⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Мемлекеттік шекараны орнату Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

9-бап. Мемлекеттік шекараны орнату Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Мемлекеттік шекараны орнату Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік шекара межелеу, шегендеу және қайта шегендеу үдерісінде орнатылады. 

      2. Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты іс-әрекеттерді Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің өкілдерінен құрылатын бірлескен комиссия жүзеге асырады. 

      3. Мемлекеттік шекара: 

      1) құрлықта – жер бедерiнiң сипатты нүктелерi, сызықтары немесе анық көрiнетiн бағдарлар бойынша; 

       2) Каспий теңiзінде – Қазақстан Республикасы аумақтық сулардың сыртқы шегі бойынша;  

      3) Арал теңізінде – Мемлекеттік шекараның жағалауларға шығатын тұстарын қосатын шекаралық нүктелердің жағалаулардың кескіні мен теңіздегі су деңгейi өзгерген кезде ауыспайтын сызығы бойынша; 

       4) кеме жүзетін өзендерде – өзеннің басты фарватерінің ортасы немесе өзек табаны бойынша; кеме жүзбейтін өзендерде, жылғаларда – олардың ортасы немесе өзеннiң негiзгi саласының ортасы бойынша; көлдерде және өзге де су айдындарында (осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген су айдындарын қоспағанда) – Мемлекеттік шекараның көл немесе өзге де су айдыны жағаларына шығатын тұстарын қосатын бір-бірінен бірдей қашықтықтағы, ортаңғы, тура немесе басқа да сызық бойынша орнатылады. 

      Өзен, жылға, көл немесе өзге де су айдыны арқылы өтетiн Мемлекеттік шекара жағалардың кескіні немесе су деңгейi өзгерген кезде, сондай-ақ өзен, жылға арнасы ауытқыған кезде өзгертiлмейдi; 

       5) су тораптарының су қоймаларында және өзге де жасанды су айдындарында – су басқанға дейiнгi жерден өткен Мемлекеттік шекараға сәйкес;  

      6) өзендер, жылғалар, көлдер және өзге де су айдындары арқылы өтетін көпiрлерде, плотиналарда және өзге де құрылыстарда – Мемлекеттік шекараның су арқылы өтуiне қарамастан, осы құрылыстардың ортасы немесе олардың технологиялық осі бойынша орнатылады. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы