93-бап. Акционерлiк қоғамды қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Акционерлiк қоғам акционерлер жиналысының шешiмi бойынша қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн. Акционерлiк қоғамды қайта құрудың және таратудың өзге негiздерi мен тәртiбi осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленедi.
2. Акционерлік қоғам Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғары ғылыми ұйым нысанындағы коммерциялық емес ұйым, шаруашылық серiктестiгi, өндiрiстiк кооператив немесе "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымы, сондай-ақ "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуға құқылы.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы