9-бап. Орталық атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретi Ақпараттандыру туралы Заңы
Ескерту. 9-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Орталық атқарушы органдар мен мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
2) "электрондық үкімет" архитектурасын іске асыруды қамтамасыз етеді;
3) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) электрондық ақпараттық ресурстардың толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығы мен жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;
5) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) "электрондық үкiметтi" дамытуға қатысады;
7) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органның қарауындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
8) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 9) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
10) алып тасталды – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
11) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады;
12) электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;
13) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;
14) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;
15) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
17) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту кезінде тиісті қызмет салалары мамандарының цифрлық сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;
17-1) операторға "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды береді;
17-2) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындайды;
17-3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының жұмыскерлерін, ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік бере отырып, жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;
17-4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, операторға деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;
17-5) деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына береді;
17-6) "электрондық үкімет" архитектурасын іске асыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесін" дамытуға қатысады;
18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органдардың құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде де айқындалады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы