Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Апелляциялық шағым беруге іс жүргізу мерзімін қалпына келтіру туралы Өтініш

Апелляциялық шағым беруге іс жүргізу мерзімін қалпына келтіру туралы Өтініш

 Апелляциялық шағым беруге іс жүргізу мерзімін қалпына келтіру туралы Өтініш

 

Жамбыл облысы Шу аудандық сотына

тергеу судьясы Б.М.Мырзалиповқа

081128, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы, Қонаев көшесі, 14 А

726-3213@sud.kz , 726-3267@sud.kz

8 7264 32 27 74,  8 7264 32-24-02

Қорғаушы: Адвокат Галымжан Саржанов

«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы

 ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

Күдікті: КЕ  Муратбекович

ЖСН .....

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Қ.... көшесі, №.... үй тұрғыны.

 

 

Өтініш

шағым беруге іс жүргізу мерзімін қалпына келтіру туралы

 

Қазақстан Республикасы, өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып, оның ең жоғары құндылықтары – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы).

Сонымен қатар әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы (Конституцияның 13-бабының 1 және 3-тармақтары). 

2025 жыл 20 мамыр күні Жамбыл облысы Шу ауданы сотының тергеу судьясы Б.М Мырзалипов, күдікті Е.М.К-тың қорғаушы-адвокаты Б.Д.Бекешевтың қатысуымен сот ғимаратының мәжіліс залында, №3166-25-00-2-3м/188 іс материалдарын қарап ашық сот отырысында Шу аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі А.А.Аятбектің, 1985 жылы 26 ақпанда Жамбыл облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматы, білімі орта, некеде тұрмайды, уақытша жұмыс істемейді, бұрын сотты болмаған, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Қылышбай көшесі, №19 үй тұрғыны, қылмыстық іс бойынша күдікті Е  Муратбекович К-қа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы қозғаған өтінішхатын дыбыс-, бейнежазба құрылғысын қолдану арқылы қарап, Қаулы етті:

Шу ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі А.А.Аятбектің күдікті Е  Муратбекович К-қа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы қозғаған өтінішхаты – қанағаттандырылсын.

Күдікті Е  Муратбекович К-қа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына іздеу ретімен 2 (екі) ай мерзімге сырттай санкция берілсін.

Күдіктіні күзетпен ұстау мерзімі оның нақты ұсталған уақытынан бастап есептелсін.

Күдіктіні мекемеге жеткізген жағдайда күзетпен ұстау орнының бастығы бұл туралы қылмыстық істі жүргізіп отырған органды немесе адамды және қадағалаушы прокурорды дереу хабардар етуге тиіс екені ескертілсін.

Күдікті ұстап алынған кезде оған таңдалған «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтарпау шарасын қолданудың негізділігін қарау үшін тергеу судьясына жеткізілсін.

Күдікті Е.М.К- 2025 жылғы 24 маусымда сағат 22:00-де Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (әрі қарай – ҚПК-нің) 128-131-баптарының талабына сай, Алматы қаласында ұсталып, күзетпен ұстауға алынған, және ол жөнінде 2025 жылғы 27 маусымда хабарлама берілген.

   ҚР ҚПК 148-бабы 4 тармағына сәйке Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты күдіктінің, айыпталушының қатысуынсыз қарауына күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жарияланған немесе олар Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде болған және сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған кезде қылмыстық процесті жүргізетін органға келуден жалтарған жағдайларда ғана жол беріледі. Ұстап алынған жағдайда күдікті, айыпталушы таңдалған бұлтартпау шарасын қолданудың негізділігін қарау үшін тергеу судьясына жеткізіледі.

Әрі қарай Шу аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі А.А.Аятбек сотқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (әрі қарай – ҚК-нің) 194-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен күдікті Е.М.К-қа қатысты сырттай санкцияланған күзетпен ұстауды қолданудың негізділігін тексеру туралы терегеу сотына өтінішхат берген.

 

          ҚР ҚПК 148-бабы Күзетпен ұстауды санкциялау құқығы – тергеу судьясына, ал осы Кодекстің 107-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда – облыстық және оған теңестірілген соттың судьяларына тиесілі деп көрсетілген.

Осы баптатың талаптарына сай  Тергеу судьясы қорғаушыны түскен материалдармен таныстырады. Сонымен қатар сот отырысына заңды өкіл мен өкіл де қатысуға құқылы, сот отырысының орны мен уақыты туралы сот оларға уақтылы хабарлаған жағдайда, олардың келмеуі сот отырысын өткізуге кедергі болмайды.

Аталған баптың 14 тармағында  Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстаудың қолданылатыны туралы осы Кодекстің 135-бабында белгіленген тәртіппен – күдіктінің туыстарын, ал ол шетелдікке қатысты қолданылған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы осы мемлекеттің елшілігін, консулдығын немесе өзге өкілдігін де хабардар етуге міндетті.

Бірақ алдын ала тергеу органдарымен 2025 жыл 20 мамыр күні Жамбыл облысы Шу ауданы сотының тергеу судьясы Б.М Мырзалипов, қылмыстық іс бойынша күдікті Е  Муратбекович К-қа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы қаулысы жайлы бүгінгі күнге дейін күдіктінің туыстарына хабар бермеген.

 

Е.М.К-қа қатысты, «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы тергеу сотының 2025 жыл 20 мамырдағы қаулысын қорғау тарапы 2025 жылғы 27 маусым күні естіп біліп сот хатшысынан алды.

2025 жылғы 27 маусым күні Жамбыл облысы, Шу аудандық сотының тергеу судьясы Б.М.Мырзалипов, күдікті Е.М.К-, қорғаушы - адвокат Г.Саржановтың қатысуларымен, №3166-25-00-2-3м/247 іс материалдарын қарап, қаулы етті: Ұстап алынған күдікті Е  Муратбекович К-қа қатысты 2025 жылғы 20 мамырда сырттай санкцияланған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану негізді деп танылды.

2025 жылғы 20 мамырда және 2025 жылғы 27 маусым күні Жамбыл облысы, Шу аудандық сотының қаулыларына қорғау тарапы заңмен белгіленген уақытта Шағым 30.06.2025 жыл берілді.

Алайда ұстап алынған күдікті Е  Муратбекович К-қа қатысты 2025 жылғы 20 мамырда сырттай санкцияланған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану жайлы сот қаулысына шағым беруге іс жүргізу мерзімін қалпына келтіру туралы өтініш хат талап етілуде.

ҚР ҚПК 50-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары және оны қалпына келтiру тәртiбiне сай, Дәлелдi себеппен өткiзiлiп алынған мерзiм мүдделi тұлғаның өтiнiшхаты бойынша, іс жүргізуінде іс жатқан анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе судьяның қаулысымен қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Бұл ретте мерзiм, егер қылмыстық процестi жүргізетін органның тиiстi шешiмiнде өзгеше көзделмесе, басқа тұлғалар емес, оны өткiзiп алған тұлға үшiн қалпына келтiрiледi.

Мерзiмдi қалпына келтiруден бас тартуға осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкiн.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде ҚР ҚПК 148,50 баптарына сәйкес,

 

СОТТАН СҰРАЙМЫН:

·        20 мамыр 2025 жылғы Жамбыл облысы, Шу аудандық сотының тергеу судьясы Б.М.Мырзалиповтың, күдікті Е.М.К-қа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы қаулысына шағым беруге іс жүргізу мерзімін қалпына келтіруді; 

·        20 мамыр 2025 жылғы Жамбыл облысы, Шу аудандық сотының тергеу судьясы Б.М.Мырзалиповтың, күдікті Е.М.К-қа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы қаулысына келтірілген қорғау тарапының шағымын Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына жолдауды.

 

Құрметтпен,

Қорғаушы                                                                    Г.Т.Саржанов

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы