⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау  Тұқым шаруашылығы туралы

9-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау  Тұқым шаруашылығы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау  Тұқым шаруашылығы туралы 

      1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының, тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

       2. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау:  

       1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

       2) сорттық және тұқымдық бақылауды;  

 

      3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң қызметiн олардың уәкілетті орган бекіткен рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бақылауды; 

       4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

       5) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын мемлекеттiк сынауды бақылау.  

       3. Сорттық және тұқымдық бақылау:  

      1) тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу, тасымалдау және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай: 

       тұқым себу;  

       ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң вегетациясы;  

       жинау;  

       тұқым құю;  

       тұқым сақтау;  

       өткiзу (тұқымдардың өткiзуге дайындалған және өткiзiлген партияларын, оның iшiнде экспорт және импорт кезiнде, олардың сапасының растаушы құжаттарға сәйкестiгiне тексеру) кезеңдерiнде тұқым шаруашылығы ережелерi мен нормаларын сақтау нысанында бақылауды қамтиды.  

 

       Белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң тұқым өндiруiн бақылау, ол мынадай кезеңдердi қамтиды:  

       тұқым себуге дайындалған егiстiктердi тексеру - тұқым себудiң алдында жылына бiр рет;  

       вегетация кезеңiнде сорттық егiстердi тексеру - жылына үш рет;  

       сорттық және гибридтiк егiстердi байқау және егiстiк зерттеудi бақылау - байқау кезеңiнде бiр рет;  

       тұқымдарды жинау (жинап алу), тасымалдау, өңдеу (тазарту) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау - бақылаудың әрбiр түрi бойынша жылына екi рет.  

      2) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзуiн, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттау жөніндегі құжаттарды сақтауын: 

      тұқым сапасын сараптау кезеңiнде жылына екi рет, сондай-ақ бақылау тәртiбiмен тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде; 

       тұқым өндiрушiлерге шағым жасалған, сондай-ақ тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымдардың сорттық және егу сапасына зерттеулердің нәтижелерiмен келiспеген жағдайлардағы бақылауды;  

       3) байқаудан өткізу кезеңінде байқаудан өткізушілердің жұмысын, сондай-ақ тұқым өндірушілердің осы Заңның 14-бабы 2-тармағының нормаларын сақтау нысанасына оларды тексеруді; 

      4) тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, стандарттау жөніндегі құжаттарды және өзге де нормативтік құжаттарды сақтауын бақылауды қамтиды. 

 

      4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. 

      5. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).       Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385 Заңы. 

             Осы Заң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерiн белгiлейдi және тұқым шаруашылығы жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуi және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану iсiн мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттеуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы