93-бап. Кәсіптік ұйымның функциялары Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы
1. Кәсіптік ұйым өзінің жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асыруға:
1) уәкілетті органға нормативтік құқықтық актілердің жобалары, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар беруге;
2) мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда кәсіптік ұйым мүшелерінің мүдделерін білдіруге;
3) кәсіптік ұйым мүшелері арасындағы бағалы қағаздар нарығында туындайтын дауларды және мүшелер мен олардың клиенттері арасындағы дауларды қарауға;
4) оқу бағдарламаларын әзірлеуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға ниетті адамдарды оқытуды жүргізуге;
5) кәсіптік ұйым мүшелерінің кәсіби қызметінің бірыңғай қағидалары мен стандарттарын белгілеуге, сондай-ақ кәсіптік ұйым мүшелерінің оларды сақтауын қамтамасыз етуге;
6) кәсіптік ұйым мүшелерінің рейтингтерін жасауға және жариялауға;
7) кәсіптік ұйым мүшелерінің қызметіне тексерулер жүргізуге;
8) уәкілетті органға кәсіптік ұйым мүшесінің лицензиясын тоқтата тұру және одан айыру туралы өтінішхат жіберуге;
9) өз мүшелерінің бағалы қағаздар нарығындағы қызметін бақылауды жүзеге асыруға және оның ішкі құжаттарында белгіленген ықпал ету шараларын Қазақстан Республикасының заңнамасын және кәсіптік ұйымның ішкі құжаттарын бұзуға жол берген кәсіптік ұйым мүшелеріне қолдануға құқылы.
2. Кәсіптік ұйым өз мүшелерiнен, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, олардың бағалы қағаздар рыногындағы қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге құқылы.
3. Кәсіптік ұйым өз мүшелерiнiң қызметi мәселелерi бойынша уәкiлеттi орган беретiн ақпаратты өзiнiң мүшелерiне жеткiзiп отыруға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы.
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы