бір адамға тиесілі екенін растайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжатты білдіреді; b) «электрондық сауда» электрондық технологиялар пайдаланыла отырып жасалатын сауданы білдіреді; c) «электрондық құжат» ақпарат электрондық нысанда ұсынылған және цифрлық қолтаңбаның көмегімен куәландырылуы мүмкін құжатты білдіреді; d) «цифрлық қолтаңба» қолтаңбаның жеке (жабық) кілтін қолдана отырып ақпаратты түрлендіруді білдіретін ашық кілтпен криптографиялық әдістер және оны қолтаңбаның ашық кілтінің көмегімен тексеру нәтижесінде алынған, сондай-ақ оның тұтастығы мен түпнұсқалығын растау және авторлықтан бас тарту мүмкіндігін болдырмау үшін электрондық нысандағы (қол қойылатын ақпарат) басқа ақпаратқа қоса берілген немесе қосылған электрондық нысандағы ақпаратты білдіреді; e) «электрондық технологиялар» электрондық құжаттарды пайдалана отырып, Тараптардың тұлғалары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бағдарламалық және аппараттық құралдардың комбинациясын білдіреді; f) «электрондық аутентификация» пайдаланушының ақпараттық жүйеде электрондық нысанда ұсынылған сәйкестендіру ақпаратын растау процесін білдіреді; g) «сенім білдірілген үшінші тарап» әрбір Тараптың ұлттық заңнамасы мен нормативтік актілеріне сәйкес авторға және/немесе электрондық құжатты алушыға қатысты белгілі бір уақытта цифрлық тәсілмен қол қойылған электрондық құжаттардағы цифрлық қолтаңбаларды растауға құқықтар берілген ұйымды білдіреді.
13.3-бапЭлектрондық аутентификация
Тараптар сенім білдірілген үшінші тараптың қызметтері арқылы электрондық құжаттар алмасу кезінде цифрлық қолтаңбаларды өзара тануға бағытталған жұмысты жүзеге асыруға ұмтылады.
13.4-бапЭлектрондық құжаттарды пайдалану
1. Тараптар: a) құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсыну жолымен электрондық түрде орындалатын транзакциялардың түпнұсқалығын растау талаптарын қамтитын ұлттық заңнама мен нормативтік актілерді қабылдамауға немесе күшінде қалдырмауға; b) цифрлық қолтаңбасы бар электрондық құжаттар нысанында Тараптардың құзыретті органдарына сауда транзакцияларына жататын құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етуге ұмтылады. 2. Тараптар қандай да бір құжат тауарды әкелуді жүзеге асыру үшін талап етілетін жағдайларда сыртқы сауда мәмілесіне қатысушы тауардың импорттаушы елдің талаптарына сәйкес импортталатынын растайтын мұндай құжатты электрондық түрде ала алатынын қамтамасыз етуге ұмтылады.
13.5-бапЖеке деректерді қорғау
Тараптар электрондық саудаға қатысушылардың жеке деректерін қорғауға бағытталған шараларды қабылдауға және күшінде қалдыруға ұмтылады.
13.6-бапСаудадағы электрондық технологиялар саласындағы ынтымақтастық
1. Тараптар саудадағы электрондық технологиялар саласындағы заңдар, нормативтік актілер мен бағдарламалар саласындағы, атап айтқанда жеке деректерді қорғау және тұтынушылар тарапынан сенімді арттыру мәселелері бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасады. 2. Тараптар электрондық сауданы реттейтін құқықтық базаны құру мәселелері бойынша екіжақты, өңірлік және көпжақты деңгейлердегі ынтымақтастықтың қажеттігін мойындайды.
13.7-бапЭлектрондық сауданы дамыту
Электрондық сауданың жаһандық сипатын және оны пайдалану мен дамытуды оңайлатудың маңыздылығын мойындай отырып, Тараптар: a) деректерді жинау бойынша тиісті халықаралық стандарттарды пайдала отырып және халықаралық практикаға сәйкес, оның ішінде мүмкін болған жерде, ДСҰ шеңберінде қабылданған электрондық сауда бойынша шешімдерді пайдалана отырып, электрондық сауда саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық базаны дамытуға ұмтылатын; b) жеке секторда өзін-өзі реттеу шараларын, оның ішінде электрондық сауданы дамытуға ықпал ететін өзін-өзі ұстау кодекстері, шарттар үлгілері, ұсыныстар мен әсер ету тетіктері арқылы қабылдауды көтермелейтін; c) электрондық саудада тұтынушыларды алаяқтық пен жаңылысуға әкелетін коммерциялық практикадан қорғау бойынша транспаренттік және пәрменді шараларды қабылдауға жәрдемдесетін; d) тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру мақсатында трансшекаралық электрондық саудамен байланысты мәселелер бойынша тұтынушыларды қорғаудың тиісті ұлттық органдары арасындағы өзара іс-қимыл жасауды көтермелейтін болады.
13.8-бапІске асыру тетігі
1. Тараптардың құзыретті органдары осы тараудың қолданылу аясына кіретін кез келген уағдаластықтарды іске асырудың тетігі туралы келісім жасай алады. Атап айтқанда, іске асыру тетігі туралы келісім осы Келісімнің 13.3, 13.4 және 13.5-баптарына сәйкес әзірленген қағидаттарды белгілеуге тиіс. 2. Тараптар тиісті құзыретті органдар арқылы Тараптардың өзара уағдаластықтары бойынша айқындалатын уақыттың негізді кезеңі ішінде уағдаластықтарды орындау тетіктерін қолдану үшін барлық қажетті әрекеттерді жүзеге асырады.
14-ТАРАУДАУЛАРДЫ ШЕШУ
14.1-бапМақсаттар
Осы тараудың мақсаты осы Келісімн шеңберінде туындайтын дауларды шешудің тиімді және ашық процесін қамтамасыз ету болып табылады.
14.2-бапАнықтамалар
Осы тараудың мақсаттары үшін: a) «Төрелік топ» осы Келісімнің 14.7-бабына сәйкес құрылатын аралық топ; b) «Дау Тараптары» талапкер Тарап және жауапкер Тарап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер және Еуразиялық экономикалық одақ бірлесіп немесе жеке-жеке дау Тарапы ретінде әрекет ете алады. Соңғы жағдайда, егер шараны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет қабылдайтын болса, мұндай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет дау Тарапы болып табылады, егер шараны Еуразиялық экономикалық одақ қабылдайтын болса, онда Одақ дау Тарапы болып табылады.
14.3-бапҚолданылу саласы және қамту
1. Осы Келісімде өзгеше көзделмесе, осы тарау Тарап осы Келісім шеңберінде басқа Тарап өз міндеттемелерін орындамайды деп пайымдаған жағдайларда, осы Келісімді түсіндіруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы дауларды шешу үшін қолданылады. 2. Осы Келісім және ДСҰ Келісімі шеңберінде бір мезгілде туындайтын нақ сол дау Тараптары арасындағы нақ сол бірдей мәселе бойынша дауларды талапкер Тараптың таңдауы бойынша көрсетілген халықаралық шарттарда көзделген дауды шешу тәсілдерінің кез келгені шеңберінде шешуге болады. Дауды шешудің осылайша таңдап алынған тәсілі басқа тәсілді пайдалануды болдырмайды. 3. Осы Келісімнің мақсаттары үшін осы Келісімге жинақталған және дауларды шешуге қатысты ДСҰ Келісімінің тиісті баптарының рәсімдік ережелері олар сәйкес келмеген жағдайда немесе бұзылуы мүмкін жағдайда ДСҰ мүшесі болып табылмайтын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ешқайсысына қолданылмайды. 4. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшін ДСҰ Келісімі негізінде дауларды шешу рәсімдері ДСҰ-ның «Дауларды шешуді реттейтін қағидалар мен рәсімдер туралы уағдаластық» деген 6-бабына сәйкес аралық топ құру туралы дау Тараптарының сұрау салуы бойынша бастама жасалған болып есептеледі, ал осы Келісім шеңберінде дауларды шешу рәсімдері осы Келісімнің 14.7-бабының 1-тармағына сәйкес дауды төрелік қарауға сұрау салу бойынша бастама жасалған болып есептеледі.
14.4-бапАқпарат алмасу және amicus curiae
1. Осы Келісім шеңберінде туындайтын даулардың кез келгені бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында дауды шешу рәсіміне жататын кез келген процестік құжаттарды қолдану осы Келісімге сәйкес және/немесе ДСҰ Келісіміне сәйкес құпиялылық туралы ережелерді бұзу ретінде қаралмайды. 2. Төрелік топ қарайтын мәселеге қатысты айтарлықтай мүддесі бар кез келген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің және Еуразиялық экономикалық одақтың Төрелік топтың алдында сөз сөйлеуге және amicus curiae ретінде оған жазбаша өтініштерін ұсынуға мүмкіндігі болады.
14.5-бапИгі қызметтер, келісу рәсімі және делдалдық
1. Дау Тараптары кез келген уақытта игі қызметтер рәсімдерін, келісу рәсімін немесе делдалдықты пайдалану туралы уағдаласа алады. Игі қызметтер, келісу рәсімі немесе делдалдық даудың кез келген Тарапының сұрау салуы бойынша кез келген уақытта басталуы және тоқтатылуы мүмкін. 2. Дау Тараптары бұл туралы уағдаласады, игі қызметтер, келісу рәсімі мен делдалдық осы тарауда көзделген Төрелік топтың жұмыс рәсімдері басталғаннан кейін жалғасуы мүмкін. 3. Игі қызметтері, келісу рәсімі мен делдалдық пайдаланыла отырып жүргізілетін талқылаулар және атап айтқанда, осы талқылаулар барысында дау Тараптарының олар ұстанған ұстанымдары құпия болып табылады және одан кейінгі кез келген талқылаулар кезінде дау Тараптарының кез келгенінің құқықтарына нұқсан келтірмейді.
14.6-бапКонсультациялар
1. Тараптар осы тарау шеңберінде туындайтын кез келген мәселе бойынша консультациялар жолымен өзара тиімді шешім табу үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады. 2. Консультациялар өткізу туралы сұрау салу жауапкер Тарапқа осы Келісімнің 1.7-бабына сәйкес айқындалған оның байланыс пункті немесе байланыс пункттері арқылы, сондай-ақ Бірлескен комитетке барлық шараларды немесе қаралып отырған басқа да мәселені және шағымның құқықтық негіздерін көрсетуді қоса алғанда, сұрау салудың негіздерін жаза отырып жазбаша нысанда беріледі. 3. Талапкер Тарап осы баптың 2-тармағына сәйкес консультациялар өткізу туралы сұрау салу берген жағдайда, жауапкер Тарап: a) сұрау салуды алған күннен бастап 10 күн ішінде жазбаша түрде сұрау салуға жауап береді; және b) осы мәселенің жедел және өзара тиімді шешімін табу мақсатында сұрау салуды алған күннен бастап 30 күн ішінде немесе тез бұзылатын тауарлар туралы сөз болған жағдайды қоса алғанда, шұғыл жағдайда 10 күн ішінде консультацияға адал оймен кіріседі. 4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімдер дау Тараптарының өзара уағдаластығы бойынша өзгертілуі мүмкін. 5. Консультациялар құпия сипатта болады және одан кейінгі кез келген талқылаулар кезінде кез келген Тараптың құқықтарына нұқсан келтірмейді. 6. Дау Тарапы талқыланатын мәселе бойынша тәжірибесі бар өзінің мемлекеттік органдарынан немесе басқа да билік органдарынан консультациялар үшін сарапшылар тарту туралы сұрау салуымен даудың басқа Тарапына жүгіне алады.
14.7-бапТөрелік топ құру
1. Осы Келісімнің 14.6-бабына сәйкес консультациялар туралы сұрау салу жолдаған талапкер Тарап: a) егер жауапкер Тарап осы Келісімнің 14.6-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген мерзімдерді сақтамаса; b) егер дау Тараптары осындай консультациялар туралы сұрау салуды алған күннен бастап дауды консультациялар жолымен 60 күн ішінде немесе тез бұзылатын тауарлар туралы сөз болған жағдайды қоса алғанда, шұғыл жағдайларда 20 күн ішінде шеше алмаса; c) егер дау Тараптары консультациялар осы тармақтың b) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде дауды шешуге әкелмегені туралы ортақ түсіністікке келген болса, Төрелік топ құру туралы жазбаша түрде сұрау салумен жүгіне алады. 2. Тез бұзылатын тауарлар туралы сөз болған жағдайды қоса алғанда, шұғыл жағдайларда дау Тараптары мүмкіндігінше талқылауларды жеделдетуге бар күш-жігерін салады. 3. Төрелік топты құру туралы сұрау салу жауапкер Тарапқа оның осы Келісімнің 1.7-бабына сәйкес тағайындалған байланыс пункттері арқылы, сондай-ақ Бірлескен комитетке жазбаша түрде жіберіледі. Сұрау салуда консультациялардың өткізілгені не өткізілмегені көрсетіледі, даулы мәселе бойынша нақты шаралар белгіленеді және проблеманы айқын көрсетуге жеткілікті шағымның құқықтық негізін қысқаша баяндау қамтылады. 4. Осы бапта көрсетілген талаптар мен рәсімдер дау Тараптарының өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
14.8-бапТөрешілерді тағайындау
1. Төрелік топ үш мүшеден тұрады. 2. Жауапкер Тарап Төрелік топты құру туралы сұрау салуды алған кезден бастап 30 күн ішінде дау Тараптарының әрқайсысы бір-бір төрешіден тағайындайды. Тағайындалған төрешілер екінші төреші тағайындалған күннен бастап 15 күн ішінде өзара келісім бойынша Төрелік топтың төрағасын таңдайды, ол мынадай біліктілік өлшемшарттарының ешқайсысына жатпауға тиіс: a) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің немесе Вьетнамның азаматы болуы; немесе b) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің немесе Вьетнамның аумағында тұрақты тұруы. 3. Егер қажетті тағайындаулар осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімде жасалмаса, дау Тараптарының кез келгені егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, тағайындаушы тұлға ретінде Аралық соттың тұрақты палатасының (бұдан әрі - «АСТП») Бас хатшысын шақыра алады. Егер АСТП-ның Бас хатшысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің немесе Вьетнамның азаматы болған жағдайда немесе тағайындаушы тұлғаның функцияларын жүзеге асыра алмайтын болса, қажетті тағайындауларды орындау туралы өтініш АСТП Бас хатшысының орынбасарына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің немесе Вьетнамның азаматы болып табылмайтын және тағайындаушы тұлғаның функцияларын жүзеге асыра алатын, шені жоғары келесі лауазымды тұлғаға жолданады. 4. Барлық төрешілер: a) құқық, халықаралық сауда саласында және осы Келісімде қамтылатын басқа да мәселелерде немесе халықаралық сауда келісімдерін шеңберінде дауларды реттеуде жеткілікті білімі және/немесе тәжірибесі болуы; b) талқылауда тек қана объективтілік, бейтараптылық, сенімділік және ақылға қонымды тұрғыдан сайлануы; c) Тараптардың ешқайсысына тәуелді болмауы және олармен ешқандай байланысының болмауы немесе олардан ешқандай нұсқау алмауы; d) дау Тараптарына қаралып жатқан мәселеге қатысты кез келген тікелей немесе жанама мүдделер қақтығысы туралы ақпарат беруге тиіс. 5. Бұрын қаралып отырған мәселеге кез келген түрде, оның ішінде осы Келісімнің 14.5-бабының ережелеріне сәйкес қатысы болған жеке тұлғалар даулар бойынша төреші бола алмайды. 6. Егер осы бапқа сәйкес тағайындалған төреші өзінен өкілеттіктерді алса немесе оларды орындай алмаса, оның мирасқоры алғашқы төрешіні тағайындау кезінде қолданылған рәсімге сәйкес 15 күн ішінде тағайындалады, бұл ретте жаңадан тағайындалған төрешінің де алғашқы төреші сияқты сондай өкілдіктері мен міндеттері болады. Дауды қарау барысында қолданылатын кез келген процестік мерзімдер барысы төреші өкілеттіктерді өзінен алған немесе өкілеттіктердің орындалуына мүмкіндік бермейтін мән-жайлар басталған кезден бастап тоқтатыла тұрады және оның мирасқоры тағайындалған күннен бастап қайта басталады. 7. Төрелік топтық құрылған күні Төрелік топ төрағасының тағайындалған күні болып табылады. 8. Осы бапта көрсетілген талаптар мен рәсімдер дау Тараптарының өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
14.9-бапТөрелік топтың функциялары
1. Төрелік топтың функциялары істің нақты мән-жайларын объективті түрде бағалауды, осы Келісімнің қолданылу мүмкіндігін және оған сәйкестікті қоса алғанда, оның алдына қойылған дауды объективті түрде қараудан және оның пікірі бойынша өзінің қарауына берілген дауды шешу үшін қажетті тұжырымдар мен шешімдерді тұжырымдаудан, сондай-ақ дау Тараптарының сұрау салуы бойынша кез келген қабылданатын шаралардың және/немесе Төрелік топтың түпкілікті баяндамасы арқылы пайданы тиісінше тоқтата тұрудың сәйкестігін айқындаудан тұрады. 2. Төрелік топтың тұжырымдары мен шешімдері Тараптардың осы Келісімде көзделген құқықтары мен міндеттемелерінің көлемін ұлғайта немесе азайта алмайды.
14.10-бапТөрелік топтың жұмыс рәсімі
1. Төрелік топтың жұмысы осы тараудың ережелеріне сәйкес жүргізіледі. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес Төрелік топ дау Тараптарымен келісу бойынша дау Тараптарының Төрелік топ алдында сөз сөйлеу құқығына және Төрелік топтың талқылауын ұйымдастыруға қатысты өзінің дербес жұмыс рәсімін әзірлейді. Дау Тараптары Төрелік топпен келісу бойынша осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін қосымша қағидалар мен рәсімдерді қабылдау туралы уағдаласа алады. 3. Дау Тараптарымен консультациялар өткізгеннен кейін Төрелік топ мейлінше тез арада, құрылғанынан кейін мүмкіндігіне қарай 10 күн ішінде Төрелік топтың жұмыс кестесін айқындайды. Кестеде дау Тараптарының жазбаша өтініштерді ұсынуының шекті нақты мерзімдері қамтылады. Мұндай кестеге өзгерістер Төрелік топпен келісу бойынша дау Тараптарының өзара уағдаласуы бойынша енгізілуі мүмкін. 4. Төрелік топ дау Тараптарының сұрау салуы бойынша немесе жеке бастамасымен өз қалауы бойынша келген тұлғадан немесе органнан өзі қажет деп тапқан кез ақпаратты және/немесе техникалық консультацияларды сұрата алады. Алайда, Төрелік топ осындай ақпаратты және/немесе консультацияны сұратқанға дейін бұл туралы дау Тараптарын хабардар етеді. Осылайша алынған кез келген ақпарат және/немесе техникалық консультациялар дау Тараптарына түсіндірме ұсыну үшін беріледі. Егер Төрелік топ өзінің баяндамасын дайындаған кезде осындай ақпаратты және/немесе техникалық консультацияларды назарға алатын болса, ол дау Тараптарының осындай ақпаратқа және/немесе техникалық консультацияларға қатысты кез келген түсіндірмелерін де назарға алады. 5. Егер Төрелік топ консенсусқа қол жеткізе алмаса, рәсімдік шешімдер, тұжырымдар мен шешімдер көпшілік дауыспен қабылданады деген шартпен Төрелік топ мұндай рәсімдік шешімдерді, тұжырымдар мен шешімдерді консенсус арқылы қабылдайды. Төрелік топ жекелеген төрешілердің қалай дауыс бергені туралы ақпаратты ашпауға тиіс. 6. Төрелік топтың отырыстары жабық болып табылады. Дау Тараптары отырыстарға Төрелік топтың шақыртуымен ғана қатыса алады. 7. Егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, Төрелік топтың отырыстары көпшілік үшін жабық болып табылады. 8. Дау Тараптарына өтініштер енгізілген кезде немесе дәлелдемелер теріске шығарылған кезде кез келген тұсаукесерлерге қатысу мүмкіндігі беріледі. Алдын ала баяндаманың сипаттайтын бөлігіне қатысты кез келген түсіндірмелерді қоса алғанда, даудың бір Тарапы Төрелік топқа берген кез келген ақпарат немесе жазбаша өтініштер және Төрелік топ қойған сұрақтардың жауаптары даудың екінші Тарапының қарауы үшін қолжетімді болуға тиіс. 9. Төрелік топтың талқылаулары және оған берген құжаттар құпия болып табылады. 10. Осы тарауда ештеңе де дау Тарапына жалпы жұрттың назары үшін өзінің дербес ұстанымын жария етуге кедергі болмайды. Дау Тарапы даудың екінші Тарапы құпия ретінде белгілеген, даудың екінші Тарапы Төрелік топқа ұсынған ақпаратты құпия ақпарат ретінде қарайды. Дау Тарапы Тараптардың кез келгенінің сұрау салуы бойынша жалпы жұрттың назары үшін жария етілуі мүмкін жазбаша өтініштерде қамтылған ақпараттың құпия емес түйіндемесін де ұсынады. 11. Тыңдаулар өткізу орны дау Тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалады. Егер келісімге қол жеткізілмесе, тыңдаулар дау Тараптарының астаналарында кезекпен өткізіледі, бұл ретте алғашқы тыңдау жауапкер Тараптың астанасында өткізіледі.
14.11-бапТөрелік топтың өкілеттіктері
Егер Төрелік топты құру туралы сұрау салу алынған күннен бастап 20 күн ішінде дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, мынадай өкілеттіктер айқындалады: «Осы Келісімнің тиісті ережелері аясында осы Келісімнің 14.7-бабына сәйкес Төрелік топты құру туралы сұрау салуда қарауға берілген мәселені зерделеу және дауды шешу мақсатында себептерін анықтаумен біірге заң және фактілер негізінде тұжырым жасау және шешім қабылдау».
14.12-бапТалқылауларды тоқтату немесе тоқтата тұру
1. Төрелік топ өз жұмысын дау Тараптарының бірлескен сұрау салуы бойынша тоқтатады. Мұндай жағдайда дау Тараптары Төрелік топтың төрағасын және Бірлескен комитетті бірлесіп хабардар етеді. 2. Төрелік топ дау Тараптарының бірлескен сұрау салуы негізінде осындай бірлескен сұрау салу алынған күннен бастап кез келген уақытта бірінен соң бірі келетін 12 айдан аспайтын мерзімге жұмысын тоқтатады. Мұндай жағдайда дау Тараптары Төрелік топтың төрағасын бірлесіп хабардар етеді. Осы мерзім ішінде Тараптардың кез келгені Төрелік топтың төрағасын және даудың екінші Тарапын хабардар ете отырып, Төрелік топқа жұмысты жалғастыру өкілеттігін бере алады. Мұндай жағдайда осы тарауда белгіленген барлық тиісті мерзімдер жұмыс тоқтатыла тұрған уақыт мерзіміне ұзартылады. Егер Төрелік топтың жұмысы бірінен соң бірі келетін 12 айдан асатын мерзімге тоқтатыла тұрған болса, Төрелік топ өз жұмысын тоқтатады. Егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, Төрелік топ құру туралы алғашқы сұрау салуда көрсетілген нақ сол мәселе бойынша нақ сол дау Тараптарының жаңа Төрелік топты құру құқығы күшін жоғалтады.
14.13-бапТөрелік топтың баяндамалары
1. Төрелік топ баяндамаларының жобалары дау Тараптарының қатысуынсыз жасалады және осы Келісімнің тиісті ережелеріне, дау Тараптарының өтініштері мен дәлелдеріне және осы Келісімнің 14.10-бабының 4-тармағына сәйкес алынған кез келген ақпаратқа және/немесе техникалық консультацияларға негізделеді. 2. Төрелік топ Төрелік топтың құрылған күнінен бастап 90 күн ішінде немесе тез бүлінетін тауарлар туралы жағдайларды қоса алғанда, шұғыл жағдайларда 60 күн ішінде алдын ала баяндаманы ұсынуға тиіс. Алдын ала баяндамада inter alia сипаттамалық бөлімдерді де, сондай-ақ Төрелік топтың тұжырымдары мен қорытындылары да камтылады. 3. Ерекше жағдайларда, егер Төрелік топ осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімде алдын ала баяндаманы ұсына алмаймын деп есептесе, ол дау Тараптарын осы кідірістің себептері туралы жазбаша нысанда хабар етеді және өзінің алдын ала баяндамасын қандай мерзімдерде ұсынуды көздейтінін көрсетеді. Егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, кез келген кідіріс 30 күндік қосымша мерзімнен аспауға тиіс. 4. Егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, дау Тарапы алдын ала баяндама бойынша өзінің жазбаша түсіндірмелерін Төрелік топқа алдын ала баяндаманы алған күннен бастап 15 күн ішінде ұсына алады. 5. Егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, төрелік топ дау Тараптарының барлық жазбаша түсіндірмелері қаралғаннан кейін және өзі қажет деп санайтын қосымша қарау жүргізілгеннен кейін дау Тараптарына алдын ала баяндама жіберілген күннен бастап 30 күн ішінде түпкілікті баяндаманы ұсынады. 6. Егер өзінің түпкілікті баяндамасында Төрелік топ дау Тарапы қабылдаған шаралар осы Келісімге сәйкес келмейді деген тұжырымға келсе, ол өзінің тұжырымдары мен шешімдеріне сәйкессіздікті жою туралы талапты енгізуге тиіс. 7. Егер даудың қандай да бір Тарапының қарсылықтары келіп түспесе, құпия ақпарат қорғалған жағдайда, Төрелік топ түпкілікті баяндамасын дау Тараптары ол жіберілген күннен бастап 15 күн ішінде жалпы жұрттың назары үшін қолжетімді етеді. Бұл жағдайда түпкілікті баяндама осы Келісімнің барлық Тараптарына беріледі. 8. Төрелік топтың түпкілікті баяндамасы нақты дауға қатысты дау Тараптары үшін түпкілікті және міндетті болып табылады.
14.14-бапОрындау
1. Дау Тараптары Төрелік топтың шешімдерін дереу орындайды. Егер дереу орындау мүмкін болмаса, дау Тараптары бұл шешімдерді ақылға қонымды мерзімде орындайды. Ақылға қонымды мерзім дау Тараптарының өзара келісімі бойынша айқындалады. Егер дау Тараптары ақылға қонымды мерзімді Төрелік топ түпкілікті баяндамасын жіберген кезден бастап 45 күн ішінде айқындай алмаса, даудың кез келген Тарапы бұл мәселені Төрелік топтың алғашқы құрамының қарауына бере алады, ол дау Тараптарымен консультациялар өткізгеннен кейін ақылға қонымды мерзімді белгілейді. 2. Жауапкер Тараптың осы бапта көзделген ақылға қонымды мерзім ішінде Төрелік топтың баяндамасына орай сәйкессіздікті жойғаны немесе жоймағаны туралы дау Тараптарының арасында келіспеушіліктер туындаған кезде даудың екінші Тарапы бұл мәселені Төрелік топтың алғашқы құрамының қарауына бере алады. 3. Төрелік топ өз баяндамасын осы баптың 1 немесе 2-тармақтарында көзделген мәселе қарауға ұсынылған күннен бастап 60 күн ішінде жібереді. Баяндамада Төрелік топтың анықтамасы және құрылу себептерінің негіздемесі қамтылады. Егер Төрелік топ осы уақыт кезеңі ішінде баяндаманы ұсыну мүмкін болмайтыны туралы шешім қабылдаса, ол осындай кідірістің себептері туралы дау Тараптарын жазбаша нысанда хабардар етеді және өзінің баяндамасын қандай мерзімде ұсынуды болжайтынын көрсетеді. Егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, кез келген кідіріс 30 күндік қосымша мерзімнен аспауға тиіс. 4. Дау Тараптары Төрелік топтың түпкілікті баяндамасын орындау бойынша өзара тиімді шешім іздеуді кез келген уақытта жалғастыра алады.
14.15-бапӨтемақы және пайданы тоқтата тұру
1. Егер дау Тарапы осы Келісімнің 14.14-бабына сәйкес көзделген ақылға қонымды мерзім ішінде Төрелік топтың шешімін орындамаса немесе осындай әрекеттерден өзінің бас тартатыны туралы даудың екінші Тарапына хабарласа және/немесе Төрелік топтың алғашқы құрамы осы Келісімнің 14.14-бабына сәйкес Төрелік топтың шешімін дау Тарапы орындамады деген шешім қабылдаса, даудың мұндай Тарапы даудың екінші Тарапының сұрау салуы бойынша өзара қолайлы өтемақыны келісу мақсатында консультацияларға кіріседі. Егер осындай сұрау салуды алғаннан кейін 20 күн ішінде мұндай келісімге қол жеткізілмесе, даудың екінші Тарапының осы Келісім шеңберінде ұсынылатын пайданы қолдануды тоқтата тұру құқығы болады, бірақ ол Төрелік топ осы Келісімге сәйкес келмейді деп таныған шаралардың әсеріне сәйкес келетін барабар көлемде ғана болады. 2. Қандай пайданың қолданысын тоқтата тұру қажет екені туралы мәселе қаралған кезде дау Тарапы бірінші кезекте Төрелік топ осы Келісімге сәйкес келмейді деп таныған шаралар әсер еткен нақ сол секторда немесе секторларда пайданы тоқтата тұруға ұмтылады. Егер даудың осындай Тарапы осы секторда немесе секторларда пайданы тоқтата тұру практикада жүзеге асырылмайды немесе тиімді болмайды деп есептесе, ол басқа секторларда пайданы тоқтата тұруға құқылы. 3. Дау Тарапы қандай пайданы тоқтата тұруға ниетті екені туралы, осындай тоқтата тұрудың себептері туралы және тоқтата тұрудың қолданылуының басталғаны туралы даудың екінші Тарапын осындай тоқтата тұру күшіне енген күнге дейін 30 күннен кешіктірмей хабардар етеді. Даудың екінші Тарапы мұндай хабарламаны алған күннен бастап 15 күн ішінде дау Тарапы тоқтата тұруға ниет білдірген пайданың осы Келісімге сәйкес келмейді деп танылған шара әсер еткен шараларға барабар не барабар еместігі туралы және ұсынылатын тоқтата тұрудың осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес келетіні не келмейтіні туралы шешім қабылдау жөніндегі сұрау салумен Төрелік топтың алғашқы құрамына жүгіне алады. Төрелік топтың шешімі осындай сұрау салу алынған кезден бастап 45 күн ішінде қабылданады және ол түпкілікті әрі дау Тараптарының орындауы үшін міндетті болып табылады. Төрелік топ өз шешімін жібермейінше пайда тоқтатыла тұрмайды. 4. Өтемақы және/немесе пайданы тоқтата тұру уақытша сипатта болады және Төрелік топтың түпкілікті баяндамасында айқындалғандай, сәйкессіздіктер толық жойылғанға дейін негізгі шара ретінде қолданылмайды. Дау Тарапы өтемақыны және/немесе пайданы тоқтата тұруды осы Келісімге сәйкес келмейді деп танылған шараның күші жойылғанға дейін немесе осы Келісімге сәйкес келетіндей болып өзгертілгенге дейін немесе дау Тараптары өз дауын өзгеше түрде шешкенге дейін ғана қолданылады. 5. Дау Тарапының сұрау салуы негізінде осы Төрелік топтың алғашқы құрамы пайданы тоқтата тұрудан кейін қабылданған және пайданы тоқтата тұрудың күшін жою немесе өзгерту туралы шешім аясында кез келген енгізілген шараның өзінің түпкілікті баяндамасына сәйкестігі туралы шешім қабылдайды. Төрелік топ осындай сұрау салу алынған күннен бастап 30 күн ішінде шешім қабылдайды.
14.16-бапШығыстар
1. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса: a) даудың әрбір Тарапы өзі тағайындаған төреші бойынша шығыстарды, өзінің жеке шығыстарын және сот шығындарын көтереді; b) Төрелік топ төрағасының қызметтеріне ақы төлеуді және талқылаулар өткізумен байланысты басқа да шығыстарды төлеуді дау Тараптары тең бөліктермен жүзеге асырады. 2. Дау Тараптарының бірінің сұрау салуы бойынша Төрелік топ қаралатын істің мән-жайларын ескере отырып, осы баптың 1-тармағының b) тармақшасында көрсетілген шығыстар туралы шешім қабылдай алады.
14.17-бапТілі
1. Осы тарауға қатысты барлық талқылаулар және құжаттар ағылшын тілінде болуға тиіс. 2. Осы тарауға сәйкес тыңдаулар барысында пайдалану үшін берілетін кез келген құжат ағылшын тілінде ұсынылады. Егер құжаттардың түпнұсқаларының ағылшын тіліндегі аудармасы болмаса, оларды ұсынушы дау Тарапы осы құжаттарды ағылшын тіліне аударуды қамтамасыз етеді.
15-ТАРАУҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
15.1-бапҚосымшалар
Осы Келісімге қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
15.2-бапҚосылу
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше жаңа мемлекет осы Келісімге осындай қосылуға қатысты Тараптардың өзара келісімі бойынша қосылады. Мұндай қосылу осы Келісімге қосымша хаттама арқылы жүзеге асырылады. 2. Еуразиялық экономикалық комиссия кез келген үшінші мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге кандидат мемлекет мәртебесін алуы туралы және Еуразиялық экономикалық одаққа кез келген қосылу туралы Вьетнамды дереу хабардар етеді. 3. Кандидат мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне нұсқан келтірмей, осы Келісімнің 8-тарауына (Қызметтер көрсету саудасы, капитал салу және жеке тұлғалардың орын ауыстыруы) енгізілген ережелерге қатысты бір тараптан Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге кандидат мемлекет пен екінші тараптан Вьетнам арасында келіссөздер жүргізілуі мүмкін. 4. Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге кандидат мемлекет және Вьетнам Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге кандидат мемлекет Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болғанға дейін осы баптың 3-тармағында көзделген келіссөздерді аяқтау үшін күш-жігерін жұмсайды.
15.3-бапШығу және қолданылуын тоқтату
1. Әрбір Тарап екінші Тарапты алты ай бұрын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып, осы Келісімнен шыға алады. 2. Осы Келісім Одақ туралы шарттан шығатын кез келген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет үшін Одақ туралы шарттан шығу туралы шешім күшіне енген күннен бастап өзінің қолданылуын тоқтатады. Еуразиялық экономикалық одақ осындай шығудан алты ай бұрын Вьетнамды жазбаша түрде хабардар етеді.
15.4-бапКелісімді мерзімділікпен шолу
1. Тараптар осы Келісімге халықаралық экономикалық қатынастарда, ДСҰ шеңберінде inter alia болашақтағы өзгерістерді ескере отырып, шолу жүргізуге және осы мәнмәтінде және кез келген маңызды факторларды есепке алу аясында осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен тереңдету және оны әлі қамтылмаған салаларға кеңейту мүмкіндігін зерделеуге міндеттенеді. Бірлескен комитет, егер орынды деп санаса, Тараптарға ұсынымдар, атап айтқанда, келіссөздерді бастау туралы ұсынымдар беруі мүмкін. 2. Тараптар Келісімде бекітілген мақсаттарды жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін, егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, осы Келісім күшіне енгеннен кейін үш жылдан соң және содан кейін әрбір бес жыл сайын осы Келісімге жалпы шолу жүргізуге міндеттенеді.
15.5-бап Өзгерістер енгізу
1. Тараптар осы Келісімге өзара жазбаша келісім бойынша өзгерістер енгізуі мүмкін. 2. Өзгерістер осы Келісімнің 15.6-бабының ережелеріне сәйкес күшіне енеді. Барлық өзгерістер осы Келісімнің ажырамас бөлігі болады.
15.6-бапКүшіне енуі
1. Осы Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Вьетнамның осы баптың 2-тармағына сәйкес өзінің тиісті мемлекетішілік құқықтық рәсімдерін орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынғаннан кейін 60 күннен соң күшіне енеді. Осы хабарламаларды алмасу Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасында жүзеге асырылады. 2. Қырғыз Республикасының осы баптың 1-тармағында аталған өзінің тиісті мемлекетішілік құқықтық рәсімдерін аяқтағанын куәландыратын жазбаша хабарламаның болмауы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы және екінші тараптан Вьетнам арасында осы Келісімнің күшіне енуіне кедергі келтірмейді. Қырғыз Республикасы үшін осы Келісім Қырғыз Республикасының осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік құқықтық рәсімдерді аяқтағаны туралы жазбаша хабарламаны Вьетнам алған күннен бастап 60 күннен кейін және 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарт күшіне енгенге дейін күшіне енеді.
ОСЫНЫ РАСТАУ ҮШІН төменде қол қоюшылар, бұл үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие бола отырып, осы Келісімге қол қойды.
2015 жылғы 29 мамырда Бурабайда ағылшын тілінде төлнұсқа екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Армения Республикасы үшін
Вьетнам Социалистік Республикасы үшін
Беларусь Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Еуразиялық экономикалық одақ үшін
1-ҚОСЫМШАТАРИФТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР ТІЗБЕЛЕРІ
Жалпы ескертпелер
Осы Қосымшаның мақсаттары үшін: 1. «ҮЖ коды» және «Сипаттамасы» Тараптың тиісті тарифтік желісін және оған сәйкес келетін сипаттаманы білдіреді; және «Базалық мөлшерлеме» 2013 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша қолданылатын неғұрлым қолайлы жағдай жасау режиміне (НҚР) сәйкес кеден бажының мөлшерлемесін білдіреді. 2. Келісімнің күшіне енуі осы Келісімнің 15.6-бабына сәйкес осы Келісімнің күшіне ену күнін білдіреді. 3. “,” Тараптардың тарифтік міндеттемелерінің тиісті тізбелерінде ондық үтір ретінде пайдаланылады. 4. Кеден баждарын төмендетуді және/немесе алып тастауды жүзеге асыру мақсатында бірінші қысқарту осы Келісім күшіне енген күннен бастап жүзеге асырылады, барлық кейінгі қысқартулар әрбір келесі жылдың 1 қаңтарында жүзеге асырылатын болады. 5. Осы Келісім күшіне енген жылы тарифтік баждарды бастапқы төмендету немесе алып тастау осы Қосымшада қамтылған, осы жылға белгіленген тарифтік міндеттемелердің тізбелеріндегі төмендету немес алып тастау деңгейіне сәйкес жүзеге асырылатын болады. 6. Тарифтік міндеттемелер тарифтік желілерге сәйкес «U» санатына жатқызылған шыққан тауарларға қолданылмайды. Осындай шыққан тауарларға қатысты кеден баждары осы Келісім күшіне енген күннен бастап осы Келісімнің 2.1-бабына сәйкес неғұрлым қолайлы жағдай жасау режиміне сәйкес қолданылады. 7. Тарифтік желілерге сәйкес «Т» санатына жатқызылған шыққан тауарлар, егер осы Келісімнің 2.10-бабына сәйкес мұндай тауарларға кеден баждары қолданылмайтын болса, кеден баждарынан босатылады. 8. Тарифтік желілерге сәйкес «Q» санатына жатқызылған тауарларға салынатын кеден баждары әрбір Тараптың осы Қосымшадағы тарифтік квоталар бойынша тиісті ескертпелерге сәйкес қолданылады.
........................
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы