9-бап. Қордың басқару органдары Астана Хаб" инновациялық кластері туралы Заңы
1. Басқарушы комитет Қордың жоғары басқару органы болып табылады. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның басшысы Басқарушы комитеттің Төрағасы болып табылады.
Басқарушы комитет туралы ережені, сондай-ақ оның құрамын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның басшысы бекітеді.
2. Басқарушы комитеттің айрықша құзыретіне:
1) Қор жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) Қордың жылдық және орта мерзімді бюджеттерін бекіту;
3) Қордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту;
4) Қордың сыртқы аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;
5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер жатады.
3. Басқарушы комитеттің құрамына құрылтайшының өкілдері, педагогтер және ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдар кіреді.
Басқарушы комитеттің қызметін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
4. Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты оның атқарушы органы жүзеге асырады, ол алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.
Қордың атқарушы органы Басқарушы комитеттің және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның шешімдері негізінде және оларды орындау үшін әрекет етеді.
Қордың атқарушы органының құрылымы мен құзыреті Қор жарғысында айқындалады.
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) Қордың атқарушы органының сандық құрамын, басшысы мен мүшелері өкілеттіктерінің мерзімдерін айқындайды;
2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерін сайлайды, сондай-ақ Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатады;
3) Қордың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
4) Қор қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) ғылыми ұйымдар, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар, білім беру ұйымдары, технологиялық парктер, салалық конструкторлық бюролар, технологияларды коммерцияландыру орталықтары, ұлттық даму институттары, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мәртебесі бар заңды тұлғаларды, сондай-ақ инновациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Қордың атқарушы органы әрекеттерімен және (немесе) әрекетсіздігімен келтірген зиян үшін Қор алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
6. Қорда оның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ.
Осы Заң "Астана Хаб" инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы