⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

9-бап. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы 

      1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы және құқықты таңдап қолдану фактілері орын алмауға тиіс. 

      2. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде лицензиялау және рұқсат беру рәсімдері процесінде жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен байланыстарын шектеу мақсатында, әдетте, "бір терезе" қағидатын қолдану көзделеді, бұл ретте мемлекеттік органдардан алынатын барлық қажетті келісулерді рұқсат беретін органдардың өздері алуға тиіс. 

      3. Жеке және заңды тұлғалардан осы Заңда көзделмеген рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуын талап етуге ешкім де құқылы емес. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ. 

      Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы