⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Онлайн-платформалардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеуінің құқықтық режимі Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы

9-бап. Онлайн-платформалардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеуінің құқықтық режимі Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Онлайн-платформалардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеуінің құқықтық режимі Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы 

      1. Онлайн-платформаларға бір ай ішіндегі орташа тәуліктік қолжетімділігі Қазақстан Республикасының аумағындағы бір жүз мыңнан астам пайдаланушыны құрайтын онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өзінің заңды өкілін тағайындайды. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігі хабар алмасу жөніндегі корпоративішілік сервистердің, электрондық пошта қызметтерінің функцияларын жүзеге асыратын лездік хабар алмасу сервистеріне қолданылмайды. 

      2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы онлайн-платформалардың заңды өкілдерінің тізілімін өзі айқындаған тәртіппен жүргізеді. 

      3. Онлайн-платформалардың мынадай функциялары болуға тиіс: 

      1) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланушылар санын айқындау; 

      2) осы Заңның 11-бабында белгіленген пайдаланушылардың шағым беруі және оның алынғандығын автоматты түрде растау. 

      Онлайн-платформаның интерфейсі шешім қабылдауда пайдаланушыны жаңылыстырмауға немесе оған өзгедей түрде кедергі келтірмеуге тиіс. 

      4. Онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері: 

      1) құқыққа қайшы контенттің Қазақстан Республикасының аумағында таралуына қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауға; 

      2) уәкілетті органның сұрау салуын алғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде оны қарауға; 

      3) заңды күшіне енген сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге; 

       4) мемлекеттік органдардың нұсқамалары, ұсынымдары, хабарламалары, шешімдері бойынша "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабында белгіленген шараларды қабылдай отырып, оларды қабылдап алуды, қарауды қамтамасыз етуге; 

      5) адамның және азаматтың өміріне немесе қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқыққа қайшы контент анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын дереу хабардар етуге; 

      6) уәкілетті органға құқыққа қайшы контентке қарсы іс-қимыл шаралары туралы ақпарат беруге; 

      7) онлайн-платформа жұмыс істеген соңғы алты айда Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланушылардың орташа статистикалық ай сайынғы саны туралы ақпаратты ашық қолжетімді етіп орналастыруға; 

      8) кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға; 

      9) сот актілері, Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының сұрау салуы негізінде уәкілетті орган сұрататын пайдаланушылар туралы мәліметтерді ұсынуға; 

      10) уәкілетті органның нұсқамасы негізінде Қазақстан Республикасының аумағында құқыққа қайшы контентті, балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты орналастыратын және тарататын аккаунттар қызметін тоқтата тұруға міндетті. 

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін онлайн-платформаларға байланысты қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату және сақтау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы