Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді бекіту туралы

Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10507 тіркелді.

  "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлер бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министріЕ. Досаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      __________ А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 12 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      __________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 20 ақпан

 

 Қазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрінің2015 жылғы 20 ақпандағы№ 114 бұйрығымен бекітілген

 

Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлер

      1. Осы критерийлер байқау кеңестері құрылатын, қызметін денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларында жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың сәйкестігін айқындау үшін әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.07.2024 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Тізбеленген барлық критерийлерге сәйкес келу байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды (бұдан әрі - кәсіпорын) құруға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізуге мүмкіндік береді:

      1) кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 10 000 еселік мөлшерін құрайды;

      2) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның штаттық қызметкерлерінің жалпы саны кемінде 100 адамды құрайды;

      3) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның ағымдағы қаржы жылының алдыңғы бір жылдағы жылдық жиынтық табысы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 30 000 еселік мөлшерін құрайды;

      4) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның негізгі қызметінен түсетін табыс жылдық жиынтық табыстың кемінде 70 %-ын құрайды.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономиика министрінің 05.10.2017 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      3. Тізбеленген барлық критерийлерге сәйкес келу байқау кеңесі бар кәсіпорынды құруға, сондай-ақ білім беру саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізуге мүмкіндік береді:

      1) кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 10 000 еселік мөлшерін құрайды;

      2) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның штаттық қызметкерлерінің жалпы саны кемінде 100 адамды құрайды;

      3) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның ағымдағы қаржы жылының алдыңғы бір жылдағы жылдық жиынтық табысы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 10 000 еселік мөлшерін құрайды;

      4) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның негізгі қызметінен түсетін табыс жылдық жиынтық табыстың кемінде 60 %-ын құрайды;

      5) байқау кеңесі бар кәсіпорын құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның оқытудың күндізгі нысанында білім алушылардың жалпы саны кемінде 960 адамды құрайды.

      4. Ғылым саласындағы байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу төменде көрсетілген критерийлер сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 10 000 еселенген мөлшерін құрайды;

      2) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның штаттық жұмыскерлерінің жалпы саны кемінде 100 адамды құрайды;

      3) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның ағымдағы қаржы жылының алдындағы жылғы жиынтық жылдық табысы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 10 000 мөлшерін құрайды;

      4) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның негізгі қызметінен түсетін табыс жылдық жиынтық табыстың кемінде 60% құрайды.

      Ескерту. 4-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.07.2024 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау