Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 8 сәуір N 114.
ҒҒ"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Z934200_ Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Ақмола облысының шекарасы өзгертілсін, оған Солтүстік
Қазақстан облысының Еңбекшілдер, Зеренді, Щучинск аудандары мен
Көкшетау қаласының аумақтары енгізілсін.
2. Ақмола облысының әкімшілік орталығы Астана қаласынан Көкшетау
қаласына көшірілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру
жөнінде қажетті шаралар қолдансын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
(Қасымбеков Б.А.)
(Үмбетова А.М.)
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы